Депозит таңдаймыз

8684

Қолда артық қаражат болса, бас ауыртатын нәрсенің бірі оны сақтау. Жоғалып кете ма, ұрлатып алам ба, құны түсіп кете деген уайым әркімді-ақ мазалайтыны рас

Бірде досым көлігін сатты. Сатылып, ақша қолына тиген күннен бастап оның уайымы ақшаны сақтау болды. 5 миллион теңгені рюкзакқа салып алып тастамай жүрді. Шағын үйде інісінің отбасымен тұратын. Қонақ жиі келетіндіктен үйге қалдыруға да сенбейді. Жұмыс орнына тағы қалдыра алмайды. Туыстарына беріп қоюға тағы сенім жоқ. Амал жоқ, өзімен көтеріп жүретін. Көтеріп жүргені де үрейге толы. Бір жерде қалдырып кетем ба деген уайымдап бітетін. Тура соның алдында девальвация болған еді, банктерге де сенбейтін.   Ақша толы сөмкені тастамай жүргені үшін рюкзакты бала, бұл рюкзакпен бірге туған, ұйықтап жатса да басына жастап жатады деп достары мазақтайтын. Бір күні досым, «мен үрей ауруына шалдыға бастаған сияқтымын, түнде ұйықтап жатып, ақшамды ұрлап кеткені туралы түс көріп, шошып оянамын, одан қалса таппай қиналып жүремін. Қайда сақтасам, тыныш ұйықтаймын», дейді. Депозитке салуға кеңес бердім. Амал жоқ, сенбесе де көнді. Өйткені басқа жол жоқ. Бизнеске салып жіберуге, жақын күндері көлік, жер телімін алсам деп ізеп жүрген. Ал, оған дейін өзімен тасып жүргендегі көрген күні жаңағы. Екеуміз отырып депозит таңдадық. Барынша қарапайымдылығына қарамастан  депозит жүйесінің  есте сақтау керекті маңызды аспектілері бар. Алдымен әлқисса.

Депозит дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?

Банк депозиті немесе банк жинағы - ол белгілі бір несие мекемесіне (яғни банкке)  табыс алу мақсатында пайыз есебінде сақтауға салынған ақша сомасы.

Салымшыдан түскен ақша сомасын қабылдаған банк оны келісім -шартта көрсетілген  жинақ сомасымен қатар пайыздық үстемесімен де қайтарып беруге міндетті. Салымшының  өзінің ақшасына қосылған пайыздарды пайдалану өз еркінде. Оның келісім құжатында жазылғандай   пайыздарды төлеу уақыты біткенде алуына немесе  жалпы жинақ ақшасына қосуына  да болады (мұны пайыздың капиталы дейді). Капиталдану кезінде  сіз пайыздық үстеме қосылған жинағыңыздың сомасын арттыра түсесіз.

Әрине, депозит ашқанда біз табысымызды мөлшерлеп алу үшін пайыздық үстемеге мән береміз. Назар аударыңыз, сақтау мерзімі және сомаңызға байланысты бір депозиттегі пайыздық үстеме өзгеріп тұруы мүмкін. Банк менеджерінен  3,6,12,18,24 ай мерзімнің әрқайсысында жинақ салғандағы  жылдық үстеменің қанша тұратындығын сұрап алыңыз.  Әдетте банк  бөлімшесіндегі буклеттерде сіз таңдағалы отырған депозиттің пайыздық үстемесінің ең максималды  бағасы көрсетіледі. Бірақ  салған сомаңыз бен  салым уақытыңызға қарай сіз дәл сондай пайыздық үстемеге ие бола алмауыңыз да мүмкін. Тексерілмеген ақпараттың жетегінде кетпеңіз.

Есіңізде болсын, менеджер сізге толыққанды ақпарат пен керек кеңес беруге міндетті.  Бірақ, бүгінде  барлық банк кеңселерінен нағыз кәсіпқой қызметкерлер табыла бермейді. Сондықтан, ақшаңыз қалай сақтау керектігі туралы менеджерден сұрап білместен, тіпті банк таңдамай тұрып-ақ өзіңізге қажетті ақпаратты интернеттен қарап, тексеріп, алғаныңыз жөн. Сайттардағы мәліметтерді саралап, келісім-шарттарды салыстырып көріп, сосын ғана өзіңізді қанағаттанатын   дұрыс шешім қабылдағаныңыз жөн.

Қаржылық жұмысыңызды реттелуінен хабардар болатын қарапайым және сенімді тәсілі бар: банктің сайтына кіріп, депозиттік калькуляторды табыңыз, сізді қызықтырған жинақ мерзімі мен барлық сомаларды есептеп көріңіз. Калькуляторлар әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ принцип біреу - сіз «кейінгі» және «дейінгі»  соманы көріп, табысыңызды салыстыруға мүмкіндігіңіз бар.

Есте сақтаңыз: банкті таңдап, келісімге отырғаннан кейін де өз таңдауыңызды жасауға себеп болған, сайтта жазылған барлық ақпараттың келісім-шарттағымен бірдей екендігіне тағы да көз жеткізіңіз. Кез-келген адамның қателесуі мүмкін. Сайтта ескірген  немесе бұрмаланған ақпараттың болуы әбден мүмкін. Қандай жағдай болмасын, мәселе сіздің ақшаңызға қатысты болса-өзіңізден басқа ешкімге сенім артпаңыз. Бұл сіздің мүддеңіз үшін.

Аталған депозиттен  мерзімінен бұрын немесе жекелей ақшаны шешіп алғанда пайыздық үстеменің қаншалықты төмендейтіндігін немесе сыйақыдан айырылу мүмкіндігі қандай екендігін біліп алыңыз. Кей банктерден депозиттен ақша алғаныңыз үшін комиссия ұсталынады. Мерзімінен бұрын алғаныңыз үшін ешқандай табыс алмауыңыз да мүмкін. Сондықтан келісім-шарт талаптарын мұқият оқыңыз. Әр банк түрлі депозиттерді ұсынады, олардың әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Зерттеп барып қана өзіңізге керектісін таңдаңыз.   Джон Рокфеллер: «Сіздің табысыңыз сіздің шешіміңізге байланысты» деген.  Саналы таңдау жасаңыз,  сонда қаржылық тұрғыдан зардап шекпесіз.

Досым, ақыры ақшасын депозитке салды. Жер мен көлікті тапқан күні келіп шешіп алады. Ұйқысы да тынышталды. Бірақ достарымыз «рюкзагыңыз көрінбейді ғой» деп мазақтауын әлі қоймай жүр. Ол рюкзактың ішінде қандай «проблема» жүргенін білетіндіктен мен ғана мазақтамаймын. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить