Дивидендтерге салық салу тұрғысында бірқатар өзгерістер бар

10774

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап дивидендтерге салық салу бойынша салық заңнамасындағы жаңа өзгерістер өз күшіне енбек

ФОТО: © Depositphotos/mmaxer

Үстіміздегі апта басында ҚР қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті осы тұрғыдағы өзгерістердің мән-мағынасын түсіндіріп берді.

Сонымен, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Салық кодексі)» 2022 жылғы 11 шілдедегі ҚР №135-VII Заңымен дивидендтерге салық салу тұрғысында салық заңнамасында төмендегідей өзгерістер ескерілген.

Айталық, заңды тұлғалар үшін дивиденттер бойынша – корпоративті табыс салығына қатысты қолданыстағы жылдық жиынтық табысты түзету алынып тасталды. Ресми мекеменің анықтамасында: «есептелген корпоративтік табыс салығын азайтуды жүргізетін заңды тұлға осындай азайту көзделген қызмет бойынша 100% дивиденд төлеген жағдайда (Салық кодексінің 241-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сай)» деп көрсетілген.

Сол сияқты, заңды тұлғалар үшін қор биржаларының ресми тізімінде (КАSЕ, АХҚО) осындай дивидендтерді есептеу күніндегі бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер жылдық жиынтық кірістен алынбайды және төлем көзінен салық салынады (Салық кодексінің 241-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Салық кодексінің 307-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сай).

Егер салық кезеңінде биржада белсенді сауда-саттық жүзеге асырылса (өлшемшарттарды ел үкіметі айқындайды) KАSЕ, АХҚО биржаларында орналастырылған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер жылдық жиынтық кірістен алынып тасталады (Салық кодексінің 241-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сай).

Ал жеке тұлғаларға қатысты өзгерістердің арасында, «егер салық кезеңінде биржада белсенді сауда-саттық жүзеге асырылса қор биржаларының (KАSЕ, АХҚО) ресми тізімінде осындай дивидендтерді есептеу күніндегі бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер түріндегі кірістерге қатысты жеке табыс салығын түзету қолданылады» деп көрсетілген (Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сай). Мемлекеттік кіріс комитетінің түсіндіруінше, бұл арада да өлшемшарттарды үкімет айқындайды.

Жеке тұлғаларға қатысты тағы бір өзгеріске ресми мекеме: «бірыңғай ставка бойынша төлем көзінен жеке табыс салығын салу 10%, дивидендтер түріндегі кірістер үшін 5% ставка алынып тасталды (Салық кодексінің 320-бабының 2-тармағына сай)» деген түсінік береді.

Сол сияқты, дивидендтер түріндегі кірісті түзету шарттарына да өзгеріс енгізілген. «Резидент ретіндегі заңды тұлғадан күнтізбеге сай жыл ішінде 30000 АЕК шегінде алынған дивидендтер бойынша түзету көзделген (Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы) делінген Мемлекеттік кіріс комитетінің ақпаратында.

Ресми мекеменің осы өзгеріске қатысты анықтама мәліметіне назар аударсақ, бұл жағдай: шарттар алынып тасталып – акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену үш жылдан асқан жағдайда, дивидендтерді жер қойнауын пайдаланушы төлемейтін және жер қойнауын пайдаланушының дивидендтер төлеуші ​​тұлғадағы үлесі 50%-дан аспайтын жағдайға тән болмақ.

Ал резидент емес тұлғалардың дивидендтері бойынша Мемлекеттік кіріс комитеті төмендегідей өзгерістерді алға тартады: «Салық кодексінде белгіленген шарттарды орындау кезінде 10% мөлшерлемені белгілей отырып, резидент емес тұлғалардың дивидендтерін (заңды тұлға және жеке тұлға) салық салудан толық босату бөлігінде жеңілдіктер алынып тасталды (Салық кодексінің 646-бабының 4 және 5-тармақтарына сай).

Қор биржасының (KASE, АХҚО) ресми тізімдерінде сатылған күні бағалы қағаздар бойынша резидент емес тұлғалардың (заңды тұлға және жеке тұлға) дивидендтері бойынша жеңілдіктер сақталды. Бұл жеңілдіктер тұрақты сауда-саттықты жүргізу кезінде ғана қолданылатын болады (өлшемшарттарды ҚР үкіметі айқындайды)».

Естеріңізге сала кетейік, бұл өзгерістер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енуі тиіс.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить