Қазақстан Ресей Федерациясының туристерін қалай қызықтырмақ?

8808

Қазақстан Мәскеудегі халықаралық туристік көрмесінде өз мүмкіндігін паш етті

Фото: Архив пресс-службы

Қазіргі күні екі мемлекет арасындағы көрсеткіш қандай, өсім деңгейінің динамикасы қаншалықты қарқынды, болашақта не күтеміз, Қазақстан тарапы аталған шарада не ұсынды, кімдер қатысуда? Бұл жайында Forbes.kz тілшісінің шолуында айтылады.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мәліметінше Ресей халқының саны жағынан әлемде 9-шы орынды иеленеді. Қазірде көрші елдегі тұрғындар саны 146,9 млнды құрайды. Осыған орай оның әлемдік туризмге қосатын үлесі де салмақты, ал ресейлік туристер кем дегенде жиырма шақты елдің бюджеттіне түсетін қаржыны тұрақты түрде қамтамасыз етеді. Euromonitor International болжамдарына сүйенсек, 2023 жылға қарай Ресейден жыл сайын 41,5 млн турист басқа елдерге аттанатын болады.

- Ресей – Қазақстан туризмі үшін мақсатты нарық болып табылады. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылы Ресейден Қазақстанға 1,7 млн адам келген, және де бұл көрсеткіш 2016 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 7,7%-ға өскен. Ал 2018 жылғы алдын ала берілген мәліметтер бойынша Ресейден келген адамдар саны 1,74 млнға жетіп, 1,7% өсімді көрсетті, - деді Ұлттық компания өкілі.

Шараға қатысып жатқан ұлттық компания өкілдерінің мәліметінше рейсейлік турист үшін демалу орнын таңдауда ең бастысы баратын орынның қауіпсіз әрі танымал болуы маңызды деген пікір қалыптасқан еді. Дегенмен, кейінгі жылдардағы тенденцияларға сай, туристер үшін алатын тәжірибелер, әсерлер мен эмоциялар жүйесі де, яғни «travel experiences» демалатын жерді таңдауда шешуші фактор болып табылады екен. Сондықтан, Қазақстан жаңа эмоция мен жаңа әсер беретін қызықты туристік өнімдерді ұсынатын, белсенді демалысқа арналған жаңа бағыт ретінде ресейліктерге таныстырылатын болады.

- Географиялық жақындықты, дамыған көліктік логистиканы, тарихи байланыстарды және басқа да факторларды ескерсек, Ресей Қазақстанның туризмі үшін ең басты туристік нарықтардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде өзімізде бар ұсыныстарға қоса, ресейлік туристерге қосымша белсенді демалыс түрлерін ұсыну бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни, біздің міндетіміз – елімізге басқа мақсаттармен келген адамдарды белсенді демалыс түрлерімен қызықтыру. Мысалы, іскерлік және MICE-туризм, туыстар мен достарға (VFR туризм) немесе транзиттік мақсатпен келген адамдарға парапланмен ұшу, тауға жаяу серуенге шығу, шаңғы курорттарына бару және басқа да белсенді демалыс түрлерін ұсынып, елімізде тағы бірнеше күнге қалдыруға болады, - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Садуақасов.

Мәскеу көрмесіндегі Қазақстан павильоны, 2018 жылдағыдай «Adventure» тақырыбында жасалды. Алайда 2019 жылв эко- және белсенді туризмге қоса стендте гастрономия және этнофуд тақырыбы да қатар ұсынылады. Арнайы осы шараға шақырылған еліміздің ең танымал бармендерінің бірі Әлібек Жайбергенов, жақында Берлинде өткен ITB көрмесінде қонақтардың көңілінен шыққан бармен-шоуын және қымыздан жасалған коктейльдерін көрме стендінде ұсынды. Ал белсенді демалысты үлкен күш иесі, қазақстандық батыр Сергей Цырюльников ұсынды әрі көптің көңілінен шықты. Сергей 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында екі елдің басшыларын өз шеберлігімен таңқалдырған еді. Сондай-ақ, аталған форумда екі елдің президенттері артқан міндеттерді бірігіп жүзеге асыру мақсатында, көрмеде Ростуризм және басқа да туристік ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған. Жалпы Қазақстаннан ұлттық компаниядан бөлек, онда City PASS"жүйесі бойынша істейтін 3 отель, 1 курорт және 7 оператор қатысуда.

- MITT Көрмесі 1994 жылдан бастап өткізіліп келеді, және Дүниежүзілік көрме индустриясы ассоциациясының (UFI) белгісін алған. 20 жылдан бері MITT көрмесі Ресейдің туризм саласындағы басты іс-шара ретінде танылған. Көрме «Экспоцентр» орталық көрме кешенінде 7 павильон мен залдардағы 40 000 шаршы метр ауданда өткізіледі. 2018 жылы аталған көрмеге 93 елден және Ресейдің 80 өңірінен туризм саласының 22 777 маманы келді, ал қатысушылар саны 239 елден келген 1700 компанияны құрады, - деп хабарлады спикер.

Айта кетейік, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2017 жылдың шілде айында құрылды. Компанияның негізгі міндеттері еліміздің туристік әлеуетін шет мемлекеттерде насихаттау, сонымен қатар Қазақстанның туристік саласына инвестиция тарту болып табылады. Жоспар бойынша, туризм индустриясының Қазақстан ЖІӨ үлесі 2025 жылға қарай 1%-дан 8%-ға дейін өсуі тиіс (әлемдік орташа көрсеткіш – 10%, Ресейде – 3,49%).

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить