72 секундтағы жеңіс: қазақстандық кәсіпқой боксшы BoxRec рейтингінде қалайша бірден 48 сатыға көтерілді?

Дубайда өткен кездесуде атақты боксшыны жойқын нокаутқа жіберген Тұрсынбай Құлахмет туралы не білеміз?

Бұл туралы жуырда Англиядан Қазақстанға оралған кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахмет Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып береді.

F: Тұрсынбай, боксқа қай кезде және қалай келдің? Алғаш қайда және кімнің қолында жаттықтың?

- Мен бокспен алғаш 8 жасымнан бастап айналыстым. Залға әкем алып келді. Ал 10 жасымда Қызылордадағы орталық стадионда Шәміл Жүнісов деген жаттықтырушының қолында жаттыға бастадым, күні кешеге дейін сол кісімен дайындалып келдім. Дәлірек айтсам, әукесқойдан кәсіпқой боксқа ауысқанға дейін сол жаттақтырушының тәлімін алдым. Қазіргі бапкерім басқа, оның есімі Джейми Мур, әлемге әйгілі боксшыларды дайындаған британдық жаттықтырушы, тәжірибелі маман, кезінде талай жеңіс шыңынан көрінген экс-кәсіпқой боксшы.

F: Әуесқой бокста қандай нәтижеге жеттің? Қанша жекпе-жек өтті? Кімдермен жұдырықтастың?

- Әуесқой бокста Қазақстан чемпионы атандым, Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері болдым. Осындай үлкен додаларға қатысып, көптеген мықты боксшылармен қолғап түйістірдім. Шамамен 300 астам жекпе-жек болып қалар. Олимпиадада өнер көрсететін мүмкіндік болды. Азия, Әлем чемпионатында үздік атанған соң, Ұлттық құрамадағы бапкерлер олимпиада лицензиясы үшін болатын турнирге сен барасың деген еді. Алғашында солай шешілген тұғын. Бірақ кейбір жағдайларға байланысты менің орныма басқа жігітті жіберді. Осыдан кейін мен уақыт жоғалтқым келмеді.

F: Кәсіпқой боксқа қалай келдің? Қай компаниямен келісімшарт жасалды? Команда кімдерден құралған?

- Жалпы Азия чемпионатынан артынша маған көптеген ұсыныстар жасалған болатын. Ресей, АҚШ, Англиядан шақыртулар болды. Осылардың арасынан ойлана келе МТК-Global компаниясын таңдадым, бұл әлемге әйгілі ағылшын компаниясы, мен сол компаниямен келісімшартқа отырдым.

F: Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесу, алғашқы жеңіс қайда болды? Кіммен жұдырықтастың?

- Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуім 2020 жылы Алматыда өтті, мен белгілі боксшы Сағадат Рахманқұлмен жекпе-жек өткіздім. Сағадатты бәріңіз білетін шығарсыздар, өте мықты боксшы. Әуексқойда, кәсіпқойда өзін жан-жақты көрсеткен былғары қолғап шебері. Америкада жаттыққан, «Top Rank Promotions» компаниясының боксшысы. Аллаға шүкір! Бірінші жекпе-жекте осындай мықты боксшымен кездесу мен үшін үлкен сынақ болды. Ең бастысы абыроймен жеңіске жеттік, жекпе-жекті абыроймен аяқтадық.

F: MTK Global және TOP Rank компаниялары ұйымдастырған Англияда бокс кешінде атақты Маклей Макгоэнды жеңіп, небары екінші кездесуде WBC International белбеуінің иегері атандың. Бұл қалай мүмкін болды? Жалпы бұл кездесу қаншалықты қиынға соқты?

- Негізі көптеген боксшылар екінші кездесуге бұндай белбеу үшін шыға бермейді. Әрине, ондайлар бар, жиі кездесіп тұрады. Бұл жерде енді менеджерлік компания жақсы жұмыс істеді, олардың еңбегін атап өту керек. Ал қарсыласым Маклей Макгоэн шын мәнінде өте төзімді, шыдамды боксшы екен. Кездесу 10 раундқа дейін созылды, 10 раундқа дейін бокстасу керек болды.

F: MTK Global промоутерлік компаниясы өткізген сауалнама бойынша 2020 жылы жылдың «үздік боксшысы» атанған екенсің. Бұл атақ қандай жетістігің үшін берілді?

- Иә, 2020 жылы «Үздік боксшы» атандым. Менің ойымша бұл атақ бірден екінші кездесуде беделді белбеуге таласқаным үшін берілді деп ойлаймын. Өйткені жылдың сегізінші айында алғашқы жекпе-жегімді өткізіп, араға үш ай салып, сол жылдың он бірінші айында белбеу үшін кездесу өткіздім. Бұл мәртебе кәсіпқой бокстағы дебьюттік кездесуден кейінгі жетістік үшін берілді деген пікірдемін.

F: Енді күні кешегі Дубайдағы сенсациялық жеңіске келсек. Қарсыласың венесуэлалық Хебер Рондон жеңіліп көрмеген боксшы екен. Жалпы 20 рет жеңіске жеткен, 13 нокауты тағы бар. Жалпы бұл боксшыға қарсы дайындық қалай болды, мықты спортшымен шығарда жүрексіну болды ма?

- Иә, рингке шықпас бұрын маған жаттықтырушыларым мұқият ескертті. Оның өте тәжірибелі боксшы екенін айтты, өз мансабында 20 кездесу өткізіп, оның басым бөлігін нокаутпен жеңгенін жақсы білдім. Негізі жекпе-жек 10 раундқа созылады деп жоспарлағанбыз, соған іштей дайын болдық. Бірақ, шүкір, жекпе-жек жеңіл өтті деуге болады. Ал оның атағынан жүрексіну, тартыну деген болған жоқ.

F: Жеңіске 72 секундта жеттің. Қарсылас бір емес, екі рет нокаут алды? Жаттықтырушылар қандай міндет қойды, қандай да бір жоспар болды ма? Қаншалықты зерттедің?

- Иә, әрине, жаттықтырушылар міндет қойды. Олар керісінше асықпау керектігін айтты. Басында 2-3 раунд барлау жасап, оның осал тұсын іздеп, қателеріне көз жеткізу керек болды. Бірақ, бұл бокс. Сондықтан рингте бәрі болуы мүмкін. Бір соққы бәрін шешіп кетеді. Солай болды да. Жеңіс бізге бұйырды.

F: Осы жеңістен кейін әлемдік рейтінгте бірден 48 сатыға жоғарылағаның айтылды. Бұған дейін қай орында едің, қазір қай сатыға орналастың?

- Әрине, бұл кездесу рейтингке өз әсерін тигізді. Ұмытмасам, бұған дейін 187 сатыда тұрған едім. Бұл жекпе-жектен кейін 139 орынға тұрақтадым. Бұл әрине жақсы көрсеткіш.

F: Сенің табысың қалай белгіленеді? Соңғы нокаут гонорарға қаншалықты әсер етті, етті ме?

-Енді гонорар мөлшері әр кезде әртүрлі болады. Бұл негізінен алдын ала жасалған келісімшарттағы келісіміңе байланысты. Бәрі сонда көрсетілген. Соған сай аламын.

F: Англияда жаттығады екенсің? Манчестердегі өмір қалай және қай кезде басталды? Қайда тұрасың, қайда жаттығасың? Күн тәртібі қандай?

- Иә, қазір Англиядамын. Онда осы жылдың басында кеттім, осы жекпе-жекке дейін, шамамен екі ай бұрын аттандым. Англияда екі ай жаттықтым, дайындалдым, бәрі ұнады, бәрі жақсы болды. Ең алдымен қонақ үйге орналастым, күніне екі мезгіл жаттығу болады. Жаттықтырушы күн сайын келіп, жеке өзі қадағалап отырды, күн сайын алып кетеді, барлық жағдайды жасады, барынша қолдау көрсетті.

F: Сенімен бірге тағы қандай елдің боксшылары жаттығады? Олардың ішінде атақты деген кімдер бар? Спаррингтер кімдермен өтеді?

- Менімен бірге кешегі ең соңғы жекпе-жегінде ұтылып қалған екі салмақтағы әлем чемпионы, британдық Карл Фрэмппен бірге жатығамыз. Сосын, WBO чемпиондық белбеуінің міндетті үміткері Джек Кэттеролл деген боксшы бар, сонымен бірге жаттығамын, олардан бөлек, тағы басқа мықты боксшылар бар. Бір залда, бір жаттықтырушының қолында дайындаламыз. Әлем чемпионы болған боксшы қыздар бар.

F: Енді олимпиада туралы айта кетсек. Ұлттық құрамадан кету туралы шешім қабылдадың. Бірақ, дегенмен, қазір кәсіпқой боксшыларға олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді емес пе? Болашақта баруың мүмкін бе?

- Көреміз. Бұйырғаны болады. Дәл қазір ештеңе айта алмаймын. Себебі олимпиада лицензиялары алынған, барлық салмақ бойынша кімдердің баратындары белгілі. Сол себепті бұл туралы ойланған жоқпын. Әзірге тек кәсіпқой бокстың биігіне шығу басты мақсат болып отыр, осы жолды абыроймен өтіп, кәспқой боксты абыроймен аяқтасам деген оймен ғана жүрмін.

F: Кезекті кездесу туралы ақпарат бар ма? Қайда өтуі мүмкін?

- Келесі жекпе-жек туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Себебі кіммен, қайда, қай уақытта өтетіні нақтыланған жоқ. Бұл жөнінде жақында белгілі болады.

F: Қазақстанмен байланыс қандай? Негізінен елде боласың ба, әлде Англияда ма?

-Қазір Қазақстандамын. Жақында ғана елге оралдым. Англияға тек жаттығу үшін, жекпе-жектерімді өткізу үшін барамын. Қазіргі Рамазан айында демалып жатырмын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7789 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
15 июня родились
Карим Масимов
председатель КНБ РК
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить