Арман Оспанов: Мен үшін бірінші орында табыс емес, елдің намысы тұрады

14611

«Сұңқар» лақап атымен белгілі спортшының алдағы маңызды бәсекеге деген дайындығы қандай

Арман Оспанов қазіргі Түркістан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген, жергілікті самбо мектебінің жарқын өкілі. Жауынгерлік Самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы, джиу-джитсудан әлем кубогының, Азияның екі дүркін чемпионы, кезінде «Аlash pride» құрамында өнер көрсетіп, аралас жекпе-жек өнеріндегі керемет шеберлігінің нәтижесінде ММА алаңдарында талайларды тамсандырып, таңқалдырған бірегей спортшы. Америка құрама штаттарында жаттығып, жаңа қырынан танылған жерлесіміз 2018 жылдың қарашасында ресейлік танымал спортшы Расул Мирзаевпен кездесу өткізеді деп жоспарлануда. Forbes.kz тілшісі оның алдағы жоспары мен дайынығы жайында сұхбат алды.

F: Алдағы бәсекенің уақыты белгілі.Қарсыласыңыз туралы не айтасыз? Дайындығыңыз қандай?

- Жалпы, ММА спортында жиі төбелесу қиындау және үлкен спортта жүргеннен кейін бір кездесу үшін, бір қарсылас үшін ұзақ дайындаласың. Кем дегенде 2-3 ай көлемінде уақыт кетеді. Себебі, бұл спорт түрінде барлык спорт түрлерін жетік меңгеру керек. Оның ішінде бокс, күрес, кикбокс, джиу-джитсу, кроссфит және тағы басқа. Сондыктан, уақыттың көп кететіні осыдан. Келесі қарсыласты білесіздер, ресейлік Расул Мирзаев. Жұдырықтасуды жыл аяғына қарай деп жоспарлағанбыз. Казір жарақаттарды емдеу үстіндемін. Сонымен қатар, аздап жаттығу жасап жүрмін. Қарсыласпен әзірше менеджерім және командам келісіп жатыр.

F:  Алдағы жұдырықтасудан не күтеміз? Алаңдағы жоспар қандай болмақ?

- Алдағы бәсекеде күтетін жағдай көп, ол жауынгердін жарыска калай дайындықпен келгеніне байланысты, жаттығу лагері қалай өтсе, солай әрекет етеміз. Жоспар көп, соны іске асыру өз қолымызда.

F: Америка асқаныңызды білеміз. Кімдермен жұмыс істедіңіз, ол жақтың ерекшелігі неде?

- Иә, мұхит асып кеткеніміз рас, барлық инфрақұрылымдар және жаттығу залдары, лагерлері, жаттықтырушылар жоғарғы деңгейде және өзімнің күнделікті режимімді шет елде жақсы ұстаймын. Сонымен қатар, жауапкершілік жоғары, себебі маған 18млн қазақ халқы қарап отырған секілді. Jacksonwink mma академиясында жаттығу жасаймыз. Ол АҚШ-тың Нью-Мексика штаты, Альбукерке деген калада орналаскан, таулы аймақтары бар, жаттығуға өте қолайлы жер. Атақты UFC- дін жауынгерлерімен жұмыс жасаймыз. Олардың ішінде Диего Санчез, Ковбой Сероне , Диего Брандао, Холли Холм, Джон Жонс, Кав Свансон т.б бар. Жаттықтырушым Майк Винкельджонс жане Грек Джексон деген кісілер.

F: ММА қаншалықты табысты? Сіздің кірісіңіз қалай белгіленеді?

- ММА қазіргі таңда үлкен қарқынмен және қатты дамып келе жатыр. Соның себебі шығар оған жастардын өте катты қызығып жатқандығы. Әрине, бұл қуантады, ал қазір шығып жүрген спортшылардың табысы әрқалай, гонорары,ақшасы менеджердін келіскеніне карап төленеді. Біздің спортта ақша табысы қиындау, өйткені ауыр спорт. Бірақ, Аллаға шүкір, табыс әрқалай, ұтсаң табыс бар, ұтылсаң аздап аласың дегендей. Бұл да жұмыс секілді, жақсы жасасаң соған байланысты табасын. Менде табыс табу 2-ші сатыда тұрады, 1 –ші орында елімнің мерейін үстем ету болып табылады. Қалғанының бәрі уақытымен бола береді.

F: Үлкен спортқа үлкен қаржы керек. Сізге қолдау қайдан келеді? Кімдер қолдайды?

- Иә, әрине, үлкен спорт көп ақша қажет етеді. Бірақ, бір әттең дейтініміз болады, себебі үкіметтен немесе қалталы азаматтар тарапынан бізге қарай бет бұрып, қолдайықшы дегендерді көрмедім. Мәселен, Кавказ елдеріне қарап сүйсінесін, шешен, дағыстандық болсын өз жігіттерін қолдап жатады. Тіпті, президенттеріне дейін бір залда жаттығу жасап жатады. Бұл дегеніміз спортшыға үлкен демеу береді, мотивация. Алаш прайд өкілімін, айта кетері Данияр Қасқарауов деген азаматтың әлі күнге жаны ашып, елімнің жігіттері деп үреді. Осы кісінің үлесі зор екенін айта кеткім келеді.

F: Болашақтағы басты міндет қандай?

- Алда жоспар көп, ол жоспар жалғыз өзің емес, командамен бірге атсалысқан жағдай да ғана күшіне енеді. АСВ тұжырымында өнер көрсетіп , жылдың соңында әлі де атқа мінетінімді дәлелдеймін деген жоспар тұр. Мен бәрімен жұдырықтасуға дайынмын, тек уақыт беріп жаттығуымды ойдағыдай өткізсем болғаны. Сонымен бірге шет елде білім алсам деген ойым да бар.  

Шүкір! Жауынгер халық болғаннан кейін ба, еліміздің мықты жастары жетерлік, тек материалдық қолдау жасалып тұрса болғаны, олай болса жастар үлкен дарежеге жететініне көзім жетеді. Оны көп жауынгер халық біледі.

F: Шәкірттеріңіз бар ма, өз тәжірибеңізбен қаншалықты бөлісесіз?

- Иә, бұл болашақтың жоспары. Бұл негізінен қандай жағдай жинағаныма байланысты болады , маған берген аманатты жастарға үйретуге әрдайым дайынмын. Сол үшін барынша еңбек етудемін. Ол уақыттың еншісінде.

F: Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз.

- Иә, маған ата-ана, отбасы қымбат. Олар мені уайымдап, әрдайым тақымдарын қысып отырады. Алла берген Ақнұр, Көркем, Үміт деген қыздарым бар. Қазір 3 қыз. Тағы перзент күту үстінеміз, қазір жарымның аяғы ауыр. Оларды осы спорттың арқасында жағдайларын жасап, бағып отырмын.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить