Kaspi қаржы ағынын бақылауға көмектеседі

15136

Forbes.kz пен Kaspi Bank қаржы сауаттылығының алғышарты мен отбасылық бюджетті басқаруға бағытталған«Қаржы мәдениеті» атты бірлескен жобаны бастайды. Алғашқы дәрістің тақырыбы – тұтынушылық несие

finresult.ru

Республика аумағында жүргізілген зерттеу көрсеткендей жеке қажеттілік үшін алынатын ақшалай несие туралы қазақстандықтардың 39%-ы толық ақпарат алғысы келеді.  Бұл түсінікті. Біздің ақшамен, банктермен қарым-қатынасымыз әлі де бәймәлімдеу деңгейде: қазақстандықтар несиенің көмегімен қаржылық қиындықтарды шешіп қана қоймай, оның көмегімен бала-шағасын тәрбиелеп, өмірлерін өзгертуге талпынады. Несиені «өз орнына қойып» көрейік.  

Toyota-ны Bentley-ге ауыстыру

Менің белгілі дәрігер, жақында ғана өз клиникасын ашып, оны бар күшімен дамытуға талпынып жүрген танысым жабдықтар үшін несие алды. Енді несиені төлеп, қаржылық ахуалын жақсарту үшін қолынан келген бар мүмкіндікті пайдалануға тырысады. Өз үйлерін жалға беріп, өздері пәтер жалдап тұрады. Ал, күйеуі жаздай пияз өсірумен айналысты. Күйеуге шыққан екі қызы жұмыссыз. Үлкені екі жастағы ұлын бағып отырса, кішісі екіқабат. «Өзіме норка шуба сатып алдым»,-деді бір кездесіп қалғанда танысым. «Бұл – күйеуімді қыста жұмыс істеуге мәжбүрлейтін ең жалғыз тәсіл. Әйтпесе казинодан шықпайды». Өзі де күндіз-түні жұмыс істейді. Танысым енді көлікті де несиеге алғысы келетінін айтады. Менің дәл осындай жағдайда машинаны алудың қажеті не деген сұрағыма, иығын қиқаң еткізіп: «Қаржы ағынын тоқтатпау үшін. Шубаның бағасы – күйеуім үшін үлкен мотивация емес» деді.

Банктен алынған несиенің көбірек жұмыс істеуге құлшындырады деп сенетін адамдар аз емес. Алайда, бұдан бөлек те мотивация барлығын ұмытпайық. Біреулер үйіне 60 метрлік телевизор алу үшін миллион теңге несие алады, екіншілері Тайотасын Бентлиге айырбастағысы келеді, үшіншілер үйлену тойын басқалардан да қызықтырақ өткізу үшін несие алуға талпынады. Бұл ретте олар несиенің плюстерін ғана көреді, өкінішке қарай қалаған затын алу жолында алдағы уақытта кездесетін қиындықтар сынды минустарды көрмейді.

Қазір заман күнде өзгеруде. Заттардың неше түрлері шығарылып жатыр. Бүгінгінің кейіпкерлері бұрынғыдай сапа емес, әдемілік пен маркетинг және тұтыну философиясы. Сатып ала бер-ала бер. Алайда, тұтынушылық трендті қабылдай отырып, ойланыңыз. Сізге канадалық Blackberry-ден $700-лық Passport смартфонының соңғы маркасы аса қажет пе?  4,5 дюмдік экранды алсаңыз өміріңіз өзгере ме? Әлде көп жазасыз ба? Балаларыңызға FirstBIKE сынды бағалы оқу велосипеді аса қажет пе?

Мүмкін, сізге несие алу туралы емес, қаражат жинау туралы ойлану қажет шығар? Банктер теңге бойынша 10,5%, доллар бойынша 4,1% мөлшерлемемен депозит ұсынады.

Көлемі маңызды

Жарайды, несие алу туралы шешім қабылдадыңыз, тұтуынушылық несие үшін банкке баруға дайынсыз. Мұндайда ең болмағанда төлем қабілетіңізді есептеп алыңыз. Егер ай сайынғы төлем кірісіңіздің 15–10% құраса несие алуға болады. Мұндайда ай сайынғы төледі кешіктірмеу, төлей алмау қаупі аз. Егер несие ұзақ мерізімді, сомасы үлкен болса, онда депозитіңізде 3-4 ай төлемге жететін қаражаттың болғаны  өте дұрыс. Егер несие алушы жұмыстан айырылса, бұл несие келісім-шартын үзуге кедергі емес немесе ауырып қалса, бәрібір несиені қайтару қажет. Ал,  қарыздар жинала береді. Ал, 3-4 айда жазылып, қайта жұмысқа тұруға мүмкіндік бар.

Несие сарапшылары теңгелік несие алуға кеңес береді. Ұлттық валютадағы несие теңгені долларға немесе еуроға конвертациялау кезіндегі  курстық тәуекелдерден сақтайды.

Несиені аннуитеттік төлемдер арқылы қайтаруға болады. Олардың тиімділігі – ай сайынғы төлем сомасының өзгермейтіндігі. Басыңызға ай сайын төлейтін бір сандарды жаттап алсаңыз болғаны. Бірақ, несиенің «ащы» жері төлем түрі емес, пайыздық мөлшерлеменің көлемі. Есте сақтаңыз.

Шығындарыңызды есептейсіз бе? Тамаша. Табыс табатындар – ақшаның құнын біледі. Кіріс-шығысты есептеуді ұмытпаңыз. Жағдайды көз алдымызға келтірейік. 200 000 теңгеге жұмсақ жиһаз керек. Күйеуінің жалақысы-110 000, әйелінікі 80 000 теңге. Қосымша кіріс жоқ, есесіне бес жастағы ұлдары бар. Кірістің 10%-ы 19 000 теңге. Банкте бұл жағдайда есептейтін кестені қарап көріңіз:

Несие сомасының мөлшері

200000 теңге

Түрлі мерзімдерге

Несие мерзімі

Ай сайынғы төлем

Артық төлем

3 ай

74 068 тг.

22 203 тг.

6 ай

40 386 тг.

42 316 тг.

9 ай

29 175 тг.

62 578 тг.

12 ай

23 583 тг.

82 990 тг.

15 ай

20 237 тг.

103 551 тг.

18 ай

18 014 тг.

124 260 тг.

21 ай

16 434 тг.

145 117 тг.

24 ай

15 255 тг.

166 121 тг.

Егер ай сайын 10%-дан төлеп отырсаңыз, несиеңізді жарты жылда қайтарып боласыз және артық төлем 124 000 теңге, егер 15%-дан 9 ай төлесеңіз, артық төлем 62000 теңгені құрайды.

Комиссиялардың тізімін келісім-шарттан және банктің веб-сайтынан қараңыз.

Тексеріп көрейік.

Шығындар: балабақша үшін төлем – 27000 теңге, екі жол жүру билеті – 10000, тамақ пен тұрмыстық шығындар – 80 000 теңге, 45000 теңге ұялы байланыс, «коммуналдық» төлем және басқалар үшін. Банкке 28000 теңгеден немесе кірістің 15% төлеп отыруға болады.

Шығындарды сәл-сәл азайтуға тура келеді. Бірақ, бұл жүзеге асыруға болатын техникалық мәселе. Әрбір отбасының бұл мәселеге өз жауабы бар.

Қызу автомаусым

Автонесиелер –автокөлік сатып алуға арналған мақсатты несиелер. Автонесие бойынша мөлшерлемелер әдетте тұтынушылыққа қарағанда төмен болып келеді. Теңгенің девальвациясына байланысты автокөлік бағасының көтерілуінен бастапқыда  қазақстандағы автонесиелер сұранысы азайды, кейін сұраныс қайта артты. Банктер несие алушыларға талаптарын күшейтті. Алайда, несиеге автокөлік сатып алушылар көбеймесе азайған емес. Мәліметтерге жүгінсек, автонесиені көбіне  21-30 жас аралығындағы еркектер алады екен. Олар арасындағы несие мерізімі көбіне  60 айға дейін болып келеді. Теңгемен есептелетін тауарлардың құнының өсуіне қарамастан қымбат көліктерді сатып алушылар арасында сұраныстың төмендеуі байқалған жоқ.

Екі автокөлік, екі пәтер, 3 млн.теңгелік салым – бұл қазақстандықтар жағдайы жақсы деп ойлайтын отбасының бейнесі. Бірақ, көп жағдайда олар екінші автокөлікті  алу үшін ақша жинауға құлықты емес.

Автонесиелердің танымалдылығының тағы бір себебі – инфлацияның жоғары болуы. Екінші – Қазақстанның Кеден одағына кіруі. Мұның салдарынан шетелдік көліктерге салынатын кедендік алым күрт өсті. Салоннан алынатын жаңа автокөліктердің үлесі де жоғарылады. Әдетте  күзде автокөлік саудасы қызады. Адамдар демалыстан оралып, автосалондарда түрлі акциялар басталады.

Несие келісім-шартында мына түсініктер нақты көрсетілген: тұтынушылық несие, автонесие, несие алушы. «Қарыз шұңқырына» түсіп кетпес үшін банктен барынша ақпарат алуға тырысыңыз: төлем түрлері, пайыздар, несиенің толық құнын құрайтын комиссиялар.

Банктер жаңа автокөліктер: Hyundai, Nissan, Volkswagen, Chevrolet, Renault, Toyota және басқаларын сатып алу үшін несиелендірудің түрлі бағдарламаларын ұсынады. Несие мөлшерлемесі несиенің мерізімі мен алғашқы жарнаның көлеміне және несиелендіру бағдарламасына байланысты.

Егер несие рәсімдеу кезінде өмірді сақтандыру мен жұмыстан айырылу жағдайы сақтандырылса, мөлшерлеме-төмен. Сақтандыру несие алушының мүліктік тәуекелін ұрлану, апаттар кезінде толықтай немесе жартылай бүліну жағдайларында және несие берушінің қаржылық тәуекелін қамтамасыз етеді. Көлікті сақтандырусыз алғыңыз келсе, тұтынушылық несие алуға болады.

Автонесиелер көпшілік үшін тартымды болып қалуда. Бұл өнімді ұсынушы банктер арасында күн сайын бәсекелестік артып келе жатқаны байқалады. Бұл өз кезегінде сатып алушылар үшін де тиімді. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить