Қазақстандық каскадерлар Жаңа Зеландиядан табысты оралды

Nomad Stunts тобы әлемдік киноиндустрияны қалай бағындырды

Жерлестеріміз қандай жобаға қатысты, олардың еңбегі қалай бағаланды, Чехияда оларды қандай жоба күтіп тұр? Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне топ жетекшісі Жайдарбек Күнгүжинов айтып береді.

F: Жаңа Зеландиядағы түсіру жұмыстары қанша уақытқа жалғасты? Ондай қандай жобаға қатыстыңыздар?

- Жігіттердің алғашқы легі Жаңа Зеландияға жарты жыл бұрын, 2018 жылдың ортасында кеткен болатын. Мен кешірек бардым, себебі бұл кезде режиссер Ахан Сатаевтың «Томирис» фильмінде экшн-режиссер болдым, тарихи туындының қойылымдарында жұмыс істеп жатқан едім. Ал Жаңа Зеландияға Диснейдің жобасына «horse trainer» ретінде шақырды, яғни трюктарды жасау үшін алдын ала аттарды қойылымдарға үйрету, дайындау, оларды дұрыс құлатумен айналыстық. Жалпы біз 50 тұлпарды үйреттік. Екі жігіт 6 ай бұрын барды, дублерлар 4 ай болды, мен өзім 3 жарым ай бойы жұмыс істедім.

F: Жобада тек қазақстандық каскадерлар боды ма, əлде өзге елдерден де қатысты ма? Тағы кімдермен жұмыс істедіздер? Қандай актерлар қатысты?

- Негізгі трюктарды, аттарды үйретуді және құлатуды біз жасадық. Моңғолиядан жалпы 50 астам адам келді, бірақ олар массовкаға қатысты, ішінде тек екі каскадер болды. Тағы бір адам Словакиядан, енді бірі Жаңа Зеландиядан қатысты. Біз жалпы 13 адам болдық және атыс, қылыштасу, төбелестердің көбін біз жасадық. Қытайдан өте көп адам келді, олар жаяу қойылымдарға қатысты және тек төбелестерге қатысты. Ал актерларға келсек, фильмде Джейсон Скотт Ли, Джет Ли, Донни Йен болды.

F: Қандай трюктарды жасадыңыздар. Шет елдің аттарымен жұмыс істеу қиын болмады ма?

- Қиын болды. Өйткені аттарды Жаңа Зеландияға Австралиядан арнайы алып келді. Оның үстіне жануарлар трюктарға алғаш қатысты және бұған дейін бұндай қойылымдарға үйретілмеген. Көп қойылым жасалды, оның ішінде ат құлағында ойнау машықтары, ат үстінде садақ ату, шайқасу және көптеген төбелес трюктары болды. Мен режиссерға көмек беріп қана қоймай, актер ретінде түстім, яғни Диснейдің актері ретінде таңдап алды. Джейсон Скотт Лидің қасында ойнадым және ондағы «Армия Волков» деген топты басқарып отырдым.

F: Сіздер әлемнің, Голливудтың көптеген жобаларына қатыстыңыздар. Диснейдің деңгейі, мүмкіндігі қандай екен? Ерекшелігі неде?

- Білесіздер, бұл әлемге әйгілі компания, мүмкіндігі керемет, олар бізбен қатар тағы 7-8 жобаны түсіріп жатты. Оның ішінде кино және анимациялық туындылар бар. Бәрін керемет жасады, бәрі жолға қойылған, режиссерлары, командасы өте керемет, әлемнің әр түкпірінен мықтыларды шақырған, тіпті массовкаға Австралиядан адамдар алып келді.

F: Сіздер үшін ең қиын деген қойылым,ең күрделі деген трюк қандай болды?

- Біз үшін анау айтқандай қиындық болмады. Бірақ, бір ерекше есте қалған және көп пысықталған бір қойылым болғанын айта кету керек. Мысалы, бір жігітіміз аттардың арасына құлау керек болды, аттар болса өте үлкен, салмақтары ауыр, тіпті арасында 800 келіге дейін жететіндері бар. Басып қалуы әбден мүмкін. Елестеңіз, қазақ каскадерының бір қолында қылыш, екінші қолында қанжар және аттың үстінде шауып келе жатып шайқасады. Оның үстіне аттылар бір қатармен шауып отыру керек болды. Ондай қарбаласта трюк жасап қана қомай, атты қоса басқарып отыру керек. Бірақ, бәрі сәтті болды, жарақат болған жоқ. Бұл қойылымды дайындау үшін бір ай уақыт кетті және оны бір апта түсірдік. Себебі, бұл қойылымда аттар көп үркіді және оларды дайындау үшін осыншама уақыт қажет болды.

F: Сіздерге ұсыныс қалай түсті. Арнайы шақырту болы ма?

- Иә, Жаңа Зеландияға бізді арнайы шақырды. Былтыр хабарласып, бір жыл бұрын ұсыныс жасаған болатын. Себебі, Голливуд жобаларына көп түсіп жүрміз, «Марко Поло» туындысында жұмыс істедік және сонда болған команданың шақыртуын алдық. Ал, жалпы әлем киногерлері қазақстандық каскадерларды жақсы біледі, жоғары бағалайды. Осы туындыны түсіріп жатқан кезде тағы бір ұсыныс түсті, 2019 жылдың ақпанында Чехияда түсірілетін тарихи сериалға шақырту алдық. Netflix компаниясы түсіреді, онда ковбойлар мен батырлардың қойылымдары болады екен. Шүкір! Бұрын біз іздейтінбіз, қазір бізді іздейді. Әлем елдері өздері шығады, өздері шақырады.

F: Қазақстандықтардың табысы қалай болды? Қаншалықты жақсы төледі? Бұл негізінен неге байланысты?

- Әрине, жақсы төледі. Жігіттер жақсы табыс тапты. Себебі, Голливуд нағыз кәсіпқойлар үшін ақшаларын аямайды. Оның үстіне олар біз арқылы табыс табады. Мысалы, 10 сағаттан артық жұмыс істесең, яғни 1 сағат асып кетсе қосымша төлейді, егер қосымша тағы 2 сағат болса бір күннің ашқасын қоса береді. Ал, демалыс күні шықсаң табыс одан сайын жоғары болады. Бір сөзбен айтқанда жігіттердң бәрі риза. Мысалыға, Моңғолдардан қарағанда бізге жоғары төледі, себебі біздің жігіттердің деңгейі олардан жоғары. Біріншіден кәсіби деңгейге қарап төлейді, екіншіден каскадерлардың мәртебесіне, қандай киноларға түскенін қарайды. Біз оның үстіне әлемдік каскадерлар академиясы қауымдастығындамыз, голливудтық «Таурус» сыйлығы тағы бар, мен өзім голливудтық командадамын.

F: Күні кеше КИНЭС аталатын рекордтар кітабына ендіңіздер, бұл қандай рекорд, кім табыстады?

- Иә, бізді КИНЭС аталатын қазақстандық кітапқа енгізіпті. Біз сапардан келген кезде арнайы хабарласып, «Тұран» университетіне шақырды, яғни аталған білім ордасы ұйымдастырған екен. Голливуд жобаларында ең көп жұмыс істеген және мәдени салада қарқынды дамып келе жатқан команда ретінде ендік. Оның ішінде альпинистер, әйгілі әншілер бар екен. Бұл өте керемет жоба, жастарға, таланттыларды кеңінен танытуға бағытталған. Біз үшін де бұл үлкен мәртебе, өте қуаныштымыз,еліміз осылай құрмет көрсеткені үшін. Себебі, біз шет елде көп жүргенімізбен, Қазақстан біз үшін әрдайым қымбат!

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7096 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
16 июля родились
Булат Закиров
управляющий директор АО «КазТрансОйл» по активам
Бакытжан Кажиев
Председатель правления АО "KEGOC"
Питер Фостер
Президент авиакомпании "Эйр Астана"
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить