Қазақ легионері: Допты хоккейден ұлттық құраманың ойыншы Норвегия командасына қалай алынды

10892

Ескендір Нұғманов қандай клубта ойнайды, кімдерді жаттықтырады

Бұл туралы Қазақстан, Азиада чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, оралдық «Ақжайық» командасының экс-ойыншысы, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ескендір Нұғманов Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында кеңінен айтады.

F: Ескендір, Норвегияға барғаныңа қанша уақыт болды? Келісім-шарт қай кезде жасалды және қазір қандай клубта ойнайсың?

- Мен Норвегияға алғаш 2016 жылдың тамызында келдім және «Хёвик Банди» клубымен келісім-шартқа отырдым. Бұл кезде мен 25 жаста едім. Жалпы өзім Оралда туып өстім, Батыс Қазақстан облысынан боламын.

F: Норвегиялық команданың құрамына қалай алындың? Онда кім ретінде шақырды? Ұсынысты кім жасады?

- Мен біраз жылдан бері Қазақстанның Ұлттық құрамасында ойнап келемін. Осыдан біраз уақыт бұрын өткен чемпионаттардың бірінен кейін маған Игорь Прахт деген кісі қоңырау шалды, ол бұл кезде Норвегия құрамасының және клубтың жаттықтырушысы болған. Ал команда құрамына ойыншы ретінде шақырды.

F: Команда туралы айта кетсең. «Хёвик Банди» қандай клуб? Онда өзіңнен басқа легионерлер бар ма? Бұл команданың жетістіктері қандай?

- «Хёвик Банди» құрамында мен 3 жыл бойы ойнадым, ал араға уақыт салып Ослоның «Ready» аталатын командасына ауыстым, қазіргі уақытта осы команданың намысын қорғап келемін. Ал Хёвикте менен басқа Ресейден тағы үш легионер болды. Команданың базасы негізінен легионерлерден құралған. Былайша айтқанда бұл клуб норвегиялық элитсерияның орта буыны болып табылады. Біз Хёвик құрамысымен бірінші маусымда жартылай финалға дейін жеттік.

F: Біз сенің тек шабуылшы ғана емес,жаттықтырушы екендігіңді білеміз? Кімдерді жаттықтырасың? Қазақстандық ойыншысының тәжірибесі олар үшін қаншалықты маңызды?

- Иә, мен Ready академиясында бандидан жас командаларды жаттықтырамын, 2004-2003-2002 жылы туылған балалардан құралған топпен жұмыс істеймін. Жалпы, бандидің екі мектебі бар - швед және орыс, мен оларды өзара біріктіруге тырысудамын, әзірге нәтижесі жаман емес. Жуырда 2003 жылғылардың командалары арасында Kosa кубогын жеңіп алдық, сонымен қатар 2002 жылы туған балалардың командалары арасында қолаға қол жеткіздік. Алда ауыр маусым күтіп тұр және жұмыс өте көп.

F: Норвегияда допты хоккей қаншалықты дамыған, қаншалықты танымал? Бұл спорт түрінен қандай елдер көш бастап тұр?

- Скандинавия елдерінде допты хоккей банди деп аталады. Оны тамашалау үшін адамдар өз отбасыларымен, өз командаларына қолдау көрсету үшін арнайы келеді. Бұның бәрі біраздан бері қалыптасқан отбасылық дәстүрге айналған. Жанкүйерлер өте белсенді. Академияда бұл спорт түрімен айналысатын көптеген балалар бар. Әр аймақта допты хоккейден өз командалары бар. Негізі Норвегияда 3 дивизион бар, бұл- элитсерия, бірінші дивизион және екінші дивизион. Ал, жалпы допты хоккейде екі көшбасшы мемлекет бар, олар Ресей және Швеция. Қос команда негізінен әлем чемпионаттарының финалдарында кездеседі.

F: Енді сенің келісімшартың туралы, нақтырақ айтсақ жалақы туралы білгіміз келеді. Сенің еңбегің қалай бағаланады? Оның көлемі неге байланысты?

- Допты хоккей олимпиадалық спорт түрі емес, сондықтан онда футбол немесе шайбалы хоккейдегі сияқты көп ақша жоқ. Жалақым көңілімнен шығады, өзіме жеткілікті, бұл незінен балық жердегідей өзің қол қойған келісімшартыңа және қандай көлемдегі қаржыға келіскеніңе байланысты болады. Ал Скандинавияда шамамен барлығы бірдей жалақы алады.

F: Келісім-шарттың мерзімі қай кезде аяқталады? Азаматтық алу туралы ойладың ба?

-Мен жаңа клубпен 3 жылға келісімшартқа отырдым, яғни 2022 жылға дейін осында ойнайтын боламын. Азаматтықты ауыстыру туралы мәселе менің ойымда жоқ, мен негізі өз құрамам үшін ойнаймын және алдағы уақыта да оның намысын қорғауды жалғастыра беремін.

F: Сенің әкең Сәкен Нұғмановтың да хоккейші екенін білеміз, оның допты хоккеймен тіпті кеңес кезінде айналысқанынан хабардармыз. Тәулсіздік жылдары жаттықтырушы да болып істеді. Ол өз мансабында қандай биікті бағындырып үлгерді? Сенің болашағыңа қаншалықты ықпал етті?

- Әрине, әкем маған жаттықтырушы ретінде көп әсер етті. Ол ең алдымен маған қатал талап қою арқылы темірдей тәртіпке, төзімділікке үйретті. Ал жас ойыншы үшін бұл қасиеттер өте маңызды. Ол әрдайым Оралда жұмыс істеді, оның жергілікті «Ақжайық» командасына сіңірген еңбегі зор, бұл команда қазірде бар және ол допты хоккейден ресейлік чемпионаттың жоғары лигасында табысты өнер көрсетіп келеді. Кезінде команда үшін өте қиын кезеңдер болды, тіпті олардың сапарына, ойыншылардың жалақысына ақша жетпеген кездер болды. Бірақ ол қандай қиын жағдай болмасын, әрдайым тықырықтан шығатын жол табатын. Оның еңбегі мен үлесін бағаламау мүмкін емес. Сонымен қатар, әкем аты аңызға айналған Алматының Динамосында және Қазақстан құрамасында ойнады.

F: Ал сен Қазақстанда қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз? Оралдық «Ақжайық» клубынан Қазақстан құрамасына қалай ауыстың?

- Мен бірінші командада алғаш 15 жасымда ойнай бастадым, жалпы осы сәттен бастап осы клубтың пайдасына 100-ден астам доп соқтым. Біз . Ақжайықпен бірінші лига командалары арасында бірнеше рет финалға шығып, Швециядағы әлем Кубогында өте жақсы өнер көрсеттік, екі жылдан кейін мені жастар арасындағы әлем чемпионатында байқап қалды. Осыдан кейін мені Мәскеу облысының Красногорск қаласындағы «Зоркий» клубына шақырды. Ал Қазақстан құрамасына сол ресейлік командадан ауыстым.

F: Біздің команда туралы айта кетсең. Ұлтық құраманың халықаралық аренадағы жетістіктері қандай? Біздің негізгі қарсыластарымыз кімдер?

- Біздің құрама 2 жыл бұрын өте мықты болды, әлем чемпионаттарында үнемі үшінші орынға тұрақтап келген. Бірақ, өткен жылдан бастап басшылық құрамды жастармен жаңарту туралы шешімге келді және қазіргі уақытта команда құрамында Орал хоккейінің жас тәрбиеленушілері бар. Әрине, бұл қуантады. Бұл команда 2012 жылы Алматыда өткен Қысқы Азия ойындарында жеңіске жетті. Біздің қарсыластарымыз негізінен норвегиялықтар мен финдар. Біз үшін олармен болған халықаралық форумдардағы кездесулер қиынға соғып жатады.

F: Қазақстанда допты хоккей неліктен шайбалы хоккей сияқты аса танымал емес? Бұл үшін не қажет? Бұл неге байланысты? Жалпы қалай дамуда?

- Қазақстанда допты хоккей тек Батыс Қазақстан облысында ғана дамыған. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасының базасы сонда, Орал қаласында орналасқан. Бірінші кезекте допты хоккей олимпиадалық спорт түрі емес, ол олимпиадалық мәртебеге ие болған соң, жағдай түбегейлі өзгерді деп ойлаймын. Әзірге аздап дамып келеді, өте баяу, себебі белгілі. Дегенмен, бұл спорт түрін жақсы көретіндер ол түбінде олимпиадалық спорт түрі мәртебесіне ие болады деп үміттенеді.

F: Сенің Норвегиядағы күн тәртібің қандай? Тағы немен айналысасың? Сенің айналаңдағы адамдарды қалай сипаттауға болады? Жалпы норвегиялықтар туралы не айтасың?

- Менің күн тәртібім өте ауыр, бос уақытым жоқ. Демалыс күндері балалармен жаттығамын, бірінші командадағы жеткіншектермен ойнаймыз, одан бөлек өзімнің жаттығуым бар. Сондықтан демалыс күндері толығымен 100 пайыз жұмыспен өтеді. Егер бос уақыт болса, қала бойынша серуендеуге тырысамын, мұнда өте әдемі. Норвегиялықтар негізінен өте мейірімді және ашық-жарқын адамдарі. Барлық жерде тәртіптің болғанын жақсы көреді. Барлығы сағат бойынша және нақты жазылған уақытта орындалғанын қалайды. Спортты жақсы көреді және демалыстың белсенді болғанын ұнатады. Олар өз елін қатты жақсы көреді және өз дәстүрлерін ерекше құрметтейді. Жалпы елден алған әсерім өте жағымды.

F: Сенің алдағы жоспарларың қандай? Норвегиялық клубтың құрамында сені қандай чемпионаттар күтіп тұр және ҚР құрамасының алдында қандай міндеттер тұр?

- Біз Швецияда маусым алдындағы турнирге қатысып, онда екінші орынды олжаладық. Ал Осло командасы арасындағы аймақтық турнирде жеңіске қол жеткіздік. Бәрі сәтмен және өте жақсы басталды. Осы жексенбі күні Норвегия чемпионаты басталады және біз алдымыздағы маусымда ең жоғары нәтижелерге қол жеткіземіз деп жоспарлаудамыз, алға қойған міндетіміз осындай. Қалай боларын көреміз, команда өте жақсы жасақталды, сәйкесінше нәтиже жақсы болады деп үміттенемін. Бәрін ойын көрсетеді.

Ал Әлем чемпионаты маусым аяқталған соң өткізіледі, менің ойымша, жаттықтырушымыз оның басталуына дейін біздің алдымызға бірқатар міндеттер қояды. Біз соған қарай қарай шешім қабылдайтын боламыз. Қазіргі уақытта құраманың әрбір ойыншысы өз клубында барын салып өнер көрсетуде және олар әлем чемпионатына жақсы бабында келеді деген ойдамын.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить