2018 жылы ерекше есте қалған айтулы оқиғалар мен көрсеткіштер

17926

Кім қандай биікті бағындырды, қандай нәтиже көрсетті?

Фото: Depositphotos.com/imbi007

Forbes.kz 2018 жылы жарық көрген материалдар негізінде шағын шолу әзірледі.

Жаңа биік

2018 жылы Қазақстан альпинизмінің тарихы тағы бір айтулы оқиғамен толықты. Еліміздің мақтанышы,  халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мақсұт Жұмаев Эверест шыңын екінші рет бағындыруға аттанды. Астанада баспасөз -мәслихатын өткізген Мақсұт  пен оның екі серігі 2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеуден жолға шыққан болатын. Ал, Эвересті бағындыруға бағыталған негізгі жорық сәуірдің 13 күні, Намчедегі базалық лагерден басталды.   Сапар оңай болмады. Мақсұт пен оның командасы әлемнің ең асқар шыңын, биіктігі теңіз деңгейінен 8850 метрді құрайтын нүктені  18 мамыр күні  бағындырды.  Мақсұт Эверестке 2007 жылы  солтүстік жағынан көтерілген болса, бұл жолы оңтүстік тұсынан бағындырды. Ал бұл қауіпті бағытты жүріп өткендер әлемде санаулы ғана.  Айта кетейік, дүниежүзінде ең биік 14 шың болса, отандасымыз осының  бәріне қысқа мерзімде көтерілген ең жас өрмелеуші ретінде тарихқа енді.

- Әрине, алғашында оңай болмады. О баста тау ауруы, апатия, акклиматизация, жөтел қысу, тері, еріннің жарылуы, жара басу жағдайлары болды. 6 600 метр биіктіктен Намчеге тікұшақпен кері қайтып, қалыпқа келдік, себебі ол жақтағы қысым басқа, жарақат тез жазылады, осыдан кейін жорыққа қайта аттандық.  Боран,  дауыл, бірде ыстық, бірде суық, бұның бәрін еңсердік. Бастысы бәрі арта қалды, бізді ең алдымен мықты рух, команданың бірлігі алып шықты. Мен бұл экспедицияны Астананың 20 жылдық мерейтойына арнадым-деген болатын Мақсұт.

Жаңа рекород

Астана. 2018 жылдың   10-шы мамыры. Атақты Қажымұқан мен Балуан Шолақтың жолын жалғастырушы, әлемнің 4 дүркін рекордшысы Сергей Цырульников тағы бір рекорд орнатып, талайды  таңқалдырды. Қазақстандық палуан жалпы салмағы 180 тоннаны құрайтын тепловоз бен жүк  толы цистераны орнынан жылжытып, оларды 20 метрге дейін сүйреген болатын.  Сергей о баста тек тепловозды тартуды жоспарлаған болатын. Бірақ, алып машинаны жылжыту алып күш ниесіне аса қиындық тудырмады.  Сондықтан, оған қосымша цистерна қосу туралы шешім қабылдады.  Әрине,  тонналаған құрамды тарту, орнынан жылжыту оңай болған жоқ. Сергей оны орындау барысында басы айналып, тіпті аяқ-қолын сезбей қалғанын айтқан еді. Бірақ, қанша ауыр, қанша қиын болса да палуан дегеніне жетті.        

-Рекорд сәтті орындалды. Мен  тепловоз және цистернаны кейбір палуандар сияқты жәй орнынан  жылжытып қана қоймай, оны 20 метрге дейін тарттым. Ал, тағы бір ерекше есте қалған жағдай Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир  Путинмен кездесуім болды.  Мен мемлекет басшыларымен  жій тілдесіп қана қомай, ертедегі батырларымыздың күшін, олар жасаған қойылымдарды  көрстеуге мүмкіндік алдым. Сомынен қатар, Путинге Қажымұқан мен  Поддубный арасындағы  достық туралы баяндадым. Небары 3 минут ішінде Қазақстандағы күш мәдениеті туралы және оның қос мемлекетке қаншалықты маңызды екенін айтып өттім-дейді Сергей.

Жаңа көрсеткіш

2018 жылы Қазақстан кино прокатында айтулы жаңалық болды. Продюсер Нұрлан Қоянбаевтың  «Бизнес по казахски в Америке» атты комедялық  фильмі кассалық кіріс бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, алғаш Қазақстан прокатындағы голливудтық киноларды басып озды.  Жалпы кинодан түскен табыс көлемі 600 млн теңгеден асқан. Бірақ, авторлар бұнымен шектеліп қалған жоқ. Продюсер және оның командасы 2018 жылы «Бизнес по казахски Африке», яғни комедияның 3-ші бөлімін түсіруді қолға алып, Африкаға  аттанып кеткен еді.   Шытырман оқиғаларға толы фильм Кения мемлекетінде және Біріккен Араб Әмірліктеріннің Дубай қаласында түсірілді.  Лента Кения астанасы Найроби қаласында орналасқан «Pontact»  кинокомпаниясының қолдауымен түсірілді және бұл компания голливудтық компаниялармен бірлесіп жұмыс істегендіктен жоғарғы деңгейде қызмет көрсеткен. Кино 2018 жылдың 27-ші желтоқсанында прокатқа шықты. Ал оның  табысы қандай болатыны жуық арада белгілі болады.  

 - Фильмнің бюджеті екі елді қоса алғанда $500 000 -ды құрады. Қаржы бас демеушілеріміздің есебінен болды. Түсіру тобы, актерлар,сценарий авторлары екі апта бойы дала жағдайында мекен ететін тайпалармен, жыртқыштар әлеміне жақын маңда жұмыс істеді. Афиркада кино түсіру қызықты болып қана қойған жоқ, қорқынышты жағдайлар да өте көп болды. Кения үкіметі бізге қаруланған арнайы күзет қызметін бөлді. Олар біздің қауіпсіздігімізге толық жауап берді. Шытырман оқиғаларға толы туындының ең бір ерекше тұсы оған нағыз масай тайпаларының қатысуы болды. Көрермендер бұл жолы найзамен қаруланған тайпа көсемдерінің басты кейіперлерімізді қуалап жүргенін көретін болады.  Түсіру тобы, актерлар, сценарий авторлары екі апта бойы дала жағдайында  мекен ететін тайпалармен, жыртқыштар әлеміне жақын маңда жұмыс істеді. Африкада кино түсіру қызықты болып қана қойған жоқ, қорқынышты жағдайлар да өте көп болды. Кения үкіметі бізге қаруланған арнайы күзет қызметін бөлді. Олар біздің қауіпсіздігімізге толық жауап берді.

Жаңа рекордтар кітабы

Қазақстан каскадерлары үшін 2018 жыл сәтті болды. «Nomad Stunts» биыл әлемнің бірқатар елдеріндегі кинолардың қойылымдарына қатысып қайтты. Топ жетекшісі Жайдарбек Күнгүжинов бастаған каскадерлар тобы әлемнің біраз елдерінде, атап айтқанда Болливуд және  Голливуд  жобаларында сәтті өнер көрсетті.   Соның ішінде Жаңа Зеландияда алты айға жалғасқан түсіру жұмыстарын ерекше атап өткен жөн. «Дисней» жобасына қатысқан қазақстандықтар онда атыс, төбелес, аттарды дайындау және оларды құлату, ат үстінде қылыштасу  сынды қиын да күрделі трюктарды жоғарғы деңгейде жасап, ерекше көзге түсті. Елге оралғанда қазақстандық жаңа КИНЭС рекордтар кітабына енді.

Біз жалпы 13 адам болдық және  атыс, қылыштасу, төбелестердің көбін біз жасадық. Қытайдан өте көп адам келді, олар жаяу  қойылымдарға қатысты және  тек төбелестерге қатысты. Ал актерларға келсек, фильмде Джейсон Скотт Ли, Джет Ли, Донни Йен болды.  Біз сапардан келген кезде арнайы хабарласып, «Тұран» университетіне шақырды, бізді КИНЭС кібабына енгізіпті.  Голливуд жобаларында ең көп жұмыс істеген және мәдени салада  қарқынды дамып келе жатқан команда ретінде ендік. Оның ішінде альпинистер, әйгілі әншілер бар екен. Бұл өте керемет жоба, жастарды, таланттыларды кеңінен танытуға бағытталған-дейді Жайдарбек.

Жаңа белбеу

2018 Қазақстанның кәсіпқой боксшылары үшін табысты да намысты жыл болды.  Солардың ішінде Канаданың Монреаль қаласында тұрып жатқан жерлесіміз Батыр Жүкембаев жарқын жеңістерімен ерекше көзге түсті.  Әлем елдерінде беделді ESPN телеарнасының журналисті - Стефан Эспиноза, Батырды "Головкиннің ізбасары" деп атаған еді. Қазіргі таңда Батыр IBO International және WBC Continental Americas белбеулерінің иегері.  Шаршы алаңда 14 жеңіске жетіп, 12 нокаут тіркеді. Оның алдағы мақсаты- АҚШ-тың бокс нарығына өту және титулды жекпе-жектерден көріну.

 - Менің соңғы жекпе-жегім Канаданың Монреаль қаласында, Квебек деген шаһарда  өтті. Бұл күні қазақ боксшыларынан мен ғана шықтым. Қарсыласым мексикалық Патрисио Морено болды. рейтінгі  жоғары, 24 жекпе-жек өткізіп, 2 жұдырықтасуды ұпаймен жеңілген.  ал оның шыққан қарсыластары өте мықты болған, Ресейдің, Арменияның мықтыларын жеңген, өте тәжірибелі мықты боксшы. Бірақ мен одан басым түстім. Менің чемпион болғым келеді және сол үшін «Батыр777» командасы барынша жұмыс істеуде.  Қазіргі таңда өз дивзионымда әлемдегі үздік 30 боксшының арасына кіріп тұрмын. Бұл титулды айқастар өткізу үшін жақсы мүмкіндік.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить