Англиядан Францияға дейін: Анель Сытдықова Ла-Манш бұғазын қалай жүзіп өтті

16502

Қазақстандық спортшы Англияда немен айналысады, алдағы жоспары қандай?

Бұл туралы Анель  Сытдықова Forbes. кz тілшісіне берген сұхбатында айтады. 

F: Анель, алдымен өзіңіз туралы айтып өтсеңіз. Қайда дүниеге келдіңіз, қайда оқыдыңыз?

- Мен Оралда туып өскенмін, ата-анам сол жерде тұрады, ал мен мектепті бітірген соң Алматыға көшіп кеттім. Онда жоғары білім алдым,  Нархозды бітірдім, менің кезімде бұл оқу орны Басқару академиясы деп аталатын. Мен мектеп пен институтты үздік тәмамдадым. Содан кейін  Англияға  аттанып магистратураға түстім, ал кейін онда жұмыс істеу үшін біраз уақыт тұрдым.

F: Жүзумен қай кезден бастап айналыса бастадыңыз? Бұл қай кезде еді?  Неліктен жүзу?

- Біздің институтта керемет ашық бассейн болды, мен жүзу секциясына жазылдым. Маған ашық бассейнде жүзу қатты ұнады, бірақ біз көп малтыған  жоқпыз, бір сабақта  шамамен 400 метрдей жүзіген  шығармыз, бірақ бұның өзі өте көңілді болатын.  Менің суда жүзудегі алғашқы тәжірибем осылай басталды.

F: Жүзумен кәсіби түрде қай кезден бастап айналыстыңыз, қайда жаттықтыңыз? Қанда жарыстарға қатыстыңыз?

- Мен бассейнге 2012 жылы оралдым. Бұл кезде мен 34 жаста болатынмын және алғаш триатлонға жазылдым.  Бұл 1500м/ 40км/ 10км олимпиадалық қашықтықтар болды. Менің міндетім небары 3 айда осы аралықта  тоқтаусыз жүзуді үйрену болды.  Ал, мен бұл кезде  тоқтамай 200  метрге ғана жүзе алатын едім және осыдан кейін  тынысымды қайта қалпына келтіруге тура келетін.  Ал одан кейін мен  Фиделити  клубының жаттықтырушысы Андрей Клюевке келдім, ол маған 3 айда қажетті 1500 метрді нөлден бастап жүзуді үйретті.  Суда жүзу кезеңі  Темза қаласында өтті, мен онда су температурасының қандай болатынын және бір сәтте көп адамдармен қалай жүзу керектігін білмедім. Айтпақшы, мен бала кезімнен велосипедке отырып көрмегенмін. Сондықтан, бұл барлық жағынан алғанда мен үшін маңызды бастама болды.  Бұл уақыт  мен үшін ерекше есте қалды, себебі жағымды эмоциялар көп болды, осы сәттен бастап триатлонға ғашық бола бастадым.  Осыдан кейін көп қашықтықтар болды - айронменнің бірнеше жартысы, үш толық және бір ультрамен. Мен Қазақстаннан шыққан алғашқы айронмен және ультрамен атандым. Ал уақыт өте триатлондағы үш аралықтың ішінде маған судағы кезең қатты ұнайтынын түсіндім, бірақ дегенмен бұл менің мықты жағымды көрсетпеді.  Сондықтан, мен жаңа бір нәрсені көргім келді, бұл  ағылшынның Ла-Манш арнасы болып табылды.

F: Сіз Ла-Маншты алғаш 2016 жылы жүзіп өтпек болған екенсіз.  Бұл кезде мүмкіндігіңіз қандай болды?  Межеге жету үшін не кедергі болды?

- Басында  менің бастамаларымның барлығы мүмкін емес сияқты көрінетін, бірақ оларға қол жеткізуге болатынына сенетінмін және бұл мені одан сайын қызықтыратын.  Бірақ, Ла-Манш мен үшін мүлде басқа,  қолжетімсіз категорияда болды.  Содан, мен оған қатысты ақпарат іздей бастадым және оны жүзіп  өткен адамдар бар екенін білдім, сондықтан мен өзімді сынап көргім келді. Сонымен, 2015 жылдың күзінде мен Ла-Маншты еңсеруге  деген дайындықты бастап кеттім, ал жоспар  2016 жылдың шілдесіне белгіленген еді. Мен мәскеулік триатлон жаттықтырушысы Василий Можухинде  жаттықтым және соған сендім. Себебі,  оның өзі де менің бағытымды жүзіп өтуге әзірленіп жатқан болатын. Менің алдымда екі үлкен міндет тұрды – қашықтық пен суыққа бейімделу. Ал, Ла-Манштағы қашықтық 34 км құрайды, бұл жалпы  түзу сызық бойынша, бірақ толқындардың әсерін қоса есептесек, шын мәнінде  одан көп шығады. Мен жүзіп өткен ең үлкен қашықтық 10 км болды және ол жылы суда болды. Осылайша шынығуға кірісіп кеттім, мен бұл үшін ваннадағы ыстық суды өшіріп, тек суық душ қабылдаумен болдым.  Ал наурыз айында  Қапшағайға барып, онда суық суда 20 минуттан жүзіп бастадым. Сәуір айында мен Ла-Маншқа  дайындауға маманданғандырылған Майоркадағы оқу-жаттығу жиынына қатыстым. Онда мен мақсатымыз ортақ  болған көптеген жандармен таныстым және сонда алғаш 6 сағаттық қашықтықты бағындырдым.  Кейде Алматыдағы Сайранды жүзіп өтетінмін, ал ондағы жергілікті күзетшілер мен үйсіз адамдар маған таңдана қарайтын. Бірақ, мен бұл жолы бұғазды бағындырған жоқпын. Себебі, ауа-райы нашар болды, дауыл тұрды, мен тек 4 сағатқа ғана төтеп бердім және теңіз ауруына байланысты бағытыман айныдым. Маған ҚазГео тарапынан Нұрлан Әбуов пен Сергей Бодров демеушілік жасады, бірақ мен бұл жолы жобамыз сәтті аяқталмағанына қатты өкіндім. Мен бұл қадамымды алда тағы қайталап көруді шештім және сол үшін слоттарды  алдын ала екі жылға- 2018 және 2019 жылдарға сатып алдым.  Себебі, 2017 жылға бәрі сатылып кеткен  болатын.

F: Бұл әрекетіңізді 2018 жылы қайталамақ болдыңыз. Ал бұл кезде жағдай қандай болды? Нәтижесі қандай?

- Англияда 2018 жылдың жазы ыстық болды,  судың жылылыға болса 21 градусқа дейін жеткен. Ал 2016 жылғы оның темпиратурасы 18 градус болған еді.  Ауа-райы керемет болды, бірақ мен Ла-Маншты бұл жолы да өте алмадым. Мен кезек бойынша төртінші болдым, бірақ маған келгенде тамаша болған ауа-райы нашарлап шыға келді.  Мен бірнеше апта күтуім керек еді, бірақ ондай  уақыт болмады. Жалпы, ондағы ең маңызды қасиет - шыдамдылық, ептілік  және күте білу болып табылады.

F: Жалпы Ла-Маншты бағындырғандар көп пе? Оларды ішінде қыздар болды ма? Алғаш болып кім жүзіп өтті?

- Ла-Манш ең көне және танымал болып саналады. Ең алғаш оны 1875 жылы капитан Мэттью Уэбб  21 сағат 40 минутта жүзіп өтіп, жай ғана іш киіммен ашық суда жүзудің стандарттарын орнатты. Бүгінге дейін арнаны  2087 жүзуші кесіп өтті, олардың 1423-і ер адам,  664-і әйел. Бұл Эверестті бағындырған адамдар санынан бір есе аз. Ал жалпы жүзу әрекеттерінің   саны - 2663, олардың ішінде 1766 ер адам, 897 әйел, олардың ішінде аты аңызға айналған, бұғазды тоқтаусыз 4-рет жүзіп өткен атақты Сара Томас бар.  Биылдың өзінде 154 сәтті жүзу тіркелді, 2018 жылы - 141, мысалы, 1995 жылы 98 болған. Жүзушілердің саны бойынша Англия, АҚШ және Австралия алда келеді.

F: Жалпы неге Ла-Манш? Оның ерекшелігі неде?  Оны жүзіп өтушілердің көрсеткіші  ресми түрде тіркеле ме?

- Ла-Манш өзінің ағысымен, болжауға келмейтін ерекше ауа-райымен және су температурасының төмендігімен әйгілі. Дәл осы жағдайлар жүзуді  қиындатады. Жалпы онда көрсетілген нәтижелер  CSPF (Channel Swimming and Piloting Federation)     немесе CSA(Channel Swimming Association) ұйымдарында тіркеледі.   Бұл  жүзушілерді тіркейтін, ратификациялайтын және бірге алып жүретін екі ұйым. Ал гидрокостюммен жүзушілер есепке алынбайды, өйткені бұл олар үшін қосымша көмек құралы болып саналады. Ең жылдам жүзу 6 сағат 55 минут болды, бұл рекорд австралиялық Трент Гримзиге тиесілі. Ең ұзақ жүзу - 28 сағат 44 минут болды, ол Джеки Кобелл 2010 жылы 105 шақырым жүзді.  Ал жалпы жүзу саны бойынша ерлер арасында «Ла-Манш Королі» атанған Кевин Мерфи көш бастайды, ол оны 34 жүзіп өткен, ал әйелдер арасында «Ла-Манш Патшайымы» Элисон Стриттер, ол 43 рет жүзіген.

F: Ал енді Сіз қалай жүзіп өттіңіз? Осы бір ерекше күнді баяндап, бейнелеп беріңізші. Қалай дайындалдыңыз,  қандай қиындық болды, тағы кімдер қатысты?

- 2019 жылы мен бірінші кезекте тұрдым, бұл  мен үшін және жүзудің сәтті болуында өте маңызды рөл атқарды. Бұл жолы маған 2006 жылы Ла-Маншты  өткен орыстың алғашқы жүзгіші Павел Кузнецов пен 2016 жылы Василий Можужинды сәтті дайындаған мәскеулік  бапкер Сергей Ленивкинмен жаттығу бақыты бұйрыды. Көбінде спортзал, бассейн, ашық суда  жаттығулар болды, тіпті Лондоннан Парижге, аркадан  аркаға дейінгі аралығықта триатлондық жарыс өтті. Бірақ, басты артықшылығым - бұл менің 2016 жылға дейінгі тәжірибем болды. Мен кесте бойынша 2019 жылдың 21-ші тамызында түнгі сағат 2-де жүзіп шығып, 15 сағат 15 минуттан кейін Франция жағалауына жеттім. Бұл күні ауа-райы өте жақсы болды, судың температурасы бұғаздың ортасында 16-дан бастап француз суларында 19 градусқа дейін ауытқыды. Ауа температурасы да шамамен бірдей болды. Ал жанымдағы бірге жүріп отырған қайықта менің жаттықтырушым Сергей Ленивкин, жүзгіш достарым Татьяна Демкина мен Кирилл Марьянов және күйеуім Нұрлан Жағыпаров болды. Олар мені үнемі бақылап, тамақтандырып отырды.

F: Команда Сізді суда тамақтанырды ма? Бұл қалай жүзеге асты? Яғни, үзіліс жасауға болмайды ғой?

- Жүзу ережелеріне сәйкес сіз қайыққа және экипаж мүшелеріне қол тигізе алмайсыз. Тамақ қайықтан және қашықтықтан беріледі, олар ұзын жіппен    саған қарай бөтелке лақтырады, оған жылы көмірсулар сусыны құйылған.  Мен суда сонымен қоректендім, өйткені қатты тағам көлденең күйде сіңбейді және оны жеуге көп уақыт кетеді, сондықтан сіз 15-30 секунд ішінде тезірек тамақтануыңыз керек, әйтпесе сіз тоңып қаласыз немесе ондағы  ағыс кері алып кетуі мүмкін. Бұл кесте бойынша, алдымен сағатына бір рет, содан кейін жарты сағат сайын болады.

F: Қазақстаннан бұл аралықты жүзіп өткендер болды ма?

- Жоқ, мен Қазақстаннан шыққан алғашқы адаммын.

F: Ал ақпарат құралдарында Ержан Есімжановтың жүзіп өткені  туралы айтылды.  Бұл туралы сіз білесіз бе?

- Иә, мен бұл туралы білемін. Оның үстіне біз онымен  3 шілдеде   Ла-Манштағы жарысты  бірге аяқтадық, бұл кезде мен «Аркадан Арқаға дейін»  атты триатлон аясында Ла-Манштағы эстафетада жүзіген болатынмын.  Бірақ, гидрокюстюмен жүзіп өту ресми болып саналмайды. Ол туралы жоғарыда айттым.

F: 2018 жылы бұл аралықты жүзіп өтпек болған бір спортшының жүрегі сыр берген екен. Бұл сізді ойландырған жоқ па?

Қайығылы жағдайлар  болды  және сіз жүзу кезінде қауіп пен қатерлер болатынын біліп отыруыңыз керек, олар әрқашан болады. Мұндай жағдайлар тек суда  ғана емес, барлық жерде бар. Мен мұны жақсы түсіндім және менің тобым бірінші кезекте қауіпсіздік тұратынын жақсы білді. Егер мен өзімді ауыр сезінсем, онда жүзуді тоқтатар едім.

F: Жалпы бұл сіздің спорттық мансабыңыз үшін не берді? Халықаралық қоғамдастық тарапынан, еліміз тарапынан қалай бағаланды?

Мен бұл сәтті  4 жыл күттім. Осыншама уақыт әзірлендім және оған жеткеніме өте қуаныштымын. Мен достарымнан, туыстарымнан, жүзу қауымдастығынан көптеген құттықтаулар алдым. Әсіресе, менің бұл жетістігіме ата-анам қатты қуанды, мені мақтан тұтып, бақытқа бөленді. Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары бұл шараны жарыса жариялады және  Президент маған  өз  твиттері арқылы  құттықтауын жолдады. Мен армандардың орындалатындығына көзім жетті, ең бастысы оған деген ерекше талпыныс қажет.

F: Отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз? Олар да спортқа жақын ба?

- Қазір үш ұлым өсіп келеді. Әрине, олар да спортпен шұғылданады, суда жүзеді. Мен оларға әрдайым үлгі болуға тырысамын, өз мақсатыма қалай жеткенімді көрсету арқылы  жаңа нәрселерді  еш қорықпастан қолға алу керектігін айтып отырамын.

F: Қазір немен айналсынсудасыз? Алдағы  жоспарыңыз қандай?

- Менде келесі жылға жоспарланған жаңа жүзулер бар. Ал жалпы маған әртүрлі челленджер  ұнайды. Мен өрлеуге дайынмын және маған кез келген сәтте  қандай да бір жарысқа жазыла салу қиынға соқпайды.

F: Сізді қолдаушылар бар ма? Демеушілер болды ма? Жалпы сіз   жүзеге асырған  миссия қандай қаржылық шығындарды талап етеді?

Жүзу құны сенімен қатар жүретін қайықты қоса алғанда 3200-3500 фунт стерлинг болады.  Жүзуді тіркеу, ұйымдардың біріне төленетін әкімшілік жарна көлемі  400 фунт. Дуврда тұру құны, жаттықтырушылар, жаттығу ақысы тағы бар. Биыл және  былтыр менің демеушім болған жоқ, менің шараларымды күйеуім қаржыландырды.

F: Англияда немен айналысасыз, қайда жұмыс істейсіз, қай салада?

Англияда кішігірім бизнеспен айналысамын. Кәсібім қаржы саласын қамтиды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить