Невзат Уянык: Қазақстан Түркия Мемлекеті үшін ең маңызды серіктес

Қос елдің арасындағы экономикалық байланыс қалай қалыптасты

Невзат Уянык
Фото: Архив пресс-службы
Невзат Уянык

Түркия Қазақстанға қанша инвестиция салды, қандай жобалар іске асырылды, банк секторында қандай өзгерістер болуы мүмкін, Жаңа Жібек жолы жобасына Түркия қалай атсалысады, аталған мемлекет әлемдегі озық елдерінің ондығына қалай енеді? Бұл жайында Forbes.kz тілшісіне сұхбат берген Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык айтып берді.

F: Құрметті Елші мырза, қазірде Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстың белестері қандай, көрсеткіш қаншалықты өсті?

- Қазақстан мен Түркияның бауырлас елдер болып табылатынын тарихтан білесіздер. Түркия 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып мойындады және сол кезден бастап саяси, экономикалық, гуманитарлық байланыс қарқынды дамып келеді. Қазақстан Түркияның осы аймақтағы ең маңызды серіктесі болып табылады. Түркия Қазақстан үшін энергетика саласынан бөлек, сауда, сыртқы сауда және тікелей сауда бойынша маңызды серіктес. Мәселен, 2017 жылы екі мемлекет арасындағы сауда айналымы $2,4 млрд құрады. Биыл, яғни 2018 жылдың басынан бұл көрсеткіш 20% артты. Қазірге дейін түрік инвесторлары, кәсіпкерлері $3,2 млдрд тікелей инвестиция салды. Түркияның құрылыс және инфрақұрылым саласындағы мүмкіндігі өздеріңізге мәлім. Бұл әлем бойынша ең табысты салалардың бірі болып табылады. Қазақстанда қазір Түркияның 485 жобасы тәмамдалды. Олардың жалпы құны $23 млрдтан асады.

F: Жаңа Жібек жолын жандандыруға қатысып жатқандарыңызды білеміз. Бұл бағытта қандай бірлескен жобалар қолға алынды?

- Қытай бастамасымен жүзеге асып жатқан Жаңа Жібек жолы жобасы арқылы Қазақстан Eуразия құрлығының ең маңызды бөлігіне айналды. Түркия мемлекеті де осы тарихи бағытты жандандыру жобасы бойынша 2015 жылы Қытаймен өзара келісімге қол қойды. Білесіз, 2017 жылы Түркия елінде «Баку-Тбилиси-Карс» атты темір жол желісі іске қосылды. Ашылу салтанатына Қазақстан тарапынан Премьер-министр Бахытжан Сағынтаев қатысқан болатын. Бұл Каспий аймағы, Батыс пен Шығыс елдері және Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстың одан әрі дамуына ықпал етеді деп ойлаймын. Бұл тек сауда ғана емес, аталған мемлекеттердің, жалпы Орталық Азия елдері арасындағы гуманитарлық қатынастың арттыру арқылы елдердің ынтымақтастығын жақсартады деген сенімдемін.

F: Қазақстан президенті 2018 жыллдың қыркүйегінде Түркияға ресми сапармен барғаны белгілі. Қандай саяси, экономикалық мәселелер қаралды, нәтижесі қандай?

- Қазақстан мен Түркия президенттерінің арасындағы бауырлас байланыс саяси алаңда да өте жоғарғы деңгейде. Қазақстанмен ынтымақтастығымызды тек аймақтық деңгейде емес, халықаралық дәрежеде дамытуға мүдделіміз. Қазақстан 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды және Түркия бұл бағытта да Қазақстанға үлкен демеу көрсетеді. Біз «Астана-Экспо-2017» халықаралық көрмесіне қатысқан үлкен елдердің бірі болдық. Қазақстан Президентінің 2018 жылы қыркүйекте Түркияға жасаған сапарында Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты және отырыс жоғарғы деңгейде өтті. Нәтижесінде саяси, экономикалық, мәдени мәселелер бойынша жаңа келісімдер жасалды, оның ішінде екі жақты мәдени ошақтар ашу туралы шешімге келдік. Кәсіпкерлік пен бизнесті екі ел арасында ғана емес, үшінші елдерге де қолдау көрсетіп, бірлесіп жұмыс істеу мәселелері қаралды. Мәселен, қазіргі күні Қазақстанда жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің саны 2 мыңнан асып отыр.

F: «Астана» халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастағаны белгілі. Түркия инвесторлары арнайы экономикалық аймаққа қатысуға қаншалықты мүдделі?

- Қазірде Қазақстанда Түркияның «Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі» (Kzі Bank) жұмыс істеп келеді. Бұл Түркияның мемлекеттік банкі және қаржыландыру толығымен соларың есебінен. Қазақстанда оның 5 филиалы бар, Астана, Алматы, Шымкент сынды ірі қалаларда және аймақтарда. Біз осы банктің көмегімен өзара бірлесіп Қазақстанда банк секторының қызметін дамыттық. Енді екі жақты қарым-қатынасты дамыту арқылы бұл жұмысты алдағы уақытта «Астана» халықаралық қаржы орталығында жалғастырамыз деген сенімдеміз. Бірақ, Түркия тек бір банкпен ғана шектелмейді, сонымен қатар түркиялық «EXIM Bank» бар және бұл алаңда қызмет етуге мүдделі болып отырған өзге де қаржылық, инвестициялық компаниялар бар.

F: Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр. Ал Түркияның алдағы межесі қандай? Елдің қазіргі экономиклық жағдайын қалай сипаттап берер едіңіз?

- Біз Қазақстанның ұмтылысын қолдаймыз және оған жететініне сенімдіміз. Ал G-20 елдерінің мүшесі болып табылатын Түркияға келсек, қазірде елдегі жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көрсеткіші мен сатып алу қабілетінің паритеті әлемде 17-ші орынға орналасты, ал Еуропаның алпауыт экономикаларының ішінде 5-ші орынды иеленеді. Саяси географияны кеңейту аясында қазірде шет елдерде 240 дипоматиялық өкілдіктер бар, бұл шет елдерде ең көп өкілдіктер құра білген мемлекеттердің арасында 5-ші орын деген сөз. 200 астам мемлекетпен сауда жасайды және алдағы жоспар бұдан да биік. Түркия 2023 жылға қарай, яғни мемлекетіміздің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында әлемнің ең алпауыт экономикасымен белгілі 10 мемлекеттің қатарына кіреміз деген мақсат бар. Біз барлық мемлекеткен ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделіміз. Түркия қауіпсіз әрі тұрақты даму үшін «Еліміздегі бейбітшілік-әлемдегі бейбітшілік» қағидасын ұстану арқылы, сонымен қатар «бастамашыл және гуманитарлық» тұрғыдан өзінің сыртқы саясатын жүргізіп келеді және жүргізе береді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1699 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
16 ноября родились
Гульнара Алимгазиева
управляющий директор НАО «Фонд социального медицинского страхования»
Игорь Мельцер
медиаменеджер, основатель газеты "Время"
Самые интересные материалы сайта у тебя на почте!
Подпишись на рассылку
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить