БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 1 трлн теңгеге ұлғайды

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты

ФОТО: pixabay.com

01.05.2020 жылдан бастап 01.05.2021 жылға дейін зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 1 триллион теңгеге немесе 8% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,3 трлн теңге (жыл ішіндегі өсім – 8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 319,3 млрд теңге (өсім 17%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,3 млрд теңгеге (өсім 10%) жетті.

2021 жылдың төрт айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 412,8 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 65,7 млрд теңгеге немесе 19%-ға асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5%-ын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, олардың сомасы – 394,1 млрд теңге (өсім 19%), МКЗЖ бойынша 18,5 млрд теңге (өсім 14%) түсті, ЕЗЖ бойынша 216 млн теңге (өсім 90%) аударылды.

Зейнетақы жинақтарының өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 мамыр аралығында 475,8 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында орын алды. БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бастап 1 мамырға 3,8%, инфляция 2,7% құрады. Соңғы 12 айдағы кірістілік 9,8%, осы кезеңдегі инфляция 7% болды.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны – 11 059 450. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 522 080, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 45 334 бірлікке тең.

2021 жылдың төрт айында ғана БЖЗҚ салымшыларына 1,3 трлн теңгеден астам төлем жасалды, төлемдердің 1,2 трлн теңге көлеміндегі басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады. Жас мөлшері бойынша төлемдер екінші орында – 32,7 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, олар шамамен 30,5 млрд теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер 22,7 млрд теңгені, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер 10,5 млрд теңгені, жерлеуге берілген төлемдер 1,7 млрд теңгені және мүгедектік бойынша төлемдер 0,8 млрд теңге болды.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 862 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 522 610 теңгені құрады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5798 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Как управлять 280 аптеками, развивать супермаркеты, строить новые рестораны и открывать гостиницы Смотреть на Youtube