Сенім дағдарысы

16138

Қазақстандағы партиялық алаң үлкен дағдарысты өткізіп жатыр. Оған не себеп болғанын әрі одан қалай шығу керек екендігін қысқаша талдап көрейік

Санжар Боқаев
ФОТО: личый архив
Санжар Боқаев

Партиялық дағдарыстың негізгі үш себебі бар:

1. Сайлау қорытындысы бұрмаланады, парламентке тек тәуелді партиялар ғана өте алады. Билік партиялық-саяси алаңды басқаруды уыстан шығарып аламын деген бұрыннан келе жатқан қорқынышының салдарынан партиялық жүйені тым қатты реттеп тастады. Осының нәтижесінде соңғы 15 жылда бірде-бір оппозициялық партия тіркеуден өте алмады, парламентке жаңа тыныс келмейтін болды.

2. Партиялар тек олигархтарға қызмет етіп жүр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, тәуелді партиялар халықтың мүддесіне қайшы заңдар қабылдай бастағанның арқасында олигополия пайда болды. Ол заңдар қарапайым халықтың емес, тек олигархтардың мүддесін қорғайды. Парламент бірінші оқылымда-ақ қабылдаған утиль алымның енгізілуін еске түсірсек жетіп жатыр. Оның кесірінен мемлекет трил- лиондаған теңге жоғалтты, халық әлі де зардап шегіп келеді.

3. Көппартиялылық тек сөз жүзінде ғана, шын мәнінде парламентте тек бір партия мен оның екі филиалы отыр. Яғни, заң шығарушы органдағы үш партияның да («Аманат», «Ақжол» және «Халық партиясы») бейнесі бір, әрі олар қазақстандықтардың көңілінен шықпайды. Бұл жағдай соңғы 15 жыл бойы (2007 жылы өткен парламенттік сайлаудан бері) жалғасып келеді. Аталған үш партияның тиімсіз қызметі салдарынан жалпы партиялық институтқа деген сенім дағдарысы туындады.

Не істеу керек? Партия алаңын дағдарыстан шығарудың жолы оңай, оның үш негізгі шешімі бар.

1. Жаңа партиялардың пайда болуына мүмкіндік беру. Тек шынайы саяси бәсеке жағдайында ғана мықты парламент қалыптаса алады. Онсыз үкіметтің жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Десе де, қазірдің өзінде кейбір партияларды тіркеуге қатысты сұрақтар туындап жатыр. Мысалы, әділет министрі Қанат Мусин «Халық дербестігі» партиясы екінші кезеңге өтіп, қол жинап, тіпті съезд өткізіп үлгергенін мәлімдеді. Бірақ бұл партия туралы да, елдің барлық өңірінен дерлік кемінде мың адам жинап өткізген съезд туралы да ешкім ешнәрсе естіген жоқ. Бұл жерде билік ешкімге естіртпей өзіне ыңғайлы партия құрып жатыр деген ой туады, бұл қоғамның «Жаңа Қазақстан» құрамыз деген талпынысына еш сай келмейді.

2. Партияларға қисынға келмейтін, мәнсіз әрі жасанды шектеулердің бәрін алып тастау керек. Бір ғана мысалды қарайық. Егер тапсырылған тізімінде басқа партияның мүшесі болатын адам жүрсе, саяси партияны тіркеуден бас тартуы мүмкін. Бірақ адам бір партия мүшесі екенін білмеуі де мүмкін ғой. Тұтас мекемелердің өзінде жұмыс істейтін қызметшілердің тізімін «Нұр-Отанға» тапсырып берген (әкімшілік ресурстың көмегімен) жағдайлар сирек емес. «Нұр-Отан» филиалдарының төрағасы болған әкімдерден тұрақты түрде партия мүшелерін көбейтіп отыруды талап еткенін білеміз. Ал бұл тапсырманы қалай шешкені бәріне мәлім. Барлық саяси партия мүшелерінің ортақ базасы жоқ екенін ерекше атап өткен жөн. Олай болса, жаңа партия өз тізіміндегі адамдардың мүшелігін қалай тексере алатыны түсініксіз. Ешқалай да тексере алмайды. Сондықтан билік осы норманы сүзгі ретінде пайдаланып, билікке ұнамсыз партияларды тіркеуге жібермеуге тырысады. Көпшілік қазақстандықтардың қос азаматтығы бар екеніне билік көз жұма қарайды, ал екі партияда мүше болуды өте маңызды құқық бұзушылық деп қабылдайды.

3. Парламентте әділ сайлау өткізу. Ашық, әділ сайлаусыз қоғаммен диалог орнату мүмкін емес. Осыған дейін Қазақстанда сайлаудың қалай өтіп келгені белгілі. Мұның соңы неге әкеліп соққанын да жақсы білеміз әрі ұмыта қоймаймыз. Сондықтан егер сайлау билікшіл, тәуелді партия- лардың пайдасына бұрмаланып өтсе, партия саны мен олардың қаншалықты күшті екені маңызды емес болып қала бермек. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жаңғырту туралы бар әңгімесі жалған болып шығады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить