Қазақстандағы инвестициялық климат қалай өзгерді

15541

2018 жылы қанша қаржы тартылады, қандай жобалар іске қосылмақ

Жандос Оразалиев
Жандос Оразалиев

Forbes.kz осы және өзге сұрақтар бойынша Kazakh Invest Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Жандос Оразалиевтен сұхбат алды.

F: Жалпы биыл қанша инвестор келді, инвестиция көлемі қандай? Ағымдағы жылы кімдерді күтеміз? Жуырда ірі деген қанша, қандай кәсіпорындар ашылады? Қай өңірлерде?

 - Kazakh Investің негізгі қызметі шетелдік инвестицияларды экономиканың басым секторларына тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу болып табылады.

Өткен 2017 жылы біз экономиканың ауыл шаруашылығы, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау, мұнай өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері саласы, ақпараттық технологиялар секторларына және басқа да салаларға инвестицияларды тарту бойынша шетелдік компаниялармен жалпы сомасы $1,1 млрд құрайтын 25 келісім жасадық.

2017 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша инвестицияның жалпы сомасы $188 млн құрайтын 9 жоба пайдалануға енгізілді.

Биыл «Kazakh Invest» инвестициялар тарту жөніндегі қызметті щеңберінде жалпы сомасы $48,3 млрд құрайтын шетелдік инвесторлардың қатысуымен, шамамен 60 мың жұмыс орны ашылуы көзделген 197 нақты жобалар тізбесін дайындады.

Ағымдағы жылы біз құны $4,2 млрд құрайтын 58 инвестициялық жобаның қолданысқа енгізілуін күтеміз. Негізінен бұл Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылатын, жеңіл, құрылыс салаларында және жаңартылатын энергия көздерін өндіру саласында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар.

F: Инвестиция қай саладарды қамтиды, қаржы қайда салынып жатыр? Оның ішінде шикізатпен байланысты емес саланың үлесі қандай?

- ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес 2017 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының көлемі $20,8 млрд болды, бұл шамамен өткен жылғы деңгейде. Оның ішінде шикізатпен байланысты емес инвестицияның көлемі $10,7 млрд-ты құрады. Тікелей шетелдік инвестициялардың жылпы ағынының ең көп өсуі келесі салаларда байқалады: Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 40,1%; көтерме және болшек саудада – 36,6% және өндеу өнеркәсібінде – 27,2%.

F: Президент әлемге әйгілі трансұлттық компаниялар тартылатынын айтып еді. Олар қай елден, қандай компаниялар,қаржы үлесі қандай?

- Бүгін бізбен ТҰК қатысуымен жалпы сомасы $7 млрд құрайтын шамамен 10 жоба қарастырылуда, олар негізінен өнеркәсіпті өңдеу саласына тартылады. Атап айтқанда бұлар әлемдегі елдердің Ұлыбритания, Жапония, Нидерланды, АҚШ және басқа да елдер сияқты ондаған бірінші ірі инвесторлары.

Олардың арасында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен әлемдегі полиэтиленді өндіру бойынша 4 ірі өндіруші компаниялардың тізіміне кірген Borealis австриялық компаниясымен іске асырылатын, Атырау облысындағы полиэтилен өндіру бойынша ірі жобаны атап өтуге болады.

F: Шетелдерде өкілдіктеріңіз ашылғанын білеміз? Олар негізінен қай елдерде, нәтижесі қандай?

- Қазіргі уақытта «Kazakh Invest» компаниясының АҚШ, Франция, Германия, Қытай және Түркия елдерінде шетелдік өкілдері бар. Біз олармен тығыз қарым-қатынаста бола тұрып инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргіземіз. Тиісті елде тұрып, шетелдік өкілдерде бизнесті жүргізудің жергілікті ерекшеліктері бойынша толық көрінісі және инвестиция тарту саласында тәжірибесі бар мамандар, Fortune және Forbes халықаралық рейтингте ұсынылған компаниялармен іскерлік байланыстары бар беделді бизнесмендер болып табылады. Өкілдіктің платформасы шетел компанияларымен байланыс орнатуға, олардың Қазақстан Республикасына инвестициялау бойынша қызығушылығын анықтау және қалыптастыруға, сондай-ақ қабылдаушы елдің бизнесімен тұрақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

F: Қазақстан тараптар арасындағы келісімдерді орындау бойынша қандай орында?

- Келісімшарттардың жалпы орындалуы туралы айта кететін болсақ, Дүниежүзілік банктің Doing Business 2018 есебіне сәйкес, «шарттарды орындау» көрсеткіші бойынша Қазақстан 190 елдің ішінен 6-шы орынға ие болды. Өткен жылда бұл көрсеткіш бойынша біз 9 орында болатынбыз.

F: Демек Қазақстандағы бизнес климат жыл санап өзгеріп келеді ғой...

- Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында Қазақстан Орталық Азияда тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы болып табылады. Инвесторлардың қызығушылығы DoingBusiness Дүниежүзілік банктің рейтингінде әлемдегі 190 елдің арасында Қазақстан 36-шы орында сенімді тұруымен түсіндіріледі.

Республика сондай-ақ, рейтингтің 6 индикаторы бойынша өз позициясын жақсартты. Мысалы, «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан бірінші орын алады. «Келісім-шарттарды орындауды қамтамасыз ету» индикаторы бойынша – алтыншы. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында шамамен $300 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.

F: Жуырда Kazakh Invest делегациясының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапармен барғаның білеміз? Қандай келісімдер жасалды, жуырда қандай компаниялар келетін болды?

- Kazakh Invest делегациясының БАӘ-не жасаған сапары сәуірдің 8- 10-ны аралығында өтті. Делегация Дубайдағы қант зауытын қарап шықты және Қазақстан аумағында серіктестерімен бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы алдын-ала келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, «General Electric», «Al Ahli Holding Group» «Al Nowais Investments», «Phoenix Global DMCC», «Royal International Group», «KAAF Investments», «PETROMAL» атты ірі компаниялармен кездесулер өтті. Аталған компаниялар энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, ойын-сауық кешендер құрылысы, жаңартылатын энергия көздері, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі, болат өндірісі, мұнай өндеу салаларында қызығушылық танытып, қазіргі таңда олардың Қазақстанға іс-сапарын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа тәжіреби алмасу, Дубай қаласында өкілдігін ашу, инвестиция тарту бойынша халыкаралық серіктестер табу, ақпараттық қолдау, ірі форумдарға, көрмелерге қатысу туралы сұрақтар бойынша ҚазақИнвест делегациясы «Annual Investment Meeting», «LuLu Group International», SORP, «Shurooq» Шаржа инвестициялар және даму агенттігі, Біріккен Араб Әмірліктерінің Экономика Министрлігінің Халықаралық Инвесторлар Кеңесі, Абу-Даби экономикалық даму департаменті, «Fujairah Free Zone» еркін экономикалық аймағы басшылықтарымен кездесіп, бірқатар жемісті келісімдерге қол жеткізді.

F: Инвесторлар үшін артықшылықтар бар ма? Оларды қызықтыратыны не?

- Иә, бар. Мәселен,инвестициялық жобалар бойынша өңірлерде компаниялар үшін инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

Кедендік баждарды салудан босату:

- технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының бес жылдан аспайтын мерзімге импорттау кезінде;

- тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және материалдардың бес жылға дейінгі мерзімге импорттау кезінде.

Мемлекеттiк заттай гранттар:

- Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, кейінен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiле отырып, уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетін не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсынылатын мұлік;

- Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғары мөлшерi тiркелген активтерге салынатын инвестициялар көлемiнiң 30% аспайды.

 Инвестициялық басым жоба бойынша қосыша ретінде төмендегілер ұсыныла алады:

Салықтар бойынша преференциялар:

- есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100% азайту;

- жер салығы мөлшеріне 0 коэффициентін қолдану;

-мүлік салығын салық базасына 0% мөлшері бойынша есептеу.

Инвестициялық субсидия:

- құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдықты сатып алу үшін фактілік шығыстарды 30% дейін қайтару.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube