Трамппен тілдесу: Forbes Ақ үй басшысынан сұхбат алды. Цензурасыз

9799

Билік пен бизнес, саясат пен экономика, жаңа реформалар аясындағы текетірестер,әлемдік саясат. Американы алда не күтеді,президенттің ұстанымы қандай болмақ. Бұл жайында Forbes редакторы Рэндалл Лейн және өнім жөніндегі директоры Льюис Д’Воркинмен ашық әңгіме құрған Президент Дональд Трамп айтып береді. Біз 50 минутқа жалғасқан сұхбаттың шағын нұсқасын ұсынамыз және онда ешқандай түзетулер енгізілмеген, бәрін қалпында жеткіздік

F: Сіз әрдайым бизнесте жетістікке жетудің кілті -қуанышты сезе білуде дегенді айтасыз. Сіз сол қуанышты сезінесіз бе?

Мен оны сезінемін. Маған осының бәрі ұнайды. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Биржада бәрі ойдағыдай, бұрынғыдан әлдеқайда жақсы. Соңғы 17 жылда жұмыссыздық деңгейі ең төменгі сатыға түсті. Біз тамаша нәтижелерді көрсетудеміз. Менің ойымша, жақын арада және ең бастысы, ұзақ жылдар бойы керемет нәтижелерге қол жеткізе береміз.

F: Сіз не туралы ойлайсыз?

–Маған табысқа жету ұнайды. Ал біздің еліміздің табысы керемет. Солтүстік Корея мен Таяу шығысқа қатысты кейбір қиындықтар бар. Бұл мәселе маған мұраға қалды, мен оны әрдайым айтып жүремін, барып тұрған бейберекетсіздік. Елде проблема жеткілікті еді. Бұл ИГИЛ мен Таяу шығысқа қатысты. Рас, біз ИГИЛ-ға қатысты өткен тоғыз жылдан қарағанда, тоғыз айдың ішінде көп нәрсе жасадық. Шынында өте көп, көп мәселе шешілді. Біз әскерге көп көңіл бөлдік, біз оны дамытудамыз. Жуырда ғана $700 млрд бюджет мақұлданды. 

F: Ең үлкен жеңістен және жеңілістен бері 1 жылға жуық уақыт өтті. Сіздің ойыңызша, бизнестегі тәжірибеңіз осы қызметке дайын болуыңызға септігін тигізді ме? Және сіз бұған дайын болдыңыз ба?

–Иә, менің ойымша тәжірибе көмектесті. Бұл, шынында өзге салаға ұқсамайтын мүлде басқа қызмет. Өйткені, бұл үшін сан түрлі қабілет керек.

 Біздің науқан өте сәтті болды. Елдің көбі түсіне бермейтін бір жәйт, мен Хиллари Клинтонға қарағанда аз шығын жұмсадым. Бұл да бизнес сияқты. Егер мәліметтерге қарасақ, арасы жер мен көктей екенін көреміз. Мәселен, бұған дейін аз шығындалып, жеңіске жетсең, бұл жақсы нәтиже саналатын. Ал қазір бұл туралы ешкім айтқысы келмейді.

F: Елдің көбі түсіне бермейтін бір жәйт,мен Хиллари Клинтонға қарағанда аз шығын жұмсадым. Бұл да бизнес сияқты

 –Менің ойымша бұл жақсы болды... Кеше барлық адмиралдармен және генералдармен жоғарғы деңгейде өткен кешкі аста бірге болдық. Бәлкім, сіз жаңалықтардан көрген боларсыз. Бұл бір керемет кеш болды. Мен, бірақ бизнес туралы айттым. Мен былай дедім: «Сіздердің жабдықтарыңыз тым ұзақ жасалады және ол өте қымбат»- дедім. Сондықтан, мен келіссөздермен тікелей өзім айналысуға бел байладым, мәселен F-35 жойғышына қатысты Lockheed арасында, бәлкім сіз Lockheed басшысы Мэрилинді білетін шығарсыз, ол өте керемет адам. Бірақ, мен Boeing пен Lockheed арасында тендер ұйымдастырдым.  Нәтижесінде, мен Lockheed белгілеген бағаны миллиардтаған долларға төмендеттім және бұған менің көп уақытым кеткен жоқ.

F: Егер сіздің жұмысыңыздан саяси аспектілерді алып тастаса, экономикада нені өзгертуге тырысар едіңіз, онда сізге бизнесте кездеспеген қандай кедергілер бар?

–Конгресс делік. Бұл үнемі болатын елеулі кедергі. Конгрессте ниеті түзу адамдар баршылық және олар өз идеяларын жоғары бағалайды. Мен оны түсінемін және бұл маған кедергі емес. Алайда, араларында мемлекет мүддесіне сай емес дүниелерді, қажетсіз шешімдерді итермелеп, айтқанынан қатпай, өзінікін дәлелдеп көлгірситіндер жетерлік. Мен тек осындай адамдармен дауласамын. 

Адамдар түсіне бермейді, мен алғашқы тоғыз айда кез келген басқа президенттен қарағанда әлдеқайда көп заң қабылдадым. Біз 50 астам заң қабылдадық. Мен президент жарлықтарын айтып отырған жоқпын, дегенмен олар да маңызды. Мен заңдар туралы айтып отырмын. Әскер ардагерлерінің құқын бұзу туралы жауапкершілік, дәлірек айтсақ осы күнге дейін қабылданбаған заң жайында. Бұл дегеніміз, енді адамдар жауапкершілікті сезінеді, себебі бұған дейін сіз ардагерлермен жұмыс істейтіндердің салғырттығын байқасаңыз оған ештеңе жасай алмайтын едіңіз. Енді салықпен айналысамыз. Денсаулық сақтау мәселесін жөнге келтіремін. Маған бір ғана дауыс жетпейді,бірақ бәрібір мен оны шешемін.  

F: Әзірге балама дайындалмағандықтан сіздің әкімшілігіңіз үшін Обаманың кезінде қабылданған заңдармен жұмыс істеуге тура келе ме?

–Иә, бірақ мен әрдайым айтып жүргендей, бұл Обаманың ар-ожданында. Біз бұл заңға жауап бермейміз. Дегенмен, демократтар мәмілеге келуге әзір. Сонымен бірге, менің республикалықтармен келісімім бар. Жалпы, екі жақта да жетістіктер бар. Сондықтан, бұл да бизнестің бір түрі сияқты. Сіз жаңа бизнес жайында сұрадыңыз ғой. Байқасаңыз, егер қажет болса мен демократтармен мәмілеге келе аламын.  

Менің ойымша, денсаулық сақтауға дейін біз инфрақұрылым туралы керемет заң жобаны ұсынатын боламыз, оны қабылдау аса қиындық тудырмайды. Шын мәнінде, оған республикалықтардан қарағанда, демократтар көп дауыс береді деген ойдамын. Сонымен қатар, менде экономикалық даму туралы тағы бір заң бар, бұл тіпті тамаша болады деп ойлаймын. Сіз бұл туралы алғаш естіп отырсыз. Мен оны жасаймын.

F: Нақты не жасайсыз?

– Мен компанияларды экономикалық дамуға ынталандырамын. Оларға осында қалу үшін, осында жұмыс істеу үшін жеңілдіктер жасаймын.

F: Яғни, олар жұмыс орындарын ашу үшін жеңілдік бересіз бе?

– Егер компания бизнесті елден шығаратын болса, олар қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр болайтындай етеміз.

F: Бұл дегеніміз компанияларды қалдыру үшін жасалатын артықшылық па, әлде қамшылау арқылы мәжбүрлеу ме?

–Екеуі де бар. Бұл қалдыруға ынталандыру, егер бизнесті алып кету туралы шешім қабылдасаңыз, онда кейін өз өніміңізді бізде сату қиынға соғады.

F: Сіз бизнесмен ретінде қалай ойлайсыз: билік компанияларға қайда жұмыс істеп, қайда жұмыс орнындарын ашу керектігіне қаншалықты ықпал ету керек?

–Бұл мені мүлде алаңдатпайды, егер сіз қалатын болсаңыз, онда салық болмайды. Біз өз компанияларымызды қорғауымыз керек. Байқап қарасаңыз олар қандай жағдайда, саяси ақылсыздықтың салдары оларға қаншалықты кедергі келтіруде, өмір сүруге қиын. Сондықтан, біз өз жұмысшыларымызды қорғауымыз керек. Ал бұл үшін бір нәрсе жасау керек, бұл қолайлы жағдай туғызу.

F:  Жеке салық реформасына тоқталсақ. Динамикалық ставка жағдайының өзінде шығындарды қалай қысқартуға болады? Дефицитті арттыру керек пе? Сіз салықты төмендету есебінен бюджетті қысқартайын деп отырған жоқсыз ба?

– Иә, ең алдымен біз кейбір баптарды қысқартуды ойлап отырмыз. Солай істеуге тура келеді. Бірақ мен сізге айтайын, біз өз кезегінде көп пайда табамыз. ЖІӨ қараңызшы. Былтыр ол 3,1% құрады. Көбі, біз бұл көрсеткішке жуық арада жетеміз деген ойда болған жоқ. Обама бұған қол жеткізе алмады.   

F: Оның екі тоқсанында 3% болған еді...

– Бірақ, жыл қорытындысы бойынша болған жоқ. Мүлде болмады. Бұл сегіз жыл. Мен ойлаймын, біз бұдан да биік белестерді бағындырамыз. Және осы тоқсан барлық жағынан ерекше болады деген ойдамын.

F: Салық реформасына байланысты. Адамдардың көбі сіз мұрагерлік салығын алып тастау арқылы, одан миллиардқа жақын пайда табуды көздеп отыр дегенді айтады. Сіз бұны қалай түсіндіресіз?  

– Біз алда не боларын әлі көре жатармыз. Мұрагерлік салығы-бұл көпшілік отбасылық компаниялар үшін ауыртпалықтарға толы, нәтижесінде көбі бизнесін сатып жіберуге мәжбүр, тіпті кейбір жағдайда жылдам және төменгі бағамен сатып жатады. Бұл фермерлерге де, басқа да компанияларға тікелей қатысты. Көп жағдайда, компаниялар үшін отбасылық басқарушылардың кетіп қалуы жағдайды одан сайын қиындатады. Мұраға қатысты салықты алып тастау осыған байланысты отыр.

F: Иә, Сізге оның шекті мөлшерін ғана көтеруге болар еді. Менің ойымша, мәселе мынада, сіздің қазіргі жағдайыңыздағы адам, яғни, бизнестен шыққан алғашқы президент, өзіне және отбасына миллардқа жуық пайда әкелуге мүмкіндік беретін нұсқадағы заңды итермелеп отырған сияқты болып көрінеді.

–Мен үшін ең басты артықшылық- экономиканың жақсы жұмыс істеп кеткені болар еді. Мен үшін бұл өте жақсы, саяси немесе кез келген тұрғыдан болсын. Білесіз бе, экономика бұл қызық нәрсе. Мен керемет бизнес құрдым, бірақ онымен қазір менің балаларым айналысып жатыр. Сондықтан оның маған маңызы жоқ. Мен ол туралы ойламаймын да, өйткені менің қазіргі айналысып жатқан шаруам одан да маңызды. Себебі, біздің ел дұрыс бағытта емес еді.  

Сіз түсіну керексіз, егер менің әрекетім орта дәрежедегі санатқа пайда әкеліп жатса, бұл мен үшін жақсы. Егер мен табысы жоғарыларға пайдалы болып жатсам, бұл да керемет. Кейде бизнес өте бай адамдарға тиесілі болады, кейде олай емес. Біз бизнестің өмірін жақсартсақ, одан бәріне, маған да пайда келеді.  

F: Бет алды қысқартып, кесіп тастауға болмайтынына тарих куә емес пе...

– Біз салықтың елеулі бөлігін қысқартумен бірге маңызды реформаларды жүргізіп отырмыз. Біз реттеу жүйесінің тарихта болмаған үлкен көлемін алып тастайтын боламыз. Реттеуді осыншама қысқартқан бірде -бір президент болған жоқ, ал мен оның тең жартысын ғана іске асырдым.

Жалпы, мен оның пайдалы боларына сенімдімін. Бірақ ол ақылға қонымды болуы тиіс. Мәселен, бір жолдың құрылысына 21 жыл кетпеу керек.

F: Сіз ардайым жұмысқа орналастыру барысында ең үздік адамдарды табу маңызды екенін және таба білетініңізді айтып жүресіз. Сіз өзіңіз Ақ үйге шақырған таланттарды қалай басқарасыз?

–Таланттар әртүрлі болады. Менің командамда керемет адамдар бар, оларды көпшілік білмейді ,бірақ олардың маған беріп жатқан көмегі орасан.

F: Сіз үшін олардың ішіндегі ең мықтысы кім?

–Олар өте көп болды. Мен олардың бәрін атағым келмейді, себебі қазір біреуін ұмытсам, ол ренжуі мүмкін.

F: Сіздің көңіліңізден шықпағандар несімен ұнамады?

–Кімді қашан және не үшін жұмыстан босататыныңды білмейсің. Адаммен кездесіп, сөйлесіп, оның қызмет еткен тізіміне қарауға болады. Сіз басында бұны бизнеспен қалай салыстыруға болады деген сауал қойдыңыз. 

Ақ үйде жұмыс істеу үшін көп құзірет қажет. Және жанашыр болуы керек. Өйткені сіз қабылдаған шешімдер тек бюджет пайдасы үшін ғана емес, адамдар үшін маңызды болуы тиіс деген негізде құрылуы шарт. Әлемдік бизнесте көптеген қабілетке ие болу керек. Ал бұл жерде айрықша талант қажет. Саясатқа деген талант керек.   

F: Сіз қазір Мемлекеттік хатшы Тиллерсонмен қандай қарым-қатынастасыз?

–Ол бізге нарықта бұрыннан жұмыс істейтін компаниядан келді. Мен өзіммен келісмейтіндерге еш қарсылығым жоқ, бірақ біздің көзқарастарымыз сай емес. Сондықтан бұл бағыттағы ұстанымымызды күшейту керек сияқты. Дегенмен, қорыта келгенде менің пікірім жоғарғы маңызға ие. Жағдай осылай. Бірақ, біз жақсы байланыстамыз. Жалпы қатынас жақсарып келеді.  

F: Ақпарат құралдарында жазғандай, ол сізді есуас деп атапты. Бұл туралы онымен сөйлестіңіз бе, қоңырау шалдыңыз ба? Оның солай айтқанына сенесіз бе?

–Бәлкім. Бұны анықтау керек, бірақ ол олай деген жоқпын деп отыр. Мемлекеттік департамент те оны теріске шығарды. Меніңше, бұның бәрі фейк жаңалықтар сияқты.

F: Солтүстік Кореяға қатысты не болып жатыр, сіздің жоспарыңыз қандай? Сіз үнемі келіссөздер жүргізудесіз, оларға ұсынар ештеңе қалмады ма, енді не болмақ?

–Рас, ұсынар ештеңе қалмады. Қараңыз, бұл мәселені маған дейін болған төрт немесе бес әкімшілік шешуі тиіс болатын. Әрине, түйткілді өткен 8 жылда толық тарқату керек еді. Жағдай жыл сайын күрделеніп барады. Обаманың өзі менімен кездескенде айтқан еді, жағдай өтен қиын деп. Мен оған сол кезде былай дедім: «Сендер түк шешпедіңдер, сендер ештеңе тындырған жоқсыңдар, сендер тек осы жағдайдың қиындауына жол бердіңдер»-деп. Менің ойымша, олардың ядролық қаруды одан әрі иеленуіне жол бермеу керек.   

F: Ресейге қатысы мәселеге келсек. Ішкі қауіпсіздік департаменті 21 штаттан сайлау науқанына штат деңгейінде араласу болғанын растады. Қалай ойлайсыз, 2016 жылғы сайлауға Ресейдің қатысы болды ма?  

–Бірақ, олар жуырда ғана дауыс санағына ешқандай ықпал болған жоқ деп хабарлады ғой.

F: Дауысқа емес, науқанға ықпал ету мәселесін айтамын...

–Олар дауыстарды алмастыру болған жоқ деп айтқан еді. Сонымен қатар олар ешқандай қақтығыстар тіркелмегенін айтты. Күні кеше ғана жария етті ғой. Екі күн бұрын. Сенатта. Мүдделер қайшылығы болған жоқ. Мен орыстармен сөйлескен жоқпын. Бәрі біледі, бұны тек демократтар ғана айтып жатыр. Мәліметтерге қараңыз. Жеңілмек түгілі, 306-223 болды емес пе? Демократтар жеңіліп қалғандықтан, осылай ақталып отыр.   

F: Дегенмен, қазіргі жағдайда орыстар сайлауға ықпал етпек болды деген мәселе Сізді мазалай ма, жоқ па?

– Егер шынында солай болса, мазалар еді. Мен қазір тергеудің қорытытындысын күтіп отырмын. Жуырда аяқталып қалатынына сенімдімін. Егер онда қандай да бір ұсыныстар болса, кезекті сайлауға дейін енгізе аламыз.

F:  Сізде ешқашан басшы болған емес десек болады. Ал қазір бар. Бұл Америка халқы. Бұл нені өзгертті?

 – Менде шамамен 330 млн басшы бар.

F: Иә. Бұл сіздің жұмысқа деген көзқарасыңызды қалай өзгертті?

–Еш өзгерткен жоқ, себебі мен тек бәрін дұрыс жасағым келеді. Сіздер көресіздер, менің қабылдаған шешімдерім ерекше танымал бола қоймас, бірақ олар қажет. Менде 33 млн басшы бар,бірақ бұл маңызды емес, мен тек керек нәрсені ғана жасаймын. Меніңше, саясаткер ретінде емес, бизнесмен ретінде көп жасауға болады. Саясаткер,тек саяси тұрғыдан қажет нәрсені жасайды, ал мен осы мемлекет үшін не дұрыс, соны жасаймын. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить