Сатып алу, сату, ұстап тұру

35982

Вики
Уилл

Vectis Auctions басқарушы директоры, Стоктон, Англия

Виктория
Джеймс

Жазушы, сомелье, Cote Beverage мейрамханасының директоры және серіктесі, Нью-Йорк

Джеймс
Хислоп

Christie’s-тің ғылым және кәдімгі тарих бөлімінің бастығы, Лондон

Сатып алу
Bébé Bru Jeune қуыршақтары
XIX ғасырдың аяғында қолдан жасалған француз қуыршақтары, олардың түрлерінің ерекшеліктері мен сирек кездесетіндігі, Елена Алисия сияқты жақсы сақталған Bru үлгілерінің бағасы бес таңбалы соманы оңай еңсеретіндігін білдіреді. Олар нарықта барған сайын сирек кездесетін болады – демек қымбаттай береді. 
Сатып алу
NV Jacques Selosse Brut Rosé
Бөтелкесі $1200 тұратын әрі аз партиямен шығатын қызғылт шампан – бұл шараптар сериясымен қарым-қатынас құрудың тамаша старты саналады. Өнімнің күннен-күнге өсіп жатқан жанкүйерлер санының арқасында сатып алу ләззатын инвесторлар араға жылдар салып толық сезіне алады. 
Сатып алу
Аппақ гоготталар
Тарихқа дейінгі дәуірде қалыптасқан құмнан жасалған бұл түзілімдер қорлардың сарқылуы мен заманауи өнер өкілдерінің оларға деген қызығушылығына байланысты жыл өткен сайын аз кездесетін болған. Бағалар өзгереді: 2021 жылы өлшемі 20 см-ден сәл асатын данасы үшін
$32 000 берген еді, бұл бастапқы бағадан 4 есе көп болды.

Ұстап тұру
1980-жылдарғы фильмдер мен ТВ-шоулардағы ойыншықтар
1980-жылдардағы «Трансформерлер» немесе «Хи-Мэн» сияқты классикалық шоулар мен фильмдер негізіндегі ойыншықтар саудасы қарқындап өсуде. Сол дәуірден, мәселен, $16 000 доллар тұратын «Джедайдың оралуы» фигуралар проможиынтығы сияқты бір нәрсені тауып сатып алуға тырысып көріңіз. Мұндайды коллекцио-
нерлер жақсы көреді, демек құны сөзсіз өседі деген сөз.

Ұстап тұру
1988 Louis Roederer Cristal Rosé
Бөтелкеге салынған бұл жарықты бірнеше ондаған жылдарға тығып тастаңыз, оны шығарғанша күтуге кеткен уақытты дәмі толық ақтап шығады – ал бір бөтелкесі үшін $2500 құрап тұрған қазіргі бағасы тіптен шарықтайды. 

Ұстап тұру
Трицератопстың бас сүйегі
Динозаврлар жер бетінен әлдеқашан жойылған, алайда әйгілі трицератопс, әсіресе оның (салыстырмалы түрде) қолданыста оңай бас сүйегі керемет инвестициялық мүмкіндікке айналып отыр: екі метрлік данасы қазан айында $700 000 сатылды – сөйте тұра, бұл шегі емес сияқты.

Сату
Big Brake машиналары
1902 жылы зауыттан шыққан бұл винтаж бұрамалы машиналарды қазір табу өте қиын, алайда бұл тек уақытша құбылыс. Сұраныстың рекордтық жоғары болуы ойыншық иелерін ойландырып, тактикасын өзгертуге итермелеуі ықтимал, себебі сапалы үлгілері $34 000 тұруы мүмкін.

Сату
1959 Dom Pérignon Rosé
Қазір винтаж саналатын бұл шарап Парсы империясының 2500 жылдығының құрметіне арналған мерекеде Иран шахына ұсынылды. Егер серігіңіз сәттілік болса және қалған шараптың бірі сіздікі болса, оны ішіп қойсаңыз немесе $42 000 сатып, шампан шараптары әлемінің өзекті мәселелерін талқылап тастасаңыз болады.

Сату
Қазба композициялары
Қазір интерьер дизайнерлерінің сүйікті композициясы – бұл бір кездері тарихқа дейінгі өнер туындыларына біріктірілген қазбалардың жеке бөлшектері. Құны $23 000 тұратын қабырғаға ілетін әшекей сияқты үлгілер аукциондардан кірпік қақтыр-май сатылып кетіп жатыр. Сұраныс шарықтап тұрғанда сатып үлгеріңіз.

Иллюстрации: Chris Lyons для Forbes

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить