Мұнай бағасының 7%-ға төмендегені теңгеге қалай әсер етті

Ұлттық Банк түсініктеме береді

ФОТО: pixabay.com

Бірқатар Еуропа елдерінде жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты әлемдік қаржы нарықтарында құбылмалылықтың ұлғаюы байқалады. Мұнай бағасы күрт төмендеп, бір баррелінің құны 63 доллар деңгейіне қайта оралды. Оның теңге бағамының серпініне қалай әсер еткені туралы Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов айтып берді.

18 наурыздағы сауда сессиясының қорытындысы бойынша мұнай бағасы бір баррель үшін $68 доллардан $63,3 долларға дейін 7%-ға төмендеді. Мұнайдың белгіленген бағасы өткен жылғы маусым айынан бастап Еуропада және дамушы елдерде мұнайға сұраныстың баяу қалпына келу және вакцинацияның қарқынының төмен болып қалу тәуекелі аясында ең жоғары тәуліктік құлдырауды көрсетті.

Мұнайға сұраныстың баяу қалпына келу тәуекелі азиялық нақты мұнай нарығында сатып алудың төмендеуі туралы белгі аясында инвесторлардың алаңдаушылығымен байланысты болды. Қытайда мұнайды сатып алудың баяулау белгілерін Қытайдың мұнай өңдеу кәсіпорындарының Иран мұнайын экспорттауға қатысты санкцияларға қарамастан, Иран мұнайын сатып алуымен байланыстырады.

Еуропада, әсіресе Италия мен Францияда Covid-19 жағдайларын тіркеудің өсуі және ықтимал жанама әсерлерге байланысты Еуропа елдерінде AstraZeneca вакцинасын қолдануды тоқтата тұру салдарынан вакцинацияның баяулауы жаңа карантиндік шектеулерді енгізу тәуекелін арттырады және тағы бір жазғы туристік маусымды өткізіп алу қаупін тудырады.

МБҚ кірістілігінің күрт өсуіне байланысты АҚШ долларының күшеюі және инвесторлардың жаһандық тәуекел-сентиментінің нашарлауы байқалады, бұл дамушы нарықтар валюталарының әлсіреуіне алып келеді.

Мысалы, DXY индексі 18 наурызда 0,5%-ға күшейді, АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі бейсенбіде 14 айлық жоғары көрсеткіш 1,71%-ға жетті.
17-18 наурыз аралығында Ресей рублі 0,8%-ға, Оңтүстік Африка ранды 0,7%-ға, Мексика песосы 0,4%-ға әлсіреді. 18 наурызда сауда-саттық қорытындысы бойынша әлемдік қор индекстері – S&P 1,5%-ға, Dow Jones 0,5%-ға, Nasdaq3 02%-ға төмендеді. Теңгенің биржалық бағамы 19 наурыз күні таңертең алдыңғы күннің жабылу деңгейінен 0,54%-ға әлсіреп, шамамен 421,33 деңгейінде саудаланады.

ҚР-ның негізгі сауда әріптесі рубль бағамының әлсіреуі де сыртқы саяси тәуекелдермен және РФ-дағы инфляцияның өсуімен байланысты. АҚШ президентінің Ресейге қатысты теріс риторикасы Ресей мемлекеттік борышы нарығында турбуленттіліктің артуына әкелді, өйткені шетелдік инвесторлар ФБО-дағы өз салымдарының тәуекелдерін қайта қарастыруда. Бүгінде РФ ОБ базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайтынын естен шығармаған жөн.

Ұлттық Банк нарықтағы ахуалдың тұрақты мониторингін жүзеге асырады, бұл ретте өзгермелі айырбастау бағамының қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ұлттық валютаның іргелі факторларға негізделмеген шамадан тыс ауытқуларының алдын алуға қажетті шараларды қабылдауға дайын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8486 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
8 мая родились
Именинников сегодня нет
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить