QR-код бизнеске қалай көмектесе алады

15911

2022 жылдың маусымы Қазақстанның қаржы әлеміндегі маңызды оқиғамен есте қалды: Ұлттық банк жедел төлем жүйесін іске қосты

Бірінші кезеңде әртүрлі банктер арасындағы аударымдар мен төлемдер синхрондалады, екіншісінде – ұлттық стандарт бойынша QR-код арқылы қолма-қол ақшасыз онлайн төлем жүргізу жүзеге асырылады. Басқа төлем сценарийлері де әзірленуде, бірақ қолма-қол ақшасыз төлемдердің осы екі бағытына сұраныс айтарлықтай жоғары.

Әлбетте, бұл тренд әлі де даму үстінде. Бір жыл бұрын QR-коды заңнамалық деңгейде POS-терминалдармен теңестіріліп, қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүргізуде картамен төлеудің баламасы болды. Шағын және орта бизнеске енді сауда орындарында қосымша жабдық орнатудың қажеті жоқ. QR-төлем опциясы ШОБ үшін де, сатып алушылар үшін де мүмкіндіктерді кеңейтті. Біріншісі екіншісіне көмектеседі және керісінше: сатып алушылар тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге немесе несиеге сатып ала алады, ал сатушылар көбірек сауда жасап, бейілді тұтынушылар базасын кеңейте алады.

«Мен бір жылдан бері жиһаз жасаумен айналысамын. Барлық банктер бөліп төлеу саласын тоқтатқанда, сату нөлге дейін төмендеді. Ешкім несиеге жиһаз алғысы келмеді. Мен бұл жағдайдан шығудың жолын іздедім. Содан Jusan Tole қызметін тауып, қосылдым», – дейді алматылық кәсіпкер Әсет Рахалы. – Jusan Bank жалпы біздің компания үшін қиын сәтте көмектескен періште іспетті. Өйткені барлығы басқа банктерден бөліп төлеу жоспарын растауды күтіп жүрген кезде, менің менеджерлерім Jusan Tole арқылы клиенттерге сатып алуларды рәсімдеп жатты». Әсет бұл қызметті пайдаланудың алғашқы күнінде-ақ 10-ға жуық клиентке жиһаз сатқанын еске алады: «Өте ыңғайлы және жылдам – біз ризамыз, тұтынушылар да риза», - деп атап өтті ол.

Расында да, екінші деңгейлі банктер нарықтың сұранысына жауап берді. Қолданыстағы банк өнімдері бизнес қауымдастық мүшелеріне банкке бармай-ақ, тез және қашықтан жүйеге қосылуға, сонымен қатар төлемдерді дереу қабылдауға мүмкіндік береді. Қызмет сұранысқа ие: Jusan Tole қызметін пайдаланатын клиенттер санының шамамен үш есе өскені туралы банк қызметкерлері айтып берді: егер 2022 жылдың қаңтарында жүйеге 7899 ШОБ өкілі қосылған болса, мамырда – 22 765. Jusan Tole қаржы айналымы 5 ай да 3 есеге өсті.

ФОТО: © Баспасөз қызметінің архивінен

Жаңа қызметке қосылған тағы бір кәсіпкер Андрей Сидоров болды. Оның компаниясы ортопедиялық матрацтар мен ұйықтауға арналған керек-жарақтарды шығарумен айналысады. «VEGAS компаниясы нарықта 25 жыл бойы жұмыс істейді, Қазақстанның әртүрлі қалаларында 18 бөлімшесі бар. Jusan Tole қызметі туралы интернет арқылы білдік. Бұл ыңғайлы, себебі QR көмегімен төлемдерді қабылдауға, тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге және несиеге рәсімдеуге мүмкіндік береді. Біз бұл қызметті жақында қостық, бірақ артықшылықтары туралы қазірдің өзінде айта аламыз: клиенттерге ыңғайлы төлем опцияларын ұсынуға мүмкіндік береді».

QR-төлем жүйесіне тек жеке кәсіпкерлер ғана қосылмаған. Мысалы, Алматының өзінде 40 дүкені бар ең ірі кондитерлік өнімдер желісі «Куликовский» Jusan Tole қызметін өз тұтынушылары үшін қосқан.

«QR-код төлем жүйесін енгізу және қолдану – болашаққа жол. Jusan Tole туралы банк қызметкері Олжастан білдік. Бұл – QR көмегімен төлемдерді қабылдауға, тауарларды бөліп төлеуге және несиеге ұсынуға мүмкіндік беретін бизнес-шешім. Қазіргі уақытта бізде екі жаққа да тиімді шарттар бар, бұл біздің сатылымдар санын көтеруге және танымалдылығымызды арттыруға көмектеседі», - дейді Куликовский кондитерлік үйінің маркетологы Юлиана Матяш.

Банк статистикасына сүйенсек, мұндай 22 мыңнан астам клиент тарихы бар. Ал қызметті пайдаланушылар негізгі артықшылықтарын атап өтті – 1 күн ішінде жылдам қосылу және 2 миллион теңгеге дейінгі бағамен өз тауарларын немесе қызметтерін 12 айға бөліп төлеуге немесе 24 айға дейін несиеге сату мүмкіндігі. Сонымен қатар тауарларды банк маркетплейсі – Jusan Дүкенде орналастыруға болады. Бұл ретте, кәсіпкер үшін Jusan Tole арқылы QR жүйесімен төлем жүргізгенде комиссия төлем сомасының 0,8% құрайды. Төлем жасалғаннан кейін ақша бірден шотқа түседі.

Jusan Tole қосымшасы бизнеске арналған Jusan Business экожүйесінің бөлігі болып табылады, ол жақында SME Banking Agency бағалауы бойынша Қазақстандағы ең үздік экожүйелердің бірі болды. Оның функционалдығы арқылы сіз ЭСҚ және үшінші тарап бағдарламаларын қолданбай-ақ, күнделікті мәселелерге алаңдамай, әлемнің кез келген жерінде өз компанияңызды басқара аласыз. Қосымша 5 минут ішінде ЖК үшін тегін шот ашуға, салықтар мен алымдарды дайын төлем құжаттарымен комиссиясыз төлеуге мүмкіндік береді, тек бір рет басу арқылы қол қою жеткілікті.

Қолданыстағы «Пакетіңізді жинаңыз» тарифтік конструкторы сіздің бизнесіңіздің қажеттіліктері мен көлеміне қарай банк қызметінің жеке тарифтік жоспарын таңдауға мүмкіндік береді. Егер таңдаған қызметтеріңіз есеп айырысу мерзімінің соңына дейін жетпей қалса, қосымша операцияларды сатып алуға болады. Қосымша, бірақ пайдаланылмаған операциялар жоғалмайды, қалдық прогресс-барда көрсетіледі және келесі кезеңге өтеді. Қаласаңыз, кез келген кәсіпкерлік мақсатқа 36 айға дейін 100 миллион теңге несие ала аласыз немесе Jusan Tole қызметіне қосыла аласыз.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген  07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить