Тұтынушылар желісі

9876

Дүкендер желісіндегі сауданың жаңаша дәстүрі қалыптасады

Фото: Архив пресс-службы

Қазақстанның тұтынушылар нарығындағы ойыншылар қаптаған дүкендерді  желілік сауданы жаңа форматқа көшіруді бастап кетті. Шығыс базарының үлгісіне көбірек келетін сауда кешендері толығымен трансформацияланып,  дистрибуциялық  желілер жүйесіне ауысады  және бұл қызмет түрі жуық арада  Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, және өзге де ірі қалаларда өз жұмысын бастайды.

Өзге өсім

Қазіргі күні қай өңірде болмасын сапалы қызметімен және тұрақты түрде  жұмыс істейтін бірде -бір сауда жүйесі жоқ деуге болады. Бұл жайында Forbes Kazakhstan-ға Arkada компаниялар тобының коммерциялық директоры Эльза Розенталь мәлімдеді. Оның ойынша жеке дара жұмыс істейтін сауда кешендері бар, бірақ олардағы бизнес сапасы тұрақты емес, бірінде қызмет жақсы болғанымен,екіншісінде сын көтермейді. Бұл жерде ең алдымен адами фактор, басқарушы бөлім мен жеткізушілер арасындағы байланыс маңызды.

Оның пікірінше дағдарыс  жағдайындағы нарық жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл әсіресе азық-түлік саудасына  тікелей қатысты, яғни, халық  ондай уақытта  аталған сектордың қызметіне көп жүгінеді, сондықтан бұл бағытты мейлінше жаңа форматқа сай дамыту керек, кәсіби тұрғыда қолғ6а алу қажет. Бірақ бізде бұл жүйе ойдағыдай жүзеге асып жатқан жоқ, қарқыны бәсең. Сауда орындарынан супермаркеттерге  арендаторлар  тарту үшін  таңдау жасай алмайсың. «Алматыдағы жағдай жаман емес деуге болады, ал Астанадағы азық-түлік саудасы форматындағы дүкендердің  ахуалы мүлде нашар, Қазақстанның өзге аймақтарындағы жағдай әртүрлі»  -деп бағалайды  Розенталь. Мәселен, Қарағандыда өте жоғары сапада қызмет көрсететін сәтті дүкендер желісі бар, бірақ олар облыс аймағынан алыстап шығатын емес. Кейбір шағын қалаларда жемісті жұмыс істеп жатқан дүкендер де жоқ емес. Бірақ олардың саны саусақпен санарлық, ондай 1-2 ғана нүкте ғана бар. Сондықтан  олар  тұтас мемлекетті түгел қамтып отырған  Ресейдің ірі желілері сынды жеткізушілермен тығыз жұмыс істей алмайды, ауқымы шектеулі, кіріс көлемі төмен, тек қалыпты түрде жұмыс істейді».

Форматты әртараптандыру

Форматты түбегейлі өзгерту тауар айналымын өсіруге ықпал етеді. Қазіргі күні дамыған елдердегі әмбебап қызмет  үш жүйе бойынша жұмыс істейді: «үй жанындағы дүкен», «супермаркет» және «гипермаркет».

«Үй жанындағы дүкен»-бұл көлемі 400-600 шаршы метрден аспайтын, ассортименті шектеулі сауда нүктелері.  Ондай магазиндерге көбінде жұмыстан кейін, нан алуға, сүт немесе шампунь таусылғанда ғана кіреді. Ондай чектың орташа құны 1,5 мың теңге.

«Супермаркет»-азық-түлік пен сусындар, тұрмыстық тауарлар түгелімен сатылатын және ертеден қалыптасқан формат болып табылады.  Әдетте, олардың көлемі 600-1000 шаршы метрден басталып бірнеше мың шаршы метрге дейін  жетеді. Сатылымдағы нәрселердің 90 % азық-түлік құрайды. Орташа чек 5 мың теңгеден асады.

Тағы бір формат-ол «демалыс күнгі сауда орындары»,  яғни «гипермаркет». Бұл жағдайда оның аумағы 20 мың шаршы метрге дейін жетеді және ондағы сөрелерге  200 астам тауар түрлерін қоюға болады.  Орташа чек 15 мың теңге.

2017 жылдың бірнеше айында бірқатар ірі сауда желісінің операторлары өздерінің дүкендеріндегі   ұйымдастыру мәселелерін өзгертуге көңіл бөлетіндерін мәлімдеген.

Мәселен, Magnum Cash&Carry бөлшектік сауда желісінің басшысы Александр Гарбер (Forbes kazahstan  нұсқасы бойынша «ықпалды бизнесмен» рейтингінде №32 және  «байлар тізімі» рейтінгі бойынша №41) қолданыстағы форматты әртараптаныру басталғанын хабарлады. Ол қазірде компания алдында екі бағыт тұрғанын атап өтті.

«Біріншісі-10 мың шаршы метрді құрайтын алып Magnum гипермаркеттерін  ашу, яғни бұл бірден бір аптаға  сауда жасайтындар үшін арналған. Екіншісі - «Magnum АТАК» супермаркеттері, оның көлемі 1,5 мың 2,3 мың шаршы метрге дейін болуы тиіс. Қазір біз  «Magnum Экспресс» желісін дамытудамыз. Бұл дегеніміз «үй маңындағы дүкендер»-дейді кәсіпкер.

Онымен бірге «Арзан» дүкендері желісінің қожайыны Райымбек Баталов (Forbes Kazahstan нұсқасы бойынша  «ықпалды бизнесмен» тізімінде №27 «үй жанындағы дүкендер» және «супермаркет» сауда орындарының ашылғанын  қатар хабарлады.  Бизнесменнің айтуынша екі дүкен Алматыда  (ГУМ және Исаев көшесінде) ашылған. Ондай магазиндер  жуырда Өскеменде, Таразда және өзге аймақтарда іске қосылатын болады. Олардың форматы  дискаунтерлерге жақын және көрсеткіштері жоғары. Баталов 2017 жылы 1000  шаршы метрді құрайтын 8 супермаркет ашу жоспарлағанын және осы жылы «үй жанындағы дүкендер» желісіy ашу қарастырылғанын айтып еді.

Raimbek басшысы «Арзан» дүкендері желісін ашудың қандай қажеттілігі болғанын былай түсіндірді: «Бұл уақыт талабы, себебі көптеген адамдардың  гипермаркеттерге баруға қолдары тимейді, уақыттары жоқ. Қазір белгілі бір  тренд қалыптасты, сатып алушыларүй жанындағы  дүкендерге көбірек барады». 

Нарықтағы шет елдік қатысушылар да қазақстандағы бөлімдерін жаңа форматқа көшіруді  бастады. 2017 жылдың шілдесінде  Алматыдағы Шаляпин мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында  «Рамстор Экспресс» дүкені өз жұмысын бастады.  600 шаршы метрді құрайтын дүкен жаңа форматтағы шағын маркет болып табылады.  Бұл  өзіне қызмет көрсету жүйесімен ерекшеленетін сауда орны және аумағы соған сай. «Рамстор Экспресс» желісінде  кафе, мини-маркет,салаттар бөлімі, наубайхана бар. Тауар түрлерінің жалпы жиынтық көлемі 4-8 мың аралығын құрайды.

Компания өкілдері жаңа форматқа қатысты былай деп түсініктеме берді: «Біздің жалғыз құрылтайшымыз болып табылатын «Мигрос –Тиджарет А.Ш» АҚ-ның  Түркияда 1900 супермаркеті мен гипармаркеті бар, тағы 21 сауда нүктесі Македонида. Барлық дүкендер олардың көлеміне қарай классификацияланған. Ең алғашқы алып және заманауи кешен 1999 жылы Алматының Самал ықшамауданында ашылған еді, оның көлемі 4 мың шаршы метрден асатын. Содан бері қазақстандық тұтынушыларда Рамстор желісі көлемі жағынан үлкен,тауар көлемі мол, жергілікті және импортқа толы дүкен деген түсінік қалыптасқан.  Ал 600 шаршы метрді құрайтын супермаркеттердің  алып кешеннен айырмашылығы олар көлемі мен ассортименті тұрғысыннан   ерекшеленеді. Бұл жайында тұтынушылар үшін есік алдында «ескерту»  жазылған».

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить