Миллион тұратын тиктокерлер

10106

TikTok-тың болашағы бұлыңғыр болуы мүмкін, бірақ жеті таңбалы сомада ақша табатын инфлюенсерлердің, TikTok болса да, болмаса да, болашағы жарқын, бұған ешкім күмән келтірмейді

ФОТО: Телефон - © Depositphotos.com/nardi.bk.ru; Эддисон Рэй - Anna Webber/Getty Images

Маусымның соңында АҚШ аумағында TikTok қосымшасына тыйым салу туралы президент Трамптың кезекті байбаламынан кейін бірнеше сағат өткен соң, 19 жасар Эддисон Рэй Истерлинг жаңа бейнесюжетін жария етіп, TikTok желісі болмаса өзінің өмірі қалай қалыптасатынын суреттеп берді: әрине, ол Луизиана университетіне қайта оралар еді, бір жыл бұрын ол сонда ешкімге белгісіз бірінші курс студенті болатын. Бүгінгі күні оның 55,3 млн жазылушысы бар және ол Forbes жасаған бірінші ренкингте TikTok қосымшасының ең жоғары ақы алатын жұлдыздарының ішінде №1 орында тұр.

TikTok-та биімен танымал болған Истерлинг (суретте) былтыр бренд тауарларды (футболкалар, күртешелер, телефонға арналған қалталар) сату және Reebok сияқты ірі компаниялармен серіктестік арқылы шамамен 5 млн доллар ақша тапты. Жақында ол American Eagle-дің бет-бейнесіне айналды. Spotify-да апта сайын подкаст шығарады. Подкастта ол анасымен бірге өз өмірін талқылайды. Сондай-ақ, ол Item Beauty косметикасы желісін іске қосты.

TikTok-тың болашағы бұлыңғыр болуы мүмкін, бірақ жеті таңбалы сомада ақша табатын инфлюенсерлердің, TikTok болса да, болмаса да, болашағы жарқын, бұған ешкім күмән келтірмейді.

Ренкинг үшін табыс көрсеткіші 2019 жылғы 30 маусымнан 2020 жылғы 30 маусымға дейінгі аралықтағы (салық салынғанға дейінгі) жиынтық кіріс ретінде анықталды.

1. Эддисон Рей Истерлинг
$5 млн

2. Чарли Д’Амелио
$4 млн

3. Дикси Д’Амелио
$2,9 млн

Коннектикутта дүниеге келген апалы-сіңлілі Д’Амелиолар: 16 жасар Чарли мен 19 жасар Дикси би билеп, ән айтқан бейнесюжеттерін Hollister Clothing және Morphe компанияларымен келісімшартқа айналдырды. Шілдеде Дикси «Be Happy» деп аталатын алғашқы синглін шығарды.

4. Лорен Грей
$2,6 млн

18 жастағы поп-әнші Лорен Грей TikTok желісіне 2015 жылы, яғни ол Musical.ly платформасы болған кезде қосылды. Грей бұл қосымшадағы жетістіктерін сегіз синглге және Virgin Records компаниясымен келісімшартқа айналдырып, шеберлік танытты.

5. Джош Ричардс
$1,5 млн

Мерчандайзинг және жарнамалық келісімшарттармен шектелмеуге бел буған 18 жасар Ричардс өзінің өмірі және билері туралы бейне блогтарымен (vlog) танымал болды. Ол қазіргі уақытта 105 инфлюенсерді ұсынатын TalentX – дарындарды басқару агенттігін ашты. Сонымен қатар, ол TikTok қосымшасының кішігірім америкалық бәсекелесі Triller компаниясының стратегиялық сұрақтар бойынша басшысы болып табылады.

 

6. Майкл Ли
$1,2 млн

20 жасар бұл жігіттің билеп жүрген бейне сюжеттерімен, атап айтсақ, эскалатордағы екі биінің видеосымен TikTok-та бөлісетіндер өте көп. Оның бұрыннан серіктестерінің бірі Bang энергетикалық сусындары.

6. Spencer X
$1,2 млн

Әйгілі битбоксер болуға тырысқан 28 жасар Spencer X бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде үйдегі диванынан Голливудтағы өзінің екі деңгейлі пәтеріне көшіп келді. Қазір ол сонда сингл жазумен айналысады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить