Трамптың құлдырауы

4830

Елдің басты миллиардерінің дәулеті 20%-ға дерлік азайды

ФОТО: Jim Lo Scalzo/Bloomberg via Getty Images

Үстіміздегі жыл президент Трамп үшін оңай тиген жоқ. Өткен жылдың қыркүйегінен бастап, пандемия мен Трампқа қарсы басталған импичмент процедурасы аясында оның байлығы шамамен 600 млн долларға азайып, 2,5 млрд долларға дейін қысқарды. Мұндай өзгерістер салдарында ол Forbes 400 тізіміндегі 64 позициясын жоғалтты. Сөйтіп, президент мырза ең бай америкалықтар рейтингінде қазір 339-орында тұр.

Бәріне кінәлі коронавирус: президент рейтингінің нашарлауынан бастап (америкалықтар арасында жүргізілген сауалнама көрсеткендей), Трамптың ең ірі активтері тіркелген салалардағы экономиканың құлдырауына дейін. Кеңсе ғимараттарының бағасы күрт төмендеді. Отельдердің жағдайы қиындап кетті, әсіресе, ірі қалаларда. Трамптың ел астанасындағы және Чикагодағы жылжымайтын мүлігі ірі кредиттер бойынша кепіл ретінде тұр, бірақ бүгінде олар да өз құнын айтарлықтай жоғалтқан. Майамиде орналасқан Doral гольф-курорты кепілхатты ескере отырып, бүгінгі күні 28 млн долларға бағалануда, бұл оның бағасының 80%-ға төмендегенін білдіреді.

Президенттің мүлік портфелінде оң активтер де жоқ емес, мысалға, гараждар. Манхэттенде Трамптың 350-ге жуық тұрақ орны бар, олар қоғамдық көлікке деген жаһандық үрей кезінде жақсы инвестиция болып шықты. Ол әлі күнге дейін Флоридадағы Mar-a-Lago клубына және коронавирусқа дейін де премиум санатындағы жылжымайтын мүлік саналған әрі Нью-Йорк тұрғындарының басым бөлігі «Үлкен алмаға» қарағанда шуақты Палм-Бичті таңдауына орай бүгінде тартымдылығы (және бағасын) арта түскен жақын маңдағы үш үйге иелік етеді.

Президент меншігі

Дональд Трамптың портфелінде жалпы құны 2,5 млрд долларды құрайтын 30-дан астам ірі актив бар, төмендегі сегізінің бағасы соңғы бір жыл ішінде айтарлықтай өзгерді.

ФОТО: © Depositphotos.com/maxxyustas

555 California Street
Сан-Франциско

Активі: үш ғимараттан тұратын кешеннің 30%-дық үлесі
Жалпы құны: $2 млрд
Қарызы: $546 млн
Үлесінің таза бағамы: $442 млн
2019 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: -$35 млн

1290 Avenue of the Americas
Нью-Йорк

Активі: сауда және кеңсе алаңдарының 30%-дық үлесі
Жалпы құны: $2,1 млрд
Қарызы: $950 млн
Үлесінің таза бағамы: $342 млн
2019 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: -$109 млн

40 Wall Street
Нью-Йорк

Активі: 2059 жылға дейін жерді жалға беру
Жалпы құны: $401 млн
Қарызы: $139 млн
Үлесінің таза бағамы: $262 млн
2019 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: -$65 млн

Mar-a-Lago
Палм-Бич, Флорида

Активі: жеке клубтағы 100%-дық үлес
Таза бағамы: $180 млн
2019 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: +$10 млн

Trump Tower
Нью-Йорк

Активі: 22 500 шаршы метрден астам сауда және кеңсе алаңдары
Таза бағамы: $167 млн
2019 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: -$70 млн

Trump National Doral Miami

Жалпы құны: $153 млн
Қарызы: $125 млн
Таза бағамы: $28 млн
2019 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: -$114 млн

Trump International Hotel
Вашингтон, Колумбия округі

Активі: жер учаскесін жалға берудегі 77,5%-дық үлес
Жалпы құны: $168 млн
Қарызы: $170 млн
Үлестің таза бағамы: -$2 млн
2019 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: -$66 млн

Trump International Hotel & Tower Chicago

Активі: сауда алаңдары, тұрғын үй бөліктері
Жалпы құны: $86 млн
Қарызы: $95 млн
Үлестің таза бағамы: -$9 млн
2019 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: -$13 млн

Баға өзгерісі 2019 жылғы 6 қыркүйектен 2020 жылғы 24 шілдеге дейінгі кезеңге есептелген.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить