Инвесторлардың ETF-қа назар салғаны жөн

2020 жылдың көктемінде әлемдік биржалардағы инвесторлар белгісіздік, қорқынышпен бетпе-бет келді. Ал жылдың екінші жартысында, әсіресе, соңына қарай жағдай өзгеріп, нарық эйфорияда болды. Тіпті, әдеттегідей өзгеріске түсетін индикаторлар да назарға алынған жоқ

ФОТО: pixabay.com

2021 жыл да динамикалы түрде басталды. Биржа жылдағы ең үздік көрсеткіштерді, тіпті тарихи биіктіктерді бағындырды. Бір ғана Tesla акциялары 700%-ға өсіп, жаңа жылдық демалыстардан кейін Илон Маскты әлемдегі ең бай адамға айналдырды. Басқа да трендтегі инвесторлардың акциялары өсе түсті.

Айналасындағылардың бәрі биржалық көпіршік туралы айтып жатқанда, жеке инвестор ақшаны қайда салуы керек? Менің жауабым: ETF (Exchange Traded Funds) немесе биржалық қорға инвестиция салу.

Бірнеше жыл бұрын ETF түріндегі пассивті инвестицияның негізін қалаушы, 89 жастағы Джон Богл өмірден озды. (Оның «Цифрларға сенбеңіз» деген кітабын, биографиясын оқуды ұсынамын). Богл ETF-ты америкалық акциялар мен облигацияларға салып, инвестициялаудың консервативті стратегиясын ұстанды. Бұл жерде жеке инвестор үшін екі нәрсе маңызды. Біріншіден, Богл портфель жеңіл болған сайын оны бақылап отыру, динамикасын түсіну оңай дейді. Екіншіден, қаржыңызды сіз түсінетін сала мен активке ғана салу керек. Дегенмен, Богл ұсынған механизмнің сынаушылары болды. Олар инвестицияның диверсификациясы тым әлсіз деп есептеп, мүмкіндігінше халықаралық инструменттерді пайдалану керек дейтін.

ETF-ті портфель кеңдігі мен диверсификацияны біріктірген идеал құрал деп қарастыруға болады. Бұл жарнаны акция түрінде биржада саудалай алатын қор. ETF активтерінің негізінде биржада саудалауға болатын кез келген актив жарайды, ол металл, мұнай, шикізат, валютамен айналысатын кез келген компанияның акциясы мен облигациясы болуы мүмкін.

Әрбір ETF қордың инвестициялық декларациясында көрсетілген критерийлер (нарық секторлары, құнды қағаздардың түрлері, тәуекел деңгейі, ел бойынша критерий, т.б.) бойынша іріктелген қаржылай құралдардың себетіне ұқсайды.

ETF-ты iShares, State Street, Vanguard және басқалары тәрізді ірі компаниялар (басқарушы компаниялар БК) жасайды және басқарады. Бүгінде БК-ның алғашқы ондығы 1233 қордың 4 трлн доллардан астам активтерін басқарып отыр. Барлық ETF активтерінің жиынтық сомасы 5 трлн доллардан асты. Қазір тыныш революция жүріп жатыр деуге болады. Активтерді белсенді басқаратын қорлардың қаржысы ETF, яғни пассивті инвестицияға ауысып жатыр.

Биржалық қордың аналогы ретінде пайлық инвестициялық қорды (ПИҚ) айтуға болады. Бірақ айырмашылық бар – ETF құны әрбір минут сайын қалыптасады және өтімділігі тым жоғары. Ал ПИҚ-тің құны күніне бір рет анықталады.

ETF инвестицияларының инвестор үшін, әсіресе, енді бастаған инвесторға пайдасы қандай? Инвестордың ең маңыз-ды ережесі – барлық жұмыртқаны бір себетке салмаңыз. ETF осы мәселені шешіп береді. Сіз қаржыңызды бір ғана компания құнды қағазына емес, жалпы электромобильдер секторы немесе жасыл энергетикаға саласыз. Әрине, осы арқылы инвестор жылына ондаған пайыз дегендей табысқа ие болмайды, бірақ бір ғана компанияға қаржы салып, тәуекелге бармайды.

Тағы бір мысал: сіз қандай да бір елдің экономикалық өсіміне сенесіз. Ол жердегі қай компанияны сатып алу керек, техникалық жағынан қалай жасау керек екенін қалай үйренесіз? Бұл жерде де барынша аз уақыт жұмсап, таңдаған елдегі компаниялардың акциясына ETF сатып алуға болады.

ETF плюстері төмендегідей:

  • ETF арқылы әлемдегі кез келген елге баруға, инвестициялық активтің кең ассортиментіне қол жеткізуге болады.
  • ETF-қа аз ғана қаржыдан бастап инвестиция сала аласыз, тіпті бірнеше жүз доллар жеткілікті.
  • Индекстік стратегияларды қолдану, көпшілік ETF индексті инвестициялық қор ретінде есептеледі, ондай қорлардың құрамы мен актив құрылымы басқарушы компанияның қарауына жіберілмейді.
  • Кейбір брокерлер ETF-пен келісімшарт жасауға комиссия алмайды.
  • Басқарушы компания инвесторлар қаржысын таңдаған қор индексіне сай салуы керек, сол арқылы биржалық қормен нәтижені де салыстыруға болады.
  • ETF басқарушы компаниялардың инвестордан алатын комиссиясы аз (әдетте 0,1-дан 2%-ға дейін, орта есеппен 0,8–1%).
  • Толық ашықтық – ETF активтерінің құрамы мен құрылымы туралы ақпарат жиі-жиі жарияланып тұрады.
  • Дивиденттер алу мүмкіндігі. ETF жарналарының иесі компания акцияларының иесі тәрізді есебіне құнды қағаздар бойынша дивиденттер мен басқа төлемдер түсіп тұрады.

ETF қайдан іздеу керек және қалай таңдау керек? Қарапайым, өте тиімді ETF агрегаторлары бар. Оларды түрлі критерийлер бойынша таңдай аласыз: etf.com, etfdb.com, morningstar.com.

Қазақстан да сыртта қалмайды. KASE-де FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF-ға инвестиция салуға болады. KASE индексіндегі бұл қорда биржадағы ең ірі компаниялардың акциялары бар: БанкЦентрКредит, Қазақстан Халық банкі, «Казахтелеком», Kcell, KAZ Minerals, «КазТрансОйл» және KEGOC.

2021 жылы төмендегідей ETF-ті ұсына аламын.

  1. Қаншалықты іш пыстырарлық болғанымен, портфельдегі қаржының 10%-ын базалық активі алтын ETF-қа инвестициялаған дұрыс. Әлем қалай өзгерсе де, алтын әрқашан алтын болып қала береді.
  2. Келесі 10% қаржыны Marijuana ETFs-қа салуға болады. Бұл қордың портфелінде көкнәр өсіріп, оны өңдеумен (медициналық және рекреациялық мақсатта) айналысатын компаниялардың акциялары бар. Канада бір жыл бұрын ғана марихуананы заңдастырды. АҚШ-та әрбір штат өзі шешеді, бірақ қазірдің өзінде елдің 20%-да заңдастырылған.
  3. Вьетнам мен Үндістандағы ETF. Себеп – әлі қашан аяқталары белгісіз АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысынан Вьетнам ұтады. Ал Үндістанды қазірдің өзінде екінші Қытай дейді. Оның халқы әлемдегі ең ірі өндіру нарығын құрап, қытайлық нарықты басып озуы мүмкін.
  4. Дамыған нарыққа бағытталған ETF (Global Emerging Markets немесе GEM-қорлар). Бұл нұсқа әрбір елдегі нарықты зерттеп отыруға уақыты жоқ немесе бұған әлі тәжіибесі аз инвесторлар үшін жарайды. Ең танымал GEM-қорлар: Vanguard FTSE Emerging Markets ETF (VWO), iShares Core MSCI Emerging Markets ETF (IEMG) және iShares MSCI Emerging Markets ETF (EEM).
  5. Биткойнға арналған ETF соңғы бірнеше ай ішінде пайда болды. Бірақ сіз цифрлы валютаның сарапшысы болмасаңыз, бұл салаға портфельдегі қаржының 3–5 пайызын ғана салуға кеңес беремін. 
: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4627 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
17 октября родились
Михаил Ломтадзе
председатель правления АО «Kaspi.kz»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить