БЖЗҚ: Бейнеттің зейнетіне бар болғаны 0,2% қалған

22382

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдайға сай зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызмет туралы шолуын ұсынды

ФОТО: © pixabay.com

ҚҚҚ сарапшыларының айтуынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) шығарылған 3,4 трлн теңге түріндегі зейнетақы төлемдерінен қазақстандықтар зейнет жастың қамқоры ретінде 0,2% ғана қаражат қалдырған.

Негізгі тенденциялар

  • Консервативті инвестициялау стратегиясы мен портфель құру кезеңіндегі ерекшеліктерге қарамастан (инфляция көрсеткіші жоғары, ал пайыздық мөлшерлемелер біршама төмен), инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) қарауындағы активтердің номиналды кірістілігі бір жылдың ішінде 12,2%-ды, ал нақты кірістілік (инфляцияны есепке алмағанда) – 3,8%-ды құраған.
  • Салыстыру үшін: ҚР Ұлттық банкі (ҚРҰБ) басқаруындағы активтердің көрсеткіші аталған кезең аралығында сәйкесінше 13,6% және 5,2%-ды құраған.
  • ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфелі көп жағдайда ел ішінде және шет елдерде пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштері мейлінше жоғары болған кезеңдерде қалыптасқан. Әйтсе де аударылған активтердің 63%-на иелік етіп отырған бірқатар ИПБ көрсеткіштері ҚРҰБ нәтижелерінен асып түскен (төменде қараңыз).
  • Мейлінше тараптандырылған портфельдердің қаржылық нәтижелеріне валюталық қайта бағалау оң әсер еткен.
  • Айтқандай, Ұлттық банк басқаруындағы (13,6 трлн теңге) және ИПБ басқаруындағы (барлығы 8 млрд теңге) активтердің пропорционалды емес ауқымын ескерсек, құралдардың саны мен тараптандырылған құрылымы ҚРҰБ қоржынында айтарлықтай жоғары деуге болады.
  • Бағалы қағаздарға салынған инвестициялар құрылымында борыштық міндеттемелердің үлесі басым, бұл тәуекелдерді азайтып, ликвидтіліктің жоғары деңгейін ұстап тұрумен түсіндіріледі.
  • Бұл жағдай, сондай-ақ қатаң, кейде тіпті, нарықтық емес шектеулерге байланысты болуы да мүмкін, айталық, нарық бойынша орташа табыстылық көрсеткішіне шаққандағы айырмашылықты өтеу түріндегі.
  • Басқарушы жеке компанияларға жасалынған аударымдардың айтарлықтай төмен көрсеткіші (барлық көлемнің 0,2%-ы) – жинақтарды ұлғайту шараларын ынталандырып, зейнетақы активтерін зейнетақы жүйесінде сақтап қалу қажеттігін көрсетіп отыр. Айта кету керек, басқарушы жеке компанияларға аударым жасау – жинақтау жүйесінен қаражат алу болып табылмайды.

 

Түйін

  • Портфель құрылымына және ликвидті қаржы құралдары мен сенімді эмитенттердің кең ауқымына сүйене отырып, ИПБ және ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерін басқару стратегиясын консервативті деп сипаттауға болады. Өз кезегінде, бұл инвестициялардың төмен кірістілігіне әкеліп соғады.
  • Дегенмен, инвестициялық стратегиялардың нәтижелері қор нарықтарындағы жоғары волотильділікке қарамастан, өте табысты деуге тұрарлық. ИПБ басқаруындағы салыстырмалы түрдегі шағын инвестициялық портфельге қарамастан, басқарушы компанияның өз бетінше таңдау жасау құқығы, жалпылай алғанда, индустрияның дамуына оңынан ықпал етуде, оның ішінде, мысалы, клиент үшін бәсекелестікті күшейту, инвестициялық стратегиялар жиынтығын кеңейту, нарықтағы өтімділікті ұлғайту, инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттыру (инвестициялау бойынша ИПБ тегін онлайн-сабақтар ұсынуда) сынды мүмкіндіктер негізінде де.
  • Жоғарыда айтылғандай, басқарушы жеке компанияларға аударылған қаражат ауқымының өте төмен болуы (барлық ауқымның 0,2%-ы) жинақтарды өсіру тетіктерін ынталандырып, зейнетақы активтерін зейнетақымен қамту жүйесінде сақтап қалу қажеттігін көрсетіп отыр. Ескеретін жайт: басқарушы жеке компанияларға аударым жасау –қаражатты жинақтаушы жүйеден шығару болып табылмайды. Және де ертеңгі күні дәл осы жинақ зейнет демалысына шыққан адамды қаржылай қамтамасыз етуге негіз болмақ.
   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить