Төлем балансының ағымдағы шоты туралы

8955

ҚР ҰБ Төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаевтың түсіндірмесі

Азат Өскенбаев
ФОТО: nationalbank.kz
Азат Өскенбаев

Ұлттық Банк 2021 жылдың бірінші тоқсандағы қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы төлем балансының алдын-ала бағасын жасап шығарды.

Ағымдағы шот 1,2 млрд АҚШ доллар тапшылықпен қалыптасты. Оның негізгі себебі – импорт ағынының ұлғаюымен тауарлар экспорты көлемінің төмендеуінде жатыр.

Экспорт 19,9%-ға, 11,5 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды. Бұл ретте, ең алдымен, мұнай экспорты төмендегеннен деп түсіну керек, жалпы экспортта оның үлесі 48,5%-ды құрады. Төмендеу себебі 2020 жылдың 4-тоқсанында мұнайдың салыстырмалы түрде төмен бағасына байланысты болды (барреліне – 44,3 доллар), осының өзі 2021 жылдың 1 тоқсанында экспорт статистикасына әсер етті.

Тауарлар импорты іскерлік белсенділіктің қалпына келуімен және кейінге қалдырылған ішкі сұраныспен қолдау тапты. Азық-түлікке жатпайтын тұтынушылық және инвестициялық тауарларды әкелуді ұлғайту есебінен өсім 7,6 млрд АҚШ долларына дейін 4,8%-ды құрады.

Автомобиль, киім және компьютер секілді тұтыну тауарларын әкелуде айтарлықтай өсім байқалады. 2020 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда, тауардың осы топтары бойынша өсім 0,5 млрд АҚШ долларына тең болды.

Қазақстанның төлем балансы кірістің теріс балансы кезінде оң сауда балансымен сипатталуын жалғастырып келеді. 2021 жылдың 1-тоқсанында инвестициялық кіріс балансының тапшылығы 0,7 млрд АҚШ долларына ұлғайды. Тікелей инвесторлардың кірісі 4,3 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы бірінші тоқсандағы осыған ұқсас көлемнен 20,6%-ға артық.

Ағымдағы шоттың 2021 жылғы бірінші тоқсандағы алдын ала деректері Ұлттық Банктің болжамды траекториясына сәйкес келеді. Біздің болжам бойынша, мұнай бағасының серпініне байланысты тапшылық биыл (-)2,8-ден (-)4,8 млрд АҚШ долларға дейін шамалайды. Алдағы «2021 жылдың мамыр-маусым» болжам раундының нәтижесі бойынша анықталатын күтулеріміз әлі де нақтыланады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить