Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы бизнес байланыс жаңа сатыға көтерілмек

19871

Қос мемлекет қандай келісімдерге қол қойды, қандай жобалар жүзеге аспақ?

Қазақстан мен Кореяны не байланыстырады? Екі мемлекет арасындағы сауда айналымына қатысты қазіргі көрсеткіштер қандай? Алдағы уақытта қандай бизнес жобалар іске асады? 2019-2022 жылдарға арналған «Самал жел» бағдарламасынан не күтеміз? Бұл туралы 2019 жылдың 22 сәуірінде Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға жасаған Мемлекеттік сапары аясындағы келісімдер мен кездесулерге шолу жасаған Forbes.kz тілшісінің материалында қамтылады.

«Атамекен» ҰКП мәліметінше Қазақстан мен Корея жалпы сомасы $3,2 млрдты құрайтын ынтымақтастық туралы 30-дан астам келісімге қол қойды. Қол қою рәсімі Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған Қазақстан-Корея бизнес-форумы шеңберінде өтті. Олардың қатарында «Mineral Product» ЖШС қазақстандық компанияның феррумбалқытпаларын өндіру зауыты құрылысын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумы, кореялық Sac Holding компаниясымен жылыжайларға арналған жабдықтарды өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру туралы келісімі, «Қазлифт» қазақстандық лифт салушы компания» ЖШС және LGS Elevator Korea Ltd. компаниясы арасында лифтілерді өндіру бойынша жобаны іске асыру және лифтілік жабдықты жаңғырту қызметтерін көрсету жобасын жүзеге асыру келісімі бар. Жалпы, мемлекет басшыларының қатысуымен өткен форумға екі жақтың іскерлік ортасынан 500-ден астам өкіл қатысты, оның 300 қазақстандық, 200 астамы корей компанияларының өкілдері.

Сонымен қатар, Қазақстанда кореялық «Hanki Industrial Co» мен «Оператор РОП» ЖШС арасындағы инвестициялық келісімдер шеңберінде қалдықтарды утилизациялау арқылы энергия өндіру зауытының құрылысын басталатыны белгілі болды. Зауытты салу халыққа үздіксіз жылу мен электр энергиясын беруді қамтамасыз етеді. Қалдықтарды газификациялау бойынша зауыттың қуаттылығы жылына 100 мың тонна қалдықтарды өндіреді.

- Оңтүстік Корея сауда-инвестициялық және технологиялық ынтымқатастықты дамыту тұрғысында Қазақстан үшін 10 басымдыққа ие мемлекеттердің бірі. Біз қарым-қатынасты тереңдету және осы бағытта жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыруға ынта танытып отырмыз. Қазақстанға жасалған тікелей инвестициядардың өзі $7 млрд долларын құраған. Осы салада сәтті үлгілер көп, олардың бірі – кореялық компанияның қатысуымен Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы бар. Кәріс бизнесі Қазақстанның тамақ өнеркәсібі, тау-кен байыту өнеркәсібі, автомобиль және басқа да салларында табысты жұмыс істеуде, деген болатын ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Тағы бір маңызды келісім. Меморандум аясында 2019 жылы кореялық автомобильдерді жинау бойынша жаңа зауыттың құрылысы басталады. Міндеттемелерге сәйкес Қазақстан тарапы келесі жылы локализацияның 51%-ын қамтамасыз етпек, ал Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин өз кезегінде инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, мәдениет және денсаулық сақтауды дамытуда екі елдің қарым-қатынасын ерекше атап өтті.

 - Қазақстан – ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан соң экономикалық дамуға қол жеткізген мемлекет, Корея түбегі үшін мұндай тәжірибе маңызды үлгі. Осы мәселеде тәжірибелеріңізбен бөлісесіздер деген үміттеміз, – деген болатын Корея президенті Мун Чжэ Ин.

 Екі жақты кездесулердің нәтижесі бойынша тараптар саясат, сауда-экономикалық, инвестициялық даму, мәдени, спорт жәнет туристік салаларда өзара тиміді және практикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша ортақ шешімге келді. Сонымен қатар Қазақстан және Корея біліктілікті арттыруда студенттермен алмасу және Арал теңізі проблемаларын бірлесіп шешуді жоспарлап отыр.

Сонымен бірге, Қазақстан-Корея инвестициялық форумы аясында KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясы жалпы құны $113 млнды құрайтын меморандумдарға қол қойды. Кұжаттар аясында экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобалар іске асырылып, 2000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін.

Ұлттық компания таратқан мәліметке сай және өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде OKPOS KZ телекоммуникациялық компаниясы Қазақстанда POS жүйелерін әзірлеу және жеткізу бойынша жобаға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға ниетті. «K2AT» ЖШС мен KAZAKH INVEST арасында түзелген меморандум аясында шетелдік компания Каспий теңізінің суын тұшшыландыру және органикалық тыңайтқыштарды өндіру, Арал теңізі маңында ақылды ауыл шаруашылығы өндірісін салу және технологиялық парк құру секілді заманауи жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Жобаларды іске қосу шамамен 2000 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Кореялық «MAIN INFO» компаниясы меморандум аясында жоғары технологиялық нарықты дамыту, оның ішінде жасанды интеллект пен басқарушыны қажет етпеймін автокөліктерді жасауды жоспарлап отыр. Өз кезегінде Woori Financial Group мен KAZAKH INVEST арасындағы екі жақты ынтымақтастық тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ бизнестің өсіп өркендеуіне негіз болады. Форум аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал туралы атап өтті. Ал инвестиция құю үшін жасалған жағдай, шетелдік инвестициялардың өсуіне ықпал етеді.

- Бүгінгі таңда $4,8 млрд құрайтын әр-түрлі сатыда тұрған кореялық бизнесмендердін қатысуымен жасалып жатқан 42 инвестициялық жоба бар. Оның ішінде $2,4 млрд құрайтын 20 жоба қазіргі таңда іске асырылды. Ең ірі жобалардың ішінде «LG Electronics», «Kolon», «Dong-il Constraction», «KNOC», «Lotte Confectionary» секілді компаниялардың жобалары. Бұдан бөлек жалпы құны $2 млрд құрайтын 6 жоба іске асырылып жатыр, ал жалпы соммасы 670 млнды құрайтын 16 жоба зерттеу кезеңінде тұр, - деді Рустам Исатаев.

 Қазақстан-Корея инвестициялық форумы шеңберінде «Қазақстан мен Корея инвестициялық жобалары бойынша» атты инвестициялық семинар өткізілді. Шара барысында Оңтүстік Кореяның инвесторларына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынылды. Семинарға Hyundai Metal, Daewoo Shipbuilding & Marine Engineering, Asia Seed, UROBO, DTR Corporation, Redone Company, Hanwha Corporation және тағы басқа қазақстандық және корейлік компаниялардың өкілдері қатысты. Солардың бірі-Кореяда өз зауытын ашып, косметика бизнесімен айналысып келе жатқан жерлесіміз Галина Алимова.

Галина Алимова
Галина Алимова

- Қазақстанға келгеніме, Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысқаныма риза болдым. Корей компаниялары Қазақстан бизнесіне қолдау жасап, бірлесіп жұмыс істеуге ерекше қызығушылық білдіріп отырғанына көзім жетті. Біз де олардан үйрену арқылы шикізатты толық өңдеп, шет елге экспортқа шығаруымыз тиіс. Себебі еліміз бай, мүмкіндігіміз мол, шикізат қоры жеткілікті. Соны тиімді пайдаланып, экспортка жол ашу керекпіз. Біз істей де, жасай да аламыз, ақылды жастарымыз көп. Және де медицина бойынша жасалған меморандумдар мені өте қуантты. Себебі, бірінші байлық денсаулық. Мен өз басым бизнес форумда өз кәсібім туралы таныстырдым, косметиканың барлық түріне, дизайнына жоғары баға берілді. Қазақстан тарапынан қызығушылық танытып отырғандар көп болды және елмен байланыс орнатып, осында косметика жасау ісін үйрету, мастер-класстар өткізу туралы бастамалар көтерілді. «Айналайын» брендін, «Ана Глобал» компаниясын Қазақстанда кеңінен таныстыру, бизнесімді Қазақстанмен байланыстыру туралы ойларым бар. Мен үйрендім, енді өз халқыма үйретемін - деді Галина.

Форум қатысушылары Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екі жақты сауда көлемінің өсуіне ерекше көңіл бөлді, атап айтқанда тауар айналымы 2018 жылы $3,9 млрд құрады, оның ішінде Қазақстаннан экспорт $2,9, ал Оңтүстік Кореядан импорт $922 млнға жетті.

Жалпы 2005 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде Оңтүстік Кореядан Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $5 млрд құрады. Бүгінгі күні Қазақстанда Оңтүстік Корея капиталы бар 500-ге жуық компания жұмыс істейді. Соңғы жылдары Hyundai, LG, Samsung, Lotte Confectionery, SK, Dongil Highvill сияқты компаниялар Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить