Bloomberg 2017 жылы инвестиция үшін ең үздік және жағымсыз болған активтерді атады

6668

2017 жылы ең көп табыс тапқандар тізімінде биткойн мен өзге криптовалюталарға инвестиция салғандар болды. 2007 жылдың басында биткойн құны небары -$1000 болса, қарашада - $7000 жетті, қазір -$15 000 бағалануда

Фото: © Depositphotos.com/sdecoret

Ал дәстүрлі активтердегі жағдай қандай? Bloomberg үздіктер мен жағымсыз көрсеткіштегілердің тізімін жасады.

Валюта

Озықтар санатында мозамбиктің метикалы көш бастады. Оның долларға шаққандағы бағамы бір жылда 21% артты. Екінші орынға чех кронасы мен польшалық злотый тұрақтады. Олардың құны 18% көтерілді.

Ең басты аутсайдер- өзбек сомы болды. Оның ресми курсы 60% құлдырады.

Шикізат

Палладий салымшылары ең көп табыс тапқандардың қатарынан көрінді. Оның құны бір жылда 54% қымбаттады. Мыс пен алюминий құны жылына 29% көтерілді.

Табиғи газ бен азық-түлік өнімдеріне бағытталған инвестицялар шығынға батырды. Мәселен, қант, кофе,соя тұқымдасының бағасы төмендеді.  

Құнды қағаздар

Мемлекеттік облигацияларда едәуір өсім байқалды. Грекия құнды қағаздары (60%) , Белиз (39%), Сальвадор (29)%, Ангола (29% қымбаттады). Bloomberg компаниялардың бағалы қағаздары арасынан голландияның Ajecorp (83%), американдық Chinos Intermediate Holdings (79%) және Pinnacle Operating Corporation (+77%) корпоративтік облигацияларын атап көрсеткен.

Венесуэла облигацияларын ұстанушылар ұтылды (55% арзандады), сонымен қатар Cenveo Corp (71%), FGI Operating (67%) және Concordia International (60%) құнды қағаздарында осындай құбылыс байқалды.

Қорлар индексы

Ең жоғарғы өсімді украинаның UX — плюс 80% көрсетті. Сонымен қатар Қазақстан (64%) мен Моңғолия (63%) қорларының индексы жоғарылады.   

Пәкістан (22%), Катар (16,5%) және Оман ( 9%) қорларының индексы төмендеп кетті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить