Адам санағын қалай жүргізу керек

10732

НЬЮ-ЙОРК – «The Lancet» журналының шілде айында жарық көрген жаңа зерттеуі бойынша, «соңғы жүз жылдықта адам санының артуы әлем халқының ендігі өсу траекториясына сәйкес келмейді»

ФОТО: Shutterstock/Milanares

Жер бетіндегі адам саны 2064 жылы 9,7 млрд-қа жетіп, ал 2100 жылы 8,8 млрд дейін азаяды. Зерттеу авторларsның болжауынша, 23 елде, әсіресе Жапония, Таиланд, Испания, Украина елдерінде 2100 жылы адам саны 2017 жылы өткен санақтың жартысына тең болады; «өзге 34 елде адам саны 25-50%, оның ішінде Қытайда 48,0%-ға азайы мүмкін»

Керісінше, Нигерия халқы 2017-2100 жылдар аралығында 3,8 есе өседі. Бірақ бұл елде бала туу көрсеткіші 5.1-ден 1.7-ге төмендеуі ықтимал, яғни адам санының ұдайы өсу деңгейі мен 2017 жылғы Швециядағы бала туу көрсеткішінен (әр әйелге 1,8 бала) төмен. 2017 жылы Нигерия Сахараның оңтүстігінде орналасқан жалғыз Африка елі ретінде әлемдегі халық саны тығыз орналасқан 10 мемлекеттің қатарына енген. 2100 жылы аталған тізімге Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия мен Танзания қосылуы мүмкін.

Қытайдан кейін халық саны жоғары болып есептелетін төрт ел: Индонезия мен Үндістанда халық саны кеміп, ал АҚШ пен Пәкістанда өседі және оның себептері әр түрлі. АҚШ-тағы адам санының өсу себебі бала туу көрсеткіші 1,8-ден 1,5-ке төмендеуін алмастыратын иммиграция арқылы түсіндіріледі. Зерттеу авторларының айтуынша, Пәкістанда халық санының артуы тікелей бала туу көрсеткішінің жоғарылауына байланысты. Дегенмен бұл елде 2100 жылы бала туу көрсеткіші 3,4-тен 1,3-ке азаюы мүмкін, ол дегеніміз АҚШ-тың қазіргі немесе болжалып отырған бала туу көрсеткішінен де төмен.

Зерттеуге қатысты әдеттегі ескертпелер бар. Жаһандық болжамнан қарағанда нақты бір елге байланысты жасалатын халық санына қатысты болжамдарда екіұштылық көп. Зерттеу авторлары демографиялық тенденциялар әр уақытта бастапқы болжамнан гөрі көбірек немесе азырақ болуы мүмкін екенін айтады. Сондай-ақ, авторлардың «моделдеу жүйесінде» климаттың өзгеруі немесе Covid-19 пандемиясы сияқты аса маңызды өзгерістер алдын-ала қарастырылмайды.

Әлем халқының санын есептеуге байланысты болжаулардың тарихына қарасаңыз, оларға толық сенуге келмейді. 1978 жылы ағылшын экономисі Томас Роберт Малтус адам санының өсу қарқыны азық-түлік өндірісінің өсімінен артып, оның ақыры аштыққа алып келеді деп болжаған. 1930 жылы Ұлы Депрессия кезінде көпшілігі жер бетіндегі адам саны азаяды деп күткен. Ал 1950-1960 жылдары «популяциялық бомба» және «Аштық 1975» терминдері арқылы көрініс тапқан жаңа үрей туралы адам санының жылдам өсімі тұтас адамзат пен планетаны құртады делінген.

Аталған үш болжамның үшеу де қате болып шықты. Ақиқатында біз келесі ғасырда қанша бала өмірге келетінін дөп басып айта алмаймыз. Бірақ қолымыздан келетін бір дүние бар: тамақтану, денсаулық, тұрғын-жай мен білім деңгейін жақсартуға бар күшімізді салу; сондай-ақ, даму, бейбітшілік, қауіпсіздік, мүмкіндіктердің тең болуы, сапалы қоршаған орта, тұрақты климат пен барлық адамның тәуелсіз болуына қол жеткізуіміз керек. Бала туу мен оны тәрбиелеу, халықтың денсаулығы мен күнкөрісі, көші-қон тенденциясы мен әлеуметтік интеграцияға келер болсақ, бұлардың келешегі әлем елдерінің бүгін және алдағы он жылдықтарда мойнына алатын міндеттемелері мен инвестицияларына тікелей байланысты. Тамақтану, контрацепция мен денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігі, конструктивті халықаралық қатынастар қаншалықты қажет болса, дәл сол сияқты саналы саяси көшбасшылық пен жаппай жоғары сапалы білім беруді қолдау да өте маңызды.

«Lancet» журналында жарияланған мақала 2100 жылға дейін әлем халқы санының өсімі тоқтауы мүмкін деп көрсетілген алғашқы болжам емес. Бірақ зерттеу авторлары жалпы халық санына байланысты сапалы болжам жасаудың тиімді шешімдерін ұсыну арқылы осы мәселеге айтарлықтай үлес қосты. Ең маңыздысы – жаңа зерттеу жұмысында келешекте бала туу, өлім және көші-қон деңгейін болжауда сыртқы факторлар есепке алынады. Мысалы, бала туу туралы болжам білім саласындағы болашақ міндеттемелер мен контрацепция құралдарының қолжетімділігіне тікелей тәуелді болады. Ал көші-қонға қатысты болжам жан басына шаққандағы кіріс, білім, бала туу, қақтығыс және табиғи апат кесірінен орын алған өлім, басқа да өзгермелілер қарастырылады.

Жоғарыда аталған сыртқы факторлар демографиялық экстраполяция және кәсіби пайымдауларға негізделген БҰҰ Халықтың қоныстануы саласы бойынша бөлімі жариялайтын болжамдармен салыстырғанда әлем халқы санына байланысты өзгерістерді болжамдау дәлдігін жақсарта алатынын әлі де анықтау керек. Соңғы елу жылда БҰҰ Халықтың қоныстануы саласы бойынша бөлімі жүргізген жаһандық халық санағына қатысты болжамдары жеке мемлекетке қарағанда нақты болып шыққан.

Әр түрлі ұйымдардың халық санағына байланысты болжамдарында әлем халқының өсуі аяқтала ма және қашан деген сұраққа келгенде біржақты пікір айтылмайды, бірақ барлығы бірдей қолдайтын жайттар да жоқ емес. 2100 жылы бүкіл әлем бойынша әйел адамдардың өмірге бала әкелу орта көрсеткіші төмендейді. Бұл процестің қандай ауқымда, қаншалықты жылдам, қашан және қайда орын алатындығы жөнінде пікірталас көп.

Халық санағының болашақтағы траекториялары болашақтағы туу көрсеткіші үшін қаншалықты шетін мәселе екені айтпаса да түсінікті. Алдағы уақытта әлем халқының басым бөлігі қалада және қазіргі таңда кедей саналатын елдерде тұрады деп сеніммен айта аламыз. Әлем халқының басым бөлігі өзін қарт деп есептейтін болады және ол міндетті түрде менталды немесе шындап қартаюды білдірмейді.

Дәстүрлі түрде 15-64 жаспен анықталатын еңбекке жарамды жастағы халықтың үлесі күрт азайып, «еңбекке жарамды» жас туралы анықтаманы қайта қарастыру керек болады.

Еуропа, Америка, Шығыс немесе Оңтүстік Азия елдерімен салыстырғанда әлемде ата-тегі Африкадан шыққан адамдардың үлесі басым бола түседі. Көші-қон нәтижесінде көптеген қауымдастықтар шығу тегі, тіл, дәстүр, болжау төңірегіндегі аспектілерде әртүрлілікті сақтайды. Бірақ қаншалықты көп болғанымызға қарамастан ең бастысы бейбіт өмір сүріп үйренуіміз керек, әйтпесе мүлде өмір сүре алмай қаламыз.

Джоэл Э. Коэн, Рокфеллер университеті және Коллумбия унивеситетінде Халықтың қоныстануы мәселелері бойынша профессор

© Project Syndicate 1995-2020 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить