Түркістанда қандай инвестициялық жобалар жүзеге асуда

13799

Таяуда қандай нысындар пайдалануға беріледі, құрылыс қарқыны қандай

Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне Түркістан облысының баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімшілік және мәдени орталықтар

Облыстың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі күні Түркістан қаласын дамыту туралы жоспарға сәйкес көне шаһарда 26 нысанның құрылысы  жүріп жатыр. Оларды салуға өңірлер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдері қатысуда.   

- Бүгінгі таңда әкімшілік-іскерлік орталығында 16 нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда: облыс әкімдігінің ғимараты (Түркістан обл.), басқармалар ғимараты (Түркістан обл.), департаменттер ғимараты (Түркістан обл.), конгресс орталығы (Самұрық-Қазына), медиа-орталығы (Алматы қаласы), Нұр-Сұлтан алаңы (Астана қаласы),оқушылар сарайы (Самұрық-Қазына), стадион (Самұрық-Қазына), музыкалық мектебі (Батыс Қазақстан облысы), цифрлық кеңсе (Самұрық-Қазына),  бассейні бар спорт кешені (Petroleum Operating), смарт сити байланыс желілері (Самұрық-Қазына), олимпиадалық резервтегі спорт мектебі (Солтүстік Қазақстан облысы),  қалалық саябақ (Алматы, Ақмола, Қарағанды), туризм бағытындағы колледж (Sembol Construction), халыққа қызмет көрсету орталығы (Павлодар облысы)-деп хабарлады баспасөз қызметі.

2019 жылы әкімшілік-іскерлік орталығында 6 нысан пайдалануға беріледі. Олар облыс әкімдігінің ғимараты, Медиа-орталығы, Нұр-Сұлтан алаңы, Музыкалық мектебі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі.    

-Ал рухани-мәдени орталығында 10 нысанның құрылыс жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда: Музыкалық су бұрқақ (Шығыс Қазақстан облысы), шығыс моншасы (Қызылорда облысы), неке сарайы (Қостанай облысы), Ұлы дала елі орталығы (BI Group, Атырау облысы),  Драма театры (Ақтөбе жәнеТүркістан облысы), қабылдау орталығы (Жамбыл облысы),  Қ.А.Яссауи мұражайы(Самұрық-Қазына),  әмбебап кітапхана (Шымкент қаласы), «Ұлы Жібек жолы» қолөнер шеберлер орталығы (Түркістан облысы), Амфитеатр (Маңғыстау облысы)-деп хабарлады облыс өкілдігі.

Жыл аяғына дейін рухани-мәдени орталығында 5 нысан  - Амфитеатр, Музыкалық су бұрқақ, Шығыс моншасы, Қабылдау орталығы, Неке сарайын пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, қалалық саябақ, Назарбаев аллеясы, бульвар  құрылыстары қарқынды жүргізілуде.  Әкімшілік іскерлік және рухани мәдени орталықтағы нысандардың құрылыс жұмыстары екі ауысымда атқарылуда.

Тұрғын үй

Әкімшілік-іскерлік орталықта жалпы 2 351 пәтерлік  52 тұрғын үй (135,6 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде, олар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.  Олардың ішінде  арендалық 660 пәтерлік 11 тұрғын үй (33,8 мың ш.м) маусымда құрылысы аяқталып, мемлекеттік қабылдаудан өтті. Қазір халыққа беруге дайын.  «Түркістан Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы құрылысы жүргізіліп жатқан барлығы 336 пәтерлік 6 үй пайдалануға тапсырылды.

Сонымен қатар, 2019 жылдың желтоқсан айында  540 пәтерлік 9 тұрғын үй (, 27,7 мың ш.м.) пайдалануға беріледі. Ал 815 пәтерден тұратын 26 тұрғын үйдің 55,7 мың ш.м.) құрылысын жеке инвесторарлар жүргізуде.  Жалпы , 2019 жылдың 10 қарашасында  205 пәтерді құрайтын 7 үйдің құрылысын аяқтау  жоспарланған.(Сырдария – 5 үй, Арман – 2 үй). Жоспар бойынша қалған 610 пәтерлік 19 үй жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар, 7 қабатты 24 тұрғын үйдің (90,2 мың ш.м, 1452 пәтер) құрылысы басталды.

Жасыл белдеу

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдан бастап Түркістан қаласын жасыл қалаға және ауа-райын қолайлы климатқа айналдыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жұмыстары жүруде.

- Жоспар бойынша «Жасыл белдеу» аймағында 2019-2021 жылдар аралығында көшеттер отырғызылып, орман алқабын көбейту арқылы жасыл аймақ қалыптастыру жоспарланған. Осы орайда, 2019 жылдың көктемінде 160 мың көшет отырғызылса, күзгі мезгілде 2000 га жерге 478 мың көшет және 300 га. тәлімбақта 400 мыңға жуық сеппе көшет отырғызу жұмыстар жүріп жатыр. Жасыл белдеудің жалпы аумағы 7700 га жерді құрайды. Соның ішінде 7500 га. жерге 3,5 млн. екпе ағаш пен 500 мыңға жуық бұталар егілмек-делінген таратылған ақпаратта.

2020 жылдан бастап, ғылыми зертханаларды тарта отырып, облыс әкімдігі тарапынан «Жасыл белдеудегі» тәлімбақта Түркістан қаласының климатына тез бейімделетін екпе көшет және көпжылдық гүлдейтін шөптерді сұрыптау бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

Қаржы және инвестиция

Кешенді жоспар аясында аграрлық салаға, оның ішінде Түркістан қаласы аумағында 11 мың га алқапқа азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысын жүргізуге үлкен басымдық беріліп отыр.

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы «Түркістан агро» инвестициялық жобасы аясында облыста егісті алқапты жаңбырлатып суаруға мүмкіндік беретін машина трактор станциясы құрылуда. Осы мақсатта АҚШ-нан 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған.

Жалпы құны 1,5 млрд теңгеге жуық қыруар жұмыс «Қазагрофинанс» АҚ-ның тарапынан лизингілік шарт негізінде несиелендірілуде. Жаңа суару әдісінің арқасында тіпті диқандардың өз күштерімен игере алмай жүрген бос жатқан жерлері тиімді пайдаланылатын болады.

- Жаңбырлатып суару әдісі болашақта киелі Түркістан өлкесінің көгалдандырылуымен жаңа микроклиматтың қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Әзірге бұл жұмыс түрі облыс орталығынан 12 шақырым жерде орналасқан Шаға ауылынан бастау алмақ. Бүгінгі таңда бөлінген 200 гектар жердің тең жартысынан астамы жыртылып, өңделген. Дәнді-дақылдардың ұрығын жеткізуді "Қазақ егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС жүзеге асыруға дайын. Аталған институт кейіннен барлық агротехникалық іс-шараларға қолдау көрсететін болады. Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен етек жайғалы отырған машина станциясының тиімді тұстары көп. Техникалық қызмет көрсетуде қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Әрі қауіпсіз. Энергия көзі ретінде дизель генераторы қолданылады. Ең бастысы – экономикалық тиімді. Жаңбырлатып суару әдісінің арқасында арықпен суарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналады-деп хабарлады баспасөз орталығы.

Жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дақыл түріне қарай өнімділік 2-4 есеге дейін артады екен. Мысалы, бидайдан орташа өнімділік гектарына 15 – 20 центнер болса, технология арқылы ол 40-45 центнерге жетуі тиіс. Дәндік жүгеріден әр гектардан 48,5 центнер алынса, жаңа технология арқылы өнім түсімін 115-130 центнерге дейін жеткізуге болады. Жалпы, келесі жылы Түркістан қаласының айналасындағы алқаптарда жаңбырлатып суару әдісі енгізіледі. Осы арқылы азық-түлік белдеуі қалыптасып, елдің әлеуметтік жағдайы көтеріліп қана қоймай, қаланың экологиясы да жақсарады.

-Бүгінгі таңда азық-түлік белдеуі аумағында «Түркістан Агро ХХI» ЖШС «1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы» жобасын іске асыруда.

Бұдан бөлек «SPK-SAURAN» кәсіпорны «10 000 бас  ІҚМ бордақылау кешені» жобасын іске асыру жұмыстарын бастады. Сондай ақ бұл кәсіпорын 1 мың гектар алқапта жаңбырлатын суару жүйесін орнату» жобасын қолға алды. Қазір онда «Valmont Industries» компаниясынан 3 жаңбырлатқыш машиналары жеткізілген.

Сондай-ақ, жылына қуаттылығы 20 мың.тн. етті бағыттағы құс фабрикасы («Стандарт ойл»ЖШС), 500 га заманауи жылыжай кешені (YDA INSAAT түрік компаниясы), «Жылына 2,5 мың тн. түйе сүтін қайта өңдеу кешені» жобалары дайындалуда- деп көрсетілген аймақ ақпаратында.

Азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобалары Түркістан қаласы аумағынан радиусы 15 шақырым аумақта интенсивті технологияларды қолдана отырып, ғалымдардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылып жатыр.

Кешенді жоспар бойынша жалпы 70 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Нәтижесінде жыл сайын қосымша 30,0 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады деген сенім бар. Қазіргі таңда, Түркістан облысында 9 индустриалдық аймақ құрылған. Аудандардағы және қаладағы индустриалдық аймаққа бөлінген жердің жалпы ауданы 455 га. Соның ішінде, жалпы ауданы 273 га құрайтын, 7 индустриалдық аймаққа инфраструктура тартылған (Түркістан қ., Кентау қ., Созақ ауданы, Шардара ауданы, Түлкібас ауданы, Қазығұрт ауданы, Мақтарал ауданы)-деп түйінделген облыс  орталығының мәліметінде.

Одан бөлек, жалпы ауданы  172 га құрайтын, 2 ауданда және қалада (Бәйдібек ауданы, Ордабасы ауданындағы Бадам – Қазақ Түрік индустриалдық аймағы (КТИА)) инфраструктура құрылысы аяқталмаған. Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 41 млрд.теңгені құрайтын және  3631  жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 58 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, құны 22,8 млрд.тг. болатын   28 жобасы іске қосылып, 1 855 жұмыс орны ашылды.

9 индустриялық аймақтың инженерлік инфрақұрылымын салу үшін бюджеттен 7,2 млрд.теңге бөлінді.   2019 жылдың аяғына дейін 4 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда:  Олар: «Түркістан» - ЖШС индустриалды аймағы, «Айбек ЛТД» «Нұрлы НазАй» ЖШС,  «Мирас ДАМУ лтд», Кентау  ИА –  «Бесқасқа» ЖШС.

2019 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 6 млрд.теңгеге  17 инвестициялық жоба жүзеге асуда.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить