Цифр дәуірінде наразылық

ОКСФОРД – Халықтың ел басқаруға қатысты пікір айтатын екі жолы бар, олар – сайлау мен референдум. Ал наразылық білдіру – тағы бір әдіс, сондықтан көп демократиялық елде жиналу және сөз бостандығы қорғалады

Иллюстрация: pixabay.com/www_slon_pics

Қазір әлемнің көп елінде бұл құқықтар толығымен пайдаланылады. Климаттың жылынуына қарсы белсенділер мен Брекзитке қатысты пікір айтқан демонстранттар өткен айда Лондонды жартылай қаңтарып қойды. Францияда “сары күртешелер” әр сенбі сайын алаңға шығып жатыр.

Әлеуметтік медиа жаппай наразылық ұйымдастыруды оңайлатты. Twitter, Facebook және Instagram-ның арқасында пікірі ортақ адамдар бір-бірінің ашу-ызасын одан сайын өршітіп, логистикалық мәліметті бөлісуге де мүмкіндік алып отыр. Бірақ қазіргі замандағы бұл демонстрациялардың көбінде ортақ өкпе-ренішті шынайы өзгеріске айналдыруға мүмкіндік беретін көшбасшы мен коалиция құру дағдысы жоқ.

Әрине, үлкен наразылықтар мәселені күн тәртібіне шығарып, қоғамдық пікірталасты арттырады. Бірақ, тіпті демократиялық елдердің өзінде аса көп халықтың үкіметті райынан қайтаруға мүмкіндігі жоқ. АҚШ пен Ұлыбританияда 2003 жылғы ақпанда болған соғысқа қарсылық білдірген аса ауқымды демонстрациялар үкіметтерді Иракқа шабуылдаудан бас тартқыза алмады, олар бір айдан соң-ақ соғысты бастады. 2011 жылғы Occupy Wall Street қозғалысы әлемнің түкпір-түкпіріндегі 900 қалаға жайылғанымен, ешқандай ерекше нәтижеге жеткен жоқ. 2017-2019 жылдар аралығында жыл сайын өткен “Әйелдер маршы” да ештеңе тындырған жоқ.

Кінәні көшбасшының жоқтығын іздеуге болады. Әлеуметтік медиа шыққанға дейін тиімді демонстрацияны өткізу уақыт пен күш-жігерді қажет ететін. Белсенділер жоспар жасап, газетке жарнама беру үшін ақша жинап, телефон нөмірлерінің тізімін жасап, халықты еліктіру үшін шешен спикерлер табуға тиіс болған.

Соның барлығы жұртты “бұл наразылық уақытың мен ақшаңды жұмсап, байланыстарыңды тартуға тұрарлық шара” деп сендіре алатын көшбасшыларды қажет етті. Ал қазір әлеуметтік медиа қалыптастырған “адхократия” ыңғайлы әрі тиімді болғанына қарамастан, онда халықты нақты анықталған, қол жеткізуге болатын мақсаттарға жұмылдыратын басшы жоқ.

Дегенмен, жетістіктер де болды. 2016 жылы Польшада жақсы ұйымдасқан наразылық ел парламентін абортқа түгел дерлік тыйым салу туралы заңнан бас тартуға көндірді. Польшаның бірнеше ірі қаласындағы көше демонстрациялары онлайн науқанмен, әйелдер мектепке, жұмысқа барудан, үй шаруасын істеуден бас тартқан ереуілмен қатар жүрді. Ұйымдастырушылар Еуропаның басқа елдерінен де қолдаушы тапты және басқа елдерден алған сабақтарын қолданды. Ең бастысы, наразы жұрт нақты мақсат қойды, яғни жаңа заңды қайткенде қабылдатпауға бел буды, әрі бұған жетуге ұмлытған науқанның тиімді басшысы мен мұқият жасалған жоспары болды.

Алжир мен Судандағы сәтті болған жаппай наразылықтар биліктегі режимнің кейбір бөлігімен коалиция құрудың маңыздылығын көрсетті. Авторитар үкіметтегі билікке қарсы көше шерулеріне қатысу қанша қорқынышты болса да, бұл екі елдегі демонстранттардың нақты мақсаттары болды. Алжирліктер бесінші рет сайлауға түспек болған шау тартқан президент Әбделәзиз Бутефликаға алғаш қарсы шыққанда олардың еркін жиналу және сөз бостандығы сияқты “демократиялық” құқықтары болмады. Сондықтан, 2018 жылғы желтоқсандағы алғашқы наразылықты жылдам басып тастады.

Ақпарат құралдарының хабарлаауынша, 2019 жылғы наурызда үш миллиондай алжирлік көшеге шықты. Наразы жұрттың мақсаты айқын болды: олар Бутефликаны биліктен кетуге мәжбүрлеуді көздеді. Олар саны көп болғандықтан ғана емес, табанды болғаннан жеңіске жете алды, себебі сол табандылық ақырында Алжирдің әскерін халық жағына өтуге мәжбүрлеп, Бутефликаны қызметінен кетуге көндірді. Ал Суданда үш айға созылған жалпыұлттық наразылық армияны президент Омар әл-Баширді орнынан кетіруге көндірді.

Шерушілер мен әскер арасындағы осы бір мүмкін еместей көрінетін альянс Суданда да, Алжирде де шешуші рөл ойнады. Наразы қозғалыстардың көбі биліктегілермен коалиция құрудан қорқады, есесіне режимге “өліспей беріспейтін” жаппай наразылықтан қанаттанады. Бірақ ең тиімді наразылық режимді әлсірету үшін ықпалдылармен бірігуді қажет етеді. Мәселен, Үндістандағы Махатма Гандидің британ билігіне қарсы науқаны отаршыл билікпен бетпе-бет күрескен жоқ. Есесіне, жақтастары әу баста онша сенбесе де, Ганди 1930 жылы Британияның тұз салығына қарсы шықты.

Әлеуметтік медиа көбіне мұндай коалицияны құруды қиындатып жібереді. Цифрлық платформалар билікпен келіспейтіндер арасында жылу жинап, наразылықты онлайн күшейтуге қолайлы, бірақ ол қоғамда көпір салудың орнына ел арасын одан сайын алшақтатуға бейіл.

Адхократия жаһандық капитализм болсын, Британияның Еуроодақтан шығу жоспары болсын, кез келген мәселемен келіспейтіндерді тез біріктіре алады. Бірақ, жұртты жақсы мақсаттың айналасына жинап, оларды соған жету жолында жұмылдыру үшін әлдеқайда көп күш керек.

Сәтті наразылық шарасына бір адам болсын, топ болсын, әйтеуір ықпалды көшбасшы қажет. Және олар көшеде тұрып “биліктің көзіне шындықты айтудан” әлдеқайда биік тұруы тиіс. Жақсы басқарылған азаматтар шындықты биліктің өзімен коалиция құру арқылы айта алғанда ғана өзгеріс болады, және бұл коалицияны онлайн құру мүмкін емес. Цифрлық құралдар саяси тұрғыда тиімді ұйымдасуға ықпал ете алады. Бірақ ол ешқашан оның орнын баса алмайды. 

© Project Syndicate 1995-2019 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2539 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
25 августа родились
Именинников сегодня нет
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить