Ұлттық Банк қаржы секторын «қайта іске қосу» жұмысын жалғастыратын болады

9323

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты 2017 жылы Ұлттық Банк алдында заңмен және Мемлекет басшысының тапсырмаларымен айқындалған міндеттерге арқылы қол жеткізуге бағытталды

Данияр Ақышев
Фото: Андрей Лунин
Данияр Ақышев

Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және банк секторын қалыпқа келтіру өткен жылғы жұмыстың негізгі бағыттары болды

Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және банк секторын қалыпқа келтіру өткен жылғы жұмыстың негізгі бағыттары болды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында баяндамамен сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

Ол соңғы бір жарым жылда жылдық инфляция 2016 жылғы шілдедегі 17,7%-дан  2017 жылғы желтоқсанда 7,1%-ға дейін төмендегенін атап өтті.

«Инфляция 2017 жылға белгіленген 6-8% нысаналы дәліздің ортасында тұр. Таяу жылдары Ұлттық Банк инфляцияның 2018 жылға 5-7% мөлшерінде белгіленген дәлізін біртіндеп төмендетуді айқындайды. Ішкі экономикада, сол сияқты әлемдік нарықтарда күйзеліс болмаған жағдайда, біз инфляция жаңа дәлізге біртіндеп кіріп, ағымдағы жыл бойы сақталады деп күтеміз», - деді Д. Ақышев.

Қаржы реттеушісінің басшысы инфляциялық процестердің орнықты төмендеуі ақша-кредит саясатын жұмсарту және Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін төмендету үшін негізгі талаптардың бірі болып табылатынын атап өтті. Ол 2017 жылы базалық мөлшерлеме үш рет – 12%-дан 10,25%-ға дейін төмендетілгенін еске салды.

«2017 жыл бойы ақша нарығындағы мөлшерлемелер базалық мөлшерлеме дәлізі ішінде қалыптасты. Тиісінше, 2017 жылы Ұлттық Банктің құралдары бойынша кірістілік, атап айтқанда, қысқа мерзімді ноттар нарығындағы кірістілік төмендеді. Егер жыл басында ноттар бойынша ең жоғары мөлшерлеме 12% болса, желтоқсанда ол 9,43% болды. Кірістіліктің төмендеуі ақша нарығының тартымдылығын азайтады және бос қаражаттың экономиканың нақты секторына әкетілуіне жағдай жасайды», - деді Д. Ақышев.

Ұлттық валютаның орта мерзімді болашақта бағамын айқындайтын іргелі факторлар оңтайлы қалыптасуда 

Валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Ұлттық валютаның орта мерзімді болашақта бағамын айқындайтын іргелі факторлар оңтайлы қалыптасуда. 2017 жылы теңге АҚШ долларына қатысты номиналдық көрсеткіш бойынша 0,3%-ға нығайды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында баяндамамен сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

Ол 2017 жылғы 11 айда нақты тиімді айырбастау бағамы индексі жыл басынан бастап іс жүзінде өзгермегенін айтты. Теңге нақты көрсеткіш бойынша АҚШ долларына қатысты 4,6%-ға, юаньға қатысты 0,8%-ға нығайды, ал еуро мен рубльге қатысты тиісінше 5% және 0,8%-ға әлсірегенін көрсетті. Нақты тиімді айырбастау бағамының индексі 2013 жылғы желтоқсандағы бәсекеге қабілеттіліктің базалық деңгейіне қатысты 21%-ға әлсіреді, бұл Қазақстан тауарларының бағамдық бәсекеге қабілеттілігін сақталғанын растайды.

«Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері  алдын ала деректер бойынша жыл соңында  31,1 млрд. АҚШ  доллары болды. Бір жылда өсу 4,7%. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері жыл соңында 57,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы халықаралық резервтер 88,8 млрд. АҚШ доллары болды», - деді қаржы реттеушісінің басшысы.

Баяндамада атап өтілген деректер бойынша депозиттер көлемі жыл басынан бері 2,7%-ға төмендеп, қарашаның соңында 17,7 трлн. теңге болды. Шетел валютасындағы салымдар 13,4%-ға қысқарды, теңгемен салымдар 10%-ға  өсті. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдардың үлесі 48,6%-ға дейін төмендеді.

Банктердің экономикаға берген кредиттерінің көлемі 11 айда 1,8%-ға 13  трлн. теңгеге дейін ұлғайды. Теңгемен кредиттер 10%-ға 9,4 трлн. теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 15,3%-ға қысқарды.

 Д. Ақышев заңды тұлғаларға теңгемен берілген кредиттер бойынша мөлшерлемелердің 2017 жылғы қаңтардағы 15,2%-дан қарашада 13,4%-ға дейін төмендегенін атап өтті.

Ұлттық Банк Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде қаржы секторын «қайта іске қосу» жұмысын жалғастыратын болады

Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің реттеу-қадағалау функциясына қатысты мандатын күшейту бойынша заңнамалық түзетулерді әзірлеу аяқталуда.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында баяндамамен сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

 «2017  жылы Ұлттық Банк қаржы секторын «қайта іске қосу» шеңберінде Банк секторының орнықтылығын арттыру бағдарламасын іске асырды. Казкоммерцбанк балансы БТА Банктің қарыздарынан толығымен тазартылды, қосымша провизияның қажетті деңгейі қалыптастырылды. Ұлттық Банк акционерлердің үстеме капиталдандыруға ортақ қатысуы және мемлекеттік көмектің қайтарылуы қағидатында бес банктің қалыпқа келтіру бағдарламасына қатысуын мақұлдады», - деді қаржы  реттеушісінің  басшысы.

Д. Ақышевтың айтуынша, жекелеген қатысушы банктерге қатысты рейтингтік агенттіктер тарапынан оң баға алынды.

«Тапсырыс орындау мақсатымен, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберіндегі тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк халықтың валюталық ипотекалық қарыздары бойынша мәселені түпкілікті шешу тетіктерін әзірлеуге кірісіп кетті», - қаржылық реттеушінің басшысы қосымша хабарлады.

 «Бағалы қағаздар нарығын қайта іске қосу шеңберінде Үкімет пен Ұлттық Банктің қор нарығын дамыту жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, онда бағалы қағаздар нарығын қалыпқа келтіру және қайта іске қосу бойынша бірінші кезектегі шаралар айқындалды. Бірқатар шара іске асырылды және осы бағытта одан әрі белсенді жұмыс жалғасуда», - деді Д.Ақышев.

Қаржы реттеушінің басшысы төлем жүйелерінің көрсеткіштері экономикалық белсенділікті қалыпқа келтіру көрсеткіштерінің бірі болып табылатындығын айтты. «2017 жылғы 11 ай ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы  33 миллион транзакция өткізілді. Төлемдер сомасы 781 трлн. теңгеге жетті, бұл 2016 жылдың 11 айына қарағанда 48%-ға көп», - деп түсініктеме берді Д. Ақышев.

Сондай-ақ ол, сақтандыру секторын дамыту үшін Ұлттық Банк заң жобасын әзірлегенін айтты. Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Заң жобасы сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін және сапасын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және сақтандыру нарығының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сөзінің соңында Ұлттық Банк Төрағасы  2017 жылы валюталық реттеу мәселелері бойынша заң жобасы әзірленгенін айтты. Ырықты валюталық режим сақталған кезде валюталық бақылауды күшейту, оның ішінде елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейту болжанады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить