ҚМДБ мен тұңғыш ислам финтех Tayyab ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды

7154

Сервистің исламдық қаржы қағидаттарына сәйкестігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен, сондай-ақ Shariyah Review Bureau (Сауд Арабиясы) халықаралық шариғат кеңесімен расталған

Данияр Успанов және Ершат Оңғар
ФОТО: Жеке архив
Данияр Успанов және Ершат Оңғар

2021 жылғы 19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында ҚМДБ мен алғашқы исламдық финтех Tayyab ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты әріптестік қатынастарды нығайту және исламдық қаржыландыруды дамыту, Tayyab цифрлық ислам сервисі арқылы садақа, қайырымдылық төлемдеріне цифрлық қолдау көрсету және т. б. бойынша бірқатар жобаларды іске асыруға бағытталған тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді ынтымақтастығын дамыту болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, сервистің исламдық қаржы қағидаттарына сәйкестігі Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасымен, сондай-ақ Shariyah Review Bureau (Сауд Арабиясы) халықаралық шариғат кеңесімен расталған.

«Біз ҚМДБ-ға сенім білдіргені және біздің цифрлық ислам сервисімізге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Жақын арада Tayyab сервисінде садақа төлемін жасаудың жеңіл әрі ыңғайлы тәсілін қосу жоспарланып отыр», - дейді Данияр Успанов.

Tayyab сервисі мұсылмандарға алғашқы цифрлық ислам карталарын, ыңғайлы төлемдер мен ақша аударымдарын шариғат нормалары бойынша цифрлық форматта тез арада жасап шығаруды ұсынады.

Исламдық өмір салтын ұстанатын заманауи қызмет жақын маңдағы мешітті, намазхананы, халал дәмхана табуды жеңілдетеді, намаз уақыты мен азан туралы ескертулер, құбыла компасы, зикр есептегіші, зекет калькуляторы және басқалары бар.

Сіз Tayyab қосымшасын, Iphone смартфондарына арналған Apple Store мен Android смартфондарына арналған Play Market-тен жүктей аласыз, ал қосымша ақпаратты www.tayyab.kz сайтынан алуға болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить