Forbes Kazakhstan жыл кәсіпкерінің есімін жариялады

Forbes Kazakhstan журналы қалыптасқан дәстүрге сай қаңтар айының шығарылымында жылдың үздік кәсіпкерін жариялайды. Редакция нұсқасы бойынша бұл жолы «Жыл бизнесмені» атағына «АЛМЭКС» және «Кипрос» компанияларының иесі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаев лайық деп танылды

Ол араға 5 жыл салып, 2017 жылы Forbes Kazakhstan журналының нұсқасы бойынша еліміздегі «ең ықпалды 50 кәсіпкер» тізімінде көш бастады. Сонымен қатар Тимур Құлыбаев қазақстандағы «ең қалталы 50 бизнесмен» рейтінгісі бойынша үшінші орынға тұрақтады. «Халық банкі» мен «Қазкоммерцбанктің» бірігуі, сақтандыру нарығындағы ұстанымының артуы нәтижесінде, медицина мен авиация саласындағы табысты жетістіктері оның беделін одан сайын арттыра түсті. Былтырғы жылғы басты жетістіктерінің бірі ретінде «Атамекен» ҰКП мен билік арасындағы белсенді диалогты жоғарғы деңгейге көтеруге ықпал еткенін айта кету керек.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Тимур Құлыбаев мажоритарлық акционер болып табылатын Gemini Mining B.V. өзінің тобындағы «Еншілес кәсіпорын «АқтөбеТемір- ВС» АҚ (ірі темір кен орындарын игерумен айналысады ) 50%-ын Qazaq Mining Llp компаниясына сатқан болатын. Жалғыз акционердың 2016 жылғы 5 желтоқсанында қыбалдаған шешімінде компания үлесі кемінде $150 млн сатылатыны атап көрсетілген еді.

Сонымен қатар 2017 жылы «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Қазына капитал Менеджмент» АҚ құрылымында негізін қалаған ALMEX-Baiterek Fund, «Алмэкс» тобына кіретін «Алмэкс Проект» ЖШС бірге агроөнеркәсіптік кешенге арналған үш инвестициялық жобаны таңдап алған еді. Олар аталған салаға шамамен 7,3 млрд теңге қаржы салуға ниетті болған еді. Қордың жалпы жиынтық капиталы 18,6 млрд теңге болады.

2016 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Қытайға (ҚХР) жасаған ресми сапары аясында, Шанхай қаласында«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» және Қытай Мемлекеттік даму банкі арасында Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылыс жобасына несиелік келісімге қол қойылды. KPI үлесінің 49% «Алмэкс Плюс» компаниясы құрамында Құлыбаевтар отбасына тиесілі.

Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаевамен бірлесіп «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» АҚ арқылы Халық банкіне иелік етеді. Сонымен қатар қазақстандық активтердің ішінде «Фирма АЛМЭКС Плюс» ЖШС, «Кипрос» ЖШС, «Mercury Properties» ЖШС, «Аксайгазсервис» АҚ және т.б бар. Кәсіпкер Михаил Гуцериевпен (Ресей байларының №16 тізімінде тұрған) бірге «Каспий Нефть» АҚ тең дәрежеде иелік етеді.

Тимур Құлыбаев 2011 жылдан бастап Ресейлік «Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар қазақстандық KAZENERGY энергетика және мұнай-газ кешендері ұйымдары қауымдастығының төрағасы, ҚР «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы, Қазақстан бокс федерациясының жетекшісі, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының басшысы. Сонымен қатар, ол ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің Президенті, Азиялық олимпиада кеңесінің вице-президенті болып табылады.

Forbes Kazakhstan есебі бойынша, Тимур Құлыбаевтың дәулеті $2,2 млрд.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3495 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
22 октября родились
Бауыржан Урынбасаров
вице-президент АО "Национальная компания "Қазақстан темір жолы"
Нуржами Алтынсака
советник председателя правления АО «Жилстройсбербанк Казахстана»
Самые интересные материалы сайта у тебя на почте!
Подпишись на рассылку
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить