Jusan Invest басқарма басшысы дағдарыс кезінде туындайтын мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды

Jusan Invest басқарма басшысы Максим Кабанов орын алып отырған әлемдік дағдарыс кезінде Қазақстанның қаржы нарығын дамытуға болады дегенді айтады. Себебі сарапшы кез келген дағдарыс – жаңа мүмкіндік дегенге сенеді

Максим Кабанов
ФОТО: Баспасөз қызметінің архивінен
Максим Кабанов

Өз ойымен Максим Кабанов 5 шілде күні KASE Talks бағдарамасында бөліскен болатын.  

Максим Кабанов Мәскеу гуманитарлық университетін және Санкт-Петербург экономика және қаржы университетін тәмәмдаған. Қазақстан мен Ресейдің капитал нарығы, инвестиция және қаржы саласында тәжірибесі бар адам.

Оның пікірінше, осы күндерге дейін жақсы дамып келе жатқан Ресейдің қаржы нарығында эмитенттер көп болатын, бірақ халықтың әдеті мен менталитеті ұқсас болып келді. Қазіргі кезде Қазақстан Ресейден озып кете алатындай мүмкіндіктерге ие. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін әрекеттену керек болады.

«Қаржы нарығын дамытып, қазақстандық эмитенттерге, ірі корпорацияларға бізде инвесторлық база барын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бар инвесторларды қолдап, дамуына ықпал ету қажеттігін айту керек. Менің байқағаным, Қазақстанның қор биржасы, қаржы бақылаушысы қаржы нарығын дамыту үшін дұрыс әркет жасап жатыр. Алайда қазіргі кезде бұл саланың дамуына құнды қағаздар нарығындағы салық, әсіресе, жекеменшік инвесторларға салынатын салық кері әсерін тигізіп отыр деуге болады. Бұл салықтың ашық болғаны жөн. Аталған бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы жылдың соңыңа дейін Үкімет, Мәжіліс салық жөніндегі заңдарға енгізілетін өзгертулер мен түзетулерді мақұлдайды деп үміттеніп отырмыз. Осы арқылы құнды қағаздар нарығы нақты әрі ашық салық жүйесіне қол жеткізеді деп сенеміз. Себебі бұл көптеген мәселенің шешілуіне септігін тигізетін болады», – дейді Максим Кабанов.

Әңгіме барысында Максим Кабанов Қазақстандағы қаржы нарығын дамыту үшін эмитенттердің көп болғаны жөн екенін айтты. Ал эмитенттердің көп болуына кәсіби мамандар атсалысуы керек, яғни кәсіби маман қарапайым, қаржы нарығына қатысы жоқ адамдарға түсіндіру жұмыстарын  жүргізіп, халықтың қаржылық сауатын ашуы тиіс.

«Біз қаржы нарығына халық неге келмейді деген сұраққа жауап іздедік. Нәтижесінде, халықтың бұл салаға келмеуінің себебі қаржы нарығы туралы ештеңе түсінбейтіндігінде екенін білдік. Әдетте мамандар өзара әңгіме жүргізгенде, тек өздеріне түсінікті тілде сөйлейді, бұл тілді халықтың 99 пайызы түсіне бермейді. Адам психологиясы бойынша, түсінбеген нәрсесінен бас тартады ғой. Сол себепті біз осы бағытта жұмыс істедік. Біздің ұжымда қаржы нарығына жаңа келіп танысқан мамандар болды, сол адамдар бізге көмек берді десек болады. Себебі оларға түсінікті болу үшін, өте қарапайым тілмен сөйлеп, түсіндіруге тырыстық. Осы арқылы ақша табуға болатынын айттық. Көп жағдайда бізде халық акция дегеннің не екенін түсінбейді. Олар акцияны екі затты бір заттың құнымен сатып алу деп түсінеді, ал облигация деген нәрсе Кеңес Одағынан қалған, криминалдық киноларда айтылатын дүние деп біледі. Мамандар сол түсінбейтін халыққа өздерінің қарапайым да ұғынықты тілімен айтып, түсіндіруі керек», – деді Максим Кабанов.

Бүгінгі таңда  Jusan Academy осы бағытта жұмыс істеп келеді. Онда мамандар кез келген адамға қаржы нарығының қыр-сырын түсіндіріп береді. Осының арқасында Jusan қосымшасы арқылы инвестиция саласында бiлiмiн шыңдап, тәуекел мен мүмкіндікті болжай алатын сапалы инвесторлар саны артып келеді. 2021 жылдың қаңтар айында инвесторлар саны 1700 болса, қазіргі кезде бұл сан 170 мыңнан асқан. Өз сөзінде Максим Кабанов қазақстандық инвесторлардың ерекшелігін сипаттап берді.

«Қазақстандық инвестор көп жағдайда бар назарын банкке, яғни банк депозиттері сияқты өнімдерге бөледі. Бұл - еуропалық, германиялық модель. Көп жағдайда қор нарығын казино, қаржы пирамидасы сияқты дүние, алаяқтық деп түсінеді. Себебі өздерінің байқағандай қаржы пирамидаларының атауларында «инвест», «брокер» деген сөздер кездесіп жатады. Негізі қазақстандық инвестор өте сақ, көп нәрседен қорқады. Біздің міндет – қаржы нарығының сондай күрделі дүние емес екенін түсіндіріп, кәсіби мамандармен, лицензиясы бар компаниялармен жұмыс істеу арқылы түрлі  келеңсіз жайттардан аман қалатынын жеткізу. Екіншіден, қаржы нарығы арқылы адам ұзақ уақыт бойы ақша таба алады, олардың ақшалары олар үшін жұмыс істейтінін түсіндіру. Біз арқылы қазақстандық және халықаралық нарыққа қол жеткізе алады», – деді Максим Кабанов.    

Сарапшының айтуынша, мұндай түсіндіру жұмыстарын олар тек Қазақстанның ерексек азаматтары ғана емес, жасөспірімдер арасында да жүргізіп отырған. Осы мақсатта Jusan Invest  жаңа жобаны іске қосқан. Jusan Junior деп аталатын жобада 10 мен 16 жас аралығындағы балаларға қаржы нарығы жайында түсініктеме береді. Онда оларға банк тетіктері туралы, сақтандуру жайында, бұл салада кездесуі мүмкін алаяқтар туралы айтып береді. 16 жасқа толған жасөспірімдер брокерлік операция жасауға құқылы болады, яғни мамандар жас буын қазақстандықтарды қаржы нарығына икемдеді.

Сонымен қатар Максим Кабанов қазақстандық инвесторларға өз кеңесін берді. Сарапшының пікірінше, қазіргі кезде қаржы нарығына саламын деген қаражатты шикізат шығарумен шұғылданатын компанияларға салудың қажеті жоқ.

«Қазіргі кезде дивиденді жақсы, сапалы әрі күшті балансы бар компанияларға салған дұрыс. Белгілі бір эмитентті таңдаудың қажеті жоқ, осындай компаниялар жиынтығын таңдаған жөн. Негізі қолда бар қаражатты бірнеше компания қоржынына алған дұрыс. Себебі бір ғана компанияны таңдасаңыз, қандай да бір форс-можор жағдай болғанда, мәселен, Ресейде болған жағдайда, тек Ресейде болсаңыз, зардап шегер едіңіз. Бұл жағдай ұзаққа созылмайтын шығар деп үміттенемін. Ал егер де салынған қаражаттың бір бөлігі басқа жерде болса, онда айтарлықтай зардап шекпейсіз. Демек, қайталап айтамын, дивиденді жақсы, балансы күшті компанияларды таңдау керек. Қазіргі кезде қорғаныс саласындағы компаниялардың акциясы жақсы. Болашақта АҚШ-тағы инфляцияны бақылай жүріп, технологиялық компаниялардың акцияларына салған дұрыс болады», – дейді сарапшы.

Максим Кабановтың болашаққа деген сенімі зор. Себебі дағдарыс өмір бойы жалғаса бермейтінінін айтады. Сондықтан қазіргі кезде қаржы нарығына келген азаматтарға сабырлық танытып, жұмыс істеуге шақырды.

«Ерте ме, кеш пе, дағдарыстан шығатын күн болады. Сол себепті нарықта жүріп, әрекет еткіңіз келсе, дағдарыс кезінде бар қаражатыңызды ұтымды баға бойынша жұмсаған жөн. Кейінге көз салсақ, осыдан тоғыз ай бұрын нарықтағы баға жоғары болатын, сол кезде бәрі «Неге қымбат?», «Қашан арзандайды?» деп сұрап жүретін. Арада біраз уақыт өткенде халық «Бәрі арзандап кетіпті, қашан қымбаттай бастайды?» деп сұрай бастады. Қалай болғанда да, нарық өсіп келеді. Біздің нарық – сол әлемдік нарықтың бір бөлігі. Бізде де өсетін эмитенттер бар, олардың құны өседі, бірақ олардың саны тым аз. Олардың саны 30-50 болғанда, біз нарықтың қалай өскенін байқап отырар едік, бірақ олардың саны әзірге аз болып тұр», - деді Максим Кабанов.

Максим Кабанов қазақстандықтардың қаржы нарығына қатысып, пайда табу үшін, өзі зерттеп, көз жеткізген кеңесімен бөлісті. Яғни тұрақты табысқа қол жеткізіп отыру үшін кез келген адам өз табысының бір бөлігін қаржы нарығындағы жағдайға қарамастан, осы салаға салып отыру керек. Салынған ақшаның пайдасын салушылар үш-төрт жылдан кейін көре бастайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
30574 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить