Арт-шоп: Әйгерім Кәрібаева этно-модернизм стилін қалайша табысты бизнеске айналдырды

9512

Суретші-иллюстратор өзі негізін қалаған онлайн-дүкен арқылы әлем нарығына қалай шықты?

Әйгерім Кәрібаева
ФОТО: личный архив
Әйгерім Кәрібаева

Бұл туралы қылқалам шебері, графикалық дизайнер Әйгерім Кәрібаева Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында кеңінен айтады.

F:  Сіз суретші-иллюстратор әрі графикалық дизайнер екенсіз. Бұл кәсіпті қай кезде меңгердіңіз, қайда білім алдыңыз?

- Иә, мен кішкентай кезімнен бастап сурет саламын, себебі бейнелеу өнері маған қатты ұнайтын. Ал 18 жасымда Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға түсіп, графикалық-дизайн мамандығын алып шықтым. Осы кәсіпті іс-жүзінде меңгеру үшін бірнеше жыл графикалық-дизайнер болып істедім, түрлі жобаларды әзірледім, үлкен тапсырыстар ала бастадым. Жалпы өз басым брендбук, логотип әзірлеудің, компаниялар мен ішкі корпоративтік қызметтің қыр-сырын жақсы білемін. Бірақ бұнымен шектелуге болмады, өйткені мен бұл салада кеңінен танылғым келді. Тек белгілі болып қомай, үздік атануды ойладым. Бұл қолымнан келді, себебі менің портфолиом өте жақсы, онда үлкен жобалар көп. Ал бұның бәрі менің кәсіби дағдыларымды одан әрі жетілдірді. Адамдардың талабын терең түсінуге талпындым, проблемаларды тиімді шешуге тырыстым. Бұның бәрі сурет салумен қатар, креативті тұрғыдан ойлауды дамытады. Бұл кез келген мәселені төтесінен қомай, адамның эмоциясына, қызығушылығын тудыруға ықпал етеді. Басқа суретшілерден айырмашылығым осында.

F: Қазақстандағы үлкен компаниялардың тапсырыстарын орындаған екенсіз. Бұл қандай компаниялар, сіз оларға не жасап бердіңіз?

- Иә, олардың ішінде Kazenergy, Mediker, Kazatomprom, Экспо 2017, BI Group, Экспо Дубай 2021 көрме кешені. Мен оларға авторлық күнтізбелердің, имидждік басылымдарды әзірледім, халықаралық форумдарға, көрмелердің стендтарын жасадым. «Рахат» АҚ өнімдерінің сыртқы қораптарын дайындауға, EXPO DUBAI -2021 көрмесіндегі қазақ павильонының тапсырысын орындадым. Сонымен қатар, Saks FifthAvenue, EsentaiMall, «Отбасы банкі», қазақстандық -«Мимиорики» брендімен, Нұр-Сұлтан қаласының әрлеуге, CITY Hostel Shymkent қонақ үйімен және т.б компаниялармен тығыз жұмыс істедім.

F: Сіз тек сурет салып қанай қомай, туындыларыңызды түрлі бұйымдарға бейнелеп, оларды онлайн-дүкенге шығарыпсыз. ART-AIKA.com сауда алаңы қалай пайда болды?

Мен әрбір жобама жан-тәніммен берілемін. Әрбір еңбегімді ерекше жасауға тырыстым. Ал оларды үнемі әлеуметтік желілерге жүктеп отырдым. Дизайн саласында белгілі бір дәрежеге жету үшін өзімді дамытуға күш салдым. Себебі тапсырыс берушілерге тәуелді болғым келмеді. Осылай өз жобамды қолға алғаныма 3 жылдан асты. Ал сайт идеясы екінші балама жүкті кезде пайда болды. Сол сәтте өнер мен ойды өзара түйістіріп, үлкен бір жоба жасауға бекіндім. Осылай алғашқы жұмыстарымды инстаграмға салып, оларды сата бастадым. Әрине, басында аз болды, уақыт өте алушылар көбейді. Жалғыз өзім директ арқылы жұмыс істеп үлгере алмадым. Сондықтан қосымша көмекші тартып, сайт ашу идеясы туындады.

Себебі онда бәрі жүйеленген, механизмі жасалған, азаматтар онда өздері кіріп, логистикасын құра алады және олар жолдаған ақпараттың бәрі операциялық жүйе арқылы бізге түседі. Ал менің көмекшім тапсырыстарды өңдеп, оларды пошта арқылы жолдайды. Мен осындай онлайн-дүкен ашқан алғашқы суретшімін және әзірге басқа ешкімді білмемін. Менің миссиям-өз мәдениетімізді шығармашылық арқылы насихаттау, ұлттық нақыштағы осындай арт-тауарларды баршаға қолжетімді ету. Оларды үйлердің интерьерінен, күндегі өмірден, кеңселерден, киімдерден көргім келеді. Өйткені біз киімдерден бастап, телефон қаптамалары, орамалдар, шоперлер, әдемі түйреуіштер және сол сияқты т. б. бұйымдарға дейін жасаймыз. Сайтта шектеу жоқ, белгілі бір локацияға тәуелді емес, біздің аудиториямсыз- бүкіл әлем.

F: Негізінен этно-модернизм стилінде салады екенсіз. Бұл бағыт қалай таңдалды?

- Иә, бұл стильдің атауын өзім қойдым. Бұл бағыт этно-модернизм деп аталады. Себебі заманауи өнердің ауқымы өте кең, ал онымен менің жұмысымның нақты бағытын айқындау қиын. Сондықтан мен белгілі өнертанушы Ольга Батуринамен кеңестім және менің жұмысым осы стильге толық лайық екенін түсіндік. Осылай этникалық мәдениет пен бүгінгі заманның жаңа технологияларын түйістірдік. Бұның бәрі адамдар үшін қызық әрі маңызды болғанын қаладым. Мысалы күнде қолданатын кружкалар, постерлардағы бейнелер өткен мен бүгінді байланыстырады деп ойлаймын. Егер нақты мысал келтіретін болсам, жуырда мен «Алтын адамның арғымағы» деген тақырып бойынша істедім.

Бұл маған сарқылмас шабыт берді. Мен оны Дубайдағы Экспо-2021 көрмесіне қатысатын Қазақстан павильонына арнап жасадым, онда жалпы он тақырып ұсындым. Сондықтан алтын адам дәуірін қолға алмас бұрын, оны терең зерттеу керек болды, сақ дәуіріндегі қазбаларға, алтынмен апталған аттардың аңызына терең үңілдім. Ал бұның бәрі біздің бай мұрамыз, әлемдік мәнге ие құнды дүниелер. Мен осы тақырыпты бүгінгі заманмен байланыстыру үшін тұлпардың суретін салдым және онда мінген балалардың бірінің қолына ойыншық зырылдауық бар. Бұл қос дәуірдің арасындағы байланысты білдіреді. Қысқасы, балалар сол дәуірдің жалғасы, бүгінгі бейнесі, бай тарихымыздың мұрагерлері. Сонымен қатар сайттағы менің өнімдерім Дубайда Қазақстан павильонында сатылатын болады.

F: Қазіргі күні сіздің еңбектеріңіз 50 астам елге шығады екен. Бұл қандай елдер, тапсырыс берушілер кімдер?

- Иә, біздің бұйымдарымыз 50 астам мемлекетке, тіпті одан көп елге жеткізіледі. Біз жасайтын өнімдердің 30% шетелге шығарылады және бұл көрсеткіш өсіп жатыр. Өйткені біздің шоу-румға күн сайын ондаған адам келеді. Олар өзге елдерден келгендер немесе кетіп бара жатқандар. Олардың ішінде шетелдерде тұратын қазақтар да бар. Мысалы Калифорниядағы зәулім үйдің іші менің бұйымдарыма толы, олар маған суреттерін жібергенде ерекше күйге бөлендім. Кейде біздің елге еш қатысы жоқ шетел азаматтары тапсырыс береді. Бір айта кетері Жапонияда біздің өнімдерімізді көтерме бағамын сатып алып, оларды өзінің сайты арқылы сататын бір қыз бар. Басында аздап алды,уақыт өте тапсырыс көлемі ұлғайды. Ал оларды жергілікті жапондар сатып алуда екен. Олар бізді танымайды, бірақ өнерімізді өте жоғары бағалайды екен. Әрине, бұл бізді қуантады.

F: Айына қанша тапсырыс аласыз? Қазіргі сұраныс қандай?

- Сайт арқылы айына 500 астам тапсырыс болады. Постер бағасы 3 мыңнан басталады, открытка 800 теңге тұрады, әр арт-тауардың құнын өзім есептеп шығарамын. Күніне бірнеше постерге тапсырыс болады. Ал бір бұйымды жасауға бір айдан астам уақыт кетеді. Барлығы түрлі типографияларда дайындалады. Мысалы шопер Ресейдің матаға принт жасайтын ең үздік типографиядан келеді.

F: Қазіргі табысыңыз қандай? Кіріс көлемі неге байланысты?

- Қазір ішкі процестермен айналысатын жауапты адамға процент төлеймін. Ал менің таза табысым шамамен 70% болады. Бұл өнер, сондықтан ол жоғары бағалануы тиіс және қазіргі күні біздің табысымыз соған лайықты. Пайданың көбі қайтадан өндіріске, жаңа жобаларға салынады. Бастапқыда 100 мың теңгеден бастадым, оның 20 мыңын полиграфияға беріп, санаулы тауар алдым. Ал қазір жүздеген зат аламын, ал табыстың жартысын қайтадан өндіріске жұмсаймын. Қажетті бұйымдардың кейбірін Қазақстаннан, ал енді бірін Ресейден аламыз. Таңдау, келісу,сатып алу, төлеу, бәрі де ғаламтор арқылы жүзеге асады. Мен онымен өзім айналысамын қажет кезде жоғарыда атап өткен сенімді көмекшім істейді. Ол ұйымдастыру жұмыстарына жауапты, кейде келіссөздерге араласады.

F: Қазақстандағы Экспо көрме кешенінде дүкен ашыпсыздар. Оны жалға алдыңыздар ма?

- «Нұр-Әлем» кешенінде 2017 жылғы көрмеден қалған дүңгіршек бар екен. Кешен басшылары ART-AIKA брендінің сол жерде сатылғанын қалайтынын айтып, маған келіссөзге шықты. Біз келісімге отырдық, бұл да бір үлкен тәжірибе болды. Өйткені бұл біз үшін алғашқы оффлайн кеңістік болды. Жалға алу құны үлкен емес, ал табыстың бір бөлігі сатушыға беріледі. Әрине, ақтай ма, жоқ па деген уайым болды. Себебі менің жұмысымды көбі біле бермейді. Дегенмен, жазда тәуекелге барып, жұмысты бастап кеттік. Басында туристер көп келді, сатылым жақсы болды, мен күніне шамамен 30 мың теңгеге жобаладым. Бірақ күз келді, сауда төмендеді. Астаналықтар үшін сол жағалаудан жаңа шоу-румды іске қосып, жаңа сауда нүктесін аштым. Өйткені бізге хабарласатындар көп. Бұл жолы да тәукелге бел будық, себебі аренда жоғарылау, сатушының жалақысы тағы бар. Бірақ ашылғанына екі апта болса да келушілер өте көп, соған сай алда мен шығаратын арт-тауарлар көбейеді. Жалпы өзім суретші ретінде, ал АРТ-АЙКА бренд ретінде кеңінен танылып келеді.

F: Жүз жаңа есім жобасына еніпсіз. Жобаның талабы қандай болды?

- Иә, бұл бір күтпеген жағдай болды. Қызығы сол, менің анкетамды өзге біреу жолдапты. Жобада 30 адам ғана үздік атанды және олардың ішінде менде болдым. Шынымды айтсам өзім таңқалдым!

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить