Қауіпсіздік құралы жоқ әлем экономикасы

НЬЮ-ХЕЙВЕН – 2019 жылдың толық статистикасы белгілі болғаннан соң әлем экономикасы осы жылы қандай қауіптен құтылғанын түсіне бастадық. Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес өткен жылы әлемдік ЖІӨ тек 2,9%-ға жоғарылаған. Бұл әлем экономикасы қаржы дағдарысына ұшыраған 2009 жылдан бері ең төмен көрсеткіш саналады және 2010-2018 жылдардағы дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру кезеңіндегі 3,8%-дық көрсеткіштен әлдеқайда төмен

ФОТО: Depositphotos.com/spotty

Бір қарағанда әлемдік ЖІӨ өсу қарқынының 2,9% болуы аса төмен көрсеткіш деуге келмейді. Алайда соңғы қырық жылдың деректері басқа қорытындыға саяды. 1980 жылдан бастап әлемдік ЖІӨ өсу қарқыны орта есеппен 3,5%-ды құрайды. Кез келген экономиканың, оның ішінде әлем экономикасының да өсу негізін анықтау трендтен бас тарту, дәлірек айтсақ ЖІӨ айырмашылығын анықтайтын прокси көрсеткішке тікелей байланысты. Өткен жылғы трендтен қалудың (0,6%) салдарын көпшілігі жаһандық рецессия симптомы санайтын 2,5%-дық көрсеткішке алып келді.

Айқын рецессия кезінде жеке мемлекеттердің экономикасы құлдырауға ұшырайды, бірақ әлем экономикасы үшін мұндай құбылыс жат. ХВҚ әлем экономикасы туралы кеңейтілген базасында 194 елдің дерегі қамтылған. Сол мәліметтер арқылы жаһандық рецессия кезінде дүниежүзіндегі мемлекеттердің тең жартысына жуығында экономика құлдырайды, ал қалған елдерде бірқалыпты дамып жатады. Он жыл бұрынғы жаһандық рецессияның соңы өзгеше болды: 2009 жылдың басында әлем елдерінің 1/3-де экономика құлдырап, салдарынан әлемдік ЖІӨ қысқарды. Бұл 1930 жылдан бері әлем экономикасында алғаш рет орын алған құбылыс еді.

Жаһандық бизнес жүйесін зерттейтін сарапшылардың дерегі бойынша 2.5-3.5% өсу көрсеткіші қауіпті зона болып есептеледі. Әлемдік ЖІӨ-нің өсу қарқыны аталған көрсеткіштен төмендесе, жаһандық рецессияның соңы жағымсыз нәтижеге алып келеді. Дәстүрлі ресми немесе институционалды болжам негізінде Халықаралық валюта қоры әлемдегі ЖІӨ жылдық өсімі 2020 жылы 3,3%, 2021 жылы 3,4% көрсеткішке жетеді деп жорамалдайды. Бірақ физик ғалым Нильс Бор айтқандай «болжам жасау өте күрделі дүние, әсіресе ол болашаққа қатысты болса». Растау үшін алты рет қатарынан көрсеткіштердің төмендеуі туралы болжам жасаған Халықаралық валюта қорынан сұрап көрсеңіз болады. Ұйымның жаңа оптимистік болжамының жүзеге асуы екіталай екені айдан анық.

Ең бастысы қатерге толы нәтиже алаңдатады, себебі 2,9% өсу көрсеткіші әлем экономикасының қандай да бір келеңсіз жағдай туындағанда сақтанатын қауіпсіздік құралы жоқ. Келеңсіздікті алдын ала болжау ақымақтың ісі екенін бұған дейін жазған болатынмын. Аса қауіпті Уханьдық коронвирусты тоқтату мақсатында жүргізіп отырған Қытайдың қатаң шараларына қарап келеңсіз жайттар біздің ойлағанымыздан жиі кездесетінін байқаймыз. Бірнеше апта бұрын АҚШ пен Иран арасында соғыс басталып кетуі мүмкін еді, ал оның алдында Америка-Қытай сауда соғысы өршіп тұрған.

Экономикалық өсудің трендтен төмен және 2,5-3,5% пайыздық көрсеткіште болуы өсу қарқынының бәсеңдегенін білдіреді. Сондай-ақ, жаһандық өсімі жоғары трендті саналатын динамикалық жағдаймен салыстырғанда әлем экономикасының рецессияға ұшырау мүмкіндігі артады.

Дәл осындай ауқымды әрі айқын көріністер дүниежүзілік сауда жүйесіндегі мәселелерде де кездеседі. Әлем экономикасының өндіруші тетіктеріне байланыстырылған, интеграцияланған экономикалық өсу қарқыны үшін халықаралық сауда жүйесінің маңызы зор. ХВҚ соңғы бағамдауына сәйкес 2019 жылғы әлемдік сауданың өсу қарқыны тек 1%-ды құрады және аталған көрсеткіш жеті рет қатарынан құлдырған. Одан бөлек, өткен жылдың сауда көрсеткіштері 2009 жылғы тарихтағы ең төмен 10,4% деңгейден де нашар саналады. Ал соңғы көрсеткіш 1930 жылдан бері болмаған. 2010-2018 жылдардағы әлемдік сауданың өсу қарқыны 5%-дық деңгейде болғанын ескерсек, бұл көрсеткіштің 2019 жылғы 1%-ға ғана азаюы алаңдатарлық дүние. 1980 жылдан бастап ең нашар үш көрсеткіш 1980, 2001, 2009 жылдары тіркелген. 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда олардың барлығында жаһандық рецессия үрдісі болған.

Әлемдік сауданың өсу қарқыны әлі де дағдарысқа дейінгі деңгейіне көтерілмеді. Бұл мәселе соңғы жылдары жиі талқыға түсуде. Оның себебі бизнес капитал шығыныдарының төмен деңгейімен түсіндірілген, алайда АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысынан кейін протекционистік шаралардың әсерін де шет қалдырмаған жөн. Қазіргі таңда қос тарап та сауда келісімінің «бірінші кезеңі» арқылы бітім жасады. Сауда өсімі жақсарады деген үміт бар. Соған сәйкес ХВҚ қоры қаңтардағы болжамында 2020-2021 жылдардағы әлемдік сауда өсімінің қарқынын 3,3%-ға дейін шегеруді ұсынды. АҚШ-тың Қытай импортына баж салығын салу туралы келісіміне қол қойғанына қарамастан, орта деңгейдегі 19% көрсеткіш сол қалпы өзгеріссіз қалмақ. Бұл - екі ел арасындағы сауда соғысына дейінгі 3% деңгейден алты есе жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, АҚШ пен Еуропа сауда байланысының шиеленісу қаупі артып отыр, сол себепті ХВҚ кезекті болжамының сәтсіз болуы ықтимал.

Шытынап тұрған ғаламдық бизнес жүйесі үшін Сауда мәселесінің барлығы маңызы жоғары. Тарихи тұрғыда халықаралық сауданың жоғары өсу қарқыны әлем экономикасының өсімін сан түрлі келеңсіздіктен қорғайтын қауіпсіздік құралы іспеттес болатын. 1990-2008 жылдар аралығында әлемдік сауданың жылдық өсу қарқыны жаһандық ЖІӨ өсімінен 82%-ға жоғары еді.

Алайда бүгінгі таңда бұл қауіпсіздік құралы дағдарыстан кейінгі әлемдік сауда өсімінің кент төмендеуіне байланысты 2010-2019 жылдары 13%-ға қысқарды. Ал әлем экономикасы қауіпті жағдайға ұшырап, оның үстіне сансыз келеңсіздік және саудамен қамтамасыз ететін қауіпсіздік құралдарының қысқартылуы қаржы нарығындағы әлем экономикасының келешегіне оптимистік көзқарас танытуға қатысты күрделі сұрақтар туындатып отыр.

© Project Syndicate 1995-2020 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1209 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
20 февраля родились
Курмет Оразаев
председатель правления ЕТС
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить