2021 жыл: АҚШ пен Қытай ымыраға келе алады

2020 жыл әлем бойынша әртүрлі сипаттағы келеңсіз оқиғаларға: оның ішінде, әуе апатынан 1 млн адамның өмірін қиған коронавирус пандемиясына дейін толы болды

Олжас Худайбергенов
Фото: Андрей Лунин
Олжас Худайбергенов

Жыл басындағы жағымсыз жаңалықтар легі карантиндік шектеулерге ұласып, еңбек нарығында жаппай жұмыссыздық белең алды. Байланыс барысында әлеуметтік қашықтықты сақтауға мәжбүр болған қарапайым халық, өздері асыға күткен жазғы демалыс саяхатынан да бас тартты.

Соңғы жылдары бірқатар елдерде көрініс берген қарсылық акциялары да биыл айтарлықтай даму динамикасын көрсете алған жоқ. Әрине, олардың ұсыныс-талаптары, бір жағынан алғанда, объективті деуге тұрарлық, бірақ бүгінгі жағдайда бұл сарындағы шаралар өзгеріс әкелуі екіталай. Осы және өзге де факторларды есепке алсақ, 2021 жылға артар үміт көп: бұл арада мәселе негізгі екі процеске келіп тіреледі.

Біріншісі: дүние жүзін шарлаған пандемия қарқыны. Ағымдағы екінші толқынның екпіні айтарлықтай күшті, инфекцияға шалдыққандар саны бастапқы деңгейдені 7–8 есе көп. Дегенмен, бұл жолы әлем елдері қауіпті дерттің таралуына біршама дайын болғанын ескерсек (карантин шараларын енгізу негізінде), 2021 жылдың басын ала инфекция қарқыны бәсеңсіп, сейіле түседі деп пайымдауға негіз бар. 2021 жылы пандемия салдарындағы өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, коронавирустың жаңа штаммдары қауіп төндірмейді деп үміттенгіміз келеді.

Егер бұл сценарий шынымен жүзеге асып жатса, онда экономика бұрынғы қалпына жуық арада оралып, 2020 жылы құлдырап кеткен ІЖӨ көрсеткіштеріне қарамастан, мейлінше жоғары өсім бере алады деп болжауға болады, өйткені қор нарығы жаңа рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, тауар нарықтары жандана түседі.

Ал егер коронавирустың үшінші толқыны екіншіден де қатты болса, онда науқастар саны мен дертті қайта жұқтырғандар қатары күрт өсуі ықтимал, не болмаса вирус мутацияға ұшырап, жаңа штамм қаупі көрініс беруі мүмкін. Олай болса, 2021 жылдың залалы 2020 жылдан да асып түседі деген сөз. Мұндай жағдайда көптеген елдерде бюджет тапшылығы шектен шығып, біраз мемлекеттер шығынға батпақ.

Екінші елеулі оқиға: АҚШ президентінің ауысуы. Әлемдік экономика үшін бұл – протекционистік трендтерден жаһандық трендтерге қайта бет бұру дегенді білдіреді. Бұл тұрғыда АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастар жақсара түседі деген үміт бар. Жекелеген келісімдер аясындағы сауда жанжалдары кейінге қалып, тіпті екі ел арасындағы сауда қатынасы Трамп кезеңіне дейінгі форматқа қайта оралуы мүмкін. Әрине, бұл тренд Байден билігі тұсында басымды әрі тұрақты деңгейге шықпаса да, 2021 жыл АҚШ үшін Трамп ұсыныстарын түгелдей тұмшалап, Қытаймен қарым-қатынасты жақсартуға жол ашпақ.

Все материалы по теме «Итоги 2020 и прогнозы на 2021» вы можете посмотреть по этой ссылке.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5575 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
20 апреля родились
Каныш Избастин
первый заместитель председателя правления НУХ «Байтерек»
Жомарт Сулейменов
продюсер, основатель и гендиректор ТОО «National Development Group»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить