ESG – Қазақстандағы жаңа мегатренд

13511

Jusan Bank өз қызметінде халықаралық әлеуметтік-экологиялық қағидаттарды ұстана отырып, тұрақты даму және ESG бойынша есеп ұсынды

Нұрдәулет Айдосов
Нұрдәулет Айдосов
ФОТО: Jusan Bank

Алдыңғы қатарлы экономикалық жүйелердің ESG корпоративті идеологиясын ұстануы (экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік, заманауи корпоративті басқару) тұрақты құбылысқа айналып, өсіп келе жатқан бәсекелестік пен реттеуші талаптар жағдайында бизнестің болжамды дамуының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылуы бүгінде таңсық дүние емес.

Жаңа экономикалық пайымдау сыртқы іскерлік мәдениет сапасына негізделген. Кез келген компанияның тұрақтылығы мен дамуы оның табысы және басқа да қаржылық көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар өсу сапасы мен мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді құндылықтар жасау мүмкіндігі есебінен бағаланады. Қоғамның әл-ауқатының артуы – ұжымдық жауапкершілік, оны әркім сезінуі қажет.

Қазақстанда қабылданған 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы және 2030 жылға дейінгі Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында ESG ұзақ мерзімді стратегиялық басымдық ретінде белгіленген, бұл қазақстандық компаниялар мен банктер үшін орнықты дамудың маңыздылығының артқанын аңғартады. Алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелерге сәйкес қызметті жауапты жүргізу біздің елімізде жалпыға бірдей танылған негізгі бағытқа айналуда. Бұл байыпты жүйелі жұмыс пен инвестицияларды, сондай-ақ жеке және мемлекеттік секторлар арасындағы уағдаластықты талап етеді. ESG басты негізіне ашықтық пен корпоративтік қаржылық емес ақпаратты жариялау арқылы есеп беру кіреді.

Кез келген қаржылық емес есептілік ерекше іріктеу тәсілдеріне емес, әлемдегі ең кең таралған Global Reporting Initiative (GRI) стандарттары сияқты халықаралық критерийлерге негізделуі керек, оларды қаржылық емес аспектілер бойынша есеп беретін компаниялардың көпшілігі пайдаланады.

Jusan Bank және ESG-трансформация

Қазақстанның ірі банктерінің бірі – Jusan Bank GRI стандарттарына сәйкес орнықты даму жөніндегі есепті жариялау арқылы ашықтықты қамтамасыз ету бағытында батыл қадам жасады.

Құжат ESG саласындағы маңызды корпоративтік оқиғалар мен процестерді қамтиды. Несие портфелінің көлемі бойынша алтыншы орынды иеленген қазақстандық банк экологиялық, әлеуметтік және басқару қызметінің жауапты тәжірибелері жөнінде есеп берді, бұл корпоративтік ақпаратты толық ашу тұрғысынан оның қаржылық есептілігін тиімді толықтыруға мүмкіндік сыйлады.

Jusan Bank қаржылық емес корпоративтік есептілікті дайындауды жыл сайынғы тұрақты тәжірибеге айналдыруды көздеп отыр.

«Jusan Bank үшін ESG сыртқы сәндік құралы емес, ол стратегиялық жобалар мен корпоративтік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру қағидаттарын айқындайтын тұтас философия. Қаржы секторы тұрақты даму саласында маңызды рөлге ие. Jusan Bank ESG арқылы дамудың жаңа мүмкіндіктерін байқайды, ал қоғам мен банктің дамуына қатысты мәселелер өзара байланысты екені белгілі. Біз корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, қызметкерлердің әл-ауқатын қамтамасыз етуге, экологияға назар аударуға көп көңіл бөлетін боламыз және қоғам тынысы да назардан тыс қалмайды. Банк жауапты бизнес бола отырып, ESG саласындағы қызмет нәтижелерін және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлесін жан-жақты аша отырып, стейкхолдерлер үшін сапалы қаржылық емес есептілік жасауды қолға алады», - деді Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов.

Jusan ESG трансформациясын және онымен тығыз байланысты бизнесті цифрландыруды маңызды корпоративтік басымдық ретінде қарастыра отырып, өзінің тұрақты дамуда алға қойған бағдарымен жұмыс істеп келе жатқанын растайды. Банкте тұрақты даму қағидаттарын енгізу және ESG бизнес-модельге интеграциялау бойынша ішкі процестерді үйлестіру үшін мамандандырылған жұмыс тобы құрылды.

ESG артықшылықтары

Есептен Jusan Bank-тің негізгі мүдделі тараптармен, атап айтсақ, клиенттермен, акционерлермен, қызметкерлермен және тасымалдаушылармен өзара іс-қимыл және коммуникациялар құру арқылы ұлттық экономикаға және жалпы қоғамға оң әсер танытып келе жатқанын көруге болады.

Нұрдәулет Айдосов: «Қазақстанда алдағы уақытта ашықтыққа, БҰҰ ұсынған Орнықты даму мақсаттарына және ESG халықаралық критерийлеріне сәйкестікке қатысты қоғамдық сұраныс өсе беретін болады. Бизнес үшін бұл енді тек PR саласындағы мәселе болып қалып қалмайды. Ендігі әңгіме ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілік және нарықтағы жалпы сұраныс туралы болмақ. ESG-ді айналып өту - стратегиялық қателік жасау. Тұрақты даму туралы есеп барлық мүдделі тараптарды қаржыдан басқа қызмет нәтижелері туралы хабардар етуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың қазіргі кемшіліктері мен одан әрі даму басымдықтарын түсінудегі тамаша жаттығу да бола алады».

Жарияланған қаржылық емес есептілікке көз жүгіртсек, Jusan басымдықтары қатарынан жоғары технологиялық платформаларды цифрландыру және дамытумен қатар, адами капиталды нығайту, ынталандырылған ұжым мен инклюзивті орта құру, іскерлік этика мен корпоративтік мәдениет, өңірлердегі клиенттер үшін қаржы қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасы, қаржы сауаттылығын арттыруға қатысты атқарған жұмыстарын да көруге болады.

Jusan Bank ыңғайлы қолжетімді шешімдер арқылы дамытуға ықпал ете отырып шағын және орта бизнеске ерекше назар аударады. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шағын және орта бизнеске берілген несие көлемі 463 млрд теңгеден асты, бұл – Қазақстанның тұрақты дамуына қосылған елеулі үлес. Сондай-ақ Банк еліміздің жетекші білім беру мекемелерін дамытуға қомақты қаражат бөле отырып, қазақстандық білім беруді қолдауда да айтарлықтай рөл атқарады.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу қажеттігі өзекті бола түсуде, оның ішінде климаттық есеп беру және жауапты тасымалдаушылар тізбегі бойынша халықаралық талаптардың күшеюін де ескерген жөн. Қазақстанда корпоративтік климаттық ахуал бойынша ақпарат жариялайтын саусақпен санарлық компаниялар арасында Jusan Bank ESG-дегі экологияның маңызды бөлігі – климат мәселесіне күн тәртібінде елеулі назар аударған алғашқы отандық қаржы мекемелерінің бірі болды.

Атап айтқанда, GHG protocol халықаралық әдіснамасы негізінде Jusan Bank Scope 1 және 2 парниктік газдар эмиссияларын (1 және 2 қамту салалары) есептеп, верификациялады. Бұл деректер Банктің есептілігінде көпшілікке қолжетімді және туындап жатқан климаттық дағдарыстар мен тәуекелдерді түсіну үшін және бұдан әрі ESG бастамаларын, соның ішінде «жасыл» бағдарламаларды қаржыландыру және қарыз алушыларды әлеуметтік-экологиялық бағалау бойынша жұмыстарды іске асыру мүмкіндіктерін түсіну үшін аса маңызды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить