Техника қажеттілігі: лизинг-мәселені оңтайлы шешу тәсілі

Агроөнеркәсіптік кешеннің серпінді дамуы өндіріс құралдарын жеткізетін және ауыл шаруашылығы өнімдерін шикізат ретінде тұтынып, өңдейтін сондай-ақ көлік, сауда және өзге де қызметтер көрсететін көптеген салалардың қарқын алуына зор ықпал етеді

ФОТО: архив пресс-службы

Ауыл шаруашылығы - Қазақстан экономикасында негізгі орындардың біріне ие. Сондай-ақ, бұл жұмыспен қамтудағы негізгі салалардың бірі болып табылады. Себебі, халқымыздың басым бөлігі ауыл, аудандарда тұрады.

Бір кемшілігі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу дамымай отыр. Мұндағы техникалық базаны жаңартуды уақыт талап етіп отыр.

Қазақстандық фермерлер пайдаланатын ауыл шаруашылығы техникасының басым бөлігі пайдаланудың нормативтік мерзімін әлдеқашан орындап қойғаны жасырын емес. Көбінің тозығы жеткен. Тракторлар мен комбайндардың 80% - ға жуығы тозған. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, астық жинайтын комбайндар мен тракторлардың 70% - дан астамы нормативтік пайдалану мерзімі 8-10 жыл болуы қажет еді. Алайда бұл техникалар 13-18 жылдың жұмысын атқарып үлгерген. Бұдан басқа, астық жинайтын комбайндардың 70% - дан астамы, тракторлардың 80% - ға жуығы, дестелегіштердің 75% - ы және тұқым сепкіштердің 80% - ы есептен шығаруға жатады.

Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін әр маусым алдында үлкен шығынға ұшыратары сөзсіз. Себебі, техникалық жабдықтарды жөндеудің өз машақаты бар. Ал, бұл саладағы еңбек өнімділігіне кері әсер етеді.Бұл ретте паркті жаңартып отыру қарқыны төмендейді. Яғни, жылына 1-1,5% деңгейінде оңтайлы болуы қажет. Ал нормативтік тәртіп бойынша 6% деп саналады, ал жетекші елдерде 10%. Ауыл шаруашылығы техникасының ішкі өндірісі тұтынудың тек 1% ғана жабады. Ауыл шаруашылығы техникасының көпшілігі астық егетін өңірлерде, яғни Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында орналасқан. Бұл олқылықтың орнын толтыратын мүмкіндіктердің бірі - лизинг болып отыр. Атап айтқанда, кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржылық қамтамасыз ету көзі ретінде оларды техникалық қайта жарақтандырудың, жаңа техника мен технологияларды енгізудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингі.

Жағдайды түзету мақсатында ауыл шаруашылығына елеулі субсидиялар және мемлекеттік бюджеттен дотация бағытталып жатыр. Салықтық ауыртпалық жеңілдетілді. Шетелдік инвесторлар тартылып жатыр.

Бірінші кезекте АӨК және лизинг саласындағы заңнама саланы дамытуға сеп болып отыр. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы", "қаржылық лизинг туралы" Мемлекеттік заңдары және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" ҚР Кодексі барлық лизингтік рәсімдерді барынша сауатты ресімдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама шеңберінде қарыз алушының кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы ставкасын төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу жүзеге асырылады. Бұл ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында жасалып отырған үлкен қадам болмақ.

ТМД елдері ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуде асқан белсенділік танытуда. Мәселен, Қазақстан, Беларусь, Ресей және басқа да елдер жергілікті фермерлермен жабдықтарды сатып алу үшін өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге ие.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ отандық лизинг саласының флагманы болып саналады. Қазақстанның АӨК нарығындағы "ҚазАгроҚаржы" компаниясының үлесі 90% құрайды. Бұл ретте, 2000 жылдан бастап 2019 жылға дейін шамамен 44 мың бірлік техника берілді. Ол 10 миллион га егістік жерлерді өңдейді.

Жиырма жыл бойы "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның негізгі миссиясы сапалы және бәсекелі қаржылық қызмет көрсету арқылы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңартуға ықпал ету болды.

Қазір Қазақстанда сатып алынатын және алаңға шығатын техниканың әрбір екінші бірлігі осы компаниямен қаржыландырылды. Бұл дегеніміз, шаруалар несиелеудің осы түрінің мүмкіндіктерін толық көлемде бағалайды деген сөз. Ал, ауыл шаруашылығы техникасының барлық паркін қарқынды жаңарту – бұл тек уақыт мәселесінің еншісінде.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6224 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
11 декабря родились
Именинников сегодня нет
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить