Инфляция 2017 жылдың қорытындысы бойынша 7,1% деңгейінде қалыптасты

12556

Инфляция өткен жылдың қорытындысы бойынша 7,1% деңгейінде, яғни 2017 жылғы нысаналы дәліз ортасында болды. Қалыптасқан мән болжанған өлшемнен төмен болды, өйткені оның деңгейі жоғары шектің дәлізіне - 7,5-7,7%-ға жақын деңгейде күтілді

Данияр Ақышев
Фото: Андрей Лунин
Данияр Ақышев

Данияр Ақышев: Инфляция 2017 жылдың қорытындысы бойынша 7,1% деңгейінде қалыптасты

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев телевизиялық БАҚ-қа арналған базалық мөлшерлеме жөніндегі брифинг қорытындысы бойынша журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында айтып берді.

«Инфляцияның баяулауы көп жағдайда жекелеген тауарлар мен қызметтер нарығында бағаның тұрақтануына байланысты. Атап айтқанда, күзгі айларда бензин бағасы қымбаттады, ал желтоқсанда төмендеп кетті. Төмен тұтынушылық сұраныс аясында ұзақ пайдаланылатын тауарлар бағасының баяу өсуі байқалады. Азық-түлік тауарлары мен қызметтеріне бағаның өсуі тарихи серпінді көрсетті және болжамға сәйкес келді. Теңгенің айырбастау бағамының төмен құбылуы да жылдық инфляцияның баяулауына оң үлес қосты», - деді журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып Д.Ақышев.

Қаржы реттеушісі басшысының айтуынша, қаңтар-ақпанда монополист кәсіпорындардың ақылы қызметтеріне тарифтерді қайта қарау инфляция үшін үлкен тәуекел болады. Соған қарамастан, инфляцияға тарифтерді қайта қараудың әсері шектеулі және ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде шаралар қабылдауды талап етпейтін шаралар ретінде бағаланады, себебі бұл тәуекелдер ұсыныс аясында, яғни Ұлттық Банктің саясатына байланысты емес шығасылар инфляциясы аясында қалыптасады. Сұраныс аясындағы инфляцияны бағалау ішкі сұраныстың әлсіз болуына қарай ағымдағы жылы оның одан әрі баяулауын көрсетіп отыр.

«Құбылмалы компоненттерді (инфляция жеміс-көкөніс өнімі, реттелетін қызметтердің энергия тасымалдауыштарын қоспағанда) ескермей есептелген базалық инфляция желтоқсанда өзгермей, 6,2% болды. Өңірлер бойынша инфляция деңгейіндегі айырманың қысқаруы жағымды фактор болды. Желтоқсанда айырма 1,3 п.т. болды, бұл өңірлік деңгейде инфляциялық процестердің барынша біртекті қалыптасуын білдіреді», - деді                 Д. Ақышев.

Инфляцияның деңгейіне сыртқы сектор тарапынан шикізат және тауар нарықтарындағы ахуал қолайлы ықпал етеді

Бүгін базалық мөлшерлеме жөнідегі телевизиялық БАҚ-қа арналған брифинг барысында Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып халықтың инфляцияны қабылдауы біртіндеп жақсаруда екенін атап өтті.

2017 жылы халыққа пікіртерім жүргізу нәтижесі бойынша соңғы 12 айда баға бұрынғыға қарағанда жылдам өсті деп есептейтін респонденттер үлесі 2016 жылғы желтоқсандағы 59,8%-дан 2017 жылғы желтоқсандағы 52,1% дейін төмендеді. «Бір жыл бұрын халықтың инфляциялық күтулерін сандық бағалау 2016 жылғы желтоқсандағы 7,6%-дан 2017 жылғы желтоқсандағы 7,1%-ға дейін төмендеді», - деді қаржы реттеушісінің басшысы. 

 «Сыртқы сектор тарапынан шикізат және тауар нарықтарындағы ахуал қолайлы ықпал етеді. Қазанның соңынан бері мұнай бағасы тұрақты түрде бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімінің халықаралық нарықтарында өндірістің өсуін күту жағдайында әлемдік бағалар индексі ішкі бағаларға проинфляциялық қысым көрсетпестен, 2018 жылы тиісті деңгейде сақталады», - деп сөзін қорытындылады Д.Ақышев.

Сыртқы нарықтағы оң серпін ішкі валюта нарығына тұрақтандырушы әсер етті

Сыртқы нарықтағы оң серпін ішкі валюта нарығына тұрақтандырушы әсер етті. 2017 жылдың қорытындысы бойынша теңге 0,3%-ға  нығайды және ағымдағы жылы нығаюын жалғастыруда.

Бұл жөнінде Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев телевизиялық БАҚ үшін базалық мөлшерлеме бойынша брифингтің қорытындысы бойынша журналистерге жауап бере отырып айтып берді. 

12 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңге жылдың басынан бері 0,8%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 329,67  теңге болды (15 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңге бекінісі АҚШ долларына қатысты  0,9 пайыз болып,  бір АҚШ доллары үшін 329,11 теңге болды).

«Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері алдын ала деректер бойынша бір жылда 4,7% немесе 1,4 млрд. АҚШ долларына өсіп, 31,1 млрд. АҚШ доллары болды. Ұлттық қордың валюталық  активтері 57,7 млрд. АҚШ долларына немесе 5,7% жетті. Елдің халықаралық резервтерінің жиынтығы 88,8 млрд. АҚШ доллары болды», - деді қаржы реттеушісінің басшысы.

Сондай-ақ ақша нарығында көбіне Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарды шығаруы арқылы алынатын артық өтімділік сақталуда деді Д. Ақышев. 2018 жылғы 12  қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің ақша нарығындағы өтімділікті таза алуы 2,9 трлн. теңге.

«Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі 2018 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша, жылдың басынан 18%-ға ұлғайып, 3,7 трлн. теңге болды. Ноттар бойынша кірістілік қаңтарда мерзімділігіне қарай 9,19-9,34% аралығында қалыптасуда. TONIA мөлшерлемесі базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің төмен шегіне жақын қалыптасуда. 2018  жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша ол 9,27% болды», - деді Ұлттық Банк Төрағасы.

Қорытындылай келе ол ақша-кредит талаптарының бейтарап деңгейде сақталатынын атап өтті: «Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі нақты көрсетуде инфляция бойынша 2018 жылға арналған нысаналы бағдарға (5-7%) қол жеткізуді қамтамасыз етеді және экономиканың ұзақ мерзімді әлеуетті өсуіне сәйкес келеді».

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады

Ұлттық Банк +/-1% симметриялық ауытқу дәлізімен базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев телевизиялық БАҚ-қа арналған базалық мөлшерлеме жөніндегі брифингтің қорытындылары бойынша журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтып берді.

Ол банктерге өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлемелердің 10,75%-ды, ал өтімділік алу операциялары бойынша  8,75%-ды құрайтынын атап өтті. Базалық мөлшерлемені енгізген сәттен бастап алғаш рет оның деңгейі бірмәнді шамаға жетті.

«Бір жыл бұрын 2017 жылғы қаңтарда базалық мөлшерлеме 12% болғанын еске сала кетейін. Базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім 2017 жылғы оң нәтижелерге және 2018  жылы экономикалық ахуалдың оңтайлы дамуын күтуге байланысты. Ол шешім Ұлттық Банктің инфляцияны 2018 жылы 5-7% жаңа нысаналы дәліз шегінде сақтаудағы және 2020 жылы 4% болатын орта мерзімді мақсатқа біртіндеп жетудегі сенімділігін растайды. Біз ақша нарығындағы дағдарысқа қарсы басқару кезеңінен инфляция бойынша түпкілікті мақсатқа жетудегі ақша-кредит саясаты трансмиссиялық механизмі арнасының пәрменділігін қалпына келтіру мен күшейту кезеңіне өтетінімізді анық айта аламын», - деді Д. Ақышев.

Қаржы реттеушісінің басшысы Ұлттық Банктің 2018 жылы базалық мөлшерлеменің одан әрі төмендеуін жоққа шығармайтынын атап өтті: «Егер сауда талаптары және сауда әріптес елдердегі жағдай оң болса, 2017 жылы Қазақстан экономикасында ахуалдың жақсаруына ықпал еткен үрдіс ағымдағы жылы да жалғасса және тұтастай алғанда инфляцияның болжамдық және нақты серпіні бір-біріне сәйкес келсе, ақша-кредит саясаты жұмсарады».

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылғы 5 наурызда Астана уақытымен сағат 17:00-де жарияланады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить