Қазақстандық ерлі-зайыпты кәсіпкерлер батыстық инвесторларды қалай қызықтыра білді

ILF ADILET & ALEM компаниясының негізін қалаған Абзал мен Айгерім қандай жобаларды қолға алуда

Бұл жайында Forbes.kz тілшісіне сұхбат берген компания басшысы Абзал Мыңбаев айтып береді.

F: Идея қалай пайда болды және оны іске асыру қашан басталды?

- Біз заңгерлік және консалтингтік қызметтер нарығында 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Бұл біздің негізгі қызметіміз. Қазақстан аумағындағы ірі компанияларды және бизнесті корпоративтік қолдау болып табылады. Бізге жүгінген клиенттеріміздің басым бөлігі шетелдік компаниялар, сондай-ақ қазақстандық ірі бизнесмендер болды, біз оларға Қазақстанда ғана емес, шетелде де қолдау көрсетіп келеміз. 2016 жылы батыстық бизнесмендердің Қазақстанға инвестиция салуға деген қызығушылығының артуымен байланысты, Миланда өкілдік ашу туралы идея пайда болып, мүмкіндік те бола кетті.

Неге Милан десеңіз, Ломбардия аймағының өндіріс пен әлемдік сән индустриясы көшбасшыларының астанасына айналғаны ешкімге құпия емес, сондай-ақ оның географиялық орналасқан орны да қолайлы. Ол кезде Швейцарияда болған едім, Қазақстаннан жұмыс істеп тұрған бір жобаны қайта қаржыландыру мүмкіндігі туралы сұраныс келіп түсті. Осы сұраныс біздің тарапымыздан тездетіп әрекет етуге және қаржы тарту жүйесі мен олардың қоятын талаптарын тереңінен түсіну үшін қаржы институттарымен және банктік ұйымдармен бірқатар кездесулерді ұйымдастыруға түрткі болды. Аталған кездесулер мен атқарылған жұмыстың нәтижесінде біз ынтымақтастық және қаржыландыру туралы бірқатар келісімдерге қол қойдық.

F: Компанияның миссиясы қандай? Инвестор тарту механизмі қалай жұмыс істейді?

- Біздің қаржылық мүдделеріміз туралы айту жаңсақтық болар, бірақ бұл жағдайда аталған факт екінші дәрежелі болып табылады. Біздің компанияның негізгі миссиясы бұрыннан бар компаниялардың өсуі мен дамуына қажетті және қазақстандық бизнесмендердің жаңа жобаларын іске асыруға көмектесетін инвестицияларды тарту болып табылады. Жекелеген кәсіпорынның өсуі мен әл-ауқатының артуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, Қазақстанның шикізат беруші мемлекеттен өнеркәсіптік мемлекетке дейін көтерілуіне мүмкіндік береді. Механизм өте қарапайым, бірақ қаржы саласыгдағы ашықтықты, білімдер мен даңдыларды талап етеді. Әр банктің немесе қаржылық институттың өз талаптары бар, біз бизнес идеяны және оның қаржылық құрамдасын соларға сәйкестендіріп бейімдеуге тиіспіз. Кәсіпкер бүкіл процедураны қадағалап отыра алады және келіссөздер арқылы түзетулерді ғана енгізіп қоймай, ескерілмей қалған мәселелермен толықтыра да алады. Міне, сырттан қаржы құралдарын тартудағы ашықтық дегеніміздің мәнісі осы.

F: Қанша және қандай жобалармен жұмыс істедіңіздер, қай елдерден, қандай компаниялармен?

- Біз консалтинг, заңгерлік қызметтер және жобаларға қаржы тарту саласындағы компаниялармен жұмыс істеп келдік, әлі де жұмыс істей бермекпіз. Бұл – әлемнің 20-дан астам елі. Жобалар сан алуан, өндіріс орнын ашудан бастап, агро-өнеркәсіптік кешенге инвестиция құралдарының құйылуына дейін. Мәселен, біз жылдам тамақтандыру саласындағы Американа Груп (Қазақстанда КФС, Коста Кофе, Пицца Хат және Хардиз түрінде ұсынылған), картоп өндіру және оны қайта өңдеу бойынша неміс компаниясы Фарм Фритц, Есентай мол сауда орталығын салуға қатысқан Алто Партнер, (Луи Виттон, Прада, Долче н Габбане және т.б.), әлемдік конгламерат Отис және басқа компанияларға қызмет көрсеттік.

F: Жалпы қанша инвестиция тартылды? Қандай салаларға? Қаржы көзі қайдан?

- Қазірге дейін шетел бизнесімен $60 млнның келісімі жасалды, $12 млн аударылды, тағы $30 млнға келісім жасалуда, жалпы бұл шамамен $100 млн. Инвестициялар тарту мен қаржыландыру саласындағы қызметімізді 2016 жылғы тамыз айында бастағанымызды ескергенде, біз жасыл энергетика, мемлекет-жекеменшік әріптестіктер, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларында жобаларымыз іске асырылды және әлі іске асу сатысында тұрғандары да бар, сол сияқты қазіргі сәтте Қазақстанның екі өңірінде қалдықтарды қайта өңдеу саласына $100 млн астам сомаға әріптес тартуды жаңғырту бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

F: Сіздердің табыстарыңыз қалай белгіленеді? Бұл қаншалықты кірісті сала?

- Біздің міндеттемелеріміз бен қызметтеріміз қызмет көрсету туралы шартпен белгіленеді. Қызметкөрсету саласы әрдайым табысты бизнес саласы болып келді және болып қала бермек, өйткені бұл – таза идея, мемлекеттер мен корпорациялар арасында байланыс орнатудағы сіздің білімдеріңіз мен қабілеттеріңіз. Бұл қызмет қымбат тұрады, бірақ көп уақытты да алады. Себебі мемлекет барлық қарым-қатынастарды реттеп, заңнамаға енгізіп қойды, сондықтан бізге Тапсырыс беруші үшін мейлінше пайдалы және қорғалған жүйе мен бизнес жолын салу қажет.

F: Команда кімдерден құралған? Олар қалай таңдалады?

- Қазіргі сәтте компанияда 30 жылдан астам тәжірибесі бар, АҚШ-тың, Еуропа мен Қазақстанның жетекші университеттерінде білім алған мамандар жұмыс істейді, сондай-ақ небәрі 3 жылдан астам жұмыс өтілі бар, былтыр ғана Астанада университет тәмамдаған, дегенмен біздің компанияның жарық жұлдызы және тапқан олжасы болып табылатын жас маман да бар.

Біз кәсіпқойларды іздемейміз. Біз оларды өсіріп шығарамыз. Қазақстандықтардың потенциалы орасан зор. Бастысы – нағыз бизнес жағдайларында практикадан өту арқылы үйренуге мүмкіндік беру. Қызметкерлерді таңдаудағы критерий олардың шешім қабылдай алуы, өзінің заңгер ретінде ғана емес, халықаралық инвестициялар саласындағы консультант ретінде де дамитынына және мақсаттарына жететініне деген сенімінің болуы.

F: Қытаймен қандай жобалар қолға алынбақ? Оларды не қызықтырады?

- Бүгінгі күні біз қытайлық әріптестермен энергия қорлары және құрылыс салаларында жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен бірге Қытай тарабының идеясы болып табылмайтын, дегенмен Қазақстан-Қытай шекаралас аумағында, «Хоргос» Шекара маңы ынтымақтастық орталығында, Қазақстан тарабынан толық инвестиция тартумен жүзеге асырылатын жобамыз да бар.

F: Өздеріңіз жайлы айтсаңыз? Қайда білім алдыңыздар, бірге бастаған жолдасыңыз жайлы айтсаңыз?

 

- Мен өзім Алматы облысы, Талдықорған қаласынанмын, жоғары білімді Мәскеуден алдым. АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда және Ресейде тұрдым. Қазақстанда мемлекеттік қызметте жұмыс істедім, мемлекеттік және жекеменшік компанияларды басқардым. Зайыбым Айгерим Берекешова АҚШ-та Колумбия Университетін гранттық негізде, еліміздің ұсынған мүмкіндіктерін пайдаланбай оқып бітірген, бұл оның талпынысы мен мақсатқа берілгендігін білдіреді. Оның креативтілігі заңгер мамандығымен шектелмейді.

F: Жасыл технологиялармен айналысады екенсіздер. Қандай жобаларды қолға алдыңыздар? Ерекшелігі неде?

- Президент бастамасымен Орта Азия өңірінде, Қазақстан Республикасының Жасыл Технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы Коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру идеясы дамудың жаңа кезеңіне өтуге түрткі болып табылды. Қазіргі таңда біз Қазақстан Республикасының Жасыл Технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы Коммерциялық емес акционерлік қоғамы тәуелсіз консалтингтік компаниясы болып табыламыз. Орталық басшылығы жобаларды қаржыландыру бойынша, сондай-ақ жасыл технологиялар мен жаңартылмалы энергия көздері саласында шетелдік әріптестерді іздеу бойынша консультация беру қызметтерін ақысыз негізде ұсынып отыр. Бүгінгі күні жаңартылмалы энергия көздері, күн энергиясы және су электр станциясы саласында тың жобаларды іске асырудамыз. Бұл саладағы негізгі әріптестеріміз қазақстандық компаниялармен бірге Германия, Қытай, Италия және Израиль болып отыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3999 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
25 июня родились
Именинников сегодня нет
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить