Болат Мекебаев: Израильде сурет көрмесін өткізуді жоспарлап отырмын

Германиядағы қазақ суретшісі қылқалам өнерін қалайша табыс көзіне айналдырды

Восточный базар
Восточный базар

Forbes.kz тілшісі Берлинде тұрып жатқан суретшінің алдағы жоспары туралы сұрап білді, кезекті көрме жайында және Израильде тұсауы кесілгелі отырған кітабінің мазмұны туралы сұхбат алды.

Болат Мекебаев
Болат Мекебаев

Болат Мекебаевтың Берлинде тұрып жатқанына, Еуропада табысты жұмыс істеп келе жатқанына 20 жылдан асты. Қылқалам шебері Көкшетауда дүниеге келген және сондағы балаларға арналған сурет мектебінің түлегі болып табылады. Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетін тәмәмдаған жерлесіміз 1997 жылы Германияға қоныс аударады. Еуропаға жұмыс іздеп барған суретші үшін тілі мен мәдениеті мүлде бөлек мемлекетте еңсе тіктеп кету оңай болмапты. Дегенмен, суретшіні алда биік белестер, үлкен жетістіктер күтіп тұрды.

 - Мен әскери борышымды кезінде Германияда өтеп, елге оралған болатынмын. Бірақ, араға жылдар салып Еуропаға отбасымен бірге қайта ораламын деп ойлаған жоқпын. Менің жарым - Лена Бурабайға жақын орналасқан Баймырза елдімекенде өсті, ұлты неміс. Дағдарыс жайлаған 90- жылдары Германияға жұмыс істеу үшін келдік. Алғашында Остевик деген қалаға келіп, мигранттарға арналған лагерьді паналадық, мен сонда күндіз жұмыс істеп, кешке сурет салдым. Сол жерде менің жұмыстарымды басшым байқап қалып, лагерь аумағында алғашқы шеберханамды аштым. 1997 жылы қалалық шіркеу маған көрме өткізуге мүмкіндік берді және сол сәттен бастап менің шығармашылығымда түбегейлі өзгеріс басталды-дейді суретші.

Болат Мекебаевтың айтуынша шалғайдағы шіркеуеде өткен шағын көрме осылайша шаһар деңгейінде жалғасын табатын болды. Суретшінің еңбектері көп ұзамай Хальберштадт, Магдебург, «Шеферсхоф» галереясында, Мюнхен, Ганновер, Берлин, Франкфурттағы көрмелерге қойылды, кейін Польша, Швейцария, Ресей, Эстония елдерін бағындыратын дәрежеге жетіп, жалпы 20-дан астам жеке көрме өткізеді. Берлин суретшілер одағының құрамына кіреді, өзінің жеке шебарханасы бар. Бүгінде Болат Мекебаевтың картиналарын Еуропадағы белгілі саясаткерлер, бизнесмендер және көптеген қалталы азаматтар жоғары бағалайды және сатып алады екен.

Защита. Оружие кочевых войнов
Защита. Оружие кочевых войнов

 - Менің кейбір еңбегім 10 мың евроға дейін бағаланады. Бірақ, олардың құны форматына және тақырыбына байланысты болып келеді. Қазіргі кезде менің туындыларым Қазақстан, Украина, Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Англия, Австрия, Хорватия, Эстония, Израиль, Италия, Сербия, Польша, Швейцария елдеріндегі жеке коллекцияларда бар. Сонымен қатар, Германияның бірқатар галереяларында, «Schefershov» Остервик, «Brust» Ганновер, «Atelier» Вольфсбург, «Kontrast» Эрвите-Хорн және Италия, Эстония, Сербия, Ресей, Швейцарияның «Цери-Галлери» Цуг галереясында тұр,сонымен бірге оларды Астана мен Алматыдағы өнер көрмелеріннің қабырғасынан көруге болады, - дейді Мекебаев

Суретші сан жылдардан бері Еуропада тұрып жатқанымен, оның екбектерінен қазақ мәдениетін, дәстүрін,тұрмысын және олардың еуропалық дүниетаныммен үйлесім тапқанын аңғаруға болады. Картиналары мағынасының тереңдігімен және идеялық мазмұнының күрделілігімен, сондай- ақ түстердің өзара үйлесімділігімен дараланады. Бір сөзбен айтқанда ешкімді қайталамайтын, өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, Болат Мекебаев тек қылқалам ғана емес, авторлық жібек орамалдар топтамасы бизнесін жолға қойған болатын.

Салған суреттерін матаға түсіру арқылы еуропалықтардың оған деген қызығушылығын, сұранысын арттырды. Суретші жақын арада Германия туралы кітабін жарыққа шығарғанын және оның неміс, поляк тілдеріне аударылатынын айтады. 2018 жылдың қазан айында Израильге аттанып, аталған туындының тұсауекесер рәсімінің сериясын және жеке көрмесін өткізуді көздеп отыр, сонымен қатар аталған елде арнайы тапсырыс бойынша ұлттық нақыштағы авторлық қабырға өрнегін салуды жоспарлауда.

Золото Скифов
Золото Скифов

 - Неге Израиль? Жалпы, еңбектің аты «Долгая дорога к встрече», бұл менің, нақты айтсам кезінде заңсыз сотталып,сот үкімінен кейін Зеречный колониясында қаза болған әкем туралы еңбек. Ол журналист, жазушы болды, 60 -шы, 70-ші жылдары обкомда мәдениет және насихат бөліміне жетекшілік етті. Осы кезде Мәскеу мұрағаттарын ақтарып, Қазақстандағы аштық туралы материалдарды тауып, жарияламақ болады. Қудалауға ұшырауының басты себебі осы. Ал бұл кітаптың негізі, «От рассвета и до заката» романы болды, дәлірек айтсақ бұл еңбекте 1941 жылы депортацияланған немістердің шынайы тағдыры туралы айтылады. Ал менің кейіпкерім қамаудағылармен кездесіп, НКВД мен нацистерден қатар зардап шеккен қария, әбден азап көрген еверей ұлтының өкілі - Рафаил Шнель. Ол Израильде мекен етіп жатқан еврейлер үшін өнеге болып табылады.

Болат Мекебаевтың отбасы
Болат Мекебаевтың отбасы

 Суретші әрі жазушы Болат Мекебаевтың еңбегінің таныстырылымы бұған дейін Берлин, Мәскеу, Польшаның Гданьск қаласында, Қазақстан бойынша Көкшетау, Астана, Петропавл, Алматы қалаларында өткен болатын. Ендігі жерде неміс тіліне аударылып, еуропа жұртшылығына жол тартады, ал тұсаукесері Израильдегі жеке көрмесінде қатар өтпек. Автор бұл материалында қиын жылдардағы жағдайды тек жазбаша ғана емес, бейнелеу өнерімен шебер суреттеу арқылы қатар жеткізуге тырысқан.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4083 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
22 октября родились
Бауыржан Урынбасаров
вице-президент АО "Национальная компания "Қазақстан темір жолы"
Нуржами Алтынсака
советник председателя правления АО «Жилстройсбербанк Казахстана»
Самые интересные материалы сайта у тебя на почте!
Подпишись на рассылку
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить