«Қазақша бизнес» Африкада

11396

Нұрлан Қоянбаев комедялық фильмнің 3-ші бөлімін түсіріп болды

Кино қалай түсірілді, бюджеті қандай, түсіру жұмыстарына қандай компаниялар қатысты, көрерменге қай кезде жол тартады? Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне фильм продюсері Нұрлан Қоянбаев айтып берді.

F: Жақында"Қазақша бизнес" фильмінің 3-ші бөлімін Кения мемлекетінің Найроби қаласы және Біріккен Араб Әмірліктерініңі Дубай қаласында түсіріп қайттыңыздар. Түсірілім барысы ойдағыдай болды ма?

- Африканың Кения мемлекетінде және Біріккен Араб Әмірліктеріннің Дубай қаласындағы түсірілімдерді толықтай аяқтадық. Түсіруге Кенияның астанасы Найроби қаласында орналасқан «Pontact» кино компаниясы көмектесті. Африкада түсірілген алғашқы қазақ киносы болғандықтан, көптеген қиындықтар кездесті. Әйтсе де, барлығын сәтті тәмәмдап шықтық.

F: Салт-дәстүрі өзгеше африкалықтармен бірлесіп жұмыс істеу, тіл табысу қиынға соқпады ма?

- Жалпы, африкалықтар бауырмал, сыйластықты алғы шепке қоятын халық екен. Сондықтан олармен тіл табысу аса қиынға түскен жоқ. Оған қоса бізге әріптес болған «Pontact» ұжымы голливудтық кинокомпаниялармен жұмыс істегендіктен,голливудтық деңгейде қызмет атқарды. Кез келген іске тиянақтылықпен қарап біздің мамандарымызбен де тамаша үйлесім тапты. Біздің мықты мамандарымыздың кәсібилігі мен әріптестеріміздің тәжірибелі болуының арқасында барлығы ойдағыдан да жақсы болды десем болады.

F: Африкада және Біріккен Араб Әмірліктерінде бірлесіп жұмыс істеген компания туралы айтып өтсеңіз. Олар кімдер?

 - «Pontact» кинокомпаниясының ұжымы голливудтық кинокомпаниялармен жұмыс істегендіктен,голливудтық деңгейде қызмет атқарды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, бізге серіктес болып, түсірілімге көмектескен«Pontact» кинокомпаниясының басшысы Jenny ханым өте іскер адам болып шықты. Өйткені, Jenny ханым түсірілім алаңында өзі жүріп, келісім-шартта көрсетілген барлық талаптарды толықтай орындап берді. Сонымен қатар, Кения мемлекеті дүние жүзі бойынша ірі шай экспорттаушы мемлекеттің бірі екенін білесіздер. «Pontact» кинокомпаниясының басшысы Jenny ханым киноиндустриямен қатар, шай бизнесімен де айналысады. Гектарлаған плантацияларын күнделікті бақылау, өсіріп, уақытылы жинау және экспортқа шығар кездегі жоғары сапалы болуы осы іскер әйел Jenny ханымның әрқашан жіті назарында. Ал, Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы түсіруге атсалысқан Rixos Dubai Premium қонақүйімен және осы қонақүйдің бас менеджері Cenk Unverdi мырзамен жұмыс жасадық.

F: Қазақстандық актерлар құрамы өзгерді ме? Африкалық және Дубайлық актерлар қалай таңдалды?

- Қазақстандық актерлар құрамы өзгермеді. Бірақ африкалық және дубайлық актерлар көптеп жұмылдырылды. Африкандық актерлерді Найроби қаласында таңдадық. Жергілікті театр актерлары және киноактерлерінің біразы бақ сынады. Жалпы, біздің кинода төбе көрсеткен актерлер бұрын-соңды көптеген голливудтық киноларға түскен кәсіби, өз елінде сұранысқа ие, танымал актерлер десем артық айтпаған болар едім. Дубайда да осындай жолмен таңдалды.

F:  Киноның бюджеті қандай?Қаржы кімнің есебінен?

- Фильмнің бюджеті екі елді қоса алғанда $500 000 -ды құрады. Қаржы бас демеушілеріміздің есебінен болды.

F: Африка ерекше климатымен ғана емес, жабайы тайпалармен, жабайы табиғатымен ерекше. Жыртқыштар әлемінде проблема болған жоқ па?

 - Түсіру тобы,актерлар,сценарий авторлары екі апта бойы дала жағдайында мекен ететін тайпалармен, жыртқыштар әлеміне жақын маңда жұмыс істеді. Афиркада кино түсіру қызықты болып қана қойған жоқ, қорқынышты жағдайлар да өте көп болды. Кения үкіметі бізге қаруланған арнайы күзет қызметін бөлді. Олар біздің қауіпсіздігімізге толық жауап берді. Шытырман оқиғаларға толы туындының ең бір ерекше тұсы оған нағыз масай тайпаларының қатысуы болды. Көрермендер бұл жолы найзамен қаруланған тайпа көсемдерінің басты кейіперлерімізді қуалап жүргенін көретін болады. Киноны көретін күн алыс емес. Себебі,фильм премьерасына небары үш ай ғана қалды.

F: Алдағы жоспар қандай, қандай жобалар бар?

- Алдағы уақыттағы жоспар-мақсатамыз – қазақ киносының еңсесін көтеріп, әлемдік кино әлеміндегі алпауыттармен иық тіресіп, отандық кинематографияны Голливуд деңгейіне жеткізу.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить