Теңге тербелісі

13318

Қазақтың валютасы қалай құбылды

Фото: Андрей Лунин

Ұлттық валюта қолданысқа берілген сәттен бастап қалай құбылды? АҚШ долларына шаққандағы бағамы қаншалықты өзгерді, мұнай бағасының өзгеруі, ресейдің рублі оған қалай ықпал етті? Осыған байланысты Forbes Kazakhstan өткенге көз жүгіртіп, шағын шолу жасауды жөн санады.

Әріден бастасақ. 1993 жылдың 18 қарашасынан бастап 2017 жылдың 17 қазаны аралығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы (Ұлттық банк) 04,7 бастап 333,03 дейін, ресей ақшасының құны 1,2 (1998 жылғы деноминацияны есептегенде) 57,08 дейін, Brent маркалы мұнай бағасы $ 15,4 -58,08 дейін өсті. Айта кету керек, ұлттық валюта пайдалануға берілген кезден бастап 4 девальвацияны өткерді. Оның ең алғашқысы 1999 жылы, теңге 35% құнсызданған кезде болған еді. Бұл жағдай Ресейдің Орталық банкі өз валютасын еркін айналымға жіберетінін хабарлаған соң, араға 9 ай салып тіркелді. Мұнай бағасына келсек, 2000 жылға дейін Brent маркасының баррелі $9,1-25,8 арасында болған еді.

Араға 10 салып екінші девальвация болды. Бұл кезде теңге бір күнде 15% құнсызданып, оның курсы 122,32-143,98 дейін өсті. Онымен бірге ресей рублінің әлсірегені байқалды, 2008 жылдың тамызы мен 2009 жылдың ақпаны аралығында бұл көрсеткіш 54% құрады. Ал мұнай болса өзінің шекті бағасынан, яғни $143,95 (2008 жылдың шілдесі ) $43 дейін түсіп кетті.

Үшінші девальвация 2014 жылдың ақпан айында болды. Бұл кезде теңге екі күн ішінде 19% құнсызданып 155,6-184-,5 жетті. Айта кететін жәйт, 2009-2012 жылдары аралығында, мұнай бағасы қайта қалпына келе бастағанда, нақты айтқанда $43-$128 дейін көтерілгенде рубль 19% күшейді, ал теңге бұл кезде 2,5% төмендеді. Алайда 2014 жылдың ортасында жағдай керісінше болды,мұнай бағасы қайта төмендегенде рубль бірден арзандап, теңгенің курсы біраз уақыт қалпында сақталды.

2015 жылдың тамызында Ұлттық банк теңгені еркін айналымға жіберу туралы шешімге келді. Нәтижесінде валюта бір күнде 35,5% құнсызданып,бір доллар 188-255 дейін бағаланды. Ал 2017 жылдың 17 қарашасында 76,8% арзандады.

Теңге тарихына көз жүгіртсек, ұлттық валюта мұнай бағасына қатты байланып қалмағанын аңғарамыз. Себебі оның реттеуші коэффиценті небары 0,02 құрады. Ал рубль 0,93 құрады яғни, корреляция коэффиценті барынша мүмкін 1 көрсеткішіне жақын болды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить