Вирустар саясатқа араласқанда

10223

ОКСФОРД – Коронавирус жаңалықтарда жаппай жарық көргенге дейін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасы әлем 50-80 миллион адамды өлтіруі, үрей мен тұрақсыздық тудыруы және әлемдік экономика мен саудаға елеулі әсер етуі мүмкін "тез дамып келе жатқан, респираторлық патогендердің вирусты пандемиясына" дайын емес деп ескертт

ФОТО: Depositphotos.com/kckate16@gmail.com

Соңғы 200 жылдан бері тәжірибе тек келісілген Үкімет қана осындай пандемиямен тиімді күресу мүмкіншілігі бар екендігін көрсетті – тіпті соның өзінде, олардың азаматтарының сенімі және мойынсұнушылығы болғанда ғана. Бұл жаңа, қазір COVID-19 ретінде танылған коронавирусқа қарсы күресте саяси көшбасшылар тап болатын үш мәселені көрсетеді.

Бірінші мәселе саясаткерлер скептикалық қоғамға мұқият түсіндіруді талап ететін батыл болып көріну мен ғылыми негізделген шараларды қабылдау арасында қалып қояды. Мысалы, Үндістан, Нигерия, Жапония және Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, бірқатар елдердің үкіметтері жақында олардың әуежайларына келетін барлық жолаушыларға қатаң температуралық бақылау енгізді. Бірақ қызуы бар саяхатшылар жай ғана ыстық түсіретін дәрі - дәрмектердің көмегімен өздерінің шынайы жағдайын жасыра алады. Сонымен қатар, Қытай зерттеушілері COVID-19 жұқтырған адамның қызуы көтерілгенше 24 күнге дейін таралу қауіпі бар деп күдіктенеді. Сондықтан Құрама Корольдіктің үкіметі барлық келетін жолаушыларды әуежайдан шыққаннан кейін симптомдарды бастан кешірген жағдайда не істеу керектігі туралы хабардар етуге ерекше  көңіл бөлуде.

Нақтырақ айтқанда, 31 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі соңғы 14 күн ішінде Қытайда болған барлық шетел азаматтарына, егер олар АҚШ азаматтарының жақын туыстары немесе тұрақты тұрғындар болмаса, кіруге уақытша тыйым салу туралы жариялады. Көптеген басқа елдер де ұқсас шараларды енгізді, бірақ күтілген нәтиже мүлде кері болуы мүмкін.

Қытайдың жабылуы ақталған боп көрінуі мүмкін. Бірақ бұны бір жақты тәртіппен, басқа үкіметтермен сенімді нығайтусыз жасайтын болса, бұл Қытайдың неғұрлым ұсақ көршілері сияқты басқа да елдер вирус оларға таралып жатқан кезде де жабылып қалу және одан туындайтын орасан экономикалық шығындардан қауіптеніп әлемді хабардар етпеуі мүмкін.

Пандемияға қарсы күрестің алтын ережесі зардап шеккен елдерді кез келген инфекция туралы басқаларды дереу хабардар етуге ынталандыру болып табылады. Қытай зерттеушілері COVID-19 тез анықтап және халықаралық шақырулардан кейін, осылайша вакцина жасау бойынша жаһандық ынтымақтастықты  ынталандыра отырып оның вирустық тізбектілігімен бөлісті. Бұл ретте Қытай өзіне зиян келтіріп немесе протекционистік шаралар арқылы басқаларға артық зиян келтірудің орнына мемлекеттердің инфекциялармен күреске бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған халықаралық ережелерді сақтады.

Үкіметтер үшін екінші мәселе коммуникацияға байланысты. Нақтырақ айтқанда, сенімді ақпарат пандемиямен күресте өте маңызды. Бірақ әлемнің көптеген елдерінде азаматтар саясаткерлер шындықты айтып отырғанына сенбейді, сондықтан олар әлеуметтік желілер мен басқа да ақпарат көздеріне жүгінеді.

Мұндай платформалар, Уханадағы жергілікті шенеуніктер жаңа коронавирус туралы хабарлаған дәрігерлерге қауіп төндіргені сияқты, үкіметтер бұғаттамауы тиіс - барынша ашықтыққа және жедел есептілікке ықпал етуі мүмкін. Алайда, әлеуметтік медиа қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін жалған жаңалықтар мен қауесеттің  "инфодемиясын" тудырады. Қазіргі уақытта ДДСҰ ауызды шаюға арналған заттар, мұрынға арналған спрей және күнжіт майы  адамдардың COVID-19 жұқтыруына жол бермейтіні туралы тұжырымдарды жоққа шығаруы тиіс.  Себебі, осылайша соңғы жылдары вакцинацияға қарсы онлайн науқандар толық алдын алуға болатын қызылшаның өршуін туғызған болатын.

Айта кетерлік қуанышты жайт, адамдар коронавирус туралы жаңалықтар іздеген кезде ең алдымен сенімді қоғамдық ақпарат пайда болуын қамтамасыз ету үшін ДДСҰ әлеуметтік желілер компанияларымен жұмыс істеп жатыр. Олар сондай-ақ қастандық теориясын және вирус туралы қауесетті насихаттайтын топтардың хабарламаларына ескертулерді бекітуде және қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін хабарламаларды жоюда ынтымақтасады. Барлық жауапты саясаткерлер осындай күш-жігерді қолдауы тиіс.

Сонымен қатар, тең дәрежеде саясаткерлер мен әлеуметтік медиа-компаниялар пандемия тым оңай өршітіп жіберетін ксенофобиямен күресулері тиіс. COVID-19 өршуінен кейін Шығыс Азия тұрғындарына қатысты кемсітушілік толқыны туралы баяндамалар бар. Масқаралау және кемсіту инфекциялық аурулармен күресті қиындатады, өйткені зардап шеккен адамдардың медициналық көмекке жүгінуден аулақ болу мүмкіндігін арттырады.

COVID-19-ға қарсы күресте өте маңызды нәрсе жұқтырған адамдардың мемлекеттік органдарға, олардың байланысқан барлық адамдарды анықтау және оларды зерттеуге көмектесу үшін, сонымен қатар тиісті оқшаулау шараларын қабылдауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті сенім білдіруін талап етеді. Бұл масқаралау және кемсіту жағдайында орындалу ықтималдығы төмен.

Қорыта айтқанда,  дайын болу өте маңызды. Үкіметтер қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жаһандық төтенше жағдай жағдайында ресурстарды алдын ала бөліп, жұмысқа дайын командалық құрылымы дайын болуы тиіс. Бірақ саясаткерлер әдетте судай жаңа аурухана салуды  әлдеқайда оңай санап, аурулардың алдын алуға қарсы бағытталған шараларға ақша бөлмейді. Ең сорақысы, олар болашақ үкіметтер тап болатын келеңсіздіктерді біле отырып, аурудың алдын алу бағдарламаларын қаржыландыруды қысқартуы мүмкін.

Жақсы жаңалық - бұл үкіметтер алдыңғы  SARS, H1N1, MERS, Эбола және Зика жарқылынан кейін пандемияға дайындықты қамтамасыз етуге байыпты қарай бастады. Мысалы, 2014 жылы Эболамен болған дағдарыс кезінде АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі аясында денсаулық сақтаудың жаһандық қауіпсіздігі және био-қауіптер жөніндегі директорат құрды. Ол сондай-ақ президенттің жеке бақылауына бағынатын халықаралық, ұлттық, мемлекеттік және жергілікті қоғамдық жіне жеке ұйымдардың қызметін үйлестіру жүйесін енгізді.

Жаман жаңалық - бұл Трамп өткен жылы осы әзірлемелерді тарқатты және бұзды. Ол сондай-ақ басқа елдерге жұқпалы аурулар індетінің алдын алуға көмектесу үшін Ауруларды Бақылау және Алдын алу бойынша АҚШ Орталықтарын қаржыландыруды қысқартты. Бірақ басқа елдер вирусты анықтау және ұстау мүмкін болмаған кезде, ол АҚШ-қа да жетуі ықтимал.

COVID-19 таралуын жалғастырғандықтан, қоғам осы аурумен тиімді күрес үшін үкіметтер арасындағы халықаралық ынтымақтастыққа сүйенуі тиіс. Бірақ саяси көшбасшыларға артып келе жатқан қысым оларды неғұрлым ұлтшыл, қысқа мерзімді шараларға итермелейді, алайда ол шаралар тиімсіз немесе тіпті кері-нәтижелі болып келеді.

Найре Вудс - Оксфорд университетінің Блаватников басқару мектебінің деканы

© Project Syndicate 1995-2020 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить