ҚР Ұлттық банкі 2018 жылдың ЖІӨ-нің өсіміне және инфляцияға қатысты болжам жасады

13167

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жылына 4 рет болжам жасау раундтарын жүргізеді, олардың барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, бірінші кезекте инфляцияға орта мерзімді кезеңге арналған (алдағы 7 тоқсанға) болжам жасалады

Фото: © Depositphotos.com/shirotie

Алынған болжамдар мен бағалар негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты, оның ішінде базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдайды.       

2018 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кезекті «2018 жылғы ақпан-наурыз» болжам жасау раундын аяқтады. Болжам жасалған кезең – 2018 жылғы 1-тоқсан – 2019 жылғы 3-тоқсан аралығы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ірі инвестициялық банктер мен халықаралық институттардың Brent маркалы мұнайдың бағасына қатысты айтарлықтай жағымды болжамдарына байланысты базалық сценарий ретінде бүкіл болжам жасау кезеңінің ішінде мұнай бағасының бір баррель үшін 60 АҚШ доллары (алдыңғы болжам жасау раундында бір баррель үшін 50 АҚШ доллары) деңгейінде болатын сценарийді қарастырады. 

Базалық сценарий кезінде, болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы жылдық инфляцияның  2018 жылғы 4-тоқсанда 5-7% нысаналы дәліздің төменгі шегінен шығу, ал 2019 жылы инфляцияның 4-6% нысаналы дәліздің шегінде болу ықтималдылығы бар (1-график). Инфляция болжамының негізгі факторлары: инфляция үшін бейтарап ішкі сұраныс; мұнай бағасының өсуінде көрсетілетін оң сыртқы талаптар; сауда әріптес елдеріндегі төмен инфляция және экономикалық өсудің тұрақты қарқыны; болжау кезеңіндегі НТАБ тепе-тең болуы; 2017 жылғы қарашадан бастап ұсыныстың айтарлықтай күйзелісінің болмауы.

Экономикалық өсу қарқыны, бағалауға сәйкес, 2018 жылы 2,9%-ды және 2019 жылғы 9 айда 2,8%-ды құрайды. Экономикалық өсудің болжау кезеңіндегі алғышарттары өзгеріске ұшыраған жоқ. Күтіп отырғандай, негізгі капиталға инвестициялардың өсуі экономиканың өсу қарқынын қолдауды жалғастырып отыр. Өндірістік белсенділікті кеңейту аясында инвестициялардың ағымдағы қалыпты өсу қарқынының сақталуы күтіледі. Ішкі тұтынуды қалпына келтіру күтіледі. Үй шаруашылықтарын тұтынуды қалпына келтіру баяу қарқынмен жүруде. Бір жағынан алғанда, тұтынуға бөлшек кредиттеудің өсуі ықпал етеді, алайда халықтың нақты ақша кірістерінің  қысқаруымен шектеледі. Инфляциялық процестің айтарлықтай бәсеңдеуіне байланысты жалақының және  нәтижесінде халықтың нақты кірісінің оң өсу қарқыны күтіледі. Ішкі сұраныстың кеңеюі нәтижесінде тұтыну және инвестициялық тауарлар импортының өсуі ІЖӨ өсуінің тежеу факторы ретінде болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жаңартылған бағалаулары бойынша Қазақстандағы шығарылымның ажырауы қысқа мерзімді перспективада 2018 жылдың соңына дейін нөлдік белгіге дейін біртіндеп қол жеткізе отырып, әлсіз теріс болып қалыптасады. 2019 жылы шығарылымның ажырауы оң аймаққа өтеді және болжамдық кезеңнің аяғына дейін болады, бұл елдегі баға белгілеу процесіне әлсіз проинфляциялық ықпал ететін болады.

Болжамдық кезеңдегі экономикалық өсудің құрылымы экономиканы әртараптандыруға байланысты өзгерістерді көрсетпейді, бұл сыртқы күйзелістерге айтарлықтай ұшырағыштыққа ықпал етеді. Мұнайдың бағасы шығарылымның ажырауының негізгі драйвері болып қалуда.

Өз кезегінде, бір баррель үшін 50 АҚШ доллары болатын сценарий іске асырылған кезде жылдық инфляция 2018-2019 жылдары нысаналы дәліз шегінде болады, бұл барлық болжамдық кезеңнің ішінде бейтарап болып қалатын ақша-кредит саясатын түзетуді қажет етпейді.

Тәуекел профилі өзгеріске ұшыраған жоқ. Ұсыныс күйзелістері мен инфляциялық күтулердің зәкірленбеуі негізгі тәуекелдер болып табылады, олар инфляция болжамына тән.

 «2017 жылғы ақпан-наурыз» болжамдық раундының нәтижелері бойынша барынша толығырақ ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтында 2017 жылғы 4-тоқсандағы «Инфляцияға шолуында» жарияланады.

Brent мұнайының бағасы бір баррель үшін 60 АҚШ доллары болған кездегі инфляция болжамы және фактісі, өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда тоқсанда %-бен (бір тоқсандағы орташа алынғаны)

Дереккөзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті

Есептер: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить