Қазақстандық суретші Гүлназым Өмірзақтың картиналары Кипрдағы жаңа мұражайда қойылады

Бейнелеу өнерін бизнеске айналдырудың жолы қандай, сурет өнеріне арт-менеджмент неге қажет

Бұл жайында Гүлназым Өмірзақ Forbes. кz сайтына берген сұхбатында  айтты.

F: Гүлназым, жуырда  қазақстандық суретшілер тобымен бірге Кипрға барып қайтқаныңды білеміз. Бұл сапардың мақсаты қандай? 

- Кипрға 2019 жылдың мамыр айында шақырту алған болатынмын.  Қазақстандық қылқалам шеберлерін онда белгілі суретші, «Қазақ елі» монументінің авторы Сенбіғали Смағұлов бастап  барды.  Ал ресми шақыртуды Forbes тізіміне кіретін белгілі бизнесмен, кипрлық  миллиардер Суат Гюнсел  жіберген болатын. Кәсіпкер біздің барлық шығынымызды өз мойнына алды және онда тек қазақстаннан ғана емес, бізбен бірге түркі елдерінің, әлемдегі мұсылман мемлекеттерінің өнер өкілдері бірге шақырылған.  Әлем суретшілерінің басын бір жерге біріктірудің өзіндік мәні бар екен. Кипрдың солтүстігіндегі  сауда мен авиация өндірісіне мамандар даярлайтын ең үлкен жеке университетке,  одан бөлек банк саласы, қонақ үй қызметі, жанар май бекеттері, денсаулық сақтау жүйесінің жеке секторы,  пластик пен электр желілері өндірісі сынды бизнес түрлерімен айналысатын       63 жастағы Суатбей  2020 жылы үкіметпен бірлесіп үлкен өнер мұражайын ашуды ойластырап отыр екен.  Қазақстаннан барған әрбір суретші оған  бір авторлық туындысын тарту етті және мұражай үшін әрбір қылқалам шебері 4 картинадан салып берді. Еңбегіміз лайықты бағаланды,бұл үшін арнайы гонорар белгіленді.  Суретшілер симпозмумы керемет өтті, екі апта бойы Ақтеңіз теңіз жағасында  түрлі тақырыпта картналар салдық, мен үшін қазақстандық және шет елдік әйгілі суретшілермен қатар жұмыс істеу үлкен абырой болды. Мен бар өнерімді салып, еліміздің намысын қолдан бермес үшін күні -түні еңбек етіп, өз картинамның  керемет шығуына ерекше көңіл бөлдім. Осыдан кейін қазақстандық  6 суретшінің жеке көрмесі өтті, оның ішінде өз әкем Өмірзақ Рыстан бар. Көрме өте жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылды. Шараға көптеген мәртебелі меймандар, министрлер, жоғары лауазымды тұлғалар қатысты.

F: Сенің еңбегің қалай бағаланды?

- Иә, олар әрбір көрмені мұқят аралады, тіпті  әрбір картинамен жақын танысты. Егер өз басыма келсем, Суат Гюнселге менің еңбектерім  қатты  ұнады. Кәсіпкерді  туындыларымның тақырыптары қатты қызықтырды. Тіпті, суреттеріме жақын барып, менің жеткізбек болған ойларымды айтпай-ақ түсініп жатты. Әсіресе, «От ана» деп аталатын суретке ерекше назар аударды. Онда шаңырақтың қасындағы ананың, батырдың және барыстың бейнесі салынған болатын. Бірақ, мен анаға ерекше акцент жасадым. Яғни, қандай мықты, күшті болсаң да, ананың алдында бәрі әлсіз екенін жеткізгім келген еді. Ал бұл идея Суатбейге ерекше әсер етті, оны ерекше тебірентті, себебі өзінің жасы алпыстан асып кетсе де бақуатты анасы бар екен. Менің жұмыстарымды ұнатқаны соншалық, тағы біраз уақытқа қалуымды өтінді. Мен келісімімді бердім және онда күзге қарай қайта барамын деген ойдамын.

F: Сан түрлі бизнесті басқарып отырған миллардердің мұражай салып, сурет өнеріне  инвестиция салуының себебі неде деп ойлайсың? Бұл капиталды өнерге бұрудың бір жолы ма?  

- Мен ең алдымен оның өнерге жақын екенін, сурет өнерін жоғары бағалайтынына көзім жетті. Бізді онда келгенде жеке өзі жоғарғы деңгейде қарсы алып, мұражайдың макетімен таныстырып өз жоспарымен бөлісті.  Шынында Суатбей  сурет өнеріне, болашаққа инвестиция салып жатқан шығар. Себебі, өнердің бұл түрінен көп табыс табуға болады. Ал оның мұражайында біздің суреттеріміз ілініп тұрса және осы арқылы болашақта бізді танып, біліп жатса, бұл біз үшін тек мәртебе. Мысалы, Еуропа сурет өнеріне мемлекет деңгейінде көңіл бөледі, бұл саланы дамытуға миллиондаған қаржы аударады.  Олар да әлем елдерінің суретшілерін шақыртып, қолдау жасап отырады, олар ұлтқа, нәсілге бөлмейді, олар үшін өнер ортақ. Бірақ, тиісті ақпараттың жоқтығынан біздің суретшілер бұл қолдауды көрмейді, сезінбейді, тіпті білмейді. Сондықтан, бұл жұмысты министрлік деңгейінде жүйелі түрде қолға алу керек. Себебі, өнер мәңгілік және оған салынған қаржы болашақта ақталады. Бұған Париждегі бір ғана  Мона Лиза дәлел. Бір сурет қазірде бір мемлекетті асырап отыр, елге қанша табыс әкеліп отыр, бүкіл әлем сол картинаны көру үшін Францияға ағылады. Менің де арманым осындай дәрежеге жету.

F: Еліміздің бас қаласында өз шеберханаңды ашып жатыр екенсің. Бұл орталықтың қызметі қандай болмақ?

- Иә, шағын шеберхана ашып отырмын. Мен Қазақстанның әр өңіріне барған сайын, шеберлік сабақтатын өткіземін, жұмыстарымды көрсетіп, оларды өзгелерге үйретіп келемін. Көргендердің барлығы кесте өнеріне қатты қызығады. Үнемі телефон арқылы, инстаграммен хабарласып, қашан келетінімді, қайда үйренуге болатынын сұрап жатады. Әсіресе, астаналықтар көп хабарласады, оның ішінде шетелдіктер қатты қызығады, себебі мен елшіліктермен көп жұмыс істеймін, оларды көрмелерге шақырамын.  Бірақ, мен Алматыдан олар қалаған уақытта келе алмаймын, себебі Жүргенов атындағы өнер академиясында жұмысым болды, оның үстіне уақыт тығыз, қол босай бермейді.  Сондықтан, 2019 жылдың басында  Елордаға көшіп, шағын шеберхана ашып, жұмысымды бастадым. Әрине, көп адам сыймайды. Бірақ, болашақта үкімет қолдап, мектеп ашуға қолдау жасаса одан да көп адамды үйретуге болатын еді.             

F: Осы күнге дейін Алматыдағы өнер академиясында дәріс беріп келдің. Ал  астаналық білім ордаларынан ұсыныс бар ма?

- Иә, әрине, бұл жерде де қосымша жұмым істеймін. Бұған дейін өзім қызмет еткен бизнес және менеджмент колледжіне қайта оралудамын. Алдағы қыркүйектен бастан жұмысыма кірісемін.  Сонымен қатар, технология және бизнес университетінде сән әлемі  деген бөлім бар, сонда сабақ беретін боламын.  Жалпы, алдағы уақытта көптеген шәкірттер тәрбиелеп, жастарды  ұлттық өнерге жақын болуға ықпалымды тигізгім келеді. Себебі, қазір шет елге еліктеу басым. Ал мен керіснше болғанын қалаймын, артымыздан өсіп келе жатқан ұрпақ ұлттық өнерге бет бұрса екен деген ойым бар.

F: Сен әлемнің көптеген елдерінде болып, ұлттық өнерді насихаттап келесің. Ендігі мемлекет қандай?

- Алда өзімнің туған жерім, Моңғолияның Баян-Өлгей деген жеріне барамын.  Онда алдағы қазан айында бүркітшілер тойы болады және аталған шараға көптеген шет мемлекеттерден қонақтар келеді, әлем қазақтары жиналады. Мен онда арнайы шақырту алдым, себебі менің туындыларымда бүркіт, жылқы көптеп көрініс табады және бұл өзіме де ерекше ұнайды. Осыдан кейін Ұлан-батырға барып жастармен кездесіп, шеберлік сағаттарын өткізгім келеді, шағын презентация жасау жоспарда бар.  Жақында Ресейдің Тюмень қаласындағы қазақтардың құрылтайына қатысып,ерекше əсер алып келдім. Өзге елде, өзге жерде қазақтың қаймағы бұзылмаған салт-дəстүр, əдет-ғұрпын сақтай отырып, үлкен құрылтай өткізу біздің сол жердегі ел ағаларының мықтылығын көрсетті.

F: Кез келген еңбек лайықты бағасын алу керек. Ал сенің туындыларыңның құны  қандай, қалай бағалайды?  Сурет өнері саған қаншалықты табыс алып келеді?

- Жалпы, қазіргі кезде  біздегі бейнелеу өнерін бизнеске айналдыру үшін арт-менеджменті дамыту керек. Бізге әншілер сияқты  менеджер, продюсер жетіспейді.  Өйткені, біз өнермен айналысамыз, ал бизнес және саудаға деген қабілетіміз, тәжірибеміз көп емес. Біз адамның көңіліне, жағдайына қараймыз, кейде күні-түні істеген жұмысыңды сыйға тартып жіберетін кездер болады. Бірақ, қазір психологтар айтады  адам өзінің  құнын білу керек, жасаған еңбегіне қарай лайықты табыс табу тиіс деп. Мен онымен толық келісемін. Болашақта үлкен галереялармен жұмыс істеу ойымда бар, жалпы мен Еуропа, Азия елдерінде көрмелерімді ұйымдастырып жүрмін, бірақ бүгінге дейін елшіліктермен жұмыс істеп келгендіктен  және ондағы күндер шектеулі болғандықтан суреттерімді тез әрі қолжетімді бағамен сатып кетемін. Алайда,  мен сатқан картиналарды олар уақыт өте, бірнеше айдан кейін аукционда $35-$45 мыңға саудалайтытын білемін.  Қазір маған да осындай жұмыс істеуге  ұсыныстар түсіп жатыр. Бірақ, бұл үшін мен әлі де мықты жұмыстар жасауым керек. Ал өз елімізде шет елден төмен бағамен сатамын. Мысалы, Еуропада 2-3 мың еуроға дейін болса, елімізде 300 мыңнан бастап 500 мың теңгеге дейін барады. Кейбір картиналарым бар, олар 50-100 мың теңгеден жоғары. Бұл негізінен жұмыстың көлеміне, жасалған мерзіміне байланысты. Әр кезде әрқалай болады, мысалы Индонезиядағы көрмеге қатысқан кезімде 15 сурет алып бардым және оның бәрі жақсы бағамен сатылып кетті.

F: Енді өзің айтқандай, менеджер, продюсермен жұмыс істеу ойда бар ма?

- Менің бір құрбым бар, есімі Лейла, Жүргенов атындағы өнер акдемиясында оқиды,  продюсерлікті тәмамдады, қазір кино саласында,  ол менің өнерімді жоғары бағалайды. Ал мен оған сурет өнерінің прдоюсерлігін қолға ал деген  ұсыныс жасап отырмын.

F: Әкем суретші дедің, отбасы мүшелерінде осы  өнер түрімен  айналысатын тағы кімдер бар?

Менің әкем Өмірзақ Рыстан, кезінде Моңғолияда суретшілер одағын басқарған. 1991 жылы Қазақстанға көшіп келген сәттен бастап Жүргенов атындағы өнер академиясында сабақ береді, доцент, кезінде Германияның Галле қаласындағы өнер институтында оқыған. Оның алғаш 15 жасында салған туындылары Ұлан-батыр мұражайларында сақталған, өнерге шын берілген жан екенін бала кезінде дәлелдеген. Әкемнен көн нәрсе үйрендім, онымен көптеген көрмелерге бірге барып жүрдім, ол ұлттық өю-өрнекті абстракцияға айналдырған, қазір оның стилизациясын жалғастырып жүрген көптеген шәкірттері бар. Ал анамнан кішкентай кезімнен бастап қазақтың ұлттық біз кесте  өнерін меңгердім.  Мен де 15 жасымнан өнерге беріліп, сурет өнерімен, біз кестемен айналысып келемін.  Үйде 4 қызбыз, өзімнен үлкен әпкем де өнерде, есімі Айнұр. Қалғаны басқа салаларды таңдады.       

F: Алдағы мақсат қандай?

Менің алдағы мақсатым жеке мектеп ашу және шәкірттерімді шет мемлекеттерге шығару, көрмелерге қатыстыру, ұлттық өнердің танылуына барынша мүмкіндік  жасау. Бұл енді алдағы уақыттың еншісінде.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6798 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
15 сентября родились
Анастасия Новикова
главный редактор портала Forbes.kz
Булат Абилов
экс-председатель демократической партии "Азат"
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить