50 қазақстандағы ең беделді бизнесмендер - 2021

10 жыл ішінде топ-50 қатысушыларының құрамы елеулі өзгерді, бірақ әйелдер қатары көбейе қойған жоқ

Forbes Kazakhstan-ның ең беделді 50 бизнесменнің алғашқы рейтингі 2011 жылдың қазанында жарық көрді, он жылдың ішінде ол тізімге 90-ға жуық бизнесмен енді. Осы рейтингтегі тек 20 қатысушы ғана бірінші рейтингте болды. Кейбірі өмірден озды, ал кейбірі түрлі жылдарда түрлі себеппен тізімнен шығып қалды: Динара Құлыбаева, Асаубаевтар отбасы, Нұржан Сұхбанбердин, Нина Жүсіпова, Әділбек Жақсыбеков, Дәурен Жақсыбек, Нұрлан Балғымбаев, Айгүл Нұриева, Анатолий Попелюшко, Петр Потапов, Нұрлан Қаппаров, Ерболат Досаев, Василий Розинов, Нұрлан Тілеубаев, Роман Мадинов, Тимур Исатаев, Анатолий Балушкин және көпшілікке таныс емес тағы басқа бизнесмендер бар.

Бірақ рейтингтен шығып қалып, біраз уақыттан кейін қайта оралғандар да аз емес. Он жылда өз орнын жоғалтпаған, бірінші орынға алма-кезек шығып отыр-ған көшбасшылар дуэті – Тимур Құлыбаев пен Болат Өтемұратов. Осы жылы алғашқы үштіктегі «Қазақмыс» иесі Владимир Кимді Kaspi-дің негізін қалаушының бірі Вячеслав Ким алмастырды.

Қазіргі рейтингте жаңа төрт қатысушы бар: Lancaster Group ортақ иеленушісі және «Нұрлан Қаппаров қоғамдық қорының» бірдей құрылтайшысы, осы жылы YPO Kazakhstan-ды басқарған Гауһар Қаппарова; ERG негізін қалаушыларының бірі Алиджан Ибрагимовтың ұлы әрі мұрагері, топтың және Еуразиялық банктегі директорлар кеңесінде марқұм әкесінің орнын басқан Шухрат Ибрагимов; биыл ресейлік нарық үшін Қазанда өндірістік желдеткіштер құрастырушы зауытын іске қосқан, Алматы желдеткіш зауытының негізін қалаушы, ҚР Өңдеуші өнеркәсіп одағының басқарма төрағасы Марат Баққұлов; Қазақстандағы құс етінің ең ірі өндірушісі және ең ірі экспорттаушы Aitas.Kz тобының, Ауыл аумағын тұрақты дамыту қорының негізін қалаушы Серік Толықпаев (ол туралы рейтинг материалынан оқыңыз).

Егер дебютті рейтингте ең беделді бизнесмендердің басым бөлігі көміртегі, металл және мемлекет меншігін жекешелендіруден пайдаға кенелгендер болса, соңғы жылдары тізімде өңдеуші өнеркәсіп өкілдері мен кәсібін нөлден бастағандар жиі көріне бастады.

Өкінішке орай, қазақстандық беделділіктің негізгі бейнесі – ер адам, әйелдер тізімге өте сирек енеді және ұзақ тұрақтамайды. Өткен жылы топ-50 рейтингінде әйелдер мүлде болған жоқ, ал осы жылы тек біреуі ғана ерлермен бәсекелестікке түсе алды. Алдағы он жылдықта бұл жерде де өзгеріс болады деп үміттенеміз. 

Әдістеме

Рейтингтің лонг-лисіне елдегі ең танымал һәм ең белсенді 65 бизнесмен енгізілді, олардың қоғамдық және демеушілік әрекеттері ескерілді. Сараптаушы топ оларға капитал, 2020 жылғы төлеген салық көлемі және компанияларында жұмыс істейтін қызметкерлер санының жиынтығы бойынша балл беріп, соның ішінен жоғары нәтиже көрсеткен 52 қатысушыны іріктеп алды. Бұл тізімді бизнес өкілдері, бизнес қауымдастық жетекшілері, саяси және қоғамдық тұлғалар, іскерлік БАҚ журналистері мен талдаушылардан құралған сарапшылар пулы бес балдық жүйе бойынша бағалады. Шорт-листі құрастыру кезінде сарапшылар бағалауы ең жоғары салмаққа ие болды, ол 40%-ды құрайды. Қатысушылардың жасы 2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша көрсетілген.

Рейтинг – тек Forbes Kazakhstan-ның бағалаушы журналистік жарияланымы, оны құжат немесе ресми ақпарат ретінде пайдалануға болмайды.

   1. Тимур Құлыбаев

55 жаста | Әртарапты бизнес

Тимур Құлыбаев жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге «Алмэкс» холдинг тобы» АҚ-на ие, холдинг арқылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы мажоритарлық үлестің иесі. Топ Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстан мен Грузияда жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақстанда Халық Банкіне «Altyn Bank» АҚ-ның 40%-ы тиесілі.

Құлыбаев «Кипрос» ЖШС-ның негізгі иесі. «Кипрос» тобының құрылымына «Viled Group» ЖШС, «Emdeu Group» ЖШС, «iQ Solutions» ЖШС, «PetroRetail» ЖШС (ҚМГ жанармай құю бекеттері желісі), Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент пен Дубайдағы жалпы аумағы 800 мың шаршы метрден астам коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысатын «Mercury Properties» ЖШС, және де «Қамқор» компаниялар тобы – «Қамқор Менеджмент» ЖШС, «Қамқор Локомотив», «Теміржол-энерго» және т.б. кіреді.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, Kazenergy қауымдастығының төрағасы, «Газпром» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директоры, Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті, ХОК қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік дамыту комиссиясының мүшесі.


   2. Болат Өтемұратов

63 жаста | Әртарапты бизнес

Болат Өтемұратов 2021 жылы сәуірде жарияланған Forbes-тың жаһандық рейтингінде 891-орынды иеленді.

«ForteBank» АҚ-ның 90,78%-на ие, ол ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 2021 жылғы шілдедегі жағдай бойынша қазақстандық 23 банктің ішінде активтер көлемі бойынша бесінші орында тұр.

Бизнесменге «КаР-Тел» ЖШС-ның 25%-ы және «Sky Mobile» ЖШҚ-ның 49,9%-ы (Қазақстан мен Қырғызстандағы «Билайн» байланыс операторлары), алтын өндіруші RG Gold ком-паниясының 65%-ы, Нұр-Сұлтандағы, Вена мен Мәскеудегі Ritz-Carlton отельдері, Ақмола облысындағы Rixos Borovoe отелі (100%), Қазақстандағы Burger King франшизасы, Global Development девелопер компани-ясы, Қарағандыдағы «Сары-Арқа» әуежайындағы үлес, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет-порталы, «31 канал» ТРК-дегі (80%), Video International Kazakhstan медиажарнама нарығындағы оператордың (50%) үлестері тиесілі.

Сондай-ақ, оған қазақстандық «Media Management Systems» ЖШС мен «Direct Technology Company» ЖШС компанияларының 100%-ы тікелей тиесілі.

Нархоз унвиерситетіне иелік етеді және Haileybury Astana School мен Haileybury Almaty School-да үлесі бар.

Болат Өтемұратов қорының құрылтайшысы, Қазақстан теннис федерациясының президенті, Халықаралық теннис федерация-
сының вице-президенті (ITF), Алматының құрметті азаматы.


   3. Вячеслав Ким

52 жаста | Әртарапты бизнес

Вячеслав Ким – Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, оған компания-
ның 24,13%-ы тиесілі. Ол Kaspi.kz Лондон қор биржасында $1 млрд сомасындағы жаһандық депозитарлық қолхаттарды (GDR) орналастырған соң, биыл алғаш рет Forbes миллиардерлерінің жаһандық тізіміне (925-орын) кірді. 2021 жылғы қыркүйектің ортасындағы жағдай бойынша LSE-дегі Kaspi.kz капитализациясы $22,3 млрд құрады.

Сондай-ақ бизнесмен, «Астана-ЕРЦ» ЖШС-да үлесі бар «Алсеко» АҚ 90%-на ие және бақылау кеңесінің мүшесі.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, трансформациялау бағдарламасының іске асырылуын бақылау коми-тетінің мүшесі және стратегия комитетінің мүшесі, Қазақстан таеквондо федерациясының президенті, «Almaty Triathlon Federation» қамқоршылар кеңесінің мүшесі, «РФММ» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Fizmat Endowment Fund ҚҚ құрылтайшысының бірі және қамқорлық кеңесі-нің мүшесі, «Мейірімділік» ерікті қоғамы» ҚҚ қамқоршылар кеңесінің мүшесі, «Сәби» қайырымдылық қорының қамқоршысы және «Өз бизнесіңді баста» жобасы бойынша серіктесі, «Kazakhgeography» Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы қамқоршылар кеңесінің мүшесі, Алматының құрметті азаматы.


   4. Владимир Ким

60 жаста | Металдар

Владимир Ким – KAZ Minerals президенті және атқарушы емес директоры, ол топтың ірі үлесіне ие. KAZ Minerals тобының құрамына Павлодар облысындағы Бозшакөл және Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай ашық кеніштері, Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніші, Қырғызстандағы Бозымчак алтын-мыс кеніші кіреді. Сондай-ақ топ РФ Чукотский автономдық округіндегі Баимское мыс кен ор-нына ие. Бүкіл топ персоналының саны 16 мың адамды құрайды. Осы жылдың мамырында компания Лондон және Қазақстан қор биржала-рының реестрінен делистингіленді.

Бизнесмен – «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мажоритарлық иесі. Корпорацияның барлық кәсіпорнында 37 мыңға жуық адам жұмыс істейді, негізгі бағыттар: барлау, өндіру, байыту, металлургия, отын-энергетикалық кешен, машина жасау, жөндеу-сервистік қызмет көрсету және т.б.


   5. Қайрат Боранбаев

55 жаста | Әртарапты бизнес

Қайрат Боранбаев Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald’s франчайзиі. Сондай-ақ, минералды су шығаратын «Алекс-Сарыағаш» компаниясына, «Алмалы» активтерді басқару компаниясы» ЖШС, «Кемикал» Қазақстан мұнай-химия компаниясы» ЖШС, «КазТурбоРемонт» холдинг компаниясы» ЖШС-не ие. Бұдан басқа, бизнесменге Алматыдағы Aparking ақылы тұрақтарын басқаратын «RR2» ЖШС, Fitnation фитнес-клубтар желісі, «Рахат Палас» отелі, Esentai Mall СОСО-ның 50%-ы, Esentai Tower БО-ның 50%-ы, «Қайрат» футбол клубындағы мажоритарлық үлес тиесілі. Ресей миллиардері Виктор Харитонинмен және басқа серіктестерімен бірге ковидке қарсы ресейлік «Спутник V» вакцина-сын шығаратын «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-не ие.

ҚР ҰОК атқару комитетінің мүшесі жә-не Ұлттық паралимпиадалық комитеттің президенті, «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы, «Қазақстан гольф федерациясы» РҚБ құрылтайшыларының бірі, Қазақстан футбол федерациясында халықаралық байланыстар комитетінің төрағасы, Meiirim мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған жеке оңалту орталығының негізін қалаушы.


   6. Нұрлан Смағұлов

56 жаста | Авторетейл, машина жасау, девелопмент

Нұрлан Смағұлов – «Астана Групп» негізін қалаушы және президенті, оған «Астана Моторс», MEGA СОСО желісі (Алматыдағы MEGA Alma-Ata және MEGA Park, Нұр-Сұлтандағы MEGA Silk Way), «Алматы» қонақ үйі кіреді. Өткен жылы «Астана Моторс» оңтүстік кореялық бренд автомобильдерінің пластик бөлшектерін сырлау, дәнекерлеу, сырлау, құрастыру цехтары бар Hyundai Trans Kazakhstan зауытын іске қосты.

Қазақстандағы Жаңа Зеландияның құрметті консулы, «Атамекен» ҰКП төралқасының мүшесі, ҚР Велоспорт федерацисының төрағасы.

Алматыда Заманауи өнер музейін салып жатыр

Әдеттен тыс жағдай бола қалмаса, екі жылдан кейін Қазақстанда Almaty Museum of Arts – алғашқы заманауи өнер музейі пайда болады. Бұл осындай ауқымдағы бірінші жеке музей: билік тіпті жерді жалға беріп отыр, оны кейіннен сатып алу керек болады. Жобаның құны – $100 млн астам, оның ішіне Нұрлан Смағұлов беретін жеке коллекцияның құны да кіреді.

Музейдің сәулетін Chapman Taylor (МEGA Alma-Ata-ның екінші кезегін және елордадағы MEGA Silk Way СОСО жобалаған). Lord Cultural Resources мамандандырылған халықаралық компания музейдің ішін жобалап, жоспарлайды. Компания Сан-Франциско заманауи өнер музейі, Бильбаодағы Гуггенхайм музейі, Дохадағы Катар ислам өнері музейі, Париждегі Помпиду орталығы сияқты жобаларды жүзеге асырған. Ғимарат Әл-Фараби даңғылының жоғары жағында, «Нұрлы Тау» ТК-не қарсы, салынып жатқан балет театрының жанында орналасады. Құрылыс биылғы қарашада басталып, жоспарға сәйкес 2023 жылдың соңында аяқталады.

Кешенде музейден басқа 50 орындық мейрамхана, кітапхана, білім беру аудиториясы, кәдесыйлар дүкені және тағы басқасы болады. Ғимараттың 10 мың шаршы метрінің 2,5 мың аумағы көрме залдарына, қалғаны сақтау, тиеу аумақтары, техникалық ғимараттарға арналады.


   7. Айдын Рақымбаев

49 жаста | Құрылыс, девелопмент

Айдын Рақымбаев – BI Group холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, Chocofamily Holding құрылтайшыларының бірі. 2021 жылы тамызда BI Group 19 орынға жоғарылап, ENR Top-250 Global Constractors әлемдегі аса ірі құрылыс компанияларының жыл сайынғы рейтингінде 180-орынға ие болды.

Қыркүйекте холдинг Lancaster Group-пен бірге Нұр-Сұлтанда Quantum STEM Schools желісінің алғашқы инновациялық мектебін ашты. Мектеп Сингапур мен АҚШ білім беру жүйелерінің тәжірибесі негізінде жасалған, математика, ғылым мен инженерияны оқытуға басымдық беріледі.

Рақымбаев – «Ана үйі» жобасының негізін қалаушы, әлеуметтік жетімдіктің алдын алумен айналысатын «Ана үйі» қорының қамқорлық кеңесінің төрағасы (қазір қорда 18 меценат бар).

IQanat білім беру жобасының бастамашысы және Арманжан Байтасовпен (рейтингте №23) бірге негізін қалаушы, оның олимпиадаларына жыл сайын республиканың 5 мың ауылынан 40 мың оқушы қатысады. Жеңімпаздар фин технологиялары бойынша білім беретін IQanat High School of Burabay (IQHSB) мектебінде тегін оқиды. Жоба 60 шақты бизнесменнің қаржылай қолдауымен іске асырылады.

Қазақстандағы Ironman бастамашысы, 2017 жылы Ironman World Championship әлем чемпионатында елдің туын көтерген алғашқы қазақстандық.

YPO Kazakhstan мүшесі.

Мәскеуде IPO жоспарлап отыр

Айдын Рақымбаев пен Ресей Сбербанкі басқарма төрағасы Герман Греф маусымда бірлескен әлеуметтік жобалар және Мәскеу биржасындағы BI Group листингісі туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар ҚР және РФ аумағында тиімді серіктестікті дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісті. Болашағы бар бағыттар ретінде олар мемлекеттік-жекешілік әріптестік (МЖӘ) қағидасы бойынша білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру мүмкіндігін қарастырды, сондай-ақ 2021 жылдың соңына дейін Мәскеу биржасына BI Group-ты шығару жөніндегі жоспарларды талқылады.

BI Group биржаға шығу туралы жоспарлары туралы алғаш рет осы жылдың басында жариялады. Компания, егер үлестік құрылыс туралы заң қатаңдатылып, эскроу-шоттар (белгілі міндеттемелерді орындағанға дейін ақшаны алу құқығынсыз депозитке салу (бұғаттау) шартымен мүлік, құжаттар немесе ақша қаражаты есептелетін арнайы есеп-шот) енгізілсе, мұндай құрылыстың өзіндік құны өсетінін айтты. «Мұндай жағдайға да дайындалып, қаржыландырудың балама көздерін ойластырып жатырмыз, – деп мәлімдеді наурызда топтың басқарма төрағасы Аман Омаров. – Мысалы, облигациялар арқылы – жақында AIX қорында алғаш рет инвестициялар тарттық. Мәскеу биржасына шығу жоспарымызда бар».


   8. Кеңес Рақышев

42 жаста | Әртарапты бизнес

Кеңес Рақышевқа «Fincraft инвестициялық үйі» АҚ-ның (бұрынғы «БТА Секьюритис» АҚ) 50%-ы, «Fincraft Resources» АҚ (бұрынғы SAT & Company) 97,85%-ы, БТА Банкті басқаратын «Fincraft Group» ЖШС-ның (бұрынғы «Novacom Corporation» ЖШС) 100%-ы тиесілі. Соңғы топтың құрылымына Қазақстан, Беларусь, Ресей, Румыния, Украинадағы, Сингапур, АҚШ, Мэн аралындағы және Кипрдегі 23 компания кіреді. Топ Румынияда алтын өндіруші Romaltyn Mining S.R.L. және Romaltyn Exploration S.R.L. компанияларының 100%-на ие.

Fincraft Group президенті, «Атамекен» ҰКП Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы төралқасының төрағасы. Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің құрылтайшысы.


   9. Александр Белович

66 жаста | Құрылыс, девелопмент

Александр Белович – Bazis-A корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы. Соңғы екі жылда компания Түркістанда бірнеше жобаны іске асырды, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағында (Роскосмоспен және тиісті министрлікпен келіссөздер өтті) және Ақтауда туристік жобалармен айналысты. Ақтауда Каспий жағалауында Aqualina Resort жобасы жүзеге асырылып жатыр.

«Атамекен» ҚР ҰКП президиумының құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы және ҚР Су спорты түрлері федерациясының вице-президенті.

«ҚазҚұрылысСервис» АҚ-на кірді

Биыл тамызда Александр Беловичтің Bazis Construction компаниясы, Тимур Құлыбаевтың (рейтингте №1) «Кипрос» компаниялар тобына кіретін «Joint Technologies» ЖШС-мен бірге «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» АҚ иелерінің бірі болды.

«ҚазҚұрылысСервис» – Қазақстанның мұнай-газ секторындағы аса ірі инженерлік-құрылыс компаниялардың бірі. Оның тапсырушыларының қатарында – «Жайықмұнай» ЖШС, «Азиялық газқұбыры» ЖШС, «Атырау МӨЗ» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС және т.б. бар.

Әуелде компанияның иелері Құлыбаев пен оның көп жылғы бизнес-серіктесі үнді Арвинд Тику болатын. 2011 жылы акцияларының 32,22%-ын үнді миллиардері Лакшми Миттал сатып алды. Енді «ҚазҚұрылысСервис» толықтай қазақстандық бизнесмендерге тиесілі.


   10. Данияр Әбілғазин

51 жаста | Әртарапты бизнес

Данияр Әбілғазиннің отбасына мұнай өнімдерін импорттаумен айналысатын «Petrosun» ЖШС-дегі, «Автогаз Трэйд» ЖШС (АГҚС желісі), «Sinooil» ЖШС (SinoOil АЖС желісі), «Prime case» ЖШС («ҚазМұнайГаз АЖС желісі»), сондай-ақ «Mercury Service Company» ЖШС, «Petroleum» ЖШС, «Apple World» ЖШС және т.б. үлестер тиесілі.

Сонымен қатар отбасының Алматыдағы Viled Group, Saks Fifth Avenue-де және Code de vie парфюм-косметика дүкендер желісінде үле-стері бар. ADD Invest Properties компаниясы арқылы Тимур (рейтингте №1) және Динара Құлыбаевтармен бірге Keruen city Astana, Keruen, Talan Towers сауда ойын-сауық орталықтарын және «Тұран 18» бизнес-орталығын, Атыраудағы Baizaar mall және Keruen city Aktobe сауда ойын-сауық орталықтарын басқарады.

«Атамекен» ҰКП төралқасы мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы, Ұлттық олимпиада комитеті жалпы сұрақтар жөніндегі вице-президенті, ҚР Үстел теннисі федерациясы президенті, ҚР Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы, «Астаналық бокс федерациясы» ҚБ негізін қалаушылардың бірі, «РФММ» КЕАҚ және Fizmat Endowment Fund ҚҚ қамқорлық кеңесінің мүшесі.


   11. Рашит Сәрсенов

72 жаста | Әртарапты бизнес

Биыл Рашит Сәрсенов «Нұрбанк» АҚ-ның мажоритарлық акциялар пакетін және «Виктория» сақтандыру компаниясының 100%-ын ұлы Эльдар Сәрсеновке берді. Бизнесмен – Helios автожанармай бекеттері желісінің иесі. Сондай-ақ KSP Steel және «Кастинг» зауыттарындағы, Caspian Riviera отеліндегі, «AltynEx Company» АҚ алтын кенішіндегі үлестерге ие.

Оған Vita су өндіру және сату компаниясы, «Француз үйі», Beautymania, Imperial Home, «Планета красоты» сауда желілері, «Новое по-коление» газеті, «Дибек» ат клубы, Каспий қоғамдық университеті және Алматы құрылыс және менеджмент колледжі тиесілі.

Түркістан облысындағы Chateau Silk Alley шарап шаруашылығы кешенінің негізін қалаушы және иесі.

«Виктория» СК директорлар кеңесінің төрағасы.


   12. Михаил Ломтадзе

45 жаста | Финтех

Михаил Ломтадзе – «Kaspi.kz» АҚ акционері, директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы. Компанияның 23,3%-ның иесі биыл Лондон қор биржасында Kaspi.kz $1 млрд сомасындағы жаһандық депозитарийлік қолхаттарын (GDR) орналастырғаннан кейін, алғаш рет Forbes миллиардерлерінің жаһандық тізіміне енді. 2021 жылғы қыркүйектің орта-сындағы жағдай бойынша Kaspi.kz-тің LSE-дегі капитализациясы $22,3 млрд құрады.

PwC СЕО Survey 2021 сауалнамасының нәтижелері бойынша Қазақстандағы үздік компания басшысы болып танылды. Тамызда Грузияның ең бай азаматы атанды.

Орта Азия, Түркия, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка өңірі бойынша Гарвард бизнес-мектебінің консультациялық кеңесінің мүшесі.


   13. Эдуард Огай

51 жаста | Металдар

Эдуард Огайдың «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де 30%, сондай-ақ «Қазақалтын» АҚ-да 19% және «Қаражыра» АҚ-да 20,1% үлесі бар.

«Кazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы. Қазақстан кәрістері қауымдастығының басқарма мүшесі.

Балаларға арналған оңалту орталығын ашты

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Жезқазған қаласының медициналық орталығының базасында балаларға арналған оңалту орталығын ашуды қаржыландырды. Орталықта ата-анасының жұмыс орнына қарамастан, корпорация жұмыс істейтін өңірлерде тұратын бала кезінен мүгедектер, сондай-ақ ата-
анасы «Қазақмыс» кәсіпорындарында жұмыс істейтін, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектер оңалтудан өтеді. Оңалту шығындарын корпорация өтейді. 


   14. Олег Новачук

50 жаста | Металдар

Олег Новачук – KAZ Minerals PLС басқарма төрағасы және Владимир Кимнен (рейтингте №4) кейінгі, 7,65%-дық үлесі бар екінші ірі акционері. Бұдан басқа ол биыл KAZ Minerals PLC миноритарийлерінің үлестерін сатып алған нидерланди-ялық компания Nova Resources B.V басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, бизнесменге «Agricole» ЖШС (Алматы облысындағы май өндіруші кәсіпорын) және «ХайдроТекМеталс» ЖШС-дегі (Павлодар облысындағы көмір жағудан қалған күлді кешенді өңдеу және кремнезем, глинозем, темір концен-тратын шығару) үлес тиесілі.


   15. Шухрат Ибрагимов

35 жаста | ТКМӨ, қаржы

Наурызда Шухрат Ибрагимов Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесіне, сондай-ақ топ директорлар кеңесінің жанындағы аудит комитетінің құрамына, сыйақы комитетінің және тұрақты даму, қосылу мен жұтылу жөніндегі комитеттің құрамына кірді. ERG 1990-жылдардың ортасында Қазақстандағы табиғи ресурстарға инвестиция салуды бастады.

Бизнесмен ауыр науқас балаларға көмектесетін жеке қайырымдылық қорын дамытып жүр. Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival-ді ұйымдастырушы.


   16. Серікжан Сейітжанов

72 жаста | Әртарапты бизнес

Сейтжановтар отбасына «Оңтүстік» ҚСӨК тиесілі, осы корпорация арқылы олар «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының 51%-на, Smart-Oil бұрғылау компаниясына, «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС құрылыс компаниясына, «Стандарт Цемент» зауытына, «КАС-бетон» ЖШС, «Ақ-жол ТрансСервис» ЖШС, «Стандарт Ресурсис» ЖШС, «Standard Petroleum&Co» ЖШС сауда компаниясындағы және Talas Investment Company цианидтер өндіру зауытындағы үлестерге ие.

Сондай-ақ отбасына Rixos Khadisha Shymkent, Rixos Turkestan отельдері, Satti Zhol АЖС желісі, Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы мен Инновациялық-технологиялық колледжі тиесілі.

Серікжан Сейітжанов – Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қамқорлық кеңесінің мүшесі.


   17. Еркін Тәтішев

45 жаста | Әртарапты бизнес

Еркін Тәтішев – Канада, Қытай, Грузия, Израиль, Қазақстан, Ресей, Сингапур, Түркия, Вьетнам мен Украинада активтері бар Kusto Group иелерінің бірі және директорлар кеңесінің төрағасы. Топ қызметінің негізгі бағыттары: агробизнес, мұнай және газ, жылжымайтын мүлік, құрылыс материалдары мен бөлшек сауда.

Құрамына «Қостанай минералдары» АҚ және «Оренбургские минералы» ААҚ кіретін United Minerals Group Limited компаниясының бақылау пакетіне және Ци-нандалидегі (Грузия) Radisson Collection отелінің 50%-на ие.

Е. Тәтішев атындағы «Ержан» қоғамдық қоры құрылтайшыларының бірі, «Қазақстан кендо және иайдо федерациясы» қоғамдық бір-лестігінің басшысы, AlmaU қамқоршылар кеңесінің мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ директорлар кеңесінің мүшесі, Ұлттық шаңғы қауымдастығының вице-президенті, High Tech Academy мектебінің негізін қалаушылардың бірі, «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қорының қамқорлық кеңесінің мүшесі.


   18. Александр Клебанов

58 жаста | Әртарапты бизнес

Александр Клебанов – «ОАОЭК» АҚ және «ОАЭК» АҚ директорлар кеңестерінің төрағасы. Сергей Канмен бірге (рейтингте №36) «ОАО-ЭК» АҚ-ға иелік етеді, оған «ОАЭК» АҚ, «Каустик» АҚ, «Павлодар Водоканал-Северный» ЖШС, «Астана-БЕО» ЖШС кіреді. 

 

   19. Дінмұхамет Ыдырысов

56 жаста | Әртарапты бизнес

Дінмұхамет Ыдырысовқа Түркістан, Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істейтін «Қазақстан комму-налдық жүйелері» ЖШС тиесілі. Оның, сондай-ақ, «ҚазАзот» ЖШС, «Үшқұю» ЖШС, «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ, «Kundybai Mining» АҚ, «Горнорудная компания «Керегетас» ЖШС-да үлестері бар.

«Атамекен» ҚР ҰКП төралқасының мүшесі, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы, AlmaU қамқоршылар кеңесінің мүшесі.


   20. Абылай Мырзахметов

52 жаста | Жеңіл өнеркәсіп, ТКМӨ

Абылай Мырзахметов – «Комбинат «Фараб» ЖШС иелерінің бірі және ШҚО-дағы Убинское және Ашалы алтын кеніштерін игеретін «Altyn Dala Mining» ЖШС меншік иесі.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы, ҚР Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің және ҚР Президенті жа-нындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.


   21. Бақытбек Байсейітов

63 жаста | Қаржы

Бақытбек Байсейітов «ЦентрКредит Банк» АҚ-дағы ірі үлеске ие. Сондай-ақ, оған «Orient Invest Group» АҚ, «Green Invest» ТИАИҚ» АҚ, «Petrogaz AG» ЖШС, «Finproject» ЖШС, «Future Capital Management» ЖШС, «International Jet Tour» ЖШС тиесілі.

«ЦентрКредит Банк» АҚ директорлар кеңесінің және бақылау кеңесінің төрағасы. ҚР банктер қауымдастығының президенті, «Банки Ка-захстана» журналы құрылтайшыларының бірі.


   22. Айдан Кәрібжанов

49 жаста | Инвестициялар, энергетика

Айдан Кәрібжанов – «Visor Holding» ЖШС-нің мажоритарлық иесі.

Hydrophilus Holding B.V компаниясы арқылы Жамбыл облысындағы Сhina Power International Holding Limited-пен бірге салған Жаңатас жел электр станциясын басқарады.

Бизнесменге, сондай-ақ, Waterford International Holdings Ltd. арқылы «ТеңізСервис» ЖШС-дегі үлестер тиесілі.

«Атамекен» ҰКП төралқасының мүшесі, «Аспандау» қорының қамқорлық кеңесінің және Орталық Азиядағы Америка университеті (Бішкек) қамқорлар кеңесінің мүшесі.


   23. Арманжан Байтасов

51 жаста | Медиа, телеком, девелопмент

Арманжан Байтасов құрамына MuzzOne телеарнасы, «Бизнес-FM» радиостанциясы, Businessfm.kz сайты, Forbes Kazakhstan және Forbes Georgia журналдары кіретін Tan Media Group тобына иелік етеді. ICON телекоммуникация компаниясының мажоритарлық иесі.

Tan Media Group директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Медиа Альянсының құрыл-тайшысы, Болат Өтемұратов қоры қамқорлық кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ директорлар кеңесінің мүшесі, IQanat білім беру жобасының негізін қалаушылардың бірі.


   24. Алмас Сұлтанғазин

57 жаста | Ретейл

Алмас Сұлтанғазин Sulpak және Alser компанияларындағы мажоритарлық үлестерге ие.

Бұдан басқа «ST Networks» ЖШС электроника дистрибьюторы компаниясында, «High Tech Commerce» ЖШС-де және ABE MediaGroup жарнама агенттігінде үлестері бар.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Қазақ онкология және радиология ҒЗИ бақылау кеңесінің мүшесі.


   25. Тимур Турлов

33 жаста | Финтех

Тимур Турлов – АҚШ пен Қазақстанда тіркелген және еншілес құрылымы «Фридом Финанс» АҚ арқылы жұмыс істейтін Freedom Holding Corp. инвестициялық тобының негізін қалаушы және мажоритарлық акционері. «Фридом Финанс» АҚ арқылы «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-на (бұрынғы Kassa Nova Bank) ие. Холдинг, сондай-ақ, операциялық қызметін Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Германия мен Кипрде жүргізеді.

Сондай-ақ «БАСТ» АҚ-дағы, «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ, «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-дағы ірі үлестерге, Chocofamily Holding, Arbuz Group, Naimi.kz-тегі үлестерге ие. «СПБ Биржа» ЖАҚ (Санкт-Петербург Биржасы) акционері.

Бұдан басқа Freedom Mobile World смартфондар мен акссессуарлар дүкендері желісінің иесі.

«Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Aqniet Group бақылау кеңесінің мүшесі, «Kcell» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Freedom Finance Insurance және Freedom Finance Life директорлар кеңесінің төрағасы, НАУФОР (Национальная ассоциация участников фондового рынка) директорлар кеңесінің мүшесі, «Московская Биржа» ЖАҚ қор нарығы комитетінің мүшесі. YPO Kazakhstan мүшесі, IQanat білім беру жобасына қатысушы.

Жасанды интеллектке инвестиция салды

Тимур Турлов қазақстандық Cerebra стартабына $1 млн инвестициялады. Жоба – Kazakhstan Digital Accelerator бағдарламасының түлегі, ишемиялық және геморрагиялық инсультты бастап-қы белгілерін анықтау жолымен автоматты түрде диагностикалауға арналған жасанды интеллект жүйесін әзірлеумен айналысады.

Cerebra қазір Алматыдағы медициналық мекемелерде қолданылып, елдің бірқатар облысында сынақтан өтіп жатыр. Сонымен қатар жобаны Өзбекстан, Моңғолия мен Оңтүстік Кореяға енгізу жоспарланған.


   26. Қайрат Мәжібаев

53 жаста | FMCG

Қайрат Мәжібаев «RG Brands» АҚ-ның 96,65%-на ие. Топтың Ресей, Қыр-
ғызстан мен Өзбекстанда еншілес кәсіпорындары бар.

Resmi Group директорлар кеңесінің төрағасы, Respublika Foundation қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі.


   27. Эдуард Ким

56 жаста | Ретейл

Эдуард Ким «Technodom Оperator» АҚ-ның негізін қалаушы және меншік иесі. Компания құрамына Қырғызстандағы осы аттас компания да кіреді. Оның, сондай-ақ «Технодом Сер-вис» ЖШС-де үлесі бар.

ҚР Сауда желілері одағы құрылтайшыларының бірі, «Ана үйі» қайырымдылық жобасы-на қатысушы, «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік» қоғамдық қоры құрылтайшы-ларының бірі. Биыл көктемде бизнесмен Technodom Open Cup қайырымдылық теннис тур-нирін өткізді және Қазақстанда кардиохирургияны дамытуға 3 млн теңгедей жинады.


   28. Қайрат Итемгенов

50 жаста | Әртарапты бизнес

Қайрат Итемгенов – Қазақстан бойынша Europharma және ArzanPharm брендтерінің 270-тен астам дәріханасы бар желісін басқаратын «Ак-Ниет» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы және жалғыз акционері.

Бизнесмен, сондай-ақ, «Интерстрой НС» құрылыс компаниясының, «Энерго Спец Строй» ЖШС энергетикалық жабдық әзірлеу және жөндеу кәсіпорнының, Greenhouse-Qaztomat ЖШС қызанақ өсіретін жылыжайлар кешенінің иесі, «KBI Energy» ЖШС жобалау-монтаждау компаниясындағы үлеске ие.

Оған Мәскеудегі Movenpick және Holiday inn Express отельдері тиесілі. 2021 жылдың соңына дейін Алматыда Novotel брендімен «Жетісу» қонақүй кешенінің құрылысын аяқтау жоспар-ланған.


   29. Райымбек Баталов

50 жаста | FMCG, инвестициялар

Райымбек Баталов – Raimbek Group холдингінің иесі және директорлар кеңесінің төрағасы. Холдинг құрамына Raimbek Agro, «Райымбек-Алко», «Райымбек групп плюс», City Fair Trade ltd, Raimbek-Grain&Co, Raimbek ILM компаниялары кіреді.

«Атамекен» ҰКП төралқасының Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы, «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» қауымдастығы кеңесінің төрағасы, ШЫҰ іскерлік кеңесінің төрағасы, ҚР Су асты спорты федерациясының төрағасы, Enactus Kazakhstan ди-ректорлар кеңесінің төрағасы, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.


   30. Нұрәлі Әлиев

36 жаста | Әртарапты бизнес

Нұрәлі Әлиев – «Capital Holding» ЖШС инвестициялық холдингінің иесі, «Транстелеком» АҚ мажоритарлық акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, Darmen Holding пен Nd Capital венчурлық қорының құрылтайшысы.

Сондай-ақ, оған «Европа плюс Қазақстан» ЖШС, «Независимый Телевизионный Канал» ЖШС-дегі, Дубайдағы (БАӘ) Donatello Hotels and Resorts отеліндегі үлестер, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы бірқатар мейрамхана кешендері тиесілі.

Snow Leopard Foundation халықаралық қайырымдылық қорының және ZHANARTU жеке қайырымдылық қорының құрылтайшысы және негізін қалаушы.


   31. Берік Қаниев

51 жаста | Әртарапты бизнес

Берік Қаниев – Lancaster Group иелерінің бірі және директорлар кеңесінің төрағасы. Топ құрамына мұнай сервисі компаниялары «ЕР САЙ Каспиан Контрактор», SITEK Caspian, «Жандиг-С» ЖШС, Tin One Mining (бұрынғы «Сырымбет» АҚ) тау-кен компаниясы, логистикалық Caspian Jibek Joly, Abdi Ibrahim Global Pharm фармацевтикалық компаниясы (Abdi Ibrahim түрік компаниясымен бірге), «Васильевское» тау-кен металлургия компаниясы» ЖШС кіреді.

«РФММ» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы және қамқорлық кеңесінің мүшесі, Fizmat Endowment Fund қоғамдық қоры құрылтайшыларының бірі, «Арлан» футбол клубының құрылтайшысы, «Жас Қыран» республикалық балалар-жасөспірімдер футбол лигасының президенті, Қазақстан футбол федерациясы балалар-жасөспірімдер футболы комитетінің төрағасы, Airvision.kz қоғамдық қорының құрылтайшысы, YPO Kazakhstan мүшесі, IQanat білім беру жобасына қатысушы, «Нұрлан Қаппаров қоры» қоғамдық қоры құрылтайшыларының бірі.

Биыл Айдын Рақымбаевпен (рейтингте №7) бірге Сингапур мен АҚШ-тың білім беру әдістемелеріне негізделген Quantum STEM School желісінің алғашқы инновациялық мектебін ашты.


   32. Ерлан Нығматулин

59 жаста | Әртарапты бизнес

Ерлан Нығматулиннің «Информсервис» ЖШС, «ПУЛЬС» ЖШС, «Вираж Сервис Караганда» ЖШС, «Оркен-Media» ЖШС, «ТРЕНД Капитал» ЖШС, «YDD Corporation» ЖШС, «Qaz Carbon» ЖШС, «QazFerroAlloys» ЖШС-де үлестері бар.

Эдуард Огай (рейтингте №13) және Владимир Джуманбаевпен (№34) бірге көмір өндіретін «Қаражыра» АҚ акционері.

«Атамекен» ҰКП төралқа мүшесі, Приозерск қаласының құрметті азаматы.


   33. Елдар Әбдіразақов

48 жаста | Сақтандыру бизнесі, қаржы

Елдар Әбдіразақов Centras Group холдингінің иесі. Холдингтің құрамына «Коммеск-Өмiр», «Сентрас Коммеск Life», «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниялары, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Сентрас Инвест» ЖШС, «Сентрас Капитал» ЖШС, «Centrica» ЖШС, iLEX заң компаниясы, «Сентрас Консалтинг» консалтинг компаниясы, «Коммеск Недвижимость» басқару компаниясы, SOS медицина орталығы, «Сентрас Кре-дит» микроқаржы ұйымы және «Венчурный фонд «Сентрас» АҚ кіреді.

«Қазақстанның қор биржасы» АҚ (KASE), «ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. Kazakhstan Growth Forum құрылтайшыларының бірі, жастарға арналған Professionalize Kazakhstan білім беру жобасының бастамашысы.


   34. Владимир Джуманбаев

48 жаста | Металдар

Владимир Джуманбаев «АК Алтыналмас» АҚ, «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концерні» АҚ, «Қаражыра» АҚ ірі үлестеріне ие. «Бенқала тау-кен компаниясы» АҚ-ның және «VertexHolding» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы, соңғысы арқылы «Интерфакс-Қазақстан ақпараттық агенттігі» ЖШС-де жанама үлесі бар.

«АК Алтыналмас» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақмыс холдинг» ЖШС отын-энергетикалық кешенін басқару жөніндегі директор және директорлар кеңесінің мүшесі.


   35. Бахаридин Аблазимов

52 жаста | Мұнай және газ

Бахаридин Аблазимовқа «ҚазАзот» ЖШС-дегі (Қазақстанда аммиак және амми-ак селитрасын шығаратын жалғыз кәсіпорын) 15% тиесілі, бұл ретте серіктестері – Тимур Құлыбаев (рейтингте №1), Дінмұхамет Ыдырысов (№19) және Ержан Достыбаев.

Бизнесменге сондай-ақ, «Матен Петролеум» АҚ-ның 5%-ы, «Үшқұю» АҚ-ның (бұрынғы «Аңсаған Петролеум» ЖШС) 30%-ы, «ТриасМұнайГаз» ЖШС, «KazAeroSpace» ЖШС, «Petro Chemical Company» ЖШС және «Sunrise Develop-ment» ЖШС-дегі ірі үлестер тиесілі.

«Үшқұю» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.


   36. Сергей Кан

53 жаста | Әртарапты бизнес

Сергей Кан, Александр Клебановпен (рейтингте №18) бірге «ОАОЭК» АҚ-ның жартысына және оның ұлы Яков Клебановпен серіктестік негізде «Circle Maritime Invest» АҚ кеме иеленуші компаниясының жартысына иелік етеді. Rixos Almaty отелінде үлесі бар.

«ОАОЭК» АҚ, «ОАЭК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ институты» АҚ президентінің кеңесшісі, «Каспиан оффшор констракшн» ЖШС атқарушы директоры, «Circle Maritime Invest» АҚ президенті, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. IQanat білім беру жобасына қатысушы.


   37. Марғұлан Сейсембай

54 жаста | Инвестициялар

Марғұлан Сейсембай – Asadel Partners PEF Pte Ltd. басқарушы серіктесі, компания арқылы «Алель Агро» АҚ-да, «AmalBio» ЖШС, «Fresh Fruit Kazakhstan» ЖШС, «Жетісу Бақтары» ЖШС-де үлестері бар.

Seimar Investment Group басқарушы компаниясы мен «Алмалы жұмақ» қоғамдық қоры құрылтайшыларының бірі. Haileybury Almaty мектебі акционерлерінің бірі. Бизнес мектебі, бизнес клубы, инвестициялық клубы бар. Оларда білім алу және мүшесі болу «Марғұлан Сейсембайдың білім беру платформасы» сайтындағы жазылу арқылы сатылады.


   38. Диас Сулейменов

49 жаста | Әртарапты бизнес

Диас Сүлейменов – «Қамқор Менеджмент» көпсалалы топ иелерінің бірі және бас директоры. Сондай-ақ ол әпкесі Айдан Сүлей-меновамен (Данияр Әбілғазиннің жұбайы, рейтингте №10), Әділ Ескендіровпен бірге, Sinooil АЖС желісінде үлесі бар «Brent Invest» ЖШС-нің және Нидерландыда тіркелген Kinnaret Holdings B.V. құрылтайшыларының бірі.

Бизнесмен «Ақтөбе инертті материалдар компаниясы» ЖШС иелерінің бірі.

Алтай Құлыбаевпен (Тимур Құлыбаевтың ұлы, №1) және Арман Исмаиловпен серіктестікте Алматыдағы бірқатар мейрамхана желісінің иесі «Ресторан.kz» ЖШС-ға ие.

«Transcom Invest» сауда ЖШС-нің жал-ғыз құрылтайшысы.

«Астаналық бокс федерациясы» ЖШҚ президенті, ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы.


   39. Сайдолла Қожабаев

62 жаста | Машина жасау

Сайдoлла Қожабаев – Қазақстандағы аса ірі электротехникалық компаниялар тобы Alageum Group-тың негізін қалаушы, акционері және бақылау кеңесінің төрағасы. Оның құрылымына «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ, «Алматы электроме-ханикалық зауыты» ЖШС, «Ақтау трансформаторлық зауыты» ЖШС, «Электро-монтаж» АҚ, «ПромЭнерго» жобалау институты» АҚ, «Орал трансформатор за-уыты» ЖШС және Шымкенттегі жоғары кернеулі трансформатор жабдығын өндіруші зауыт «AsiaTrafo» ЖШС кіреді.


   40. Орифджан Шадиев

48 жаста | Банктер, құрылыс

Орифджан Шадиев – Capital Bank Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы.

«One & Top» ЖШС-де, «PRIME System KZ» ЖШС-де және «Integra Construction KZ» ЖШС-де (бұрынғы «Жол Жөндеуші») үлестері бар. «PRIME System KZ» ЖШС арқылы Todini Costruzioni Generali ита-
лиялық құрылыс компаниясына ие.


   41. Сергей Терещенко

70 жаста | Әртарапты бизнес

Сергей Терещенко – «Интеграция» Халықаралық қоры» ЖШС басқармасының төрағасы және түпкілікті бенефициары.

«Ордабасы құс» ЖШС (күркетауық етін өндіру), «Александровский сад» ЖШС-де (Түркістан облысындағы алма бақтары), SDT Group-та (ПЭТ өнімдеріне полимерлік әзірле-мелер шығару), Sun-Bee Altai зауытында (бал өндіру), «VITA Жетісу» ЖШС-де (азықтық дақылдарды өсіру), «Европолис Инвест» құрылыс ЖШС-де, Trans Caspian Resource көлік логистикалық компаниясында, «Холдинг Д&T» ЖШС-де және «Мадлен» кондитерлік және кофеханалар желісінде үлестері бар.

Азаматтық және қызметтік мақсаттағы қару-жарақ айналымы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қауымдастығының төрағасы, Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының жетекшісі, Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі (су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі коми-тетін қадағалайды). Алматы және Түркістан облысының құрметті азаматы. Израильдің құрметті консулы.


   42. Александр Гарбер

59 жаста | FMCG

Александр Гарбер – Қазақстандағы аса ірі Magnum Cash&Carry бөлшек сауда желісінің негізін қалаушы, өткен жылдың басында үлесін сатты (мәміле 2021 жылғы наурызда аяқталды). Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанда жұмыс істейтін «Прима Дистрибьюшн» ЖШС мажоритарлық иесі.

Сондай-ақ оған «Прима Құс» ЖШС және шай өндіруші қазақстандық-үндістандық компа-ния «Tea House» ЖШС-дегі, «Best Start» қойма ЖШС-дегі үлестер, меншік жылжымайтын мүлкін басқаратын «REA» ЖШС тиесілі.

Алматы мәслихатының депутаты, ҚР Сауда желілері одағы құрылтайшыларының бірі.


   43. Андрей Лаврентьев

42 жаста | Авторетейл, машина жасау

Андрей Лаврентьев – «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және акционері, онда 7,08% үлеске ие. Топтың құрамына «Агромашхолдинг» ЖШС, «Са-рыарқаАвтоПром» ЖШС, «Allur Distribution» ЖШС, «Mitsubishi Центр Юг» ЖШС, «Жана Suzuki» ЖШС, «Allur Auto Almaty» ЖШС, «Allur Auto Astana» ЖШС, «Lion AutoCenter Almaty» ЖШС, «ZAZ Центр Алматы» ЖШС, «Turin Auto» ЖШС, «Allur Auto» ЖШС, «Ал-люр RUS» ЖШҚ, «Allur KZ» ЖШҚ дилерлік орталықтары кіреді. 2021 жылы «СарыарқаАвтоПром» зауытында KIA, Renault, LADA автомобильдерінің өндірісі іске қосылды.

Арманжан Байтасовпен бірге (рейтингте № 23) Business FM құрылтайшыларының бірі.

Қазақстан автобизнесі қауымдастығының президенті, Қостанай облысы Триатлон федера-циясының президенті, «Ана үйі» жобасына, IQanat білім беру жобасына қатысушы. YPO Kazakhstan мүшесі.


   44. Ерлiк Балфанбаев

57 жаста | Құрылыс индустриясы

Ерлік Балфанбаев – Alina Group-тың негізін қалаушы, оған Alina өнеркәсіптік топ (AlinEX, Alina Paint, «НАШИ», «Батыр», G-EX брендттері), «Домовой» еден жабындары орталықтары желісі, DOMSAD үй мен бақшаға арналған электронды гипермаркет, қазақстан-дық Doctor Green экологиялық таза тұрмыстық химия бренді кіреді.

Сондай-ақ, Балфанбаевқа Алматы маңындағы Oi-Qaragai Lesnaya Skazka тау-шаңғы ку-рорты тиесілі.

Alina Group тобының президенті.


   45. Гаухар Қаппарова

46 жаста | Әртарапты бизнес

Гаухар Қаппарова ұлымен бірге Lancaster Group-тегі үлеске ие, компанияның директор-лар кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ оның «РТС Деко» ЖШС-де, бренд киімдер дистрибьюторы «G and G Гламур» ЖШС-де, «Fashion Trio» ЖШС-де, «Green production» ЖШС-де (шикі мұнай өндіру) және «Mountain Breeze» ЖШС-де (қонақүй қызметтері) үлестері бар.

YPO Kazakhstan клубының президенті, «Нұрлан Қаппаров қоғамдық қоры» құрылтайшы-ларының бірі.


   46. Алмас Мыңбаев

47 жаста | Сақтандыру, фосфориттер

Алмас Мыңбаев Nomad Life және Nomad Insurance сақтандыру компания-ларының иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы.

Ақтөбе облысындағы Шилісай фосфат кенішін игеріп жатқан Sunkar Resources Plc компаниясына иелік етеді. Сол арқылы «Темір-Сервис» ЖШС және Chilisai Chemicals-қа ие.

Сондай-ақ «Bloomzed.kz» ЖШС-дегі (төлем жүйелері сервисі) үлесі және «Ba Pharmaceuticals Ltd» ЖШС-дегі үлеске ие.


   47. Серік Толықпаев

50 жаста | Құс шаруашылығы

Серік Толықпаев – Aitas KZ компаниялар тобының акционері және иесі. Топтың құрамына өсімдік шаруашылығы, құс етін өндіру мен өңдеу, дистрибуция саласындағы 12 кәсіпорын кіреді. Олардың қатарында «Кус&Вкус» брендімен Макинск және Өскемен құс фабрикалары, жылына 240 млн бірлік инкубациялық жұмыртқа өндіретін Nauryz Agro құс өсіру ре-продукторы, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жобасы «Защита Уба» ЖШС бар. Жо-ба шеңберінде 12 мың гектар жер өңделеді.

Aitas KZ өткен жылы қарашада Arbuz.kz онлайн-супермаркетіне $2 млн инвестициялады, онда сондай-ақ, Тимур Турловтың үлесі бар (рейтингте № 25).

«Ауыл мектебі powered by NIS» жобасының шеңберінде Aitas KZ Ақмола облысының Бұланды ауданындағы, сондай-ақ ШҚО Ұлан және Қатон-Қарағай аудандарындағы төрт мектепті қаржылай қолдады.

«Іскерлік аумақтарды тұрақты дамыту» қорының құрылтайшысы.


   48. Рамиль Мухоряпов

36 жаста | Электронды коммерция

Рамиль Мухоряпов – Chocofamily Holding-тің негізін қалаушы және иелерінің бірі. Оның құрамына купонатор Chocolife.me, Aviata/Chocotravel біріккен тревел-компаниясы, Chocomart.kz, Lensmark.kz интернет-дүкендері, Chocofood.kz тағамға тапсырыс беру және жеткізу сервисі, iDoctor.kz дәрігерлерді іздеу сервисі, телефонмен тауар және қызметтер ақысын төлеуге, кешбэктер мен бонустар алуға арналған «Рахмет» мобильдік қосымшасы және т.б. кіреді.

Маусымда «Отбасы банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. YPO Kazakhstan мүшесі, AlmaU қамқорлар кеңесінің мүшесі.


   49. Бауыржан Оспанов

53 жаста | Әртарапты бизнес

Бауыржан Оспанов «Алакөл-Агро» компаниясына, «TSC Service» ЖШС, «KOKSU HYDRO» ЖШС-не ие.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ қамқоршылар кеңесінің мүшесі. Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының өңірлік даму жөніндегі вице-президенті.


   50. Марат Баққұлов

48 жаста | Машина жасау

Марат Баққұлов – Қазақстандағы өнеркәсіптік желдеткіштерді өндіретін жалғыз компания «АЖЗ» ЖШС құрушысы және иесі. 2020 жылғы қазанда Ресей нарығындағы сұранысты жабу үшін Қазан қаласында АЖЗ құрастыру өндірісі іске қосылды.

АЖЗ директорлар кеңесінің төрағасы және ҚР Өңдеуші өнеркәсіп одағының басқарма төрағасы.

Фотосуретшiлер: Андрей Лунин, Вадимир Шаповалов, Никита Басов, Юрий Олейников, Вадим Соловьев, Руслан Мазунин, Резеда Небогова, Андрей Шевелев, Валерий Аяпов, Владимир Третьяков, Тимур Эпов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
725 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторах:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Как управлять 280 аптеками, развивать супермаркеты, строить новые рестораны и открывать гостиницы Смотреть на Youtube