Германиялық серіктестер: Қазақстансыз ешқандай Жібек Жолы болмайды

8519

Еуропадан Азияға бет алған Blue container ынтымақтастық поезды батыс пен шығыс елдері үшін не береді

2018 жылдың маусымында Германиядан Дуйсбург-Бейжің бағытындағы Blue container поезды жолға шыққан болатын. 180 күн ішінде Ұлы Жібек жолы бойындағы елдерді басып өтетін көлік керуенінің бағдарламасы мен миссиясы қандай? Астана «Көгілдір контейнер» аталатын темір жол құрамын қай кезде қарсы алады, жалпы бұл жоба Қазақстан үшін, Жібек жолын жандандыру үшін не береді? Forbes.kz Еуропа мен Азия арасындағы халықаралық тасымал туралы және еліміздің транзиттік мүмкіндігі жайында Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтан сұхбат алды.

F: Жуырда Германиядан Азияға қарай «Көгілдір контейнер» поезды жолға шыққанын білеміз. Сапар қанша уақытқа жалғасады, оның құрамында кімдер бар, қандай елдерге тоқтайды?

Болат Нүсіпов

Болат Нүсіпов

- Сапар барысында пойыз қатысушы елдердің астаналарында 10 күндік аялдамалар жасап, мәдени және экономикалық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. «Көгілдір контейнер» поезды жобасы Жаңа Жібек жолы өтетін 11 елдің (Германия, Австрия, Италия, Швейцария, Греция, Түркия, Иран, Түркменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қытай) қатысуын көздейді. Сапар 6 айға жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталаған контейнерлік поезды 2018 жылдың қараша айында Қытай астанысы Бейжіңге жетеді деп жоспарланған.

F: Жобаның миссиясы мен бағдарламасы қандай? Оны ұйымдастырушылар кімдер?

- Жобаның миссиясы – ынтымақтастықты белсендіру, әсіресе Жаңа Жібек жолына қатысушы елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту. Жобаның ұйымдастырушысы – Германияның Дюссельдорф қаласында ораналасқан «Deutsch Chinesischer Kulturaustausch für Kunst und Design e V», DCKD, (Герман-қытай мәдени өзара іс-қимыл жөніндегі қоғамы) компаниясы болып табылады. Біздің неміс серіктестеріміздің айтуынша «Қазақстансыз ешқандай Жібек Жолы болмайды».

F: Салтанатты шығарып салу рәсімінде сөз сөйлегеніңізді білеміз. Бұл шараға ҚР Германиядағы Елшілігінің ресми шақырылуы тегін емес шығар. Бұл жобадағы Қазақстанның орны, маңызы қандай?

- Аталған жоба Қытай бастамасының «Бір белдеу - бір жол» бренді аясында өтетінін және оның Қазақстанның мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасымен түйісетін болғандықтан, сондай-ақ қатысушы елдердің мәдени, гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастықты тереңдетіндігі біздің тарап үшін де маңызы өте зор.

F:  «Көгілдір контейнер» Астанаға қай кезде келеді? Қазақстанда қандай шара ұйымдастырылады?

- «Көгілдір контейнер» поезды 2018 жылдың тамыз айында Елордамыз Астанаға келеді деп жоспарлануда. Қазақстанда 10 күндей болады. Осы уақыт аралығында көптеген мәдени және экономикалық шаралар өтеді. Атап айтқанда көрмелер мен форумдар.

F: Демек, бұл жоба Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін арттыруға ықпал ете ме?

- Еуропа мен Азия арасындағы сауда-саттықты қамтамасыз ететін «Жібек жолы» жобасының арқасында транзиттік жүк тасымалдайтын контейнерлік теміржол бағытында 2011 жылдан бастап Қазақстан арқылы «Чунцин-Дуйсбург» және 2013 жылдан бастап «Чжэнчжоу-Гамбург» теміржол бағыттары жүріп жатыр. Соңғы бес жыл ішінде Қазақстан арқылы Қытай-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымалдау 100 есеге өсті.

F: Қазақстан мен Германия арасында контейнерлік тасымал артқанын айтып едіңіз. Қандай да бір деректер, тауар айналымына қатысты мәліметтер бар ма?

- Жоғарыда айтқанымдай, соңғы бес жыл ішінде Қытай-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымалдау 100 есеге өсті. Тек 2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға контейнерлік пойыздар арқылы жүктерді тасымалдау көлемі 5 есеге дейін немесе 106 мың ЖФЭ-ге (жиырма футтық эквивалент) өсті. 2017 жылғы мәліметтерге сәйкес тасымалданған тауарлар көлемі 119 мың ЖФЭ-ні құрады, ал 2020 жылға қарай 800 мың ЖФЭ-ден асып түседі. Бұл бағытта «Deutsche Bahn» неміс темір жолы мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ нақты жұмыс істеп жатыр.

F:  Германия, жалпы Еуропа Жібек жолын дамытуға,бұл бағыт арқылы тауар тасымалдауға қаншалықты мүдделі?

- Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы өтетін жүк коридорындағы контейнерлік тасымалдауды дамыту неміс бизнесі үшін басым бағыттардың бірі болып саналады. Қытайдан Еуропаға теміржол көлігімен жүктерді тасымалдаудың бағасының салыстырмалы түрде жоғары болғанына қарамастан, бұл жобалар теңіз бағытына қарағанда жеткізу уақыты екі есе аздығымен тартымды болып есептеледі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить