Алматыда «Сталиннің өлімі» фильмі көрсетілді

8031

Лентаның премьералық көрсетілімі 1 ақпан, бейсенбі күні жұрт назарына ұсынылды. Көрермендер әзілдегендей «фильм шынайы оқиғаға негізделген». Бірақ, бұл өткен шақа па, болашақ па-кім білсін?

Кино уақытында басталмады, алматылықтар мен дау тудырған фильмің тұсаукесер фестиваліне келген қонақтар өзара сыбырласып, күбірлесіп кеткен: «Бұл суретші Сәуле Сүйлейменова, жазушы Лилия Калаусты көріп тұрмыз, өнертанушы Валерия Ибраева да осында, залда журналистердің қарасы көп, ағылшын тілшісі Джоанна Лиллис, тағы бір адамның жүзі таныс, бірақ есімі есімде жоқ. Бір сөзбен айтқанда, бәрі осында.

Бұл комикс жанры бойынша түсірілген кезекті «Борат» фильмі болады деген болжам алғашқы кадрлардан-ақ сейілді. Себебі, бұл салмақты, күрделі де әдемі туынды. Күлкілі сәттері шамалы ғана. Жастар кейбір кезеңдерінде қарқылдап қоя бергенімен, ортасына қарай бұның бәрі тиылды. Музыкасы да анау-мынау емес, Моцартікі.

Фильм симфониялық концерттің сахнасынан бастау алады. Сталиннің сүйкті пианисты Марина Юдинаның (фильмдегі жалғыз «орыс» - тегі украиндық француздық актриса Ольга Куриленко) фортепианода ойнап отырған сәті көрсетіледі. Артынша радиорубкаға Сталин шығып, өзіне концерттің жазбасын жеткізіп беруді талап етеді. Бірақ,бұл концерт таспаланбаған болатын. Дүрбелең туғызған радиошылар жұртты қайта орындарына отырғызып, кетіп қалғандардың орнына көшедегі адамдарды айдап әкеліп, музыканттарды қайта жайғастырады, үстіндегі үй халатымен жетіп келген дирижерге бәрін басынан бастауды талап етеді.

Жазбаға қатысты оқиға- тарихи шындық. Күзетшілердің айтуынша, бас хатшы расында концерттің пластинкасын өзінің дачасына жеткізіп беруді талап еткен, бұл үшін оркестр қатысушырын қайтадан түгел жинап, өзімшіл мінезді Юдинаны біраз көндіруге тура келген екен. Бірақ, бұның бәрі концерттен бір күн өткен соң болған, сонымен қатар тиранды өлтіруі ықтимал делінген Юдинаның қысқаша хаты басқа мағынада болған және ол бұл үшін ақша талап етпеген...

Жалпы, Сталин мен оның өлімі — «қожайын» кеткеннен кейін не болатынын, оның қызметшілері өздерін қалай ұстайтынын, атмосфера және ондағы әрбір адамның күйі қалай өзгеретінін дәлелдеп беруге себеп болды. Көп жылдар бойы тиранның тізгінінде болған билікте кімдер қалатыны жеткізілген.

Әсересе, фильм барысында сайқымазақ деңгейінен бастап, көсемге дейін көтерілетін, өзінің қарсыласын ештеңеден қаймықпай өлтіріп, тіпті оның мәйітін өртеп жіберетін Хрущевтың (американдық Стив Бушеми) оқиғасы қызық.

Барлық образдар карикатуралы, гримдері баса жасалған, костюмдері тым жарқырап тұр. Әрине, орталық комитет мүшелерінің шынайы келбетіне сай келмейді. Сталинның қураған қолында трубкасы көрінбейді; Жуков- «Американдық капитан» стиліндегі көзсіз батыр, Берия болса тартымсыз ергежейлі сияқты емес, керісінше медальдарымен марқайған сымбатты адам, ал Хрущевтың бойы тіпті ұзын және арық тұлға. Фарс, сатира, гротеск. Кейде тым артық, тіпті Лубянканың жер төлесіндегі соққыға жығылған «халық жауларының» өзі қатты азапталған сияқты көрінеді, міндетті түрде «Сталин жасасын» деген ұранмен орындалатын ату жазаларында артық кеткен кездер бар.

Дегенмен, Валерия Ибраева жазғандай, «Сталиннің өлімі» фильмінде көрсетілген жағдайлар, шынында болған деп ойлаймын. Бақытсыз жағдайдағы қара халыққа түкіргені бар ұсақ мүдделі беймаза мафия, ауызынан былапыт сөздер түспейтін, лас тірлікті топтардың билікті қалай бөліскені көрсетілген».

Ресейде бұл фильмге неге тиым салынғаны белгілі: Сталин мен Жуковтың қолбасшылық қасиетіне сенетіндердің «сезімдерін қорламас үшін», бүгінгілер мақтан тұтатындарды күлкіге айналдырмас үшін. Себебі, қазір мақтанарлық ештеңе қалмаған сияқты.

«Википедия» «Сталиннің өлімі» - британ-француздық саяси-сатиралық коммедия деген мәлімет береді. Фабьена Нури және Тьерри Робенаның бір аттас комиксі негізінде түсірілген. Режиссері-ағылшындық Армандо Иануччи. Алматыда Clique Film Festival аясында көрсетілді. Әзірге, кинотеатрлар тарапынан фильм прокатына қатысты төлқұжат сұралмаған. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить