50 қазақстандағы ең беделді бизнесмендер

Экономикалық трендтер жылдамдап ауысуда

Адамзат тарихында созылмалы сипаттағы жұқпалы дерт аз болған жоқ, тіпті адам баласы отырықшы өмір салтына көшкелі эпидемия атаулы бір сәт те толастаған емес. Ғылым мен білімнің дамуымен олардың біразын ауыздықтап, жою не алдын алу мүмкін болды. Алайда қазіргі таңда тіршілік етуші көпшілік адам пандемия түріндегі жұқпалы дертпен бірінші рет бетпе-бет кездесіп отыр: әдетте мұндай апаттар біраз ұрпақ жаңарып барып, көрініс беретін.

Бұл тұрғыда ел үкіметтерінің бүгінгі қимыл-әрекеті бірегей сипат алуда. Бұдан 100 жыл бұрын билік басындағылар – адам шығыны әдеттегіден еселеп артады деген үреймен, экономиканы тоқтату туралы ойланбас та еді. Ал биыл мұндай жағдай саяси жағдайға, діни және мәдени ерекшеліктерге, нәсілдік құрылымға қарамастан көптеген елдер мен мемлекеттерде жаппай орын алуда. Мұның өзі, соңғы оралымға қадам басқан 2020 жылды айрықша етіп көрсетсе керек.

Десек те, сарапшылардың пікірінше, пандемия, соңғы жылдары қалыптасқан жаһандық деңгейдегі негізгі трендтердің бірде-біріне өзгеріс енгізе алған жоқ (халықаралық туризмді айтпағанда, әрине). Керісінше, әу бастан күткен бастамалар жеделдеп еніп, құрдымға кетуі тиіс «жіңішкелері» біржолата үзілуде. Бұл тұрғыда Қазақстанда да өзіндік тектоникалық ығысулар мен орын ауыстырулар жүріп жатыр: шикізат өндіруге және мемлекет қаражатына қатысы жоқ бизнес түрлері бізде де біртіндеп жоғары өрлеуде. Бірақ, әрине, жоғары деңгейде орнығып, қалыптасу үшін олар халықаралық алаңдарда мойындалуы тиіс. Олай болса биылғы жылдың басты бизнес оқиғасы – қазан айындағы Kaspi.kz сервисінің Лондон қор биржасына шығуы. Айтқандай, акциялар баға диапазонының жоғары шегіне орналасумен қатар, қазақстандық компанияның бағасы да әрі қарай шарықтап өсе берді – акцияларды орналастыру кезінде GDR үшін 33,75 АҚШ долларынан келсе, 16 қарашада баға 47,5 долларға жетті.

Айта кету керек, биылғы топ-50 рейтингінде жеті бірдей жаңа тұлға бар (былтыр бесеу болатын): аталған рейтинг үшін рекордтық көрсеткіш. Бұл жолы біз Қазақстан азаматы болып табылатын бизнесмендердің ықпалдылық деңгейін бағалаумен қатар, негізгі бизнесі мен бас кеңсесі біздің елде орналасқан шетелдік бизнесмендерді де есепке алдық. Сол себепті long list тізімінде Грузия азаматы Михаил Ломтадзе мен Ресей азаматы Тимур Турлов бар. Бұл екеуі бағалау көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша тізімнің жоғары жағында орналасты.

Сол сияқты, көмір және алтын өндірісінің инвесторы Владимир Джуманбаев, Alinex құрылыс материалдары брендінің иесі Ерлік Балфанбаев, «Олимп» отандық бірінші зертханалар желісінің (коронавирусқа бірінші болып тест жүргізген) негізін қалаған Ерлан Сүлейменов, Ресей, Түрік және Грузия нарықтарын бағындырған мұнай сервисі компаниясының иегері әрі негізін қалаушы Алмас Құдайберген және Arbuz.kz онлайн супермаркетінің иесі Алексей Ли short list тізіміне биыл алғаш рет еніп отыр.

2020 жылғы рейтингте жас шамасы 40-қа жетпеген тұлғалар – бесеу (былтыр үшеу болатын), олардың арасында 33 жастағы Тимур Турлов пен 38 жастағы Алексей Ли де бар. Рейтинг құрамындағылардың орташа жасы 52-ден 51-ге дейін төмендеді.

Әдістеме

Пандемия мен локдаундарға орай, ең ықпалды бизнесмендер рейтингінің әдістемесі биыл біршама жеңілдетілді: бұл жолы активтердің көлемі мен сарапшылардың бағасы ғана есепке алынды (келесі жылы дәстүрлі әдістеме негізге алынады деген үміттеміз). Long list тізіміне еліміздегі ең танымал, ең белсенді 65 бизнесмен енгізілсе, зерттеушілер тобы солардың ішінен 51 тұлғаны таңдады. Әрі қарай – құрамында консалтингтік және аудиторлық компаниялардың, бизнес қауымдастықтардың, квазимемлекеттік ұйымдардың басшылары; сарапшылар мен іскерлік БАҚ журналистері, саяси және қоғамдық қайраткерлер; рейтингке қатысушылармен үлестік қатынасы жоқ бизнесмендер енген сарапшылар бұл тізімге бес балдық жүйе негізінде баға берді. Салмақтық көрсеткіш бойынша, есептеу әдістемесі келесідей қалыптасты: 40%-ы – капитал, 60%-ы – сарапшылар бағасы. Тізімдегі тұлғалардың жасы 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайға сай көрсетілген.

Аталған рейтинг – Forbes Kazakhstan басылымының журналистік жариялымы болып табылады және де оны қандай да бір құжат не ресми ақпарат ретінде қолдануға болмайды.

   1. Тимур Құлыбаев

54 жаста
Тарапталған бизнес

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сай «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ активтері еліміздегі банктердің жалпы активтері сомасының 32%-ын құрады. Қаржы тобына «АЛМЭКС» Холдинг тобы» АҚ арқылы Тимур Құлыбаев жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге паритеттік негізде иелік етеді. Топтың Қырғызстанда, Грузияда, Тәжікстанда және Өзбекстанда құрылымдары бар. Қазақстанда Халық Банкіне «Altyn Bank» АҚ 40%-ы тиесілі.

Пандемия аясында жарияланған төтенше жағдай кезінде Halyk қайырымдылық қоры қаржылық топпен бірлесе отырып, коронавирус салдарымен күресуге 5,5 млрд теңге бөлді. Оның ішінен 4,5 млрд теңге Birgemiz қорына бағытталды.

Бизнесмен иелігінде, сондай-ақ сингапурлық Steppe Capital Pte Ltd компаниясының мажоритарлық үлесі, «Каспий мұнай» АҚ 100%-ы, «Joint Resources» АҚ және «ҚазАзот» АҚ 50%-ы бар. Ол «Кипрос» ЖШС-ның негізгі иегері болып табылады және сол компания арқылы оның «Viled Group», «Emdeu Group» серіктестерінде өз үлесі бар, сонымен қатар, ол «Joint Technologies» компаниясына бақылау жасайды. Оның құрылымында «Алматы ЗТО» (Алматы әуежайындағы құрылысы аяқталмаған әуежай), «Қамқор Менеджмент», «Қамқор Локомотив», «Теміржолэнерго», Jibek joly Cargo, SilkwayTransit және т.б. компаниялардың үлестері бар.

Құлыбаевтың «Mercury Properties» серіктестігінде де өз үлесі бар: бұл компания Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент және Дубай қалаларында жалпы аумағы 800 мың текше метрден асатын коммерциялық мақсаттағы жылжымайтын мүлікті жалға берумен және басқарумен айналысады.

Бизнесмен – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті, Азия олимпиада кеңесінің вице-президенті. «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы, ресейлік «Газпром» трансұлттық энергетикалық компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі.

Санкт-Петербургте жер телімін сатып, Ташкентте ғимарат салмақ

2020 жылдың қаршасында ресейлік БАҚ, Қазақстанның Халық Банкі Санкт-Петербургтегі Пулково және Петербургский тас жолдары арасындағы өзіне тиесілі 57,9 га жер телімін сатқалы жатыр деп ақпарат таратты. 2007 жылы бұл жер аумағы ресейлік «Пулковская перспектива» компаниясына тиесілі болатын: ол оны құрылыс салу үшін Қазақстанның Халық Банкінен кредитке алған. Бірақ бұл жоба сол қалпы жүзеге асқан жоқ. Кейін банк өзіне 70 млн АҚШ доллары шамасында қарыз берешегі бар девелоперді сотқа берді. Нәтижесінде аталған жер телімінің құны 50 млн долларға бағаланып, кредит берушінің меншігіне өтті. Артынша қарыздың қалған бөлігі есептен шығарылды.

РФ ақпарат ресурстарынан белгілі болғандай, 2017 жылы Қазақстанның Халық Банкі бұл жер аумағында құрылыс жүргізуге серіктес іздеген, ал былтыр серіктес ретінде «Скандинавия девелопмент» ЖШҚ танылған (құрылтайшысы – ресейлік Артур Маркарян). Компания өкілдері, бұл аумақты әрі қарай дамыта беретіндерін мәлімдеді: енді жер телімінің меншік иесі ретінде. Қазақстан банкімен арадағы келісім туралы басқа ештеңе айтылған жоқ.

Биыл қазан айында Tenge Bank (Халық Банкінің еншілес құрылымы) 20 қабат ғимарат салу жөніндегі өз жобасын талқылау мақсатында Ташкенттің қалалық әкімшілігімен кездесу өткізгені мәлім болды. 2018 жылы қазақстандық инвесторға қала орталығындағы саябақтан 0,7 га жер аумағы құрылыс мақсатында бөлінген болатын (бұл тұрғындар мен экологтардың наразылығын туғызды). Әзірше аталған жобаның мерзімі және құны туралы мәлімет жоқ. Tenge Bank Өзбекстандағы шетелдік капиталы бар алтыншы және қазақстандық – бірінші банк болып табылады.


   2. Болат Өтемұратов

63 жаста
Тарапталған бизнес

Болат Өтемұратов «ForteBank» АҚ 87,27%-на иелік етеді: Ұлттық банк мәліметі бойынша, 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сай – аталған банк актив көрсеткіші бойынша қазақстандық 26 банктің арасында үшінші орында. Банктің меншік капиталы 238 млрд теңгені құрайды. Активтері 2,18 трлн теңгеге тең, жыл басынан бері бұл сома ептеп азайған – 1%-ға. Мерзімі 90 күннен асқан кредиттер үлесі 6%-дан 7,8%-ға дейін өскен (жүйе бойынша орташа көрсеткіш – 8,35%).

ForteBank құрылымында болған Kassa Nova банкі тамыз айында бизнесмен Тимур Турловтың (рейтингте 15 орында) Freedom Holding Corp. компаниясына сатылды. Жыл соңына дейін мәреге жетуі тиіс келісім сомасы – шамамен 41 млн доллар. Қараша айында банк кредит портфелінсіз сатылғаны белгілі болды. Банктің кредит портфелі шамамен 60 млрд теңге деп бағалануда – оны ForteBank сатып алмақ.

Өтемұратов Glencore Plc. трансұлттық компаниясының 1,16%-на иелік етеді. Бизнесмен «Верный Капитал» тобы арқылы «КаР-Тел» ЖШС-ның 25%-на және «Sky Mobile» ЖШҚ-ның 49,9%-на («Билайнның» Қазақстан мен Қырғызстандағы байланыс операторлары), алтын өндіруші RG Gold компаниясының 65%-на, Нұр-Сұлтандағы, Вена мен Мәскеудегі Ritz-Carlton отельдеріне, Ақмола облысындағы Rixos Borovoe отеліне (100%), Қазақстандағы Burger King франшизасына, Global Development девелопер компаниясына, Қарағандыдағы «Сары-Арқа» әуежайындағы, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталындағы, «31 канал» ТРК-дегі (80%), Video International Kazakhstan медиажарнама нарығы операторындағы (50%) үлестеріне бақылау жасайды. Оған қазақстандық «Media Management Systems» ЖШС және «Direct Technology Company» ЖШС компанияларының 100%-ы тікелей тиесілі.

2020 жылдың наурызында «Верный Капитал» коронавирусқа қарсы әрекет қорына 1 млн доллар аударды. Бұған дейін Болат Өтемұратов қоры Елорда мен Алматыда инфекциямен күрес үшін 200 млн теңге бөлген болатын. Бөлінген қаражат экспресс-тестілер сатып алуға, министрлікпен және денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп сараптама жасауға арналған мобильді бекеттер ұйымдастыруға негізделді.
Маусым айында Болат Өтемұратов қоры Алматы ботаникалық бағын қайта құрып, жаңарту шарасын аяқтады. Бақтың өсімдік қоры жаңартылып, көпшілікке арналған демалыс орындары ыңғайлы етіп, қайта жасақталды; жаңа кіреберіс павильондары орнатылып, артезиан суы тоғаны, фонтандар іске қосылды; амфитеатр ашылды. Жобаны жүзеге асыруға 15 млн доллар жұмсалды.

Мамыр айында бизнесмен, көрші Өзбекстандағы бөгет апаты салдарында Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге жаңадан 150 үй салуға 6 млн доллар бөлді.
Бизнесмен басшысы болып табылатын Қазақстанның теннис федерациясы 2020 жылдың қарашасында Нұр-Сұлтанда алғаш рет ATP 250 – AstanaOpen сериясындағы халықаралық беделді турнирін өткізді. Турнирдің жүлде қоры 275 мың долларды құрады.

Бизнесмен өз қайырымдылық қорының құрылтайшысы, Қазақстанның теннис федерациясының басшысы және Халықаралық теннис федерациясының (ITF) директорлар кеңесі құрамына енеді.


   3. Владимир Ким

60 жаста
Металдар

Владимир Ким – KAZ Minerals PLC тобының мажоритариі және атқарушы емес директоры. Компания портфелінде Павлодар облысындағы Бозшакөл, Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай және Шығыс өңір мыс жобалары, Қырғызстандағы Бозымчак кеніші және Чукоткадағы Баим кен орны бар. Бизнесменге акциялардың 31,6%-ы тиесілі. Топтың Қазақстандағы кәсіпорындарында шамамен 16 мың қызметкер жұмыс істейді.

Пандемия аясында аталған топ Birgemiz қоғамдық қорына 2,2 млрд теңге аударды, ал оның қырғыз құрылымы коронавируспен күреске көмек көрсетуші жергілікті қорға 5 млн сом бағыттады (шамамен 60 мың доллар). Ресейде компания Чукот аймақтық ауруханасы үшін 1,8 млн рубль сомаға COVID-19 дертін анықтаушы экспресс-тестілер сатып алды.

Владимир Кимге тиесілі екінші ірі актив – «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-дағы 70% үлес (қалған 30%-ы Эдуард Огайға тиесілі, ол рейтингте 16 орында). Компания құрылымында Қарағандыдағы өндірістік бірлестіктер бар, алты байыту фабрикасы, екі ЖЭО, бір электр станциясы, екі мыс қорыту зауыты және бір мыс сымдар зауыты.

Бизнесмен «Bank RBK» АҚ мажоритарлық үлесіне ие, сол сияқты, оның «Таң» телерадиокомпаниясында, «Astronet» ЖШС-да (ТВ-бағдарламалар мен кино өнімін тарататын), «Central Asian Аssistance» ЖШС-да (медицина сервисі) үлестері бар.

«Kazakhmys Holding» ЖШС президенті.

KAZ Minerals PLC Лондон қор биржасынан кетіп жатыр

Биыл қазан айының соңында компания Лондон қор биржасынан (LSE) шығатынын мәлім етті. Топтың ең ірі меншік иелері Владимир Ким мен Олег Новачук (рейтингте 19 орында) Нидерландта тіркелген Nova Resources B.V арқылы миноритарийлерден акциялар сатып алып, өз үлестерін ұлғайтпақшы. Акциялар бірлік данасына 6,4 фунт стерлинг бағамен сатып алынады (былтыр қазанда бір акцияның орташа бағасы 4,2 фунт стерлинг болатын), бұл үшін Nova Resources B.V. ВТБ банкінен кредит тартуда. Қазір бизнесмендер екеуара акциялардың 39,39%-на иелік етеді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Nova Resources B.V. – жауапкершілігі шектеулі жекеменшік компания. Оған – құрамына Ким мен Новачук кіретін консорциум жанама түрде иелік етеді: нидерландтық Vostok Cooper B.V. компаниясына тиесілі. Миноритарийлерден KAZ Minerals акцияларын сатып алғаннан кейін бұл компаниядағы Кимнің үлесі 63,5%-ды, Новачуктің үлесі 36,5%-ды құрайтын болады. Сатып алу схемасына қатысты реттеуші органдардың антимонополиялық және өзге де рұқсаттарын акционерлер 2021 жылдың бірінші жарты жылдығанда алады деп күтілуде.

«Осынау маңызды қадамға бара отырып, біз, бағалаудың премиалдық деңгейін ескерген KAZ Minerals акционерлері, өздері жұмсаған инвестиция құнын нақтылап көрсете алатындай мүмкіндікке қол жеткізгенін қаладық. Сатып алуға ұсынылған акциялар KAZ Minerals акционерлеріне жақсы пайда әкеледі деген сенімдеміз», – деп түсіндіреді бұл шараны ресми хабарламада KAZ Minerals PLC басқармасы төрағасының атынан Олег Новачук.


   4. Вячеслав Ким

51 жаста
Қаржы

Вячеслав Ким мобильді қосымшаға шоғырланған Payments, Marketplace және Fintech платформаларын басқаратын «Kaspi.kz» АҚ 25%-на (IPO шарасына дейін 36,69% болатын) иелік етеді және оның директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. Топ құрамында, сондай-ақ Kaspi Bank бар.

Magnum сауда желісі бақылау кеңесінің төрағасы, «Алсеко» АҚ бақылау кеңесінің мүшесі. Қазақстанның таеквондо федерациясының президенті, қоғамдық Fizmat Endowment Fund, РФММ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, Almaty Triathlon Federation және «Милосердие» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңестерінің мүшесі.

«Kaspi.kz» АҚ компаниясын Лондон қор биржасына шығарды

Нарықта өзін қаржылық-технологиялық компания деп көрсеткен Kaspi.kz акцияларын Лондон қор биржасында (LSE) алғашқы орналастыру қазан айында жүзеге асты. Bloomberg ақпараты бойын-
ша, акцияларды орналастыру – баға диапазонының жоғары шегі бойынша өтіп, депозитарлық қолхат бірлігіне (GDR) 33,75 АҚШ долларынан келді. Сұраныстың шарықтап өсуі компанияға GDR ұсыныстарын 29,6 млн-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осылайша Kaspi.kz компаниясының нарықтық капитализациясы 6,5 млрд АҚШ долларын құрады. 16 қарашадағы жағдайға сай, бір GDR бағасы 47,5 долларға тең болған.

Акцияларды сатушы тарап – компания акционерлері. Компания мәліметі бойынша, саудадан кейін Kaspi.kz акциялары төмендегідей негізде бөліске түскен: Baring Vostok қоры – 31%, Михаил Ломтадзе (рейтингте 10 орында) – 23%, Goldman Sachs – 3%, менеджмент – 3%, бұқаралық инвесторлар – 15%. 


   5. Алиджан Ибрагимов

67 жаста
Металдар

Алиджан Ибрагимов – Eurasian Resources Group (ERG) тобының 20,7%-на иелік етеді, бұл топ бойынша оның серіктестері: ҚР Үкіметі – 40%, Александр Машкевич – 20,7%, Патох Шодиев – 18,6%. Жыл басында ERG коронавируспен күрес мақсатында Елордаға 100 млн теңге бағыттады.

Бизнесмен, сондай-ақ «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ (Еуразиялық банк, «Еуразия» СҚ) 33%-на, «Еуразиялық өнеркәсіптік компания» АҚ («Боралдай әуежайы» ЖШС, «Альтаир Эйр» ЖШС – жер телімін және ангарларды жалға беру; «Жайляу» гольф клубы) 33%-на және «Еуразиялық өндірістік компания» АҚ 33%-на иелік етеді. Бұл компания оның ішінде сумен қамту, электр энергиясын өндіру және тарату, сауда және кеңсе ғимараттары мен көтерме сауда орындарын, авиациялық-техникалық кешендерін жалға берумен айналысатын 17 шақты ұйымға бақылау жасайды.

ERG – «Аналар үйі» қайырымдылық жобасына қатысады.


   6. Нұрлан Смағұлов

55 жаста
Авторетейл, машина жасау, девелопмент

«Астана Групп» холдингінің президенті әрі негізін қалаушы. Топ құрамында MEGA ойын-сауық сауда орталығы желісі (Алматыдағы MEGA Alma-Ata және MEGA Park, астанадағы MEGA Silk Way) және «Алматы» қонақ үйі бар.

«Астана Моторс» иелігінде Hyundai коммерциялық техникасын жинап, құрастырушы кәсіпорын бар. Биыл қазанда компания ресми түрде аталған маркадағы көліктерді жинақтап құру зауытын ашты. Алдағы жылы «Астана Групп» 30 мың жеңіл көлік шығарып, сатуды жоспарлап отыр. Бүгінде компания өз көліктерін Өзбекстанға да жеткізуде, ендігі кезекте Беларусь және Украина нарықтарына шығу жоспары жария етілді. Hyundai Trans Kazakhstan зауыты дәнекерлеу, бояу, құрастыру, пластикалық бөлшектерді бояу цехтарын қамтыған. Болашақта компания автокобөлшектер өндіруші зауыт салып, ЕЭО аясында 51% үлес алуды көздейді. Зауыт құны – 28 млрд теңгеден астам, оның 70%-ы – Қазақстанның даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қоры қарыздары есебінен.

Биыл наурызда «Астана Групп» коронавируспен күреске 60 млн теңге бөлді.

Смағұлов – Жаңа Зеландияның Қазақстандағы құрметті консулы, «Атамекен» ҰКП төралқасының мүшесі, Қазақстанның Велосипед спорты федерациясының төрағасы.


   7. Айдын Рақымбаев

48 жаста
Құрылыс, девелопмент

Айдын Рақымбаев – BI Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы, бақылаушы акционері әрі директорлар кеңесіінң төрағасы. Сонымен қатар, бизнесмен Chocofamily Holding компаниясының 10%-на тікелей иелік етеді.

Биыл сәуір айында BI Group, короновирус пандемиясы аясында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қолға алынған модульдік госпитальдар құрылысын 20 күннің ішінде аяқтап, қолданысқа берді. Маусым айында дәл осындай мерзім аралығында Шымкентте де госпиталь салынды. Аталған үш госпиталь құрылысына мемлекеттік бюджеттен жалпылай алғанда 14 млрд теңге шамасында қаржы бөлінді.

Айдын Рақымбаев биыл қыркүйекте Бурабайда ашылған бірегей мектеп пансионатын қаржыландырды, бұл мектеп ауылдық жерлерден шыққан дарынды балаларға арналған. Мектеп ғимараты халықаралық талаптарға сай салынған, білім беру барысы әлемдегі ең озық үлгілерге негізделген. IQanat High School of Burabay мектебіндегі оқу тегін – білім ордасына Бірінші Президент Қоры грант бөліп, қазақстандық 60 қамқоршы бизнесмен қаржылық қолдау көрсетуде.

Қазан айында BI Group – Lancaster Group тобымен бірлесіп, Нұр-Сұлтанда Quantum STEM Schools мектебінің құрылысын бастады. Еліміздің өзге облыстарында да дәл осындай 17 мектеп салу жоспарда бар.

«Ана үйі» қорының негізін қалаушы және қамқоршылық кеңесінің төрағасы, YPO Kazakhstan төрағасы, «Қазақстанның триатлон федерациясы» қоғамдық бірлестігіне қатысушы, Iqanat білім қорына қатысушы, «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы. Aidyn & Anar Rakhimbayev Foundation, «Бірлік 2020» Қайырымдылық қоры» ұйым-
дарының негізін қалаушы.


   8. Қайрат Боранбаев


54 жаста
Тарапталған бизнес

Қайрат Боранбаев Қазақстандағы, Ресей мен Беларусьтегі McDonald’s франчайзиі болып табылады. Оның иелігінде, сондай-ақ «Алмалы» активтерді басқару компаниясы» ЖШС, «Кемикал» Қазақстан Мұнай-химия Компаниясы» ЖШС, «Алекс» ЖШС («Алекс-Сарыағаш» минералды суы) бар, сол сияқты өз меншігіндегі «КазТурбоРемонт» холдинг компаниясы» ЖШС арқылы оның «Phystech II» АҚ мұнай компаниясында да үлесі бар.

Оның сыртында, бизнесмен меншігінде Алматыдағы Aparking ақылы тұрақтарын басқаратын «RR2» ЖШС, Fitnation фитнес клубтар желісі, «Рахат Палас» және Comfort Hotel Astana отельдері бар, ол, сондай-ақ Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығының 50%-на, Esentai Tower бизнес орталығының 50%-на иелік етеді және Алматыдағы «Алмалы» сауда үйінде, Латвиядағы Jurmala Golf Club & Hotel-інде өзіне тиесілі үлестері бар.

Ресей миллиардері Виктор Харитонинмен және тағы екі серіктесімен бірге Боранбаев «НеоТекФарм» ЖШС меншік иесі болып табылады, оның құрамында «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бар.

Ұлттық параолимпиада комитетінің президенті, «Қайрат» ФК бақылауы кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның гольф федерация- сы» республикалық қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы,

«ҚР балалар мен жасөспірімдер және кәсіпқой футболын дамыту қоры» қоғамдық қорының төрағасы, «Meiirim – мүмкіндігі шектеу- лі балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығы» жеке қорының негізін қалаушы.


   9. Александр Белович

65 жаста
Құрылыс, девелопмент

Bazis-A корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы.

Аталған топ коронавирус дертімен күреске BizBirgemiz қорына 2 млн доллардан астам қаражат аударды. Оның сыртында компания карантинге жіберілгендерді орналастыру үшін Елордадағы Ramada plaza Astana қонақ үйінің бес қабатын жөндеуден өткізіп берді.

«Атамекен» ҚР ҰКП төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы, ҚР Су спорты түрлері федерациясының вице-президенті.


   10. Михаил Ломтадзе

45 жаста
Қаржы

Михаил Ломтадзе 2007 жылдан бері Қазақстанда тұрады (Грузия азаматы), ол «Kaspi.kz» АҚ құрылымына кіретін «Kaspi Bank» АҚ басқарма төрағасы болып табылады. Қаржы тобының 23% қарапайым акцияларына иелік етеді.

Биыл қазанда қаржы тобы Лондон қор биржасында 1 млрд АҚШ доллары сомасына жаһандық депозитарлық қолхат (ЖДҚ) түріндегі құнды қағаздарын орналастырды. 2020 жылдың тоғыз айында «Kaspi.kz» АҚ өзінің таза пайдасын 42,8%-ға, яғни 184,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.

2020 жылдың жазында – елімізде коронавирус дерті өрши түскен тұста Kaspi.kz мемлекет иелігіне 100 жедел жәрдем көлігін қайтарымсыз негізде алып берді.

Ломтадзе – Гарвард бизнес-мектебінің Орталық Азия, Түркия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймақтары бойынша консультациялық кеңесінің мүшесі. Жыл сайынғы PwC «CEO Survey» зерттеулерінің қорытындысы бойынша, соңғы екі жылда ол Қазақстандағы ең мықты СЕО деп танылған.


   11. Рашит Сәрсенов

71 жаста
Тарапталған бизнес

Рашит Сәрсенов «Нұрбанк» АҚ акцияларының 90,31%-на («JPFinance Group LLP» ЖШС және «Кастинг» ЖШС арқылы), «Виктория» сақтандыру компаниясының 100%-на және Helios жанармай станциялары желісіне иелік етеді.

Сол сияқты, оның KSP Steel және «Кастинг» зауыттарында, Caspian Riviera отелінде, алтын өндіруші «AltynEx Company» АҚ кенішінде өз үлестері бар.
Бизнесменге ауыз суын өндіріп, таратушы Vita компаниясы, «Француз үйі», Beautymania, Imperial Home, «Планета красоты» сауда желілері, «Новое поколение» газеті,

«Дибек» сәйгүлік клубы, Каспий қоғамдық университеті, Алматы құрылыс және менедж-
мент колледжі тиесілі.

Түркістан облысындағы Chateau Silk Alley шырын жасау кешенінің меншік иесі және негізін қалаушы.

«Виктория» сақтандыру компаниясы директорлар кеңесінңі төрағасы.


   12. Кеңес Рақышев

41 жаста
Тарапталған бизнес

Кеңес Рақышев «Fincraft» Инвестициялық Үйі» АҚ (Бұрынғы «БТА Секьюритиз» АҚ) 50%-на, «Fincraft Resources» ЖШС-ның (бұрынғы SAT & Company) 95,85%-на, БТА банкті басқарушы «Fincraft Group» ЖШС-ның (бұрынғы «Novacom Corporation» ЖШС) 100%-на иелік етеді. Соңғысының құрылымында – Қазақстандағы, Беларусь пен Ресейдегі, Румыниядағы, Украинадағы, Мэн аралы мен Кипрдегі 23 компания кіреді. Румынияда аталған топ Romaltyn Mining S.R.L. және Romaltyn Exploration S.R.L. алтын өндіруші компаниялардың 100%-на иелік етеді. Рақышевтің, сондай-ақ «Standard сақтандыру компаниясында» өз үлесі бар және оған NetElement қаржылық-технологиялық компаниясының 18,3%-ы тиесілі.

Бизнесмен – «Fincraft Resources» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. YPO Kazakhstan мүшесі, «Атамекен» ҰКП-ның «Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы» ЗТБ төралқасының төрағасы. Шоқан Уәлиханов атындағы Алматыдағы жекеменшік мектептің құрылтайшысы.

БТА Витино айлағында мүлік алып, Қазақстанда жер телімін сатты

2020 жылдың наурызында «БТА банк» АҚ, «УК «Витино» ЖШҚ және White Sea Complex B.V. міндеттемелерді тоқтату жөнінде өзара келісімге келді. Бұл келісімге сәйкес БТА банк РФ Мурманск облысындағы Витино айлағының 298 млн рубль (шамамен 4 млн доллар) тұратын жылжымалы және жылжымайтын мүлігін өз иелігіне алды. Мурманск облысы арбитраждық сотының мәліметі бойынша, White Sea Complex B.V компаниясының 2015 жылы Мұхтар Әбләзовпен жақындастығы болған.

Маусымда «БТА Банк» ресейлік «Норд стар» компаниясының 90%-ын сатып алды. Бұл компания Мурманск облысында орналасқан және ол «Морской специализированный порт Витино» ЖШҚ-ның 49%-на иелік етеді. Қалған 51%-ы «УК «Витино» ЖШҚ арқылы Ресей азаматы Саян Доржиевтің еншісінде. Ресейлік БАҚ-тар, «Норд стар» Витино айлағын қайтадан іске қосуға 2,9 млрд рубль (шамамен 38,3 млн доллар) инвестиция салуға әзір деп хабарлаған болатын. Аталған терминалда 2014 жылдан бері жүкті ауыстырып тиеп жұмыстары жүргізілмейді. Айлақты қайта құрып, жаңарту шаралары 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Қыркүйекте жария етілген 2019 жылдың қорытындысы жөніндегі есепке сай, БТА банк Қазақстанда 28 жер телімін Дмитрий Ли мен Надежда Артықбаеваға тиесілі «Нұр City Investment» ЖШС құрылыс компаниясына 76 млрд теңгеге сатып жіберген. Төлем жартылай ақшалай және тұрғын емес үй-жайлар түрінде 2029 жылдың маусымына дейін жасалуы тиіс.


   13. Данияр Әбілғазин

51 жаста
Тарапталған бизнес

Данияр Әбілғазин отбасы Ресейден мұнай өнімдерін жеткізуші «Petrosun» ЖШС және «Автогаз Трэйд» ЖШС (көлікке газ құю бекеттері желісі), «Sinooil» ЖШС, «Prime case» ЖШС («ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттері желісі) компанияларындағы үлеске ие, сол сияқты олардың «Petroleum», «Премиум Ойл Транс», «Ертіс сервис», «Batys Petroleum» серіктестерін басқарушы «Mercury Service Company» ЖШС компаниясында өз үлестері бар.

Сонымен қатар, отбасына тиесілі үлестер Алматыдағы Viled Group, Saks Fifth Avenue және Code de vie парфюмерлік-косметикалық дүкендер желісінде де бар. ADD Invest Properties компаниясы арқылы, Динара және Тимур (рейтингте 1 орында) Құлыбаевтармен бірлесіп, астанадағы Keruen city Astana, Keru-en, Talan Towers ойын-сауық сауда орталықтарын, «Тұран 18» бизнес орталығын, Атыраудағы Baizaar mall және Ақтөбедегі Keruen city Aktobe сауда орталықтарын басқарады.

Әбілғазин – «Атамекен» ҚР ҰКП төралқасы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы, Ұлттық олимпиада комитетінің жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті, ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті, ҚР Спорттық жекепе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы, «Астаналық бокс федерациясы» ҚБ тең құрылтайшысы, РФММ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.


   14. Еркин Тәтішев

44 жаста
Тарапталған бизнес

Еркин Тәтішев – 2002 жылы негізі қаланған Kusto Group тобының негізгі меншік иесі және директорлар кеңесінің төрағасы. Топ құрамына 30-дан астам компания кіреді. Топтың Қазақстанда, Кандада, Қытайда, Грузияда, Израильде, Ресейде, Сингапурда, Түркияда, Вьетнамда, Украинада девеломпент, құрылыс материалдарын шығару, агроөнім, мұнай шығару және өзге де салаларды қамтыған активтері бар.

Биыл көктемде аталған топ медицина мамандарына және карантин, төтенше жағдай барысында мейлінше зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында 1 млрд теңге бөліп, Kusto Help бағдарламасын іске қосты.

Тәтішев United Minerals Group Limited компаниясының бақылау пакетіне иелік етеді, бұл компания құрамында: «Қостанай минералдары» АҚ және «Оренбургские минералы» ААҚ, бар; ол, сондай-ақ Цинандалидегі (Грузия) Radisson Collection отелінің 50%-на ие.

Алматыдағы High Tech Academy мектебінің негізін қалаған, Ержан Тәтішев қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы.


   15. Тимур Турлов

33 жаста
Инвестициялар

Тимур Турлов – Freedom Holding Corp. холдингінің негізін қалаушы және акцияларды бақылау пакетінің иесі (73%). Холдинг құрамында «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясы, Freedom24 – акциялардың онлайн дүкені және Банк Фридом Финанс бар.

Аталған холдинг былтыр Nasdaq америкалық қор биржасында сәтті листинг өткізді. Листинг тұсында холдинг капитализациясы шамамен 800 млн АҚШ долларын құрады.

2020 жылдың шілде айының басында Freedom Holding Corp. Ресей нарығында ертеден таныс «ЦЕРИХ Кэпитал Менеджмент» ИК АҚ-ын, ал тамызда – қазақстандық Forte Bank құрылымында болған «Банк Kassa Nova» АҚ-ын сатып алды.

«Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Kcell» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Kazakhstan YPO қатысушысы.

Nasdaq биржасында капитализациясын нығайтты

2019 жылдың қазанында Freedom Holding Corp. холдингінің негізін қалаушы және басты акционері Тимур Турлов Nasdaq америкалық қор биржасында компания листингін өткізетінін жария етті. Ағымдағы жылдың қарашсында холдингтің нарықтық капитализациясы 1,8 млрд АҚШ долларына жетті, ал Nasdaq биржасындағы бұқаралық Freedom Finance Global PLC акцияларының құны жыл ішінде 119%-ға өсті. Холдинг акционерлері құрамына Goldman Sachs, Bank of America, Fidelity Investments, Renaissance Technologies, Arrowstreet Capital LP және өзге де компаниялар енді.

2020 жылдың үшінші тоқсанының соңында холдинг түсімдері 35 млн доллардан 69,7 млн долларға дейін ұлғайды, яғни 111%-ға, ал таза пайда – 8,6 млн доллардан 23,6 млн долларға дейін өсті.


   16. Эдуард Огай

51 жаста
Металдар

Эдуард Огай «Қазақмыс Корпорациясының» 30%-на, «Қазақалтын» АҚ 19%-на, «Қаражыра» АҚ 20,1%-на иелік етеді.

«Kazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы.

Қазақстандағы корейлер қауымдастығы басқармасының мүшесі.


   17. Серікжан Сейітжанов

71 жаста
Тарапталған бизнес

Сейітжановтар отбасының меншігінде «Оңтүстік» ҚСӨК бар, бұл корпорация арқылы олар «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының 51%-на, Smart-Oil бұрғылау компаниясына, «МұнайҚұрылысСервис» құрылыс компаниясына, «Стандарт Цемент» зауытына, «КАС-бетон», «Ақ-жол ТрансСервис» (транспорт және складтау), «Стандарт Ресурсис» сынды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге иелік етеді. Сол сияқты, «Standard Petroleum&Co» ЖШС сауда компаниясында және Talas Investment Company цианидтер зауытында үлестері бар.

Сол сияқты, бұл отбасына Rixos Khadisha Shymkent, Rixos Turkestan, Satti Zhol жанармай бекеттері желісі, Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы мен Инновациялық-технологиялық колледжі тиесілі.


   18. Айдан Кәрібжанов

49 жаста
Инвестициялар, энергетика

Айдан Кәрібжанов – «Visor Kazakhstan» ЖШС компаниясының мажоритарлы құрылтайшысы: оның құрамында Шоқпар, Софиев, Арқалық жел электр станциялары бар. Сол сияқты, 2019 жылы қытайлық серіктестерімен бірге Жамбыл облысында Жаңатас жел электр станциясын салуға кіріскен Visor Inernational DMCC компаниясында үлесі бар. Waterford International Holdings Ltd. арқылы «Теңіз Сервис», «Visor Holding» серіктестіктерінде, іQ-Solutions және iQS Engineering ІT-компанияларында үлестері бар.

«Атамекен» ҰКП төралқасының мүшесі, «Аспандау» қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.


   19. Олег Новачук

49 жаста
Металдар

Олег Новачук – KAZ Minerals PLС компаниясының басқарма төрағасы және 7,65% үлеске ие екінші ірі акционері – Владимир Кимнен (рейтингте 3 орында) кейін. Ол, сондай-ақ KAZ Minerals PLC миноритарийлерінің үлесін сатып алуға ден қойған нидерландтық Nova Resources B.V компаниясының басқарма төрағасы.

Бизнесмен меншігінде «Agricole» ЖШС (Алматы облысындағы май өндіруші кәсіпорын) бар және оның «ХайдроТекМеталс» компаниясында (Павлодар облысындағы көмір жағудан қалған күлді кешендік өңдеу кәсіпорны) өз үлесі бар.


   20. Эдуард Ким

55 жаста
Ретейл

Эдуард Ким «Technodom Оperator» АҚ-ның негізін қалаған меншік иесі болып табылады. Компания құрамына Қырғызстандағы осы аттас компания да кіреді. Оның, сондай-ақ «Технодом Сервис» серіктестігінде өз үлесі бар.

ҚР Сауда желілері одағының тең құрылтайшысы, «Ана үйі» қайырымдылық жобасына қатысушы, «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы.


   21. Марғұлан Сейсембай

54 жаста
Инвестициялар

Марғұлан Сейсембай – Seimar Investment Group басқарушы компаниясының негізін қалаған. Asadel Group (Сингапур) венчурлық қорлары тобының құрылымына қатысушы: онда америкалық және испандық әріптестерімен бірге ағасы Ерлан Сейсембай серіктес болып табылады.

Биыл қыркүйек айында бизнесмен Михаил Саакашвилимен серіктестік қатынас орнатқанын мәлім етті: Грузия экс-президентінің Украинадағы қоғамдық ұйымы негізінде.

Almaty Management University Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Seimar Social Fund қайырымдылық қорының негізін қалаушы, Nomad Explorer экспедициялық командасының басшысы әрі ұйымдастырушысы. «Алмалы жұмақ» қорының тең құрылтайшысы.


   22. Қайрат Мәжібаев

52 жаста
FMCG

Қайрат Мәжібаев Ресейде, Қырғызстанда және Өзбекстанда еншілес компаниялары бар «RG Brands» компаниясының 96,65%-на иелік етеді.

Resmi Group директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП төралқасы Сауда комитетінің төрағасы, Respublika Foundation қайырымдылық қорының негізін қалаушылардың бірі.


   23. Алмас Сұлтанғазин

56 жаста
Ретейл

Алмас Сұлтанғазин Sulpak және Alser компанияларының мажоритарлық үлестеріне иелік етеді. Сонымен қатар, Warner Bros, Universal және Paramount Pictures кино компанияларының Қазақстандағы өкілі болып табылатын «Sulpak Cinema» компа-
ниясында үлесі бар.

Сұлтанғазиннің, сондай-ақ электроника жеткізуші «ST Networks» ЖШС, «High Tech Commerce» ЖШС компанияларында және ABE MediaGroup жарнама агенттігіндегі үлестері бар.

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қазақ онкология және радиология ҒЗИ Бақылау кеңесінің мүшесі, РФММ Қамқорлық кеңесінің мүшесі.


   24. Александр Клебанов

57 жаста
Тарапталған бизнес

Александр Клебанов «ОАОЭК» АҚ 50%-на иелік етеді, бұл компания арқылы оның «ОАЭК» АҚ, «Каустик» АҚ, «Павлодар Водоканал-Северный» ЖШС, «Астана-БЕО» ЖШС компанияларында үлестері бар.

«ОАОЭК» АҚ және «ОАЭК» АҚ компаниялары директорлар кеңесінің төрағасы.


   25. Арманжан Байтасов

50 жаста
Медиа, телеком, девелопмент

Арманжан Байтасов құрамында MuzzOne телеарнасы, «Бизнес-FM» радиостанциясы, Businessfm.kz сайты, Forbes Kazakhstan және Forbes Georgia журналдары бар Tan Media Group тобына иелік етеді. Оның иелігінде, сондай-ақ ICON телекоммуникациялық компаниясы мен бірқатар девелоперлік жобалар бар.

«ТАҢ» медиатобы директорлар кеңесінің төрағасы, YPO қазақстандық бөлімінің мүшесі, «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, IQanat біліми жобасына қатысушы, Қазақстан МедиаАльянсының құрылтайшысы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.


   26. Елдар Әбдіразақов

48 жаста
Сақтандыру бизнесі, қаржы

Елдар Әбдіразақов меншік ететін Centras Group холдингінің құрамында «Коммеск-Өмiр» және «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниялары, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Венчурный фонд «Сентрас» АҚ, iLEX заң компаниясы, SOS Medical Assistance медицина орталығы, «Сентрас Кредит» микроқаржы ұйымы бар.

«ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП төралқасының мүшесі, «Қазақстанның қор биржасы» АҚ (KASE) директорлар кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan қатысушысы, Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырушыларының бірі. Ол, сондай-ақ жастарға арналған Professionalize Kazakhstan біліми ашық жобасын ұсынып, жылжытуда.


   27. Бақытбек Байсейітов

62 жаста
Қаржы

Бақытбек Байсейітов – «Центр Кредит Банкі» АҚ директорлар кеңесінің және бақылау кеңесінің төрағасы, «Атамекен» қаржы-өнеркәсіп тобы басқармасының төрағасы. Сәуірде ЦентрКредит Банкі COVID-19 пандемиясынан зардап шеккендерге көмек ретінде 100 млн теңге аударды.

Банк активтері 1,7 трлн теңгені құрайды: 2020 жылдың 1 қаңтарындағы 1,5 трлн теңгеге қарсы. Қарашаның басында Moody’s ЦКБ рейтингін В2 деңгейінде мақұлдап, растады, болжам көрсеткіші – «Тұрақты».

Бизнесмен «ЦентрКредит Банкі» АҚ қарапайым акцияларының 41,58%-на, «ТИАИҚ Orient Invest Group» АҚ-ның 100%-на, «ТИАИҚ Green Invest» АҚ-ның 74%-на, Caspian Services Inc. мұнай сервисі компаниясының 88%-на, сондай-ақ «Petrogaz AG», «Finproject» серіктестеріне иелік етеді және оның «Ембімұнайгаз» ЖШС, «Future Capital Management» ЖШС, «International Jet Tour» ЖШС компанияларында үлестері бар.

ҚР Банктер қауымдастығының президенті, «Банки Казахстана» журналының тең құрылтайшысы.


   28. Берік Қаниев

50 жаста
Мұнай сервисі

Берік Қаниев – Lancaster Group акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Аталған топ құрамына «Ер Сай Каспиан Контрактор», SITEK Caspian, DSL Caspian, «Жандиг-С» ЖШС, «РТС Деко» ЖШС (JCDecaux француз компаниясымен бірлескен) мұнай сервисі компаниялары, сол сияқты, Tin One Mining (бұрынғы «Сырымбет» АҚ) тау-кен компаниясы, Caspian Jibek Joly логистикалық компаниясы, Lancaster Invest инвестициялық компаниясы, Abdi Ibrahim Global Pharm (Abdi Ibrahim түрік компаниясымен бірлескен) фармацевтік компаниясы, «Васильевское» Тау-кен металлургия компаниясы» ЖШС кіреді.

РФММ директорлар кеңесінің төрағасы, «Арлан» футбол клубының құрылтайшысы, Республикалық «Жас Қыран» балалар және жасөспірімдер футболы лигасының президенті, «Алматы қ. балалар және жасөспірімдер футбол лигасы» ҚБ тең құрылтайшысы, Маңғыстау облысы гольф федерациясының тең құрылтайшысы, YPO Kazakhstan мүшесі, Iqanat білім жобасының, AirVision.kz қоғамдық қорының, «Ана үйі» қайырымдылық қорының қатысушысы.

Сингапур моделімен мектеп салып жатыр

Биыл қазанда Lancaster Group пен BI Group Нұр-Сұлтанда Quantum STEM Schools мектебінің құрылысын бастады. Бірлескен жоба аясында серіктестер еліміздің әр өңірінде қол жетімді бағамен сапалы білім беруді мүмкін етпек. Күнкөріс деңгейі төмен отбасылардан шыққан дарынды оқушыларға арнап гранттар ескерілмек. Бірінші мектеп 1000 оқушы қабылдай алады деп пайымдалған. Білім мекемесі «Хан Шатыр» сауда орталығы маңында – Green Line тұрғын үй кварталы арасында орналаспақ. Quantum STEM Schools мектептері желісіндегі үш тілді білім беру Сингапур әдістемесіне негізделетін болады. Білім ордасына тән басты ерекшелік – оларда Advanced Placement және International Baccalaureate халықаралық бағдарламалары қолданылмақ. Жобаны іске асыру барысында несие алуға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кепілдемелерін тарту көзделген. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылмақ.

Ел астанасында Quantum STEM School мектебі 2021 жылдың 1 қыркүйегінде ашылады деп жоспарланған. Бұл жоба еліміздің ірі қалаларында да жүзеге асады деп күтілуде. Жоспарланған инвестиция сомасы шамамен 5,5 млрд теңгені құрайды.


   29. Райымбек Баталов

50 жаста
FMCG, инвестициялар

Райымбек Баталов – Raimbek Group холдингінің меншік иесі және директорлар кеңесінің төрағасы. Холдинг құрамында Raimbek Agro, «Райымбек-Алко», «Райымбек групп плюс», City Fair Trade ltd, Raimbek-Grain&Co, Raimbek Milk, Raimbek ILM компаниялары бар.

«Атамекен» ҰКП төралқасының Орта және шағын бизнесті дамыту комитетінің төрағасы, «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» қауымдастықтары кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлік жөніндегі кеңестің мүшесі, ШЫҰ іскерлік кеңесінің төрағасы, ҚР Мәжілісі жанындағы қоғамдық палата мүшесі, Almaty Management University Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ҚР Су асты спорты федерациясының төрағасы, Қазақстанның велосипед спорты федерациясының вице-президенті, Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы.


   30. Нұрәлі Әлиев

35 жаста
Тарапталған бизнес

Нұрәлі Әлиев – «Capital Holding» инвестициялық компаниясының иесі, «Транстелеком» АҚ және Nd Capital венчурлық қорының акционері.

Тамыз айында Нұрәлі Әлиевтің Zhanartu қайырымдылық қоры Қазақстанның медициналық мекемелеріне арнап 300 оттегі концентраторын және 26 ЖЖА аппаратын сатып алды. КИМЭП университетімен серіктесе отырып, Zhanartu қоры
Н. Әлиев атындағы «Бизнес саласындағы ақпараттық жүйелер бакалавры» бағдарламасын іске қосты.

Бизнесмен халықаралық Snow Leopard Foundation қорының негізін қалаған құрылтайшысы, «Ана үйі» жобасының қатысушысы.

ҚР Альпинизм және құзға шығу федерациясының президенті. Қазақстанның машина жасаушылар одағының үйлестіру кеңесінің мүшесі.


   31. Дінмұхамет Ыдырысов

55 жаста
Тарапталған бизнес

Дінмұхамет Ыдырысов – «Ордабасы» БК құрылтайшысы және меншік иесі. Бизнесменге Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарындағы «Қазақстан коммуналдық жүйелері» энергетикалық компаниясы тиесілі. Сол сияқты, оған және оның отбасына «ҚазАзот» ЖШС, «Үшқұю» ЖШС (бұрынғы «Аңсаған Петролеум» АҚ), «Ақтөбе мұнай бұрғылау зауыты» АҚ үлестері тиесілі.

«Қазақстан коммуналдық желілері» ЖШС және «Ordabasy Group» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. «Атамекен» ҚР ҰКП төралқасының мүшесі, «Аналар үйі» жобасының қатысушысы.


   32. Сергей Кан

52 жаста
Тарапталған бизнес

Сергей Кан – «ОАОЭК» АҚ 50%-ның иегері (екінші бөлігіне Александр Клебанов иелік етеді, рейтингте 23 орында) және компанияның директорлар кеңесінің мүшесі. Ол, сондай-ақ Яков Клебановпен серіктестік негізде «Circle Maritime Invest» АҚ кеме иеленуші компаниясының 50%-на иелік етеді. Rixos Almaty («Solis ltd» ЖШС) отелінде үлесі бар.

Құрылтайшылары қатарында «ОАОЭК» АҚ және «Circle Maritime Invest» АҚ бар «ОАОЭК Green Energy» ЖШС 2020 жылдың көктемінде Birgemiz қорына пандемия салдарымен күреске 600 млн теңге аударды. Компания 2014 жылы құрылған, қазіргі таңда Ақмола және Маңғыстау облыстарында сәйкесінше 100 және 50 МВт белгіленген қуат көрсеткішімен жұмыс істейтін жел электр станцияларын салу жобасын қолға алған.

Бизнесмен «ОАЭК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ институты» АҚ президентінің кеңесшісі, «Каспиан оффшор констракшн» ЖШС атқарушы директоры, Circle Maritime Invest президенті, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.


   33. Галимжан Есенов

38 жаста
Қаржы, фосфориттер

Ғалымжан Есенов – «KNG Finance» ЖШС компаниясының жалғыз құрылтайшысы және бақылау кеңесінің төрағасы. Компания құрамында АТФ Банк, «Альянс Полис» СК» АҚ және «СК «Alliance – Страхование жизни» АҚ сақтандыру компаниялары бар. Бизнесменге, сондай-ақ Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС және Қостанай облысындағы «Разрез Приозерный» Қазақ-Ресей компаниясы» тиесілі.

«Ана үйі» жобасының қатысушысы, Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру қорының негізін қалаушы, Қазақстанның шахмат федерациясының президенті, Қазақстанның триатлон федерациясының вице-президенті, Almaty Triathlon Federation басшысы, Қазақстанның ММА (аралас жекпе-жек) федерациясының басшысы, Орталық Азия триатлон қауымдастығының (Central Asian Triathlon Association, CATA) жетекшісі, Asian Triathlon Confederation (ASTC) атқарушы кеңесінің мүшесі: дауыс беру құқымен. YPO Kazakhstan мүшесі

АТФБанкті сатып жатыр

Мақала дайындалып жатқанда KASE мәліметі бойынша, Ғалымжан Есеновке «АТФБанк» АҚ-ның 99,76%-ы тікелей негізде тиесілі болған. 2020 жылдың 4 қарашасындағы ақпаратқа сай, АТФБанктегі бизнесменге тиесілі үлесті сату жөнінде Есенов пен Jýsan Bank өзара алдын ала келісімге келген. Келісім жүзеге асқан соң, екі банк бірыңғай стратегия бойынша біріккен форматта жұмыс істейтін болады. Келісім сомасы жария етілген жоқ.

АТФБанк актив ауқымы бойынша қазақстандық банктердің арасында алтыншы орында: Ұлттық банк мәліметінше, 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сай банктің актив сомасы 1,37 трлн теңгені құраған. Баланс бойынша меншік капиталы – 119 млрд теңге.


   34. Абылай Мырзахметов

51 жаста
Жеңіл өнеркәсіп

Абылай Мырзахметов – «Комбинат «Фараб» ЖШС тең құрылтайшысы, бұл компания мақта матадан медициналық өнімдер шығарады.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы, ҚР Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінде қазақстандық тарап өкілі.

2020 жылы бизнесмен Әлеуметтік-экономикалық реформалар мониторингі сараптамалық орталығының және ҚР Президенті жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына енді.


   35. Сержан Жұмашов

54 жаста
Құрылыс, девелопмент

Сержан Жұмашов – Capital Partners девелопер компаниясының мажоритарлық иегері. Қайрат Боранбаевпен (рейтингте 8 орында) серіктестік негізде Esentai Mall, Esentai Tower ойын-сауық сауда орталықтарында үлестерге ие. Оның, сондай-ақ «Ренессанс Атырау» және «Ренессанс Актау» отельдерінде, Түркияда Эгей теңізінің жағалауындағы Six Senses Kaplankaya курорттық отелінде, French Bakery наубайхана және мерйамхана желілерінде үлестері бар.

Haileybury Almaty және Haileybury Astana мектептерінің тең құрылтайшысы, Алматы облысы Алакөл ауданы Білім қорының тең құрылтайшысы. IQanat біліми жобасының қатысушысы.


   36. Ерлан Нығматулин

58 жаста
Тарапталған бизнес

Ерлан Нығматулин – «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС, «Балқаш Нан» ЖШС нан зауыттарының, «Пульс» ЖШС (ретейл, қонақ үй бизнесі, қалааралық жолаушы тасымалы), «Өркен Медиа» ЖШС және «Тренд Капитал» ЖШС (ауыл шаруашылығы) компанияларының жалғыз құрылтайшысы.

Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппазовпен бірге «YDD Corporation» ЖШС Қарағанды ферроқорытпа зауытына иелік етеді (жоба құны – 92 млн доллар, МИИБ аясында ҚДБ қаражатын тарту негізінде құрылған). Биыл компания Қарағанды облысының Төтенше жағдай қорына 100 млн теңге бөліп, Қарағанды облысының ауруханаларына өз есебінен медикаменттер және 100 оттекті концентраторын, жүрек соғысын өлшеу құралдарын жеткізіп беріп, мобильді емханалар тобына 10 жеңіл көлік алып берді.

Эдуард Огаймен және Владимир Джумабаевпен бірге көмір өндіруші «Қаражыра» АҚ акционері. Сол сияқты, Давид Кемертелидземен бірге құйма өндірісімен айналысатын «Qaz Carbon» ШЖС компаниясының иегері. Компания, сондай-ақ Қарағандыда жаңа буындағы көмір байыту фабрикасы мен ферробайыту зауытын салып жатыр.

«Атамекен» ҰКП төралқасының мүшесі.


   37. Анатолий Балушкин

50 жаста
Авторетейл, машина жасау

Анатолий Балушкин – «Азия Авто» АҚ және «БИПЭК Авто Қазақстан» АҚ бақылаушы акционері. «БИПЭК Авто Қазақстан» құрылымына «Азия Авто Қазақстан» АҚ 75%-ы (25% бұғаттау пакеті + бір акциямен «АвтоВАЗ» иелік етеді, Ресей), ресейлік «Азия Авто Усть-Каменогорск» ЖШҚ, «Азия Авто Сибирь» (сауда), «БИПЭК» (жылжымайтын мүлікті басқару), «Р-Моторс Лада» (қосалқы бөлшектер сату және жылжымайтын мүлікті жалға беру) және Кемеров облысындағы Барнаул мен Новокузнецктегі, сол сияқты, Новосибирск, Омск, Челябинсктегі және Қорған облысындағы Шадринскідегі алты сауда компаниясы енеді. «Азия Авто» АҚ құрамында Өскемендегі көлік құрастыру зауыты, 15 өңірлік бөлімше және үш шетелдік өкілдік бар (Мәскеуде, Тольяттиде, Прагада).

Биыл сәуірде коронавируспен күреске «БИПЭК Авто – Азия авто» Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен қалаларының шұғыл әрекет ету штабтарына 80 жаңа көлік бағыттады.

«БИПЭК Авто – Азия Авто» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы. Б. Момышұлы атындағы жеке әскери мұражайын ашқан, ШҚО облыстық мәслихатының депутаты.


   38. Қайрат Итемгенов

49 жаста
Фармацевтика, девелопмент, өнеркәсіптік құрылыс

Қайрат Итемгенов – Бүкіл Қазақстан бойынша Europharma және ArzanPharm брендтеріндегі 270-тен астам дәріхана желісін басқарушы «Ақ-Ниет» ЖШС компаниясының бірден-бір жалғыз иегері және бақылау кеңесінің төрағасы.

Бизнесмен, сондай-ақ «Интерстрой НС» құрылыс компаниясына, «Энерго Спец Строй» ЖШС энергетикалық құрал-жабдық шығару және жөндеу кәсіпорнына, «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС томат өсіруші жылыжай кешеніне иелік етеді; «KBI Energy» ЖШС жобалау және құрастыру компаниясында үлесі бар.

Оған Мәскеудегі Movenpick және Holiday inn Express отельдері тиесілі. 2021 жылдың күзінде Алматыда Novotel брендіндегі «Жетісу» қонақ үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.


   39. Бахаридин Аблазимов

51 жаста
Мұнай және газ

Бахаридин Аблазимовке «Қаз-Азот» ЖШС (Қазақстанда аммиак және аммиак селитрасын шығарушы жалғыз кәсіпорын) 15%-ы тиесілі, бұл тұрғыда оның серіктестері: Тимур Құлыбаев (рейтингте 1 орында), Дінмұхамет Ыдырысов (рейтингте 31 орында) және Ержан Достыбаев.

Бизнесмен, сондай-ақ «Матен Петролеум» АҚ-ның 5%-на, «Үшқұю» АҚ-ның («Аңсаған Петролеум» ЖШС) 30%-на иелік етеді, оның, «ТриасМұнайГаз» ЖШС, «KazAeroSpace» ЖШС, «Petro Chemical Company» ЖШС және «Sunrise Development» ЖШС компанияларында үлестері бар.


   40. Сергей Терещенко

69 жаста
Тарапталған бизнес

Сергей Терещенко – «Интеграция» Халықаралық қоры» ЖШС басқармасының төрағасы және түпкілікті бенефициары. «Ордабасы құс», «Александровский сад» (Түркістан облысындағы алма бақтары), SDT Group (ПЭТ өнімдеріне полимерлік әзірлемелер шығару) компанияларында, Sun-Bee Altai зауытында (бал өндіру), «VITA Жетісу» (азықтық дақылдар), «Европолис Инвест» құрылыс компаниясында, Trans Caspian Resource көлік логистикалық компаниясында, «Холдинг Д&T» серіктестігінде, «Мадлен» кофейнялар желісінде үлестері бар.

Азаматтық және қызметтік мақсаттағы қару-жарақ саласы айналымындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қауымдастығының төрағасы, Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының жетекшісі, Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі (су реусртары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетін қадағалайды).

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы. Израильдің құрметті консулы.


   41. Андрей Лаврентьев

41 жаста
Авторетейл, машина жасау

Андрей Лаврентьевке «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ акцияларының 22,38%-ы тиесілі. Топ құрылымында «Агромашхолдинг» АҚ, «Аллюр Дистрибьюшн» ЖШС, «Mitsubishi Центр Юг», «Жаңа Suzuki» делдалдық орталықтары, «Allur Auto Almaty», «Allur Auto Astana», «Lion AutoCenter Almaty», «ZAZ Center Almaty» және «СарыарқаАвтоПром» компаниялары бар.

Қазақстан автобизнесі қауымдастығының президенті, Nur Otan партиясы саяси кеңесінің мүшесі.


   42. Бауыржан Оспанов

52 жаста
Тарапталған бизнес

Бауыржан Оспанов – Zhersu ИӨК меншік иесі және бақылау кеңесінің төрағасы. Сонымен қатар, бизнесмен «TSC Energy» ЖШС, «Koksu Hydro» ЖШС, «Сайман» Корпорациясы» компанияларына иелік етеді.

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, Алматы облысы Бокс федерациясының жетекшісі, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының аймақтық дамыту жөніндегі вице-президенті.

AlmaU қамқоршылық кеңесінің мүшесі, IQanat біліми жобасының қатысушысы.


   43. Сайдулла Қожабаев

61 жаста
Машина жасау

Сайдулла Қожабаев – Alageum Group құрылтайшысы және иегері. Топ құрылымына: «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ, «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС, «Ақтау трансформаторлық зауыты» ЖШС, «Электромонтаж» АҚ, «ПромЭнерго» жобалау институты, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС және Шымкенттегі жоғары кернеулі трансформаторлық құрылғы өндіруші AsiaTrafo зауыты кіреді.

Коронавируспен күреске аталған топ 100 млн теңге қаржы бөлді. Топ, сондай-ақ «Аяла» қайырымдылық қорына қолдау көрсетеді.

Alageum Group бақылау кеңесінің төрағасы.


   44. Алмас Мыңбаев

46 жаста
Сақтандыру, фосфоритер

Алмас Мыңбаев – Nomad Life және Nomad Insurance сақтандыру компанияларының меншік иесі және директорлар кеңесінің төрағасы. Ақтөбе облысындағы Шилісай фосфат кен орнын игеріп жатқан Sunkar Resources Plc компаниясының иегері.

Nomad Life және Nomad Insurance директорлар кеңесінің төрағасы.

«Спарта Номад» КВН командасының бас демеушісі.


   45. Рамиль Мухоряпов

35 жаста
Электронды коммерция

Рамиль Мухоряпов – Chocofamily Holding компаниясының негізін қалаушы және иегері. Компания құрамына Chocolife.me, Aviata/Chocotravel біріктірілген тревел-компаниясы, Chocomart.kz, Lensmark.kz интернет дүкендері, Chocofood.kz тағамға тапсырыс беру және жеткізу сервисі, iDoctor.kz дәрігерлер қызметін іздеу сервисі және «Рахмет» мобильді қосымшасы кіреді. Компания акционерлері қатарында – Айдын Рақымбаев (рейтингте 7 орында), Тимур Турлов (15 орында), Мұрат Әбдірахманов («Astel» АҚ) бар.

Мухоряпов – YPO Kazakhstan қатысушысы, iQanat білім беру жобасының қамқоршысы.

Азық-түлікті жедел жеткізу жобасын іске қосуда

Қыркүйектің соңында Chocofamily 15 минутта кез келген сомаға азық-түлікті тегін жеткізіп беретін «Рядом» жобасын іске қосты. Бұл платформа «Рахмет» қосымшасы негізінде жұмыс істейді.

Жобаға салынған инвестицияның жиынтық сомасы 15–20 млн долларды құрайды. Жоба іске қосылғаннан бергі үш-төрт айда компания Алматыда алғашқы тестілеу шарасын жүргізбек: Сейфуллин – Абай даңғылдары мен Манас – Ғабдуллин көшелері аясында. Компания жоспарында 2021 жылдың соңына дейін Алматыда азық-түлік жеткізу мақсатында 30 шақты, Нұр-Сұлтанда 15 қойма ашу бар, 2022 жылдың соңына дейін Қазақстанның 15 қаласында тұрақтау көзделген.


   46. Владимир Джуманбаев

47 жаста
Металдар

Владимир Джуманбаевқа «Алтыналмас» АҚ акцияларының 30%-ы және «Қаражыра» АҚ акцияларының 20%-ы тиесілі. Ол Ақтөбе облысындағы Бенқала кен орнында темір рудасын игеретін «VertexHolding» ЖШС меншік иесі. Бұл компания Қырғызстандағы Жамғыр кенішінде алтын өндіретін Vertex Gold Company-дің 18% үлесіне иелік етеді.

«Kazakhmys Holding» компаниясында отын-энергетикалық кешенді басқару жөніндегі директор және директорлар кеңесінің мүшесі, «Алтыналмас» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Күн электр станциясын іске қосыт

Kazakhmys Power Projects B.V. компаниясымен қатар Владимир Джуманбаев иегері болып табылатын «Kaz Green Energy» ЖШС биыл Жезқазғанда «Кеңгір» күн электр станциясын іске қосты.

Жоба құны 3,7 млрд теңгені құрады, оның 30%-ы – компанияның өз қаражаты, 70%-ы – қарыз түрінде. Электр станциясының өндірістік қуаты – 10 МВт. Жарты жыл аралығындағы жұмыс барысында станция сағатына 7,7 млн кВт энергия өндіре алды, бұл ауаға салмақ түсіретін шығарылымдар ауқымын 7,7 мың килотон мөлшерінде қысқартуға мүмкіндік берді. Станция өз шығындарын толық өтеу деңгейіне алдығы 7–9 жылда жетеді деп болжануда.


   47. Ерлік Балфанбаев

56 жаста
Құрылыс материалдары

Ерлік Балфанбаев – Alina Group холдингінің құрылтайшысы, оның құрамында: Alina өнеркәсіптік тобы (AlinEX, AlinaPaint, «НАШИ», «Батыр», G-EX брендтері), «Домовой» еден жабындары орталықтарының желісі, үйге және бақшаға арналған тауарлардың DOMSAD электронды гипермаркеті, қазақстандық Doctor Green экологиялық тұрмыс химиясы бренді бар. Балфанбаевқа, сондай-ақ Алматы маңындағы Oi-Qaragai Lesnaya Skazka тау шаңғысы курорты тиесілі.

Kazakhstan Growth Forum мәліметі бойынша, 2019 жылы бизнесмен Қазақстандағы ең үздік үш басқарушының бірі деп танылған.


   48. Ерлан Сүлейменов

46 жаста
Медицина

Ерлан Сүлейменов – «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің бірден-бір жалғыз құрылтайшысы және бас директоры.

Он сондай-ақ медицина жабдықтарын жеткізумен және оларға сервистік қызмет көрсетумен айналысатын «Medical» ЖШС мене «Olymp Medical Group» (Divera медициналық орталықтары желісі) компаниясының құрылтайшысы болып табылады. Сонымен қатар, «Asia Hunt», «Ұлағат Консалтинг Групп» және «Мырза-Хан» ЖШС компанияларына иелік етеді.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Нұр-Сұлтандағы аймақтық кеңесінің төрағасы.


   49. Алмас Құдайберген

41 жаста
Нефтесервис

Алмас Құдайберген – Centrasia Group құрылтайшысы және басқарма төрағасы, топ құрамында «CHI Electric» ЖШС, «CHI» ЖШС мұнай сервисі компаниялары және «Экспертиза» ЖШС-ның 50% үлесі, «Centech» ЖШС және «КИОС» ЖШС (20%) өндірістік зауыттары бар. Аталған өндіріс ошақтары Қазақстандағы, Ресейдегі, Түркиядағы, Грузиядағы ірі мұнай жобаларында жұмыс ітсейді.

Қазақстан мұнай сервисі компаниялары одағының тең иегері және төралқа мүшесі, Қазақстандағы Британ сауда палатасының вице-төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі, «Болашақ» қайырымдылық қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Президенттік «Болашақ» стипендиясы түлектері қауымдастықтары кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan мүшесі, «Ана үйі» жобасының қатысушысы.


   50. Алексей Ли

38 жаста
IT

Алексей Ли Arbuz.kz онлайн супермаркетіне иелік етеді. Ол оны 2018 жылдың ортасында сатып алды. Aviata.kz тревел-сервисінің, сондай-ақ, кино, театр, концерт билеттерін сату сервисін ұсынатын «Тикетон» компаниясының тең құрылтайшысы. 2019 жылдың соңында серіктесі Евгений Матвеевпен бірге Aviata.kz сервисін Равиль Мухоряповтың (рейтингте 45 орында) Chocofamily компаниясына сатты. Сол сияқты, ол «Глатис» веб-студиясының негізін қалаған, бүгінде стартаптарға инвестиция салуды жалғастыруда.

Қоғамдық негіздегі «AWARD.kz Ұлттық интернет премиясының», «iStartUp.kz Қазақстан стартаптары, инвесторлары және сарапшылары қауымдастығының», AirVision.kz тәуелсіз қорының тең құрылтайшысы.


Фотосуретшілер: Андрей Лунин, Талғат Ғалымов, Вадим Соловьев, Сергей Астрелин, Роман Дементьев, Никита Басов, Валерий Аяпов, Виталий Фесков, Елена Сорокина, Владимир Шаповалов, Тимур Эпов, Юрий Олейников және баспасөз қызметтері архиві.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
9762 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторах:
Загрузка...
23 июня родились
Именинников сегодня нет
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Оксана Чусовитина: Любое поражение – это первый шаг к победе Смотреть на Youtube